Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар

6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар

Таспалы құрттар туғызған инфекцияларға (құрттар), тениоз және цистицеркоз, гименолепидоз (ергежейлі таспалы құрттар), дифиллоботриоз және эхинококкоз (күлдіреуік ұяшық аурулар) жатады. Цистицеркоз Taenia solium балаңқұрт түрі туғызатын жүйелік инфекцияға жатады.

Нейроцистицеркоз инфекциялық үдеріске бас миы қосылғанда дамиды. Адамдарда эхинококкоз балаңқұрт түрілмен туындайды Echinococcus granulosus немесе E. multilocularis. Балаңқұрттар (онкосфералар) таралумен (кистозды эхинококкоз) немесе ісік тәрізді ішке ену (альвеолярлы эхинококкоз) сияқты пайда болады, соған сәйкес бауыр, өкпе және басқа мүшелерде.

ДИФИЛЛОБОТРИОЗ

Дифиллоботриоз кезінде никлозамид немесе празиквантел бір мөлшермен жоғары тиімділік көрсетеді. Гидроксокобаламин немесе фолий қышқылының қосымша егуін қажет етуі мүмкін.

ЭХИНОКОККОЗ

Эхинококкоз кезінде Echinococcus granulosus туғызған операция жасау үшіш кистозды ауруларда оперативті ем (техиканы қолдану мүмкіндіктері болмаған жағдайда: «пункция–аспирация–егу–реаспирация») тиімді болып қала береді, бірақ химиотерапия бензимидазолмен, сол сияқты мебендазол мен альбендазол қосымша ем керітде пайдалы болуы мүмкін. Альвеолярлы эхинококкоз, E. Multilocularis туғызған, оперативті емді қажет етеді және ұзақ уақыт мебендазолмен немесе инфекцияның таралуын басу үшін альбендазолмен емдеуді қажет етеді.

Жануарларға зерттеулер жүргізілген кезде альбендазолдың және мебендазолдың тератогенді әсері анықталған. Олар жүктілік кезде цестодты инфекцияларды емдеуге кері көрсетілген; альбендазолмен емді бастар алдында жүкті еместігін анықтау керек ( гормонсыз емдеу кезінде және емнен кейін бір айға дейін гормональды емес ұрықтануға қарсы заттарды қолдану). Хабарлама үшін: бір реттік немесе қысқа емдеу үшін жүктілік кезде.

ГИМЕНОЛЕПИДОЗ

Гименолепидоз кезінде празиквантел никлозамидке қарағанда тиімдірек, бірақ кейде празиквантелге тұрақтылық анықталған. Қайта емдеу ауыр инфекцияларды емдеу үшін немесе тоғышарлардың отбасында немесе қауымды мекемелерде айналып жүруін шеттету үшін қажет болуы мүмкін.

ТЕНИОЗ

Тениоз кезінде празиквантелді жақсы көтереді, бір мөлшермен сіңіріліп, ішектің ересек таспалы құртын өлтіреді. Празиквантел сонымен қатар T. solium цистоциркозын жоғары мөлшерде 14 күндей қолданған кезле өлтіреді. Сонымен ол алдын тек оперативті жолмен, қабынуға қарсы кортикостероидтар препаратымен және тырыспаға қарсы заттармен емделетін нейроцистицеркозды емдеу үшін жетістіктер ашуда. Бірақ, өлген және ыдыраушы особтар, ошақталған бас миының ісінуін туғызуы мүмкін, празиквантел әрқашанда стационарлық жағдайда қолданылуы тиіс. Қосымша әрқашанда қабыну реакциясын төмендету үшін, кортикостероид препараттары тағайындалынады. Сонымен қатар, альбендазолда нейроцистицеркилер кезінде бір ай бойы күнделікті қолданғанда оларды өлтіреді; сонымен бірге кез келген қабыну реакцияларын төмендету үшін котикостероидтарды немесе антигистаминді препараттарды тағайындайды. Ертеден қолданылатын никлозамид препараты тек ішек құртының ересек особтарына ғана әсер тетеді. T. solium туғызған цестодты инфекциялар, жүктілік кезінде тез арада емделуі тиіс (празиквантелмен немесе никлозамидпен, тек альбендазолмен емес) нейроцистицеркоз даму тәуекеліне байланысты.

Ішек нематодоздарына аскаридоз, капилляриоз, энтеробиоз, анкилостомоз, стронгилоидоз, трихостронгилоидоз және трихоцефалез жатады.

АСКАРИДОЗ

Аскаридоз қоздырғышы Ascaris lumbricoides (дөңгелек құрт) болып келетін аш ішекті зақымдайтын инфекция ауруларына жатады. Левамизолдың немесе пирантелдің бір мөлшері тиімді болып келеді; сонымен қатар кең спектрлі құрттарға қарсы заттар тиімді: альбендазол немесе  мебендазол.

КАПИЛЛЯРИОЗ

Капилляриоз қоздырғышы Capillaria philippinensis болып келетін ішектің инфекциялық аурулары, Рессейде сирек кездеседі. Химиотерапия тиімділігі төмен. Мебендазолмен немесе альбендазолмен емделудің тиімділігі шамалы.

ЭНТЕРОБИОЗ

Энтеробиоз қоздырғышы Enterobius vermicularis (острицтер) болып келетін тоқ ішектің инфекциялық аурулары. Барлық науқаспен бірге тұратын тұрғындар бір мезгілде бір мөлшерде мебендазолмен, альбендазолмен немесе пирантелмен емделуі тиіс. Реинфицирлену тез жүретін болғандықтан, ең аз дегенде 2-4 аптадан кейін тағы да бір мөлшер қабылдануы тиіс. Сонымен қатар пиперазинде тиімді, бірақ оны қатарынан 7 күндей қабылдау қажет.

АНКИЛОСТОМидОЗ

Анкилостомидоздың қоздырғышы Ancylostoma duodenale (анкилостомоз) және Necator americanus (некатороз); олар тропикада және субтропикада темір жетіспеушілік қаныаздықтың негізгі себептері болып келеді. Барлық шынайы жағдайларда анкилостомоздар емделуі тиіс. Бірақ ол орындалу мүмкін емес жағдайларда, жүктіліктің ІІ және ІІІ үшайындағы әйелдер мен балалар және әлсіреген науқастарды емдеуге мән көп беріледі. Анкилостомоз кезінде кең спектрлі құрттарға қарсы препараттар, басқа да эндемиялық сипатқа ие инфекциялық нематодтарда маңыздырақ.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде альбендазол мен мебендазолдың тератогенді әсері анықталған. Жүктілік кезінде ұрықтағы жанама әсерлердің кездесу деңгейінің жоғарлауы мебендазолды қолдануға байланысты емес екендігі туралы дәлелдемелер бар. Бірақ, жүктіліктің бірінші үшайында не мебендазол, не альбендазол нематодтық инфекцияны емдеу үшін қолданылмайды.

Аскарида мен анкилостомамен туғызған аралас инфекцияларды емдеу үшін левамизол тиімді болып келеді, ал пирантел кейбір қоғамдық бақылау бағдарламасында жоғары тиімділікті көрсетеді, бірақ Necator americanus туғызған инфекциялардан құтылу үшін бірнеше мөлшер қажет етеді. Аскаридоз туғызған темір жетіспеушілік қаныаздық науқастарға қосымша темір тұздары қажет және гемоглобин құнарлығы 120 г/л деңгейіне жеткізілгені белгіленгеннен кейін, ең аз дегенде 3 ай бойы (ересектерге 200 мг-нан күніне) темір сульфатын олар қабылдауы тиіс.

СТРОНГИЛОИДОЗ

Стронгилоидоз қоздырғышы Strongyloides stercoralis болып келетін аш ішектің инфекциялық ауруы. Барлық инфицирленген науқастар емделуі тиіс. Ивермектиннің бір мөлшері күніне 200 мкг/кг 2 күн қатарынан, қазіргі кезде созылмалы стронгилоидозды емдеуде тиімдірек, Рессейде тіркелмеген. Альбендазолды 400 мг-нан 1 немесе 2 реттен күніне 3 күндей, ересектер мен 2 жастан үлкен балалар жақсы көтереді және 80% инфекция қоздырғыштарын жоюы мүмкін. Сонымен қатар мебендазолда қолданылады, бірақ тиімділікке қол жеткізу үшін ұзақ қолданылады, себебі ол балаңқұртқа әсері мен аутоинфекцияны шеттетуге әсері шектелген.

ТРИХОСТРОНГИЛОИДОЗ

Трихостронгилоидоз қоздырғышы Trichostrongylus болып келетін аш ішектің инфекциялық аурулары. Симптоматикалық трихостронгилоидоз кезінде пирантелдің бір мөлшері (10 мг/кг) немесе альбендазолдың  (400 мг) мөлшері тиімді болып келеді.

ТРИХОЦЕФАЛЕЗ

Трихоцефалез қоздырғышы Trichuris trichiura (whipworm) болып келетін тоқ ішектің инфекциялық аурулары. Симптомдары дамыған кезде немесе нәжіс сынамасының (граммда 10 000 жұмыртқа болуы) ауыр контаминациясын анықтаған кезде химиотерапия қажет. Жеңіл түрден шамалы дәрежеге дейінгі инфицирленгенде альбендазолдың бір мөлшері  (400 мг) немесе мебендазолдың (500 мг) мөлшері қолданылады; ауыр инфицирленген кезде 3 күндік емдеу курсы қажет.

Шистосомоздың қоздырғыштары, судан шыққан тоғышарлық инфекция, трематод құрттарының бірнеше түрлері болып келеді. Оның тоғышар ауруы ретіндегі әлеуметтік экономикалық байлығы тек безгектен төмендеу. Ішек шистосомозының қоздырғышына негізінен Schistosoma mansoni жатады. Несеп жолдарының шистосомоз қоздырғышына S. Haematobium жатады. Соңғысы қуықтың қабыршақты жасуша эпителиінің қатерлі ісікке бейім болуының негізгі себепкері болып келеді.

Празиквантел шистосомоздың емдеуін толық өзгертті және барлық тоғыршақтар үшін бір рет қолдану мөлшері тиімді. Ол әсіресе басқа препараттарға сезімі жоқ, аралас инфекциямен ауыратын науқастар үшін бағалы. Оны сонымен қатар жақсы көтереді және халықты жаппай сауықтандыру бағдарламасына дұрыс келеді. Препараттың еш қандай айтарлықтай жанама әсерлері тіпті ұзақ бірнеше жылдай қолданғанда да табылмаған және жануарларға жүргізілген эксперименттерде препараттың мутагендік немесе канцерогендік әсерлері анықталынбаған.

Ішек тоғыршақтарына әсер ететін заттар

ЛЕВАМИЗОЛ

(LEVAMIZOLE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мг, 150 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аскаридоз, анкилостомидоз, некатороз, стронгилоидоз, трихострогилез, трихоцефалез, энтеробиоз, токсоплазмоз.

Токсоплазмоз: 150 мг 1 рет тәулігіне 3 күн бойы (2–3 курс 1 апталық үзіліспен). Гельминтоздар: ересектерге — ішке ұйықтар алдында 150 мг бір рет, балаларға — ұйықтар алдында бір рет дене салмағына шаққанда 2,5 мг/кг; қажет жағдайларда 1 апталық үзіліспен курсты қайталау.

Кері көрсеткіштер.

Жоғары сезімталдық, агранулоцитоз, жас балаларға (14 жасқа дейін), жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Емді бастар алдында шеткі қанды зерттеу қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік:FDA категориясы С. Сирек жағдайларда, егер потенциальды пайда тәуекелден жоғары болса. Тератогендік әсер.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауруы, панкреатит, бастың ауруы, парестезия, шеткі полинейропатия, иіс сезу елестері, тырысулар, лейкопения, агранулоцитоз, бүйректің зақымдалуы, гиперкреатининемия, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Левамизола гидрохлорид, Декарис.  

МЕБЕНДАЗОЛ

(Mebendazole)

Шығарылу түрі. Шайнайтын таблеткалар 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Энтеробиоз, аскаридоз, анкилостомидозы, стронгилоидоз, трихоцефалез, көптеген нематодоздар, эхинококкоз, тениоз, альвеококкоз, капилляриоз, гнатостомоз, трихинеллез, аралас құрттар.

Ішке. Энтеробиоз кезінде — ересектерге және жасөспірімдерге 100 мг-нан, 2-10 жастағы балаларға — 25–50 мг-нан бір реттен және сол мөлшерде 2-4 аптадан кейін қайталап қолдану. Аскаридозда, трихоцефалезде, анкилостомидозда, тениозда, стронгилоидозда және аралас құрттарда — 100 мг-нан таңертен және кешке 3 күндей.

Трихинеллезде — 200–400 мг-нан 3 реттен тәулігіне 3 күндей, ал 4-ші күннен 10-шы күнге дейін  — 400–500 мг-нан тәулігіне 3 реттен.

Эхинококкозда — 500 мг-нан тәулігіне 2 реттен бірінші 3 күнде және келесі 3 күн 3 реттен тәулігіне. Кейін 25–30 мг/кг тәулігіне 3-4 қабылдауға.

Кері көрсеткіштер.

Жоғары сезімталдық, арнамалы емес жаралы колит, Крона ауруы, бауырдың дисфункциясы, қанда транзиторлы аминотрансфераза белсенділігінің, сілтілік фосфатазаның және несепнәрдің жоғарлауы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі, жүктілік, емшекпен емізу (емдеу кезінде емшекпен емізуді доғару), 2 жасқа дейінгі жас балаларға.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жоғары сезімталдық. Басқа бензимидазол туындыларына қиылысты жоғары сезімталдық болуы мүмкін.

Жүктілік. Плацент арқылы өтеді. Жануарларда тератогендік және эмбриотоксикалық әсері анықталынған. Адамдарда бара-бар қауіпсіздігі туралы зерттеулер жүргізілмеген. Жүктілік кезде қолдану ұсынылмайды.

Емшекпен емізу. Бара-бар қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілмеген. Емшекпен емізулі кезде қолдану ұсынылмайды. Педиатрияда. 2 жасқа дейінгі балаларда бара-барлық қауіпсіздікке зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан бұл топтағы жастарға қолдану ұсынылмайды. Бауыр қызметінің бұзылуы. Мебендазолдың жиналуы мүмкін және НР даму тәуекелі жоғарлайды. Сақтықпен тағайындау керек.

АІЖ аурулары. АІЖ қабыну ауруларында мебендазолдың биожетістігі жоғарлауы мүмкін және НР даму тәуекелінің жоғарлайды. Сақтықпен қолдану керек. Арнамалы емес жаралы колитпен және Крона ауруымен ауыратын науқастарға қолдану ұсынылмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Жүктіліктің I үшайында қолданылмайды, ал басқа кезеде потенциальды пайда тәуекелден асып түскенде қолданылады.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

АІЖ: ауыспалы іштің ауруы, диарея, сирек –жүректің айнуы мен құсу.

Тері мен оның қосалқыларында: бөртпелер, есекжем, алопеция (сирек).

ОЖЖ: бастың ауруы, бастың айналуы.

Гематологиялық реакциялар: нейтропения.

Саудаға тіркелген атауы: Вермокс, Гельминдазол, Мебамокс.

ПИРАНТЕЛ

(Pyrantel)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг; пероральды суспензия 125 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аскаридоз, энтеробиоз, анкилостомидоз, некатороз, трихоцефалез.

Ішке. Мөлшері мен қабылдау жиілігін көрсеткіштерге, науқастың жасына және дене салмағына қарай жеке белгілейді. Аскаридоз және энтеробиоз кезінде бір рет 10 мг/кг есеп бойынша тағайындайды: ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға — 750 мг (дене салмағы 75 кг жоғары – 1 г); 12 жасқа дейінгі балаларға — жасына байланысты. Өзін-өзіне жұқтырудан қашу үшін, емдеу курсын бірінші қолданғаннан кейін 3 аптадан соң қайталау. Анкилостомидоз кезінде  — 10 мг/кг 1 қабылдау 3 күн бойы. Некатороз кезінде (ауыр түрі) — 20 мг/кг/тәу 2 күн бойы.

Кері көрсеткіштер.

Жоғары сезімталдық, миастения, бауыр жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр аурулары бар жағдайларда дәрігерге хабарлау керек. Пирантелді қабылдағаннан кейін ішті босататын дәрілерді тағайындамайды. Энтеробиоз кезінде барлық науқаспен бірге тұратын адамдарды бір мезгілде емдеу қажет (зақымдану көбінесе симптомсыз жүреді). Емдеу курсы аяқталған соң, нәжісті құрттар жұмыртқасына бақылау зерттеулермен тексеру керек. Қайта зақымдалудың алдын алу үшін қатаң жеке бас гигиенасы ережесін сақтау керек (қолды жуу, тырнақты алу және тазалау, бұт аймағын қасылауға жол бермеу, күнделікті төсек орын мен ішкі киімді ауыстыру).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық/ұйқының қашуы, әлсіздік; жеке жағдайларда — естудің бұзылуы, елестер, естің шатасуы, парестезия. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазанның ауруы, анорексия, шамалы қысқа мерзімге бауыр трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы.

Аллергиялық реакциялар: қышыну, есекжем, экзантема.

Саудаға тіркелген атауы: Гельминтокс, Немоцид, Пирантел.

ПРАЗИКВАНТЕЛ

(Praziquantel)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, қапшықпен қапталған 600 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Трематодоздар (клонорхоз, метагонимоз, описторхоз, парагонимоз, фасциолез, фасциолопсидоз, шистосомоз, ішек және несеп жолдарын қоса), цестодоздар (гименолепидоз, дифиллоботриоз, тениаринхоз, тениоз), цистицеркоз, нейроцистицеркоз.

Ішке, ересектерге және 4 жастан үлкен балаларға. Қоздырғыштың түріне байланысты мөлшерін, қабылдау жиілігін және емдеу ұзақтығын жеке белгілейді.

Кері көрсеткіштер.

Празиквантелге жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу, қөздің цистицеркозы, 4 жасқа дейін, құрттармен байланыссыз бауырдың зақымдалуы.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік. Адамдарда бара-бар қауіпсіздігі туралы зерттеулер жүргізілмеген. Жүктілік кезде қолдану ұсынылмайды.

Емшекпен емізу. Төс сүтіне өтеді. Бара-бар қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілмеген. Емшекпен емізулі кезде қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда. 4 жасқа дейінгі балаларда бара-барлық қауіпсіздікке зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан бұл топтағы жастарға қолдану ұсынылмайды.

Бауыр қызметінің бұзылуы. Празиквантелдің метаболизмі бауырда жүруіне байланысты, оның қызметі бұзылған науқастарда, препараттың жиналуы мүмкін және НР даму тәуекелі жоғарлайды. Құрттардың зақымдалуымен баланыссыз бауыр патологиясында, қолдану ұсынылмайды.

ОЖЖ аурулары. Нейротоксикалық реакциялардың тәуекелі жоғарлайды, сонымен қатар тырысулардың дамуы. Сақтықпен тағайындау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. потенциальды пайда тәуекелден асып түскенде қолданылады Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Көбінесе әлсіз байқалады және уақытша сипаттарға ие.

АІЖ: іште ыңғайсыздықтың сезінуі, жүректің айнуы, құсу, нәжістің сұйық болуы.

>ОЖЖ (көбінесе церебральды цистицеркозда): бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, дезориентация, бас ми қысымының жоғарлауы, тырысулар.

Жоғары сезімталдық симптомдары: тері қышымалары, есекжем, қызба (өлген құрттардың антигенді әсерімен байланысты болуы мүмкін).

Саудаға тіркелген атауы: Бильтрицид.

АЛЬБЕНДАЗОЛ

(ALBENDAZOLE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, қапшықпен қапталған 400 мг, ауыз арқылы берілетін суспензия 400 мг/10 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Нематодоздар, аралас жұққанда; Larva migrans; нейроцистицеркоз, шошқа таспа құртының балаңқұрт түрімен туындаған; аралас құрттар; қаталануға қарсы және операция жасауға келмейтін жағдайларды емдеу ретінде.

2 жастан үлкен балалар және ересектер: бас миының цистицеркозы – п/о 0,4 г 2 реттен тәулігіне 8-30 тәулікке дейін. Аскаридоз, трихоцефалез, энтеробиоз және анкилостомоз: 0,4 г бір реттен қажет жағдайларда 3 аптадан кейін қайталайды. Стронгилоидоз және цестодоз: 0,4 г 1 р/тәу 3 тәулік бойы, қажет жағдайда 3 аптадан кейін қайталайды.

Кері көрсеткіштер.

Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу, 6 жасқа дейін.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Емнің алдында және 2 рет әр емдеу циклінде жалпы қанның анализі мен бауыр тесттерін тексеру қажет. Лейкопения дамығанда емді доғару керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда тератогендік әсері анықталған

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

Бастың ауруы, бастың айналуы, АЛТ, АСТ, СФ белсенділігінің жоғарлауы, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, аллергиялық реакциялар. Сирек: қайтымды алопеция, қызба, ЖБЖ, экинококкты кистаны жарғанда кезде анафилактикалық шок, менингизм, панцитопения.

Саудаға тіркелген атауы: Зентел, Немозол.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]