Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.

Полиенді антибиотиктер

НИСТАТИН

(NISTATIN)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 500 000 ЕД; қынап балауыздары 250 000 ЕД

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

АІЖ шырышты қабатының, терінің кандидозы, қынап кандидозы.

П/о ересектерге 500 мың-1 млн ЕД; балаларға 1 жасқа дейін – 100-125 мың ЕД, 1 жастан 3 жасқа дейін – 250 мың ЕД, 3 жастан үлкен – 250-500 мың ЕД 3-4 р/тәулігіне. Қынап ішіне 1-2 р/тәулігіне. Курс ≤ 7-10 тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Науқасты қатаң бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Сақтықпен. Қалаусыз әсерлер суреттелмеген

Емшекпен емізу: Сақтықпен.

Жанама әсерлері.

Дірілдеу, қызба, бас және бұлшық еттің ауруы, тырысулар, көкіректің ауруы, жүректің айнуы, құсу, АЛТ, АСТ транзиторлы жоғарлауы, гемолиз, қаназдық, тромбоцитопения, интерсициальды нефрит, тубулярлы ацидоз, Спл несепнәр, қалдықты азот және креатининнің жоғарлауы, гипокалиемия, гипомагниемия, миокард қызметінің бұзылуы, тромбофлебит.

Саудаға тіркелген атауы: Нистатин

АМФОТЕРИЦИН В

(AMPHOTERICIN B)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жүйелік микоздар (кандидоз, аспергиллез, криптококкоз, бластомикоз, зигомикоз, споротрихоз, кокцидиоидомикоз, паракокцидиоидомикоз, гистоплазмоз) , эмпириялық антифунгальды терапия.

Ересектерге 0,5-1 мг/кг/тәулігіне (бір реттік жоғары мөлшер 1,5 мг/кг) к/т тамшылатып (5% глюкоза ерітіндісінде жылдамдығы 0,2-0,4 мг/кг/сағ). Балаларға: бастапқы мөлшер 0,1-0,15 г/кг/тәулігіне 0,25-0,5-1 г/кг/тәулігіне дейін жоғарлату. Ем ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты болады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, ауыр бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі, қан түзілу жүйесінің ауруы, қант диабеті.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік, емшекпен емізу. Науқасты қатаң қадағалау керек, қан көрсеткіштерін, бауырмен бүйрек қызметін, Спл элекатролиттерін. Тез енгізуден қашу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ

Жанама әсерлері.

Саудаға тіркелген атауы: Амфотерицин В, Амфолин, Фунгизон

Имидазолдар

КЕТОКОНАЗОЛ

(KETOCONAZOLE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Терінің кандидозы, кебек тәрізді теміретке, майұра экземасы, қынап кандидозы, аяқтың дерматомикозы (200 мг- нан тәулігіне 4 апта бойыА), онихомикоздар (200-400 мг/тәу 3-12 ай), жүйелік зеңді инфекциялар (бластомикозВ, гистоплазмозВ, кандидозВ, паракокцидиомикоз, хромомикоз, зеңді сепсисВ – 200-400 мг/тәу 4-6 апта).

П/о тамақпен бірге 1 р/тәулігіне: ересектерге және жасөспірімдерге – 0,2-0,4 г/тәулігіне; курс 1-4 апта, онихомикоз кезінде – 6-12 айға дейін. 2 жастан және үлкен балаларға вульвовагинальды кандидоз, паронихия, зеңді пневмония, сепсис кезінде: 5-10 мг/кг бір реттен 5 тәулік бойы.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, ауыр бауыр жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу, бір мезгілде цизапридті, мизоластинді, дофетилидті, хинидинді, симвастатинді, ловастатинді, мидазоламды, триазоламды қолдануда; 2 жасқа дейінгі балаларға.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр қызметін мониторинг жасау қажет: емдеуге дейін бауыр тесттерін жүргізу, екі аптадан кейін және 1 айда бір рет. 50 жастан үлкен әйелдерге бүйрек үсті безінің қызметі бұзылған кезде п/о сақтықпен тағайындайды. ДЗ әрекеттесуінің тәуекелі жоғары.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда эмбриотоксикалық және тератогенді әсер бар. Эстроген синтезінің бұзылуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, бастың ауруы, бөртпелер, есекжем, қышынулар, тромбоцитопения, парестезия, жарықтан қорқу, бастың айналуы, гинекомастия, олигоспермия, бедеулік, етеккір циклінің бұзылуы, бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарлауы, сары ауру, гепатит (>14 тәліктен қолданған кезде өлім тәуекелі жоғарлайды).

Саудаға тіркелген атауы: Низорал, Микозорал.

Триазолдар

ИТРАКОНАЗОЛ

(ITRACONAZOLE)

Шығарылу түрі. Капсулалар 100 мг; ішке қолдануға арналған ерітінді 10 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Дерматомикоздар, кебекті теміреткі, онихомикоздар; өңештің, терінің және шырышты қабақтың, тырнақтың кандидозы, кандидозды паронихия; вульвовагинит; криптококкоз; аспергиллез; споротрихоз; гиалогифомикоздар; мицетома; хромомикоз; бластомикоз; кокцидиоидоз, пенициллиоз.

П/о тамақпен бірге. Дерматомикоздар кезінде: ересектерге 0,1-0,2 г 1 р/тәулігіне 7-15 күндей және одан көп. Онихомикоз кезінде пульс-терапия қолданылады немесе үздіксіз ем. Пульс-терапия – 0,2 г 2 р/тәулігіне 7 тәулік. 2-3 курс 3 апталық үзіліспен жүргізеді. Үзіліссіз қолдану 0,2 г-нан 1 р/тәулігіне 3 ай. Қынап кандидоз кезінде: 0,2 г 2 р/тәулігіне 1 күн немесе 0,2 г 1 р/тәулігіне 3 тәулік. Орофарингеальды кандидоз кезінде: 0,1 г 1 р/тәулігіне 7-14 тәулік. Жүйелік аспергиллез, кандидоз, гистоплазмоз, бластомикоз және т.б. кезінде: 0,2-0,8 г-нан 1-2 ай 1 жылға дейін.

Кері көрсеткіштері

Аллергиялық реакциялар, жүктілік, емшекпен емізу, бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары, 16 жасқа дейін.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Ауыр бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі. Ұзақ қолданған кезде бауыр қызметін бақылау керек. ДЗ әрекеттесу тәуекелі жоғары.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда эмбриотоксикалық және тератогенді әсер бар.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Іштің ауруы, жүректің айнуы, диарея; бастың ауруы; трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, холестазды сары ауру, гепатит; ісінулер, гиперкалиемия, гипонатриемия, гипогликемия, шеткі нейропатия, етеккір қызметінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Орунгал.

ФЛУКОНАЗОЛ

(FLUCONAZOLE)

Шығарылу түрі. Капсулалар 50 мг; 100 мг; 150 мг; к/т енгізу үшін флакондағы ерітінді 2 мг/мл; сироп 5 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Инвазивті кандидоз, сонымен қатар ОЖЖ зақымдалуы, тері, шырышты қабақтың, өңештің кандидозы, кандидозды паронихия, онихомикоз, вульвовагинит, криптококкоз, дерматомикозы, кебекті теміретке, жүйелік трихоспороноз, жүйелік малассезиоз, кокцидиоидоз, бластомикоз, эмпириялық антифунгальды терапия; инвазивті кандидоздың алдын алу шаралары.

Криптококкоз, жүйелік кандидоз кезінде: к/т, п/о ересектерге 1-ші күні 0,4 г, кейін 0,2-0,4 г/тәулігіне 1 қабылдауға. Ұзақтығы 4-10 апта. Орофарингеальды кандидоз кезінде: п/о 0,1-0,2 г/тәулігіне 3-14 тәулік бойы. Қынап кандидозы кезінде: п/о 0,15 г/тәулігіне бір рет немесе қайталау. Онихомикоз кезінде: п/о 0,15 г-нан 1 р/аптасына 3-12 ай. Эмпириялық антифунгальды терапия, инвазивті кандидоздың алдын алу шаралары үшін: 0,4 г/тәулігіне. Балаларға жалпыланған кандидозды және криптококкты инфекциялар кезінде (сонымен қатар менингите): к/т, п/о 12-15 мг/кг толық тазаланғанша. Орофарингеальды кандидоз кезінде: 5-10 мг/кг/тәулігіне 3-14 тәулік бойы. Алдын алу шаралары мақсатымен: 6-10 мг/кг/тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік, емшекпен емізу. Ұзақ қолданған кезде бауыр қызметін, ДЗ әрекеттесуін бақылау керек. Балаларға препаратты ересектерден жоғары болатын, тәуліктік мөлшерде қолдануға болмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда эмбриотоксикалық және тератогенді әсер бар. Эстроген синтезінің бұзылуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Сақтықпен. Төс сүтінде жоғары деңгейде. Баланың ішек флорасына әсер етуі мүмкін.

Жанама әсерлері.

Іштің ауруы, жүректің айнуы, құсу, диарея, тері бөртпелері.

Саудаға тіркелген атауы: Флуконазол, Флукозан, Дифлазан, Микосист

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]