- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
Ревматоидты артрит пен басқа да буынның созылмалы қабыну ауруларындағы (теңге қотыр артрит, анкилозды спондилоартрит) шеміршек пен сүйектегі деструкциялық үдерістерді, ауруды-түрлендіретін ремватизмге қарсы заттар (АТРҚЗ) сияқты дәрілерді қолдану арқылы басу мүмкін. АТРҚЗ-ға безгекке қарсы препараттар кіреді (хлорохин, гидроксихлорохин), пеницилламин, сульфасалазин, иммунодепрессанттар (азатиоприн, циклофосфамид, метотрексат) және алтын препараттары. Буын деструкциясы басталмас бұрын, ауру дамуының ерте сатысында ем басталуы. Диагноз анықталынбай тұрып және аурудың барысы болжаусыз кезде емді СЕҚҚЗ-дан бастайды. Болжам үшін аурудың ерте диагностикасы мен емді негізгі препараттармен ерте бастау маңызды. Ревматоидты артрит кезінде АТРҚЗ-мен емдеу, басталудың алғашқы 2 айында басталуы тиіс. АТРҚЗ бірден жақсаруға әкелмейді: толық жауап алуға қол жеткізу үшін 4-6 айлық ем қажет. Олардың ұзақ қолданылуы улылығымен және әсерінің төмендеуімен шектеледі. Егер бір препарат 6 ай бойы емдеуде объективті жақсаруға әкелмесе, оның қолданылуын доғару керек және басқа АТРҚЗ-мен ауыстыру тиіс. АТРҚЗ-ны қолданғанда өмірге қауіпті болатын жиі жанама әсерлер дамиды; ауыр улы әсерлерінің дамуын алдын алу үшін қатаң бақылау қажет. Қан жағынан болатын бұзылыстар (сүйек кемігінің тежелуі) көптеген АТРҚЗ-мен емдеу барысында дамуы мүмкін; қанның формалық элементтерін санау емнің және ем барысында жүргізілуі тиіс, ал науқасқа кез келген белгісіз симптомдар болғанда медициналық қызметкерге тез арада жариялауына кеңес беру керек, мысалы, қан кетулерде, көгерулерде, геморрагиялық бөртпелер, инфекциялар, тамақтың ауруы немесе дене қызуының жоғарлауы. Бір дәріні қолданғанға қарағанда, АТРҚЗ-ы біріктіріп қолданғанда тиімділіктің әсері жоғар болатыны туралы ойлар бар, бірақ олардың улылығы жоғары болу мәселесі бар; ең жоғарғы тиімділікті және қауіпсіз қолдануды қамтамас ету үшін, препаратты қалай қолдануына байланыссыз, біреуін бе әлде біріктіріп пе, оларды тек ревматолог тағайындауы тиіс. Ревматоидты артриттен басқа АТРҚЗ-ды теңге қотыр артритінде және анкилозды спондилоартрит немесе Бехтерев ауруы (сульфасалазин, метотрексат) кезінде де (метотрексат) тағайындайды.
Безгекке қарсы препараттар хлорохин немесе гидроксихлорохиннің әсері төмендеу, басқа көптеген АТРҚЗ-ға қарағанда, бірақ оларды жеңіл көтереді, сол себепті оларды жеңіл ревматоидты артритті емдеу кезінде қолданады. Хлорохин мен гидроксихлорохин теңге қотыр артритін емдеу үшін қолданылмауы тиіс. Ұзақ қолданған кезде емнің алдында және барысында, офтальмологиялық зерттеулер жүргізілуі тиіс, себебі ретинопатия даму тәуекелі бар.
Сульфасалазин жақсы қабынуға қарсы әсер көрсетеді, сол себепті көптеген ревматологтар АТРҚЗ-дың бірінші қатарына жатқызады, бірақ оны 25% дейінгі науқастар көтере алмайды. Жанама әсерлеріне сүйек кемігінің тежелуі, гепатотоксикалық ықпалы, тері реакциялары және асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары жатады. Метотрексат, иммунодепрессант, АТРҚЗ-дың бірінші қатарына жатқызады; төменгі мөлшерде ревматоидты артритті емдеу үшін қолданады, жақсы көтереді, бірақ қан түзілу бұзылыстарының даму тәуекелі (сүйек кемігінің тежелуі) және бауыр мен өкпе уының ықпалы сақталады. Басқа иммунодепрессанттар, азатиоприн, басқа АТРҚЗ көмектеспегенде, ауыр барыспен жүретін, әсіресе буынсыз көріністермен ауыратын науқастарда, мысалы васкулитте қолданылады. Иммунодепрессанттар теңге қотыр артриті кезінде қолданылады. Жанама әсерлеріне қан жағынан болатын бұзылыстар, алопеция, жүректің айнуы және құсу жатады.
Пеницилламин бірінші қатар перпараттарына жатпайды, оның қолданылуы жоғары жанама әсерлерінің жиілігіне байланысты шектеледі, оған қан түзелу бұзылыстары (сүйек кемігінің тежелуі), протеинурия және бөртпелер. Кортикостероидтар (18.1 бөлім) — күшті қабынуға қарсы заттар, бірақ олардың ревматоидты артритті емдеудегі ролі ашық қалады. Ол препараттардың пайдасы жанама әсерлерімен шектеледі, олардың қолданылуы мамандықтың бақылауымен жүреді. Кортикостероидты препараттарбасқа ревматизмге қарсы заттарға тұрақтылық болғанда немесе васкулит сияқты ауыр буынсыз көріністермен жүретін ауыр барыспен жүретін науқастарға қолданылады. Кортикостероидтарды сонымен АТРҚЗ қолданғанда бастапқы кезеңде аурудың белсенділігін бақылау үшін қолданады. Сүйек тінін жоғалтуды жиі кортикостероидтарды қолданумен байланыстырады, ол ықпал мөлшерге тәуелді. Жуырдағы зерттеулердің көрсетулері бойынша, шамалы-ауыр ревматоидты артритті емдеу үшін, алғашқы 2 жылда кортикостероидтардың төменгі мөлшерін қолданғанда, буындардың бұзылу жылдамдығын төмендету мүмкін. Ең төменгі тиімді мөлшерді қолдану қажет: преднизолон 7,5 мг күніне ішке қабыну белсенділігін басуға дейін, емнің соңында мөлшерін біртіндеп төмендету керек, ұзақ қолданғанда болатын жанама әсерлердің алдын алу үшін. Кортикостероидтардың циклофосфамидтермен біріктірілгені салыстырмалы жоғары мөлшері васкулитті бақылау үшін қажет.
Хлорохин
(Chloroquine).
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 100 мг, 150 мг (фосфат немесе сульфат түрінде).
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артрит (ювенильді артритті қоса) – 0,25мг-нан күніне 2 реттен 7 күндей, кейін 0,25мг/тәулігіне 12 ай бойы; жүйелік қызыл жегі – 0,25 - 0,5 мг-нан күніне; склеродермия, кешкі тері порфириясы – 0,25 - 0,5 мг-нан күніне; фотодерматоз – 0,25 мг-нан күніне бір апта бойы, кейін 0,5-0,75 мг-нан күніне; безгек (6.4.3 бөлім).
Кері көрсеткіштері.
Иммунодепрессивті заттар ретінде препаратты қолдану кері көрсетілген келесі жағдайларда:
Препаратқа жоғары сезімталдық; жүректің органикалық аурулары ырғақтың бұзылуымен жүретін; бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы; жүктілік; теңге қотыр; ішкі және сыртқы құлақ аурулары; көру жүйкесінің аурулары; порфинурия.
Препаратты безгекке қарсы заттар ретінде қолдану кезінде абсолюттік кері көрсеткіштер жоқ.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: жүрек-қан тамырларларының органикалық аурулары, бүйрек, бауыр қызметінің бұзылуы, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі, ретинопатия, қояншық.
Хлорохинмен емдеген кезде окулистің жүйелік тексеруі, қанның және несептің жалпы анализі, бауыр қызметін бақылау қажет.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік:
FDA категориясы С. Препаратты безгектің алдын алу шаралары мақсатымен тағайындағанда, ұрыққа жанама әсерлер көрсетпейді. Бірақ хлорохиннің үлкен мөлшерлерін иммунодепрессивті заттар ретінде тағайындағанда, ол өздігінен түсік пен ұрықтың көру және есту зақымдалуларының себебі болуы мүмкін.
Емшекпен емізу:
Төс сүтіне өтеді. Қолданбау керек.
Жанама әсерлері.
Жиі кездесетін жанама әсерлері.
Бастың айналуы, бастың ауруы; іштің ауруы, жүректің айнуы, диспепсия, құсу; қышыну, пигментация, экзантема; қасаң қабақтың бұлдырлануы, жарықтан қорқу.
Жиі кездеспейтін жанама әсерлер.
Тәбеттің жоғалуы; невропатия, миопатия; ретинопатия, аккомодацияның бұзылуы, құлақта шудың болуы, алопеция.
Сирек кездесетін жанама әсерлер.
Агранулоцитоз, тромбоцитопения, панцитопения; кардиомиопатия; эксфолиативті дерматит; гепатит, бауыр трансаминаза деңгейінің жоғарлауы; психоздар; қайтымсыз естудің жоғалуы; көру өткірлігінің төмендеуі.
Саудаға тіркелген атауы: Делагил, Плавенил.
Азатиоприн
(azathioprine)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 50 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артрит ауруларының жағдайлары, басқа АТРҚЗ-мен емдегенде тұрақтылық болғанда; теңге қотыр артриті - ішке, бастапқыда күніне 1,5–2,5 мг/кг бірнеше қабылдауға, мөлшерін әсеріне қарай реттеу; ұстап тұрушы ем 1–3 мг/кг күніне; егер препаратты қолданғанда 3 ай ішінде жақсарулар байқалмаса, препаратты қолдануды доғарады.
Басқа аутоиммунды аурулар: аяқ қақпаны, теңге қотыр артриті, Крона ауруы, спецификалық емес жаралы колит, қызыл жегі нефриті, дерматомиозит, миастения, Рейтер синдромы, көпірші. 1,5-2 мг/кг 2-4 қабылдауға.
Транспланттың шеттету реакциясының алдын алу шараларында – 5 мг/кг/тәу, ұстап тұрушы мөлшер 1-4 мг/кг/тәу.
Созылмалы белсенді гепатит. 1-2 мг/кг/тәу.
Жүре пайда болған гемолитикалық қаныаздық. 2 мг/кг/тәу.
Зейін қою жоқтығының склерозы 2-3 мг/кг/тәу.
Кері көрсеткіштері.
Азатиоприн немесе меркаптопуринге жоғары сезімталдық; проктит; қатерлі ісіктер; терінің жедел қабыну зақымдалулары, жаралар, тері күйіктері.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Бауыр жетіспеушілігі; панкреатит; бүйрек жетіспеушілігі; жүктілік; емшекпен емізу кезеңі; созылмалы уланулар (маскүнемдік); қант диабеті, егде жастағылар (мөлшерін төмендету). Емдеу барысы кезінде қанның формалық элементтерін санауының мониторингін жүргізу қажет. Сүйек жемігінің тежелуі: сүйек жемігінің тежелуінің кез келген белгілері мен симптомдарын медициналық қызметкерге тез арада жариялауын науқастарға түсіндіру керек, мысалы көгеру және қан кетулер, геморрагиялық бөртпелер, инфекция, тамақтың ауруы немесе ангина.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік:
FDA категориясы D. Қолданбау керек.
Емшекпен емізу:
Ұсынылмайды.
Жанама әсерлері.
Препаратты қолдануды тоқтату немесе толық доғаруды қажет ететін жоғары сезімталдық, дімкәстік, бастың айналуы, құсу, диарея, қызба, қалтырау, бұлшық еттердің ауруы, буындардағы ауырсыну, бөртпелер, гипотензия және интерстициальды нефрит; мөлшерге тәуелді сүйек жемігінің тежелуі; бауыр жетіспеушілігі, холестатикалық сары ауру, шаштың түсуі және инфекцияларға жоғары бейімділік, кортикостероидтарды қабылдайтын науқастарда колит болуы; жүректің айнуы; сирек — панкреатит және пневмонит; бауыр көк тамырларының ауруы; ұшық zoster (белдеме теміреткесі).
Саудаға тіркелген атауы: Азатиоприн
Метотрексат
(methotrexate)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 2,5 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артрит. Бастапқы мөлшер 7,5 мг аптасына бір мезгілде немесе 2,5 мг-нан әр 12 сағат сайын, ең жоғарғы 20 мг/аптасына.
Стероид тәуелді бронхиальды демікпе. 15-30 мг/тәу
Крона ауруы. Созылмалы спецификалық емес жаралы колит. 12,5 мг/тәулігіне.
Лимфо- және миелобласты лейкоз – құрама емнің ішінде 3,3 мг/м2. Нейролейкоз – интратекальді әр 2-5 күнде ересектерге 12 мг/м2, балаларға 6-12 мг. Миеломдыауру. Трофобластикалық ісіктер – 15-30 мг ішке күнде. Өңештің қатерлі ісігі, бастың және мойынның жазық жасушалы қатерлі ісігі, қуықтың қатерлі ісігі, өкпенің қатерлі ісігі, бауырдың қатерлі ісігі, сүт безінің, несеп түтікшелерінің, аталық безінің, жатыр мойынының, вульваның, аналық безінің, еркек жыныс мүшесінің қатерлі ісігі. 30-40 мг/тәу.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық, иммунды жетіспеушілік синдромы, қаныаздық, асцит, плевралды қуысқа сұйықтың жиналуы, жел шешек, бактериалды, зеңдік және вирусты инфекциялар, бауыр немесе бүйрек жетіспеушіліктері, геморрагиялық синдроммен жүретін лейкоз, жүктілік, емшекпен емізу.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Сусыздану, АІЖ өткізбеуі, аяқ қақпаны немесе анамнезінде бүйрек конкременттерінің болуы, алдын сәулелі немесе химиотерапия жүргізілгенде, жалпы әлсіздік. Емдеу кезінде жүргізілуі тиіс: қанның формалық элементтерін санау, бүйрек пен бауыр қызметін бағалау.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік:
FDA категориясы Х. Қолданбау керек
Емшекпен емізу:
Ұсынылмайды.
Жанама әсерлері.
Сүйек жемігінің тежелуі, бауырдың зақымдалуы, өкпеге улы әсер етуі; асқазан-ішек бұзылыстары — стоматит және диарея дамуы кезінде, емді доғару керек; бүйрек жетіспеушілігі, тері реакциялары, алопеция, остеопороз, буындардың ауруы, бұлшық еттердің ауруы, көздің тітіркенуі, диабеттің дамуы.
Саудаға тіркелген атауы: Метотрексат, Зексат.
Пеницилламин
(penicillamine)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар, капсулалар 150 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артритА, склеродермияВ (өте сирек қолданылады), метотрексаттың тиімсіз жағдайларында немесе көтере алмауында. Ішке, ересектерге алғашқыда 125–250 мг күніне тамақтың алдында 1 ай бойы береді, кейін бірдей мөлшерде 4 апталық ара қашықтықпен, кәдімгі ұстап тұрушы мөлшерге 500-700 мг күніне бірнеше қабылдауға жеткенше жоғарлатады; ең жоғарғы 1,5 г күніне; егеде жастағыларға бастапқыда 125 мг-нан күніне тамақтың алдында 1 ай бойы, 4 апталық ара қашықтықпен жоғарлатады; ең жоғарғы күніне 1 г; 8-12 жастағы балаларға бастапқыда күніне 2,5–5 мг/кг, біртіндеп 4 апталық ара қашықтықпен 3-6 ай бойы жоғарлату арқылы, кәдімгі ұстап тұрушы мөлшерге жеткізу 15–20 мг/кг күніне.
Вильсона-Коновалова ауруыС – бастапқы мөлшер 250 мг, біртіндеп жоғарлатады 0,75-1,5 г/тәу.
ГемосидерозD, цистинді нефролитиаз, цистиноз, цистинурия – 100-200 мг/тәу.
Созылмалы гепатитВ, гепатомегалиямен жүретін алкогольді бауыр циррозыВ - 125-250 мг/тәу.
Гломерулонефриттің фибропластикалық вариантыD – 250 мг/тәу.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық; Шегрена синдромы, жүктілік, емшекпен емізу, миастения, гемопоэздің бұзылуы, агранулоцитоз, нефропатия, СБЖ.
Сақтандыру.
Емдеу кезінде үнемі қанның формалық элементтерін санау және несептің анализін жүргізу керек; бүйрек жетіспеушілігі (4 қосымшаны қара); жүктілік (2 қосымшаны қара); бір мезгілде алтын, хлорохин немесе иммунодепрессанттар перпараттарымен бірге қолдануға болмайды; пеницилламинді қолданардың алдында 2 сағат бұрын темір препараттарын қолданудан қашу керек. Сүйек жемігін тежеу: сүйек жемігінің тежелуінің кез келген белгілері мен симптомдарын медициналық қызметкерге тез арада жариялауын науқастарға түсіндіру керек, мысалы көгеру және қан кетулер, геморрагиялық бөртпелер, инфекция, тамақтың ауруы немесе ангина.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік:
FDA категориясы D. Қолданбау керек.
Емшекпен емізу:
Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ. Ұсынылмайды.
Жанама әсерлері.
Бастапқыда жүректің айнуы (тамақтың алдында қолданғанда немесе ұйықтар алдында; егер мөлшерін біртіндеп жоғарлатса жүректің айнуы аз мәселелер туғызады), анорексия, қызба; дәмнің жоғалуы (минеральды қоспаларды қолдану ұсынылмайды); қан жағынан болатын бұзылыстар, тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз және апластикалық қаныаздық, протеинурия, сирек: гематурия (қолдануды тез доғару); сонымен қатар келесі көріністер туралы мәліметтер бар: гемолитикалық қаныаздық, бүйрек синдромы, жүйелік қызыл жегі синдромы, миастения синдромы, полимиозит (сирек жүректің зақымдалуымен), дерматомиозит, ауыз қуысының жаралары, стоматит, алопеция, бронхиолит және пневмонит, көпіршіктер, гломерулонефрит (Гудпасчера синдромы) және мультиформалы эритема (Стивенса–Джонсона синдромы); еркектер мен әйелдерде сүт безінің ұлғайюы байқалған; бөртпелер (ерте кездегі бөртпелер емді доғарғаннан кейін жоқ болады — емді аз мөлшерден бастап, біртіндеп жоғарлату керек; кешкі бөртпелер — анағұрлым тұрақты — мөлшерді төмендету керек немесе емді доғару қажет).
Саудаға тіркелген атауы: Купренил.
Сульфасалазин
(sulfasalazine) Шығарылу түрі.
Ішекте еритін қапшықпен қапталған таблеткалар (таблеткалар, асқазанның қышқылды ортасына тұрақты) 500 мг [ӘДҰ ұсынылған].
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Спецификалық емес жаралы колитА. 1 г-нан тәулігіне 4-6 реттен 2-3 апта, кейін мөлшерін біртіндеп төмендету 0,5-1 г әр 5-7 күнде. 5-7 жастағы балаларға 0,25-0,5 3-6 реттен тәулігіне, 7 жастан үлкен балаларға – 0,5 3-6 реттен. Ревматоидты артритА метотрексаттың тиімділігі болмағанда немесе көтере алмағанда. 0,5 г тәулігіне, 2-3 г. біртіндеп мөлшерін жоғарлату арқылы.
Кері көрсеткіштері.
Салицилаттар мен сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық; ауыр бүйрек жетіспеушілігі және/немесе бауыр жетіспеушілігі; туа пайда болған глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі; емшекпен емізу; 5 жасқа дейінгі балалар; порфирия.
Сақтандыру.
Алғашқы 3 ай бойы үнемі жүргізілуі тиіс: қанның формалық элементтерін санау, бауыр мен бүйрек қызметін бағалау. Сүйек жемігінң тежелуі: сүйек жемігінің тежелуінің кез келген белгілері мен симптомдарын медициналық қызметкерге тез арада жариялауын науқастарға түсіндіру керек, мысалы көгеру және қан кетулер, геморрагиялық бөртпелер, инфекция, тамақтың ауруы немесе ангина.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: бүйрек жетіспеушілігі; жүктілік; анамнезінде аллергия болуы; баяу ацтилятор статусы.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік:
FDA категориясы В.
Емшекпен емізу:
Төс сүтіне өтеді. Ұсынылмайды.
Жанама әсерлері.
Жиі: үнемі болатын бас ауруы; жоғары сезімталдық реакциясы (бөртпелер, есекжем, мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, қышыну, жарық сезімталдығы, анафилаксия, сары су ауруы; ауыз қуысының жаралары; асқазан-ішек бұзылыстары.
Сирек: гематологиялық – қан жағынан болатын бұзылыстар (гемолитикалық қаныаздық, мегалобластты қаныаздық, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, тромбоцитопения); цианоз; жаралы колиттің асқынуы; гепатит; панкреатит; интерстициальды пневмонит; Стивенса–Джонсона синдромы; улы некролиз, қызыл жегі тәрізді синдром; Несептің немесе терінің қызыл сары түске боялуы.
Саудаға тіркелген атауы: Сульфасалазин.
Инфликсимаб
(INFLIXIMAB)
Шығарылу түрі.
Егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 100 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артрит (белсенді түрі), метотрексаттың тиімділігі болмағанда немесе көтере алмағанда (метотрексатпен біріктірілген ем); Крона ауруы (белсенді түрі), сол сияқты жылан көздері түзілгенде, кортикостероидтардың және/немесе иммунодепрессанттардың тиімділігі болмағанда және ауыр жағдайлар кезінде. К/т, ақуызды байланыстырушы белсенділігі төмен, апирогенді фильтрі бар инфузионды жүйені қолдану арқылы, жылдамдығы 2 мл/мин артық емес 2 сағаттай енгізеді. Ревматоидты артрит кезінде: бір реттік мөлшерде 3 мг/кг, бірінші енгізуден соң 2 және 6 аптадан кейін және одан кейін әр 8 аптада (жалпы енгізу саны — 5–6). Емді метотрексатты енгізу барысында жүргізеді. Крона ауруы кезінде (белсенді түрі): 5 мг/кг бір реттік; жылан көздері түзілген кезде — 5 мг/кг, кейін қайта 2 және 6 аптадан кейін енгізеді. Егер ауру қайталанса, соңғы мөлшерді енгізгеннен кейін емді 14 аптадан соң қайта бастауға болады.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық (тышқан ақуыздарына), сепсис, клиникалық айқын инфекциялық аурулар немесе абсцесс, жүктілік, емшекпен емізу.
Сақтандыру.
Емнің басында қосымшалы инфекциялық және абсцесстік ауруларды емдеу қажет. Айқын аллергиялық реакция дамыған кезде, ауыр инфекциялар немесе сепсис, қызыл жегі синдромы дамуы кезінде емді доғару керек. Жедел аллергиялық реакциялар инфликсимабтың енгізу жылдамдығын баяулату немесе инфузияны доғару керек. Реакция белгілері шеттелгеннен кейін немесе басылғаннан соң енгізуді төменгі жылдамдықпен қайта бастайды. Аллергиялық реакциялар кезінде антигистаминді препараттар мен парацетамолды қолдану ұсынылады (алдын алу шаралары үшін), кортикостероидтар мен адреналинді (шеттету үшін) енгізеді. Бала туу жасындағы әйелдер сенімді ұрықтануға қарсы әдістерді қолдануы тиіс. Емшекпен емізу емнен кейін 6 айдан соң барып рұқсат етіледі.
Қолдануға шектеулер: Жас балалар (18 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталынбаған).
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік:
FDA категориясы С. Қолданбау керек.
Емшекпен емізу:
Зерттеулер жоқ. Ұсынылмайды.
Жанама әсерлері.
Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: 1–10% — бас ауру, бастың айналуы; 0,1–1% — депрессия, психоз, мазасыздану, амнезия, апатия, ашуланшақтық, ұйқышылдық, конъюнктивит, кератоконъюнктивит, эндофтальмит, периорбитальды ісіну.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі мен қан жағынан (қан түзілу, гемостаз): 0,1–10% — толқынулар, петехия, экхимоз/гематома, гипер-/гипотензия, брадикардия, жүректің соғуы, аритмия, тамырлардың спазмы, шеткі қан айналымдарының бұзылыстары, тромбофлебит, естен тану; 0,1–1% — қаныаздық, лейко-, лимфо-, нейтро-, тромбоцитопения, лимфоцитоз, лимфаденопатия.
Респираторлы жүйе жағынан: 0,1–10% — синусит, мұрыннан қан кетулер, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы, бронхит, пневмония, плеврит, ентігу, өкпе ісінуі. АІЖ мүшелері жағынан: 0,1–10% — хейлит, жүректің айнуы, диарея немесе іштің қатуы, диспепсия, асқазан-өңеш рефлюксі, дивертикулит, холецистит, бауыр қызметінің бұзылуы. Несеп жүйесі жағынан: 0,1–1% — зәр шығару жолдарының инфекциясы (пиелонефрит және т.б.), вагинит, ісінулер.
Тері жағынан: 0,1–10% — тершеңдік, терінің құрғауы, гиперкератоз, тері пигментациясының бұзылуы, цианоз, зеңді дерматит (онихомикоз, экзема), себорея, тілме, сүйелдер, сыздауық, алопеция, мешкейлі бөртпелер.
Аллергиялық реакциялар: 0,1–10% — бөртпелер, қышынулар, есекжем, бронхоспазм және т.б. аллергиялық көріністер.
Әр түрлі: 0,1–10% — инфекцияның дамуы (тұмау, ұшық, қызба, абсцесс, целлюлит, сепсис, бактериальды және зеңді аурулар), қалжырау, инфузионды және ауырсыну синдром (көкіректің, іштің ауруы); 0,1–1% — миалгия, артралгия, аутоантиденелердің түзілуі, қызыл жегі тәрізді синдромдар, еккен жердегі реакциялар.
Саудаға тіркелген атауы: Ремикейд.
