Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар

Аяқ қақпанының жедел ұстамалары СЕҚҚЗ жоғары мөлшерімен шеттетіледі, мысалы, диклофенак (150–200 мг-нан күніне бірнеше рет қабылдау); ибупрофен, басқа СЕҚҚЗ салыстырғанда қабынуға қарсы қасиеті әлсіз, сондықтан аяқ қақпаны кезінде жарамсыз болып келеді. Салицилаттар, ацетилсалицил қышқылы, қолданылуы мүмкін емес, себебі олар плазмада ураттар құнарлығын жоғарлатуы мүмкін. Аяқ қақпанының жиі болатын ұстамаларын ұзақ емдеу үшін, несеп қышқылының өнімін төмендететін, ксантин оксидаза баяулатқыштары (ксантиноксидаза) аллопуринолды қолданады. Ол жедел ұстамарды шеттету үшін қолданбауы керек, оны белгісіз мерзімге дейін ұзартуы мүмкін. 2-3 аптаны қажет ететін, жедел ұстаманы толық шеттетпестен, созылмалы аяқ қақпанын емдеуді бастамау керек. Аллопуринолмен емелудің басы жедел ұстаманы туғызуы мүмкін, сондықтан алдын алу шаралары ретінде гиперурикемияны түзетуден кейін 1 ай бойы колхицинді немесе сәйкес келетін СЕҚҚЗ қолдану керек. Егер созылмалы аяқ қақпанын емдеу кезінде жедел ұстамасы болса, аллопуринолмен емдеуді сол мөлшерде жалғастыра беру тиіс, ал жедел ұстаманы жеке шеттету керек. Созылмалы аяқ қақпанын емдеу белгісіз ұзақ мерзімді қажет етеді, одан әрі қарай ұстамаларды болдырмау үшін.

Аллопуринол

(allopurinol)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 100 мг, 300 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аяқ қақпанының алдын алу шаралары;гиперурикемияның алдын алу шаралары, қатерлі ісіктердегі химиотерапиямен байланысты. Ішке, ересектерге бірінші күніне 100 мг біріккен мөлшерде, ләжі болса тамақтан соң, содан кейін мөлшерін плазмадағы немесе зәрдегі несеп қышқылының құнарлығына сәйкес реттейді; жеңіл жағдайларда ұстап тұрушы ем үшін кәдімгі мөлшер күніне 100-200 мг тұрады, шамалы ауыр жағдайларда күніне - 300–600 мг, ауыр жағдайларда күніне - 700–900 мг; мөлшері 300 мг-нан жоғары кезде бірнеше қабылдауға бөлінеді. Гиперурикемияның алдын алу шараларында, ішке, ересектерге ұстап тұрушы мөлшер аяқ қақпаны кезіндегі сияқты, жауап бойынша титрленген, химиотерапия жүргізудің алдында 24 сағат бұрын бастайды және аяқталғаннан кейін 7-10 күндей жалғастырады, балаларға 15 жасқа дейін күніне 10-20 мг/кг (ең жоғарғы мөлшер күніне 400 мг).

Кері көрсеткіштері.

Аяқ қақпанының жедел ұстамасы; егер аллопуринолмен емдеу кезінде жедел ұстама болса, аяқ қақпанының алдын алу шараларын жалғастыру тиіс, ал ұстаманы жеке шеттету кереке. Бауыр немесе бүйрек жетіспеушілігі (азотемия сатысы), біріншілік (идиопатиялық) гемохроматоз, жүктіліктің симптомсыз гиперурикемиясы, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: бүйрек жетіспеушілігі, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті, артериальды гипертензия.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Қолданбау керек.

Емшекпен емізу:

Төс сүтіне өтеді. Қолданбау керек.

Жанама әсерлері.

Бөртпелер, жоғары сезімталдық реакциялары сирек кездеседі және дене қызуының жоғарлауымен, лимфаденопатиямен, буындардың ауруымен, эозинофилиямен, мультиформалы эритеммамен (Стивенса–Джонсона синдромы) немесе улы эпидермальды некролизбен, васкулитпен, гепатитпен, бүйрек жетіспеушілігімен және өте сирек: тырспалы талмалармен; асқазан-ішек бұзылыстарымен; дімкәстікпен, бастың айналуымен, вертигомен, көру мен дәмнің бұзылуымен, гипертензиямен, алопециямен, гепатотоксикалық ықпалмен, парестезиямен, невропатиямен, гинекомастиямен, қан жағынан болатын бұзылыстармен (лейкопения, тромбоцитопения, гемолитикалық және апластикалық қаныаздық) жүреді.

Саудаға тіркелген атауы: Аллопуринол, Зилорик, Милурит.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]