Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар

Тырысу синдромы туындауы бойынша қояншыққа жатпайты (екіншілік, симптоматикалық, тырысу ұстамалары) және қояншықты болып бөлінеді. Қояншыққа жатпайтын ұстамалар кейіннен қояншық болуы мүмкін. Екнішілік тырысулар (қояншық түрді) көбінесе жаңа туылған және ерте жастағы балаларда байқалады. Тырысулар нәрестелердің асфиксиясымен, бас ми ішінің туудағы немесе тұрмыстық жарақатымен, гипогликемиямен, гипокальцемиямен, нәрестелердің гемолитикалық ауруларымен (гипербилирубинемиялық энцефалопатиясы), құрсақ ішіндегі инфекциялармен байланысты болуы мүмкін. Тырысулар жедел инфекциялық аурулардың, эндогенді және экзогенді уланулардың (уремия, бауыр комасы, улы синдром, тұрмыстық улану), тұқым қуалайтын зат алмасу ауруларының (фенилкетонурия және басқа да аминқышқылдарының алмасу аномалиялары, галактоземия, Тея-Сакса ауруы) басында байқалады.

Тырысулардың себептеріне туа пайда болған ОЖЖ-нің даму ақаулары, тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары, сонымен қатар бас миының ошақты зақымдалуы (ісіктер, абсцесс) жатуы мүмкін. Олар сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің және жүректің патологиясы (туа пайда болған жүрек ақаулары, коллапс), кейбір қан аурулары (гемофилия, капилляротоксикоз, тромбоцитопениялық пурпура, лейкоз) кезінде де байқалуы мүмкін. Тырысулар аноксиялық жағдайларға жататын естен тану кезінде де респираторлы-аффективті тырысулар (қатты эмоция нәтижелерінен) болуы мүмкін. Ерте жастағы балалардағы тырысулар жоғары температурамен байланысты болуы мүмкін.

Ем тырысу себептерін емдеуге бағытталған – фебрильды тырысулар кезінде антипиретиктер тағайындалынады, гипокальциемия кезінде - глюконат кальция ерітіндісі, тыныс алу және жүрек жетіспеушіліктерінде көрсеткіштер бойынша гипоксияны шеттетеді,, дезинтоксикация жүргізеді. Тырыспаға қарсы заттар: седуксен (0,05-1 мл/кг 0,5% ерітінді), ГАМҚ (100- 150 мг/кг) к/т немесе б/е; 0,5% гексенал ерітіндісі-0,5 мл/кг б/е. көрсеткіштер бойынша жұлынми пункциясын орындайды, 5-15 мл сұйықтықты шығару арқылы, ол бас ми қысымын төмендетеді. Егер бала жұта алса ішке жасына қарай люминалды 0,005-тен 0,03 г. мөлшерде басқа антиконвульсанттармен (дилантин, бензонал) біріктіріп тағайындайды. Қажет жағдайларда люминалды әр 3 сағат сайын тағайындайды.

Ұстамалардың доғарылуы немесе қояншықты бақылау

Емді әрқашан бір препаратпен бастау керек, антиконвульсанттарды талдау қатаң жеке дара болуы тиіс және қояншық синдромымен, дәрінің тиімділігімен және оны науқастың көтере алуымен анықталынады. Егер толық терапиялық мөлшерде қолданғанда және жеткілікті уақыт кезең барысында талмаларды бақылау мүмкіндіктері болмағанда немесе оны көтере алмаса, препаратты біртіндеп басқа дәріге ауыстыру керек – негізгі жаңа тәртіпті талдағаннан соң 1-ші дәріні қолдануды доғаруға болады. Монотерапия тиімсіз болған кезде, екі препараттан біріктірілген емді тағайындауға болады; дұрыс келетін емді тағайндағанша, әртүрлі ем тәртібін қолдану қажеттілігін қарастыру керек.

Препараттың бірінші мөлшерін талдауды анықтауда жағдайдың ургенттік (шұғылдығы) дәрежесіне, бойына, салмағына және науқастың жасына негізделеді. Мөлшерін толық әсерге қол жеткізгенше біртіндеп көтереді. Барлық қояншыққа қарсы дәрілер тым жоғары мөлшерде жиі неврологиялық қалаусыз реакциялар туғызады, сондықтан мөлшерді дұрыс титрлеу үшін жанама әсерлерді анықтауда науқастарды қатаң бақылау қажет. Фенитоиннен басқа антиконвульсиялардың плазмадағы құнарлығын өлшеу, мөлшерді талдауда сирек пайдалы. Шынайы жағдайда науқас емделу уақытында үнемі бақылауда болуы керек.

Қояншықтың бір қатар синдромдары бар, ол кезде ұзақ, кейде өмір бойы қояншыққа қарсы препараттарды қолдануды қажет етеді. Жалпы ем ең соңғы талмадан кейін ең аз дегенде 2 жылға дейін созылады. Кейде антиконвульсанттар баяу, біртіндеп доғарылуы керек, себебі бірден алып тастау асқынуларға әкелуі мүмкін – қояншық статусы сияқты. Бірнеше қояншыққа қарсы заттарды қолданатын науқастарда, дәрілерді тек бір біреуден біртіндеп доғару керек. Емді доғарғаннан кейін ересек науқастарда ұстамалардың қайталануы болуы мүмкін, сондықтан препаратты қабылдауды доғарғанда ұстамалардың қайталану тәуекелі мен оның науқастың жағдайына әсер етуін, дәрігер мен науқас талқылауы керек.

Қояншықта жүктілік кері көрсеткіштерге жатпайды, тек жеке фармакотұрақтылық жағдайлардағы қояншықтарда. Емнің тиімділігі жүктіліктің алдында мінсіз жүргізілуі тиіс. Жүктілік кезінде емделмеген қояншық, ұрыққа зиян келтіруі мүмкін; сондықтан емді алып тастауға болмайды. ӘДҰ эксперттер шешімі бойынша, егер науқаста соңғы 2 жылда талмалар болмаса, емді доғаруға болады; бұл кезде жүктіліктің І үшайыннан соң емді қайта бастау туралы сұрақты қарастырады. Жүктілік кезінде қояншыққа қарсы заттарды жалғастыру кезде, ең төменгі тиімді мөлшердегі монотерапия дұрыс. Антиконвульсанттарды қолданған кездегі ұрықтағы ақаулардың даму тәуекелі, денісау әйелдермен салыстырғанда жоғары болып келеді, әсіресе карбамазепин, вальпроаттарды және фенитоиндарды қолданған кезед. Жүкті болатын науқастарды ұрықтағы жүйке түтікшесінің дамуы мен басқа да ақаулардың болатын тәуекелін хабарлау қажет. Жүкті әйелдерге кеңес беруді және антенатальды скрининг жұргізуді ұсыну. Жүйке түтікшесінің ақауларының даму тәуекеліне қарсы әсер үшін, әйелдерге жүктіліктің алдында және жүктілік кезде адекватты қосымша фолий қышқылын енгізу ұсынылады. Карбамазепин, вальпроаттарды және фенитоиндарды қабылдауға байланысты нәрестелерде қан кетулердің тәуекеліне байланысты жағдайларда алдын алу шаралары үшін, нәрестеге және анасына босанар алдында фитоменадион (витамин K1) ұсынылады. Емшекпен емізу кезінде қояншыққа қарсы дәрілерді қолдануды жалғастыруға болады.

Қояншыққа қарсы заттарды талдау

Жаплыланған тонико-клоникалық, қарапайым үлестік және күрделі үлестік талмалар, сонымен қатар екіншілік жалпыланған

Карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин және вальпроаттар осы жағдайларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бірақ бұл препараттардың әр қайсысы мөлшерге-тәуелді және идиосинкразиялық жанама әсерлермен сипатталады, сондықтан гематологиялық көрсеткіштердің және бауыр қызметінің мониторингі қажет, әсіресе карбамазепин мен вальпроаттарды қолданғанда.

Кіші қояншық талмалары (жабырқану)

Этосуксимид және вальпроаттар кіші қояншық талмаларын емдеуде кеңінен қолданылады (petit mal) және науқастар дәрілерді жақсы көтереді. Бірақ этосуксимид сирек жағдайларда қызыл жегі мен психоздар туғызуы мүмкін, ол тез арада препаратты сақтықпен және тез доғару көрсеткіштеріне жатады. Жабырқану жиі тонико-клоникалық талмалармен бірге жүреді, сондықтан вальпроат талдамды препаратқа жатады, себебі ол екі жағдайда да тиімді.

Тониялық, атониялық талмалар және өзгетүрлік жабырқанулар

Фенобарбитал немесе фенитоин тониялық талмаларда кеңінен қолданылады, вальпроаттар немесе клоназепам – өзгетүрлік кезде және клоназепам – өзгетүрлік жабырқану кезде.

Миоклониялық талмалар

Вальпроаттар балалық миоклониялық талмаларда кеңінен қолданылады және өте тиімді болып келеді. Бірақ бұл типті талмалар жоғары жиі асқынулармен сипатталады, сондықтан емді белгісіз ұзақ қолдану қажет. Басқа типті миоклониялық талмалар жиі емге тұрақты болып келеді, кейбіреулерінде қояншық негізі болмайды. Вальпроаттар немесе клоназепам және басқа қояншыққа қарсы заттар бұл жағдайда пайдалы болуы мүмкін. Екі препаратты да науқастар жақсы көтереді, бірақ клоназепамға тұрақтылықтың болуы туралы мәліметтер бар.

Шала дамыған спазмдар (шала дамыған миоклонус қояншығы)

Шала дамыған спазмдар, олар жиі мидың ауыр зақымдалуларымен байланысты, қояншыққа қарсы заттарға тұрақты болуы мүмкін. Клоназепам кейде тұрақты жағдайларда тиімді болып келеді.

Қызынулы тырыспалар

Қысқаша қызынулы тырыспалар өздігінен шеттеледі. Салқын сумен сүртіну және парацетамол сияқты антипиретиктерді қолдану мүмкін. Қайталанатын қызынулы тырыспаларды немесе ұзаққа созылған тырысуларды (ұзақтығы 15 минуттан артық)тік ішекке енгізетін немесе мидың зақымдалуларының алдын алу үшін көктамырға ерітінді түрде енгізетін диазепаммен емдейді.

Интермиттирлейтін алдын алу шараларында диазепам көмегімен жүргізіледі, алғашқы дене қызуының көтерілуі кезінде енгізіледі, ол бір қатар балаларда ғана қызынулы тырысулардың қайталануын шеттетуі мүмкін. Қояншыққа қарсы дәрілердің жалғастырылушы кезде (үнемі болатын) алдын алу шаралары үшін қолданылуы туралы мәліметтер қайшылықта; бұндай алдын алу шаралары кейбір балаларға ғана көрсетілген, оларға алғашқы талмалар бірінші рет өмірінің 14 айында болған балалар жатады немесе неврологиялық бұзылыстары бар немесе ұзақ және дерт ошағы тырыспалары болған балалар ғана жатады. Бұндай жағдайларда фенобарбитал қолданылуы мүмкін, бірақ жанама әсерлер тәуекелін азайту үшін, қатаң клиникалық мониторинг және мөлшерді талдау қажет. Вальпроаттардың тиімді болғанына қарамастан, оларды кішкентай балаларға ұсынылмайды, себебі гепатотоксикалық әсер көрсету тәуекелінің жоғары болуына байланысты.

Қояншық статусы – бұл жоғары өліммен сипаталынатын шұғыл жағдайлар. Бірінші көмек зақымдалудың алдын алу үшін, науқасты ыңғайлы жатқызу, тыныспен қамтас еті, оттегіні беруді қосу, артериальды қысымды ұстап тұру және гипогликемияны түзетулер; талманы бақылауға қол жеткізгеннің өзіндеде тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ұстап тұру және өкпенің жасанды вентиляциясы маңызды, себебі статусты шеттету үшін қолданылған дәрілер кейде тынысты тежеуі мүмкін. Диазепам немесе клоназепамды қояншық статусы кезде көктамырға енгізу жиі тиімді болып келеді. Тез әсер ететін диазепам, бірінші енгізілуі тиіс, кейін айтарлықтай ұзақ әсер ететін фенитоинды (Қазақстанда аталған дәрілік түрі тіркелмеген )баяу кезекпен жүктемелі мөлшермен енгізу тиісті. Катетер қою мүмкіндігі болмаған жағдайда (көктамырға енгізу) диазепамды тік ішекке егуге арналған ерітінді түрде қолдануға болады (балауыздан абсорбциясы тым баяу, қояншық статусын емдеу үшін). Фенобарбиталды (Қазақстанда аталған дәрілік түрі тіркелмеген) көктамырға енгізуде тиімді, бірақ ол көктамырға енгізілгенде, тынысты тежеу айғақтығы жоғары болып келеді. Фенобарбиталды қозбау жағдайларында қолданады, бірақ оны жуырда фенобарбиталды ішке қолданған науқастарға беруге болмайды. Сонымен қатар тік ішекке паральдегидті енгізуді қолдануға болады; ол тынысты айтарлықтай тежемейді, сондықтан реанимация жағдайлары жоқ кезде пайдалы. Егер емге қарамастан талмалар жалғаса берсе, жалпы жансыздандыру (наркоз) қажет болуы мүмкін. Барлық жағдайларда талмалардың себебін анықтау және оған әсер ету керек.

ВАЛЬПРОЕ ҚЫШҚЫЛЫ

(VALPROIC ACID)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, капсулалар 150 мг, 300 мг, 500 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жалпыланған талмалардың әртүрлері: кіші (жабырқану), үлкен (тырысулары) және полиморфты; дерт ошағы кезінде, балалар тартуында қолданылады.

Ішке, тамақ ішу кезінде немесе тамақтан соң. Ересектерге емнің басындағы тәуліктік мөлшері 0,3-0,6 г құрайды, 1-2 апта ішінде оны біртіндеп 0,9-1,5 г-ға жоғарлатады, бір ретті мөлшері ересектерге - 0,3-0,45 г. балалар үшін тәуліктік мөлшері - 15-50 мг/кг (бастапқыда - 15 мг/кг, кейін аптасына біртіндеп 5-10 мг/кг жоғарлатады).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, "отбасылық" (вальпрое қышқылын қолданудан жақын туысынң қайтыс болуы), бауыр мен ұйқы безінің аурулары (кейбір науқастарда бауыр метаболизмі төмендеуі мүмкін), геморрагиялық диатез, жүктілік (I үшайында), емшекпен емізу (емізулі әйелдер емшекпен емізуді доғару керек).

Сақтандыру.

Жас балалар (бір мезгілде бірнеше тырыспаға қарсы дәрілерді тағайындау), сүйек жемігінің аплазиясы, жүктілік (соңғы мезгілдері).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктіліктің І үшайында кері көрсетілген. Сонымен қатар жүктіліктің II және III үшайында мүмкін, егер күтілетін емнің әсері ұрық үшін потенциал тәуекелінен жоғары болса.

Емшекпен емізу: Емді қолдану кезде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазанның ауруы, анорексия немесе тәбеттің жоғарлауы, бауыр қызметінің бұзылуы, ұйқышылдық, дірілдеу, парестезия, естің шатасуы, шеткі ісінулер, қан кетулер, лейкопения, тромбоцитопения. Ұзақ қолданғанда – уақытша шаштың түсуі.

Саудаға тіркелген атауы: Апилепсин, Депакин, Ковулекс, Дипромал, Конвульсофин, Энкорат.

ДИАЗЕПАМ

(DIAZEPAM)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 5 мг/мл, таблеткалар 2 мг, 5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тыныштандыратын, анксиолитикалық және ұйықтататын дәрілер ретінде.

Неврология және психиатрия. Барлық үрейлік бұзылыстарда, невроздар, психопатия, үрейленумен, қорқынышпен, жоғары тітіркенумен, эмоциональды күш салумен жүретін невроз тәрізді және психопат тәрізді жағдайлар; эндогенді психикалық аурулар кезіндегі үрейлену синдромы, шизофрения кезіндегі (біріктірілген емнің ішінде көмекші зат ретінде), бас миының органикалық зақымдалуы кезінде, цереброваскулярлы аурулар кезінде (біріктірілген емнің ішінде қосымша зат ретінде); сенесто-ипохондриялық, қорқу бұзылыстарында, параноидальды-елестер жағдайында; соматовегетативті бұзылыстар, неврология және психиатриядағы әртүрлі этиологиялық қозғалыс қозулар; күш түскендегі бас аурулары; ұйқының бұзылуы; вертебральды синдром; абстинентті синдром (алкоголь, наркотиктер), маскүнемдік делирия (біріктірілген емнің құрамында). Педиатриялық тәжірибеде: эмоциональды күш түсумен жүретін невротикалық және невроз тәрізді жағдайлар, үрейлену, қорқыныш, жоғары тітіркену, бас ауру, ұқының бұзылуы, энурез, көңіл күйдің және тәртібінің бұзылуы ж.т.б.

Кардиология. Стенокардия, миокардтың инфаркты, артериальды гипертензия ж.т.б. Анестезиология және хирургия. Бір күн бұрынғы премедикация және тікелей оперативті және эндоскопиялық емшара араласуларының алдында, кіріспе наркоз, біріктірілген наркоз құрамы ретінде (анальгетиктермен біріктіріп атаралгезия кезінде).

Акушерство және гинекология. Эклампсия, босану барысын жеңілдету үшін (парентеральды енгізу үшін), ерте босану кезде, бала жолдасының ерте бөлінуі (парентеральды енгізу үшін); климактериялық және етеккірдегі психосоматикалық бұзылыстар.

Дерматологиялық тәжірибе. Қышымамен, тітіркенумен жүретін экзема және басқа да аурулар (құрама ем).

Тырыспаға қарсы заттар ретінде.

Қояншық (біріктірілген емнің ішінде көмекші зат ретінде), қояншық статусы немесе ауыр қайталанатын қояншық талмалары (парентеральды енгізу үшін, көмекші зат ретінде); сіреспе.

Бұлшық еттерді босататын заттар ретінде.

Бас миының немесе жұлын миының зақымдалуымен байланысты болған орталық генездегі спастикалық жағдайлар (церебральді сал, атетоз); жергілікті жарақат кезіндегі қаңқа бұлшық еттерінің спазмы (көмекші заттар); тірек-қимыл аппараттарының басқа да спастикалық жағдайларында — миозит, бурсит, артрит, ревматизмдік спондилит, созылмалы үдемелі полиартрит; қаңқа бұлшық еттеріне күш түсуімен жүретін артроз.

Ішке, к/т, б/е, тік ішекке. Көрсеткіштеріне, аурудың барысына, көтере алуына қарай, мөлшер тәртібін қатаң жеке белгілейді. Емді белгілі патологиялық түрге сәйкес, ең аз тиімді мөлшерден бастайды.

Ересектер үшін ішке қолданатын кездегі кәдімгі мөлшері: бастапқы — 5–10 мг, тәуліктік — 5–20 мг, ең жоғарғы бір реттік — 20 мг, ең жоғарғы тәуліктік 60 мг.

К/т және б/е енгізу кезінде ересектер үшін орта бір реттік мөлшер — 10 мг, орта тәуліктік мөлшер — 30 мг, ең жоғарғы бір реттік — 30 мг, ең жоғарғы тәуліктік 70 мг. Парентеральды енгізу кезінде емдеу ұзақтығы 3-5 күннен аспауы керек (егер қажет болса, ішке қолдануға өтедә), жалпы емдеу ұзақтығы қысқа және 2-3 айдан аспауы тиіс (препаратты біртіндеп төмендету кезеңін де қосу керек). 2-3 айдан жоғары емдеуді тек науқастың жағдайын толық бағалағаннан кейін барып жалғастырады. Қайта қолдану кезінде үзіліс 3 аптадан кем болмауы тиіс.

Балалар үшін мөлшер мен емдеу курсының ұзақтығын жеке талдайды, аурудың сипаттамасына, жасына, баланың дене салмағына қарай.

Егде жастағы және кәрі жастағы, сонымен қатар бауыр қызметі бұзылған науқастарға емді аз мөлшерде тағайындайды.

Кері көрсеткіштері:

Жоғары сезімталдық, бауыр мен бүйректің жедел аурулары, айқын бауыр жетіспеушілігі, ауыр миастения, өзін өзі өлтіруге бейім болулар, наркотикалық немесе маскүнемдік тәуелділік (жедел абстинентті синдромды емдеу ғана), айқын тыныс алу жетіспеушіліктері, айқын гиперкапния, церебральды және жұлынды атаксия, глаукоманың жедел ұстамалары, жабық бұрышты глаукома, жүктілік (I үшайында), емшекпен емізу, 30 күнге дейінгі жас.

Сақтандыру.

Үрейлік пен депрессия біріккен кезде (өзін өзі өлтіру мүмкіндіктері болуы), бензодиазепинмен монотерапия жүргізу ұсынылмайды. Парадоксальды реакциялардың даму мүмкіндіктерімен байланысты, сонымен қатар озбыр мінез-құлықта, жеке және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарға сақтықпен қолданады. Парадоксальды реакциялар көбінесе балаларда және егде жастағы науқастарда байқалады. Парадоксальды реакциялар пайда болған кезде диазепамды доғарады.

Диазепаммен емделу кезінде алкогольді сусындарды қолдануға болмайды. Көлік жүргізушілерге және қызметтері жылдам психикалық және физикалық реакцияларды талап ететін адамдарға, сонымен қатар жоғары көңіл қоюды қажет ететін жағдайлармен байланысты кезде қолдануға болмайды.

14 жасқа дейінгі балаларға диазепамды қолдану анық негізделген жағдайларда ғана болады, емдеу ұзақтығы ең аз болуы тиіс.

Диазепамды қолданған кезде (тіпті терапиялық мөлшерде) үйренгіштік, физикалық және психикалық тәуелділіктің қалыптасуына әкелуі мүмкін. Тәуелділіктің даму тәуекелі үлкен мөлшерлерді және қабылдау ұзақтығы жоғарлағанда дамиды, сонымен қатар анамнезінде дәрілік және алкогольді тәуелділік бар науқастарда болады. Алып тастау синдромы мен rebound-синдром тәуекелін төмендетуде, мөлшерін төмендету жолымен, диазепамды доғаруды біртіндеп жүргізу керек. Ұзақ қолданған кезде немесе үлкен мөлшерлерін қабылдаған кезде бірден алып тастау кезінде, алып тастау синдромы дамиды (бас және бұлшық ет ауруы, мазасыздану, үрейлену, естің шатасуы, дірілдеу, тырысулар), ауыр жағдайларда — деперсонализация, елестер, қояншық талмалары (қояншық кезіндегі бірден доғаруда). Диазепамды тағайындауға себепкер болған транзиторлы синдром симптомдары, қайтадан оданда айқынырақ түрде жүреді (rebound-синдром), сонымен қатар көңіл-күйдің өзгеруімен, мазасызданумен жүруі мүмкін.

Ұзақ қолданған кезде шеткі қанның суретін және бауыр қызметін кезекті бақылап отыру керек.

Босанар алдында 15 сағат бойы 30 мг-нан (әсіресе б/е немесе к/т) жоғары мөлшерде қолдануда, нәрестеде апноэ, гипотензия, гипотермия, емшектен бас тару ж.т.б. өзгерістерді туғызуы мүмкін. Бензодиазепинді нашақорлық жағдайлары суреттелген.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктіліктің I үшайында кері көрсетілген (тау пайда болатын ақаулардың даму тәуекелін жоғарлатады). Жүктіліктің II және III үшайында қолдану мүмкін, егер күтілетін ем тиімділігі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса.

Емшекпен емізу: Емді қабылдау кезінде емшекпен емізуді доғару.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: әлсіздік, ұйқышылдық, шаршаудың жоғарлауы; атаксия, эмоцияның тоқырауы, көрудің анықсыздығы, диплопия, нистагм, дірілдеу, тездік реакцияның және көңіл қою құнарлығының төмендеуі, қысқа есте сақтаудың нашарлауы, дизартрия, сөйлеудің түсініксіздігі; естің шатасуы, депрессия, естен тану, бастың ауруы, бастың айналуы; парадоксальды реакциялар (жедел қозу, үрей, елестер, қорқынышты түстер ену, ашу ұстамалары, түсініксіз мінез-құлықтар); антероградты амнезия.

Жүрек қан-тамырлар жүйесі мен қан (қан түзілу, гемостаз) жағынан: брадикардия, нейтропения.

АІЖ мүшелері жағынан: сілекей бөлінуінің бұзылыстары (ауыз қуысының құрғауы немесе гиперсаливация), жүректің айнуы, іштің қатуы.

Басқа да: аллергиялық реакциялар (есекжем, бөртпелер), зәрдің ұсталмауы, зәр шығарылуының ұсталуы, либидоның өзгеруі, бауыр трансаминаза және сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарлауы, сары ауру.

Парентеральды енгізу кезінде: енгізілген жердегі реакция (тромбоз, флебит, инфильтраттардың қалыптасуы); тез к/т енгізу кезінде — гипотензия, жүрек-тамыр коллапсы, сыртқы тыныс алу қызметінің бұзылуы, ықылық.

Үйренгіштіктің, дәріге тәуелділіктің, алып тастау синдромының, әсерден кейінгі синдромның (бұлшық ет әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмендеу), rebound-синдромның дамуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Апаурин, Брюзепам, Валиум, Диазепам, Диазепекс, Калмпоуз, Плацидокс, Релаксен, Реланиум, Седуксен, Сибазон, Фаустан.

КАРБАМАЗЕПИН

(CARBAMAZEPINE)

Шығарылу түрі.

таблеткалар 100 мг, 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қояншыштар (petit mal басқа), желікпелі жағдайлар, жілікпелі-тұнжыраулы бұзылыстардың алдын алу шаралары, маскүнемдік абстиненция, үшкіл және тіл-жұтқыншақ жүйкесінің невралгиясы, диабеттік нейропатия.

Ішке, ересектерге — 100–1600 мг тәулігіне (аурудың көрсеткіштеріне және айқындылығына байланысты), балаларға — 10–20 мг/кг бірнеше рет қабылдауға тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сол сияқты үшциклдік антидепрессанттарға да), AV тежелу, миелосупрессия немесе анамнезенде жедел порфирия, жүктілік (I үшайында).

Сақтандыру.

Емнің басында және емдеу үдерісі кезінде үнемі қанның (жасушалық элементтерін) және несеп анализдерін жасау, бауыр қызметінің көрсеткіштерін бақылау ұсынылады. Анамнезенде жүрек, бауыр немесе бүйрек аурулары болған кезде, гематологиялық бұзылыстар кезінде, көз қысымы жоғары болғанда, латенттік психозда, сыртқы белсендіргіштерге дұрыс жауап бермегенде, қозу, аралас сипатталатын тырысулармен мінезделетін ауруларда, егде жастағыларға, көлік жүргізушілерге және механизмді эксплуатация жасайтындарға сақтықпен тағайындайды. Емді бірден доғаруға болмайды. Әйелдерге қосымша фолий қышқылын қабылдау ұсынылады (жүктілік алдында немесе жүктілік кезде); жоғары қан кетулердің алдын алу үшін жүктіліктің соңғы аптасында және нәрестелерге К витаминін қолдану мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктіліктің І үшайында кері көрсетілген (туа пайда болатын ақаулардың даму тәуекелін жоғарлатады). Жүктіліктің II және III үшайында қолдану мүмкін, егер күтілетін емнің тиімділігі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса.

Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезінде қабылдауды жалғастыруға болады.

Жанама әсерлері

Бастың айналуы, қозу, елестер, депрессия, озбыр мінез-құлық, психоздың белсенуі, бастың ауруы, диплопия, аккомодацияның бұзылуы, көз бұршағының бұлғырлануы, нистагм, конъюнктивит, құлақтың шулауы, дәмді сезінудің бұзылуы, сөйлеудің бұзылуы (дизартрия, анық сөйлемеу), аномальды өздігісіз қозғалыстар, шеткі неврит, парестезия, бұлшық еттердің әлсіздігі мен сал симптомдары, AV тежелу, тоқыраулы жүрек жетіспеушіліг, гипер- немесе гипотензия, тромбоэмболия, бүйректің дисфункциясы, интерстициальды нефрит, жүректің айнуы, құсу, бауыр ферменттер деңгейінің жоғарлауы, сары ауру, гепатит, остеомаляция, жыныстық қатынастың бұзылуы, шамалы лейкопения, тромбоцитопения, қан түзілуінің бұзылыстары, гипонатриемия, мультимүшелі жоғары сезімталдық тез дамитын типті реакциялар, эксфолиативті дерматит, қызыл жегі тәрізді синдром (тері бөртпелері, есекжем, гипертермия, тамақтың, буынның ауруы, әлсіздік), Стивенса — Джонсон, Лайелла синдромы, анафилактикалық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Зептол, Карбавим, Карбалекс, Карбамазепин, Карбапин, Карбасан, Карбасиф, Тегретол, Финлесин.

БЕНЗОБАРБИТАЛ

(BENZOBARBITAL)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қояншықтың әртүрлері, гипербилирубинемия, нәрестелердің гемолитикалық ауруы, ұйқының қашуы.

Ішке. Ересектер үшін — 0,1–0,2 г-нан тәулігіне 3 реттен тамақтан соң. Бір реттік жоғары мөлшер — 0,3 г, жоғары тәуліктік мөлшер — 1 г.

Балалар үшін: 3–6 жасқа — 25–50 мг қабылдауға (100–150 мг/тәу), 7–10 жасқа — 50–100 мг-нан қабылдауға (150–300 мг/тәу), 11–14 жасқа — 100 мг-нан қабылдауға (300–400 мг/тәу). Жоғары бір реттік мөлшер — 150 мг, тәуліктік жоғары мөлшер — 450 мг.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]