Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, порфирия, қаныаздық, бронхиальды демікпе, тыныс алу жетіспеушілігі, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары, қант диабеті, гипертиреоз, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, гиперкинездер, депрессивті жағдайлар (өзін өзі өлтіруге әрекет жасауда).

Сақтандыру.

Алдын барбитураттарды қабылдаған науқастарда, бензобарбиталға ауысу кезінде ұйқының бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайларда түнге фенобарбитал (50-100 мг) немесе басқа ұйықтататын дәрілер тағайындалынады. Гипотония, жүктілік, емшекпен емізу кездерінде сақтықпен қолданады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезінде сақтықпен қолдануға болады, егер күтілетін емнің тиімділігі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғарады.

Жанама әсерлері

Үйренгіштік, дәріге тәуелділік, алып тастау синдромы, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылыстары, тыныстың тежелуі, бронхоспазм, гипотония, тромбоцитопения, қаныаздық, тромбофлебит, бастың ауруы, бастың айналуы, әлсіздік, басылу, жарықтан қорқу, гипорефлексия, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Бензонал.

МАГНИЯ СУЛЬФАТ

(MAGNESIUM SULFATE)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 25%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Егуге: гипертониялық криз (сонымен қатар мидың ісіну көріністерінде), миокардтың инфаркты, эклампсия, энцефалопатия, гипомагниемия, сонымен қатар алдын алу шараларында (толық емес немесе теңестірілмеген тамақтану, ұрықтануға қарсы дәрілерді, несеп айдағыштарды, миорелаксанттарды қабылдау, созылмалы маскүнемдік), магнийді қолдануға жоғары қажеттілік (жүктілік, өсу кезеңі, сауығу кезеңі, күйзелістер, шамадан тыс тершеңдік), жедел гипомагниемия (тетания белгілері, миокард қызметінің бұзылуы), тырысу синдромы (мысалы, балалардағы жедел нефрит кезде), ерте босанудағы жиынтық емде, бронхиальды демікпе, күш түскендегі стенокардия, жүрек аритмиялары (әсіресе суправентрикулярлы және аритмияға қарсы немесе несеп айдағыштармен, глюкокортикоидтармен немесе жүрек гликозидтерімен емдеуге байланысты), ауыр металл тұздарымен, мышьякпен, тетраэтил қорғасынмен, барийдің еріген тұздарымен (антидот) улану.

Ішке: улану, іштің қатуы, холангит, холецистит, ішекті тазалау, диагностикалық емшаралар алдында.

Б/е немесе к/т (баяу, алғашқы 3 мл — 3 минут ішінде) 5–20 мл 20–25% ерітіндіні 1–2 рет тәулігіне. Уланған кезде к/т 5–10 мл 5–10% ерітіндіні егеді. Балалардағы тырысуды шеттету үшін б/е 20–40 мг/кг (0,1–0,2 мл/кг 20% ерітінді). Ішті босататын дәрі ретінде — ішке (түнде жатар алдында немесе аш қарынға) ересектерге — 10–30 г-нан 0,5 стакан суға, балаларға — 1 жасқа 1г –нан есептейді. Өтті айдайтын дәрі ретінде — ішке, 1 ас қасықтан 20–25% ерітіндіні күніне 3 рет немесе дуоденальды зон жасау 50 мл 25% ерітіндіні немесе 100 мл 10% ерітіндіні енгізу арқылы.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, айқын брадикардия, AV тежелу, бүйрек қызметінің бұзылуы, айқын бүйрек жетіспеушілігі, миастения, тыныс алу жолдарының аурулары, АІЖ-ның жедел қабыну аурулары, жүктілік, етеккір.

Сақтандыру.

Ұзақ емдегенде АҚ, жүрек қызметін, сіңір рефлекстерін, бүйрек қызметін, тыныстың жиілігін мониторинг жасау ұсынылады. Бір мезгілде к/т магния және кальций тұздарын енгізу қажет болған жағдайда, оларды әртүрлі көктамырларға енгізеді.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезінде сақтықпен қолдануға болады, егер күтілетін емнің тиімділігі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса.

Емшекпен емізу: Қолдану қажеттілігі кезде, лактация кезеңінде емшекпен емізуді доғару.

Жанама әсерлері

Егу арқылы енгізгенде: брадикардия, өткізгіштің бұзылуы, диплопия, ыстықтың сезінуі, тершеңдік, гипотензия, үрейлену, әлсіздік, бастың ауруы, терең тыныштандырылу, сіңір рефлекстерінің төмендеуі, ентігу, жүректің айнуы, құсу, полиурия. Ішке қолданған кезде: жүректің айнуы, құсу, АІЖ жедел қабынулары.

Саудаға тіркелген атауы: Магния сульфат.

ФЕНОБАРБИТАЛ

(PHENOBARBITAL) Шығарылу түрі.

Таблеткалар 50 мг, 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қояншық (жалпыланған тонико-клоникалық және қарапайым дерт ошағының талмаларын емдеу); жедел тырыспа ұстамаларының шұғыл емдері (сонымен қатар қояншық статусымен, эклампсиямен, менингитпен, стрихнинге улы реакциялармен байланысты кезде); сіреспе кезде (көмекші ем ретінде). Тыныштандыратын заттар ретінде (сонымен қатар біріктірілген ем құрамында және біріктірілген ем) үрейді, күш түсуді, қорқынышты төмендету үшін. Гипербилирубинемия (алдын алу шаралары мен емдеу).

Мөлшерлеу тәртібі көрсеткіштеріне, науқастың жасына, клиникалық ақуалдарға байланысты жеке жасалады.

Ересектер ішке бір рет қабылдау мөлшері үшін 10-200 мг-ды құрайды, қабылдау жиілігі - 1-3 рет/ тәулігіне. Балалар үшін - 1-10 мг/кг-нан 3 рет/тәулігіне.

К/т бір реттік мөлшер ересектер үшін - 100-1400 мг, б/е - 10-200 мг. Балалар үшін к/т - 1-20 мг/кг, б/е - 1-10 мг/кг. Енгізу жиілігін жеке тағайындайды. К/т енгізгеннен кейін ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу үшін 30 минуттай уақыт керек.

Ең жоғарғы мөлшерлер: ішке қолданғанда ересектер үшін бір реттік мөлшер - 200 мг, тәуліктік - 500 мг.

Кері көрсеткіштері

Бауырдың және/немесе бүйректің ауыр аурулары, жедел ауыспалы немесе аралас порфирия, анамнезендегі порфирия, фенобарбиталға жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Дәрілік заттарды көп қолданатын немесе анамнезенде дәріге тәуелділік көрсетілген науқастарға сақтықпен тағайындау; бауыр қызметі бұзылғанда, жедел немесе үнемі ауырғанда, бүйрек қызметінің бұзылуында, ентігумен немесе тыныс жолдарының обструкциясымен жүретін тыныс алу мүшелерінің ауруларында, әсіресе демікпелі статуста. Жүрек ауруларында, артериальды гипертензия кездерінде парентеральды қолдануды сақтықпен жүргізу.

Ұзақ қолданған кезде бауырдың зақымдалуы мүмкін.

Бір барбитуратқа жоғары сезімталдығы бар науқастар, басқа да барбитураттарға жоғары сезімталдығы болуы мүмкін.

Фенобарбиталды бір мезгілде гризеофульвинмен біріктіріп қолдануға болмайды. Біріктіріп қолданған кезде қан плазмасындағы гидантоин туындыларының құнарлығын мониторинг жасау қажет.

Емделу кезде алкогол қолдануға болмайды.

Көлік жүргізу мен механизмдерді бақару қабілетіне әсері

Емделу кезеңінде психомоторлы жылдамдықтардың баяулауы байқалады. Бұны жоғары көңіл қоюды және тез психомоторлы реакцияларды қажет ететін, потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысатын адамдарға ескеру қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кейбір мәліметтер бойынша жүктілік кезінде тырысуға қарсы заттар ретінде фенобарбиталды қолдануда, нәрестелерде қанның ұюын бұзады және босанғаннан кейінгі кезеңде (әсіресе босанғаннан соң алғашқы 24 сағатта) ерте қан кетулерді туғызуы мүмкін.

Егер барбитураттарды босану кезінде қолданса, босануды реанимациялық дайындықта қабылдау ұсынылады.

Емшекпен емізу: Барбитураттар емшек сүтімен бөлінеді. Емізулі әйел барбитураттарды қабылдаса, емізулі балада ОЖЖ-нің тежелуін туғызуы мүмкін. Фенобарбитал, бауырдағы микросомальды ферменттердің тотығуын демеп, оның зарарсыздану қызметін жоғарлатады, сары судағы билирубиннің құнарлығын төмендетеді. Бұл қасиеті фенобарбиталдың нәрестелердегі гемолитикалық аурулар кезінде қолданылу мақсатын ақтайды.

Жанама әсерлері

ОЖЖ жағынан: әлсіздіктің болуы, ұйқышылдық, қалжырау, атаксия, депрессия (әсіресе егде жастағыларда немесе қалжыраған науқастарда).

Қанның түзілу жүйесі жағынан: сирек - агранулоцитоз, тромбоцитопения.

Зат алмасу жағынан: сирек – кальции алмасуының бұзылуы.

Аллергиялық реакциялар: сирек –тері бөртпелері, қышынулар.

Саудаға тіркелген атауы: Фенобарбитал, Лепинал.

КЛОНАЗЕПАМ

(CLONAZEPAM) Шығарылу түрі.

Таблеткалар 0,5 мг, 0,25 мг, 1 мг, 2 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

I қатардағы заттар - қояншық (ересектер, емізулі балалар мен кіші жастағы): кәдімгі жабырқанулар (petit mal), атипиялық жабырқанулар (Леннокса-Гасто синдромы), бас ию тырысулары, атониялық талмалар ("құлау" немесе "drop-атаки" синдромы).

II қатардағы заттар – жетілмеген спазмдар (Веста синдромы).

III қатардағы заттар - тонико-клониялық тырысулар (grand mal), қарапайым және күрделі үлестік талмалар және екіншілік-жалпыланған тонико-клониялық тырысулар.

Қояншық статусы (к/т енгізу).

Сомнамбулизм, бұлшық ет гипертонусы, ұйқының қашуы (әсіресе бас миының органикалық зақымдалуы бар науқастар), психомоторлы қозулар, алкогольды абстинентті синдром (жедел ажитация, дірілдеу, қауіп төнуші немесе жедел алкогольді делирия және елестер), қобалжу бұзылыстары.

Мөлшерлеу тәртібі жеке. Ересектер үшін ішке қолданылатын бастапқы мөлшер 1 мг/тәу аспауы керек. Ұстап тұрушы мөлшер - 4-8 мг/тәу.

Емшектегі балаларға және 1-5 жастағы балаларға бастапқы мөлшер 250 мкг/тәу аспауы керек, 5-12 жастағы балаларға - 500 мкг/тәу. Ұстап тұрушы тәуліктік мөлшер 1 жасқа дейінгі балалар үшін - 0.5-1 мг, 1-5 жасқа - 1-3 мг, 5-12 жасқа - 3-6 мг.

Егде жастағы науқастар үшін ұсынылатын бастапқы мөлшер 500 мкг-дан аспауы керек.

Тәуліктік мөлшерді бірдей 3-4 қабылдауға бөледі. Ұстап тұрушы мөлшерді емнің 2-3 аптасынан кейін барып тағайындайды.

К/т (баяу) ересектерге -1 мг-нан, балаларға 12 жасқа дейінгі - 500 мкг-нан.

Кері көрсеткіштері

Тыныс алу орталығының тежелуі, Ауыр СӨОА (тыныс алу жетіспеушілігінің күшеюі), жедел тыныс алу жетіспеушілігі, миастения, кома, шок, жабық бұрышты глаукома (жедел ұстама немесе бейім болу), өмірге қажетті қызметтердің әлсіздігімен жүретін жедел алкогольді улану, наркотикалық анальгетиктермен және ұйықтататын заттармен жедел улану, ауыр депрессиялар (өзін-өзі өлтіру бейімділігінің байқалуы мүмкін), жүктілік, лактация кезеңі, клоназепамға жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Атаксиямен, ауыр бауыр ауруларымен, әсіресе жедел нашарлау сатысындағы, түнгі апноэ эпизодтарымен жүретін ауыр созылмалы тыныс алу жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындайды. Егде жастағы науқастарға сақтықпен тағайындайды, себебі оларда клоназепамның шығарылуы баяу жүруі мүмкін және тұрақтылықтың төмендеуі мүмкін, әсіресе жүрек-өкпе жетіспеушілігінде.

Ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік дамуы мүмкін. Клоназепамды ұзақ қолданғаннан кейін бірден доғарғанда, абстиненция синдромының дамуы мүмкін.

Емделу кезеңінде алкоголді қолдануға жол бермеу керек.

Клоназепамды балаларға ұзақ қолданғанда көп жылдар бойы байқалмайтын, физикалық және психикалық дамуына тигізетін жанама әсерлері болуы мүмкін.

Көлік жүргізу мен механизмдерді бақару қабілетіне әсері

Емделу кезеңінде психомоторлы жылдамдықтардың баяулауы байқалады. Бұны жоғары көңіл қоюды және тез психомоторлы реакцияларды қажет ететін, потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысатын адамдарға ескеру қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде қолдану кері көрсетілген. Клоназепам плацентарлық кедергіден өтеді.

Емшекпен емізу: Лактация кезеңінде кері көрсетілген. Клоназепам төс сүтімен бөлінуі мүмкін.

Жанама әсерлері

ОЖЖ жағынан: емнің басында – айқын тоқырау, шаршау сезімі, ұйқышылдық, әлсіздік, бастың ауруы, қатып қалу жағдайы, бас ауруы; сирек – естің шатасуы, атаксия. Үлкен мөлшерде қолданған кезде, әсіресе ұзақ емделгенде – артикуляцияның бұзылуы, диплопия, нистагм; парадоксальды реакциялар (сонымен қатар жедел қозу жағдайлары); антероградты амнезия. Сирек – гиперергиялық реакциялар, бұлшық ет әлсіздігі - депрессия. Ұзақ емделген кезде кейбір қояншық түрлерінің талмаларының жиілігі жоғарлауы мүмкін.

Асқорыту жүйесі жағынан: сирек – ауыздың құрғауы, жүректің айнуы, диарея, асқазанның қыжылдауы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, іштің қатуы немесе диарея, бауыр қызметінің бұзылуы, бауырдың трансаминаза және сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарлауы, сары ауру. Емшектегі балаларда және ерте жастағы балаларда сілекей бөлінуінің жоғарлауы мүмкін.

Жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан: АҚ төмендеуі, тахикардия.

Эндокринді жүйе жағынан: либидоның өзгеруі, дисменорея, балаларда қайтымды ерте жыныстық дамулар (толық емес ерте уақытты пубертат).

Тыныс алу жүйесі жағынан: к/т енгізу кезінде тыныстың тежелуі, әсіресе тыныстың депрессиясын туғызатын басқа дәрілермен емдеу барысында; емшектегі балалар мен ерте жастағы балаларда бронхиальды гиперсекреция болуы мүмкін.

Қан түзілу жүйесі жағынан: лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, қаныаздық, тромбоцитопения.

Несеп шығару жүйесі жағынан: зәрдің ұсталмауы, зәрдің ұсталуы, бүйрек қызметінің бұзылыстары.

Аллергиялық реакциялар: есекжем, тері бөртпелері, қышымалар, өте сирек - анафилактикалық шок.

Дерматологиялық реакциялар: өтпелі алопеция, пигментацияның өзгеруі.

Басқа да: үйренгіштік, дәріге тәуелділік; мөлшерін бірден төмендеткенде немесе қабылдауды доғарғанда – алып тастау синдромы.

Саудаға тіркелген атауы: Клоназепам, Антелепсин, Ривотрил.

ЛАМОТРИДЖИН

(LAMOTRIGINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 25 мг, 50 мг, 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Талмалар: тырысулар (тонико-клоникалық), үлестік және жалпыланған, Леннокса — Гасто синдромы кезінде (басқа антиконвульсантты заттарға тұрақтылық кезде).

Ішке, 25–200 мг-нан тәулігіне (700 мг-нан тәулігіне); мөлшерін, жиілігін және қабылдау ұзақтығын жеке тағайындайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]