Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

Қосымша 2

Жүктілік

Жүктілік кезінде ана мен бала бөлінбейтін бүтін қызметтік жүйеден құралады. Ананың денсаулығы осы екі бөлік жүйенің дамуы мен міндетті қалыпты қызмет ету жағдайы болып келеді. Осыған сай, осы қажет кезде, анасын емдегенде өте маңызды болатыны, әлі туылмаған баланы барынша қорғау.

Дәрі ұрыққа жүктіліктің кез келген мерзімінде әсер етуі мүмкін. Бұны ескеру қажет, бала туатын әйелдерге дәріні тағайындағанда. Бірақ жүктілік кезінде қажетті дәрілерді қолданылудың алдында негізделмеген үрей де ұрыққа зиян келтіруі мүмкін. Оған емделмеген аурулар, әйелдің тағайындауларды нашар орындауы, терапияның жеткіліксіздігі немесе емдеулердегі сәтсіздіктер жатады.

Осының барлығы ананың денсаулығын тәуекелсіздікке ұшыратады және ұрыққа әсер етеді. Ең маңыздысы «негізгі тәуекелді» түсіне білу, жүктіліктің теріс нәтижелеріндегі дәрілік-демеулердің таралуы. Үлкен туа пайда болған ақаулар 2–4% нәрестелерде дамиды. 15% барлық диагностика жүргізілген жүктілікте ұрықтың жоғалуымен жүреді. Осы қайғылы жүктіліктің нәтижелері тек аз пайыз жағдайларда түсінікті.

Жүктіліктің бірінші үшайында дәрілер туа пайда болатын кемістіктер туғызады (тератогенез), жүктіліктің үшінші аптасынан он бірінші апта аралығында тәуекел жоғары болып келеді. Екінші және үшінші үшайында дәрілік заттар ұрықтың өсуі мен қызметтік дамуына әсер етеді немесе ұрық тініне улы әсер көрсетеді. Босанардың алдында немесе босану кезінде тағайындалған дәрілер, туу барысына әсер етуі мүмкін немесе босанудан кейін нәрестенің жағдайына әсер етуі мүмкін. Шамалы дәрілік заттарға адамдардағы тератогендік қасиеті белгіленген, бірақ кез келген дәрі, жүктіліктің ерте кезеңінде дәрілерді күдіксіз қолдану қауіпсіз деп санауға болмайды. Егер белгілі кемістіктердің түзілу тәуекелі белгілі болса, жүктілік кезінде скринингті зерттеулер көрсетілген.

Дәрілерді жүктілік кезінде тағайындау

Егер мүмкіндік болса, әйелді жоспарлы жүктіліктің алдында, қолданылған дәріге байланысты тәуекелді айту, дәстүрлі медицина заттарының, темекі мен алкоголді қолданудың зияндылығы туралы кеңестен өткізу. Жоспарлы жүктілік алдында фолий қышқылы препараттарын тағайындау қажет, себебі жүктіліктің алдында және ерте кезеңде қабылдау жүйке түтікшесінің даму кемістігінің тәуекелін төмендетеді.

Егер жүктілік кезде, анасы үшін күтілетін пайда, бала үшін тәуекелден жоғары болған кезде дәрілік заттарды тағайындайды. Егер мүмкіндік болса жүктіліктің ерте кезеңінде кез келген дәріні қабылдаудан бас тарту керек. Мүмкіндігінше жүктілік кезінде кеңінен қолданылатын өзін қауіпсіз жағынан көрсетілген және белгілі дәрілерді препараттарды тағайындаған дұрыс, жаңа немесе тексеру өтілменген дәрілерге қарағанда. Ең аз тиімді мөлшерді тағайындайды. Жақсы зерттелген бір құрамды дәрілерді тағайындау керек, көп құрамды дәрілерге қарағанда.

Төмендегі тізімде жүктілік кезінде зиян келтіретін дәрілік заттар және ең тәуекел үшайы көрсетілген. Тізім адамдарға тигізілген әсерге негізделген, бірақ кейбір жаңа дәрілерге жануарларға жүргізілген зерттеулердің мәліметтері келтірілген, оларды өткізіп жібергенде дұрыс емес нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Тізімде жоқ дәрілер, олардың қауіпсіз екендігі туралы мәлімет бермейді. Жүктілік кезінде қолданудан бас тарту немесе сақтықпен қолдануды қажет ететін дәрілік заттар тізімі

Азатиоприн

Трансплантанты бар жүкті болған әйелдер азатиопиринді қолдануды үзбеу керек; жүктілік кезде қолдану мамандармен мамандандырылған мекемеде жүргізілуі тиіс; азатиопириннің тератогендік куәлігі жоқ

Азитромицин

Потенциальды пайда тәуекелден жоғары болған кезде қолданылады

Акарбоза

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Албендазол

Цестодты инфекция кезінде кері көрсетілген. Бірінші үшайда: нематодты инфекцияда қолданудан бас тарту

Алкоголь

Бірінші, екінші үшайда: үнемі күнделікті қабылдауда тератогенді (ұрықтың алкогольды синдромы), ұрықтың өсуінің доғаруына әкелуі мүмкін; кездейсоқ алкогольдің бір рет қолдануы қауіпті. Үшінші үшайында: маскүнем әйелден туылған балада алып тастау синдромы болуы мүмкін.

Алкуроний

Плацент арқылы шамалы мөлшері өтпейді; потенциальды пайда тәуекелден жоғары болғанда қолданады

Аллопуринол

Улылығы туралы мәліметтер жоқ; бара-бар қауіпсіз дәрі болмаған кезде қолданылады және ауру ана немесе бала үшін тәуекел болғанда

Амилорид

Жүктілік кезінде гипертензияны емдеу үшін қолданбайды

Аминофиллин

Үшінші үшайда: нәрестелерде тітіркену мен апноэ болуы туралы мәліметтер бар

Амитриптилин

Өндіруші қажеттілік мүмкіндігі жоқ кезде қолдануды ұсынбайды, әсіресе бірінші және үшінші үшайында

Амодиахин

Қауіпсіз бара-бар болмаған кезде қолданылады

Амикацин

Жүктілікте кері көрсетілген (тек өмірге қажеттілік бойынша)

Амифостин

Кері көрсетілген

Амлодипин

Жүктілік кезде қолдану, тек терапиядан күтілетін пайда ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болғанда

Амоксициллин

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ

Амоксициллин + Клавулан қышқылы

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ

Ампициллин

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ

Амфотерицин

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ, бірақ егер потенциальды пайда тәуекелден жоғары болса қолданылады

Артеметер

Бірінші үшайында: бас тарту

Артеметер + лумефантрин

Бас тарту. Артеметраның улылығы жануарларға зерттелген

Артесунат

Бірінші үшайында: бас тарту

Аспарагиназа

Бас тарту.

Аскорбин қышқылы

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ, бірінші үшайында: бас тарту

Атенолол

Ұрықтың құрсақ ішіндегі дамуын тежеуі мүмкін, нәрестелерде гипогликемия мен брадикардия болуы; ауыр гипертензия кезінде тәуекел жоғары.

Атропин

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ

Аторвастатин

Кері көрсетілген

Ацетазоламид

Жүктілікте гипертензияны емдеу үшін қолданылмайды. Бірінші үшайында: бас тарту (улылығы жануарларда зерттелген)

Ацетилсалицил қышқылы

Үшінші үшайында: тромбоциттердің қызметін бұзады және қан кету тәуекелін жоғарлатады; босанудың басталуы мен қан кетудің жоғарлауымен жүретін ұзаруының ұлғаюы; жүктіліктің соңғы аптасында. Егер мүмкін болса, ауырсынуды басу мөлшерінен бас тарту (аз мөлшері зиян келтірмеуі мүмкін); жоғары мөлшері – ұрықтың құрсақ ішінде артериальды өзекгінің жабылуы және нәрестелерде өкпе гипертензиясының болуы мүмкін; нәрестелердегі ядролық сары ауру

Ацикловир

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ; жергілікті қолданғанда шамалы сіңірілуі

Базизиликсимаб

Жүктілікте кері көрсетілген (жүктілік кезде қолдануларға зерттеулер жүргізілмеген)

Баклофен

Жүктілікте кері көрсетілген

Беклометазон

Емнен пайда, мысалы демікпеде, тәуекел жоғары

Бензатин бензилпенициллин

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ

Бензилпенициллин

Зақым келтіруші әсерлері туралы мәліметтер жоқ

Бензнидазол

Бірінші үшайында: бас тарту

Бензобарбитал

Жүктілік кезде емді доғарады

Бетагистин

Бірінші үшайда – бас тарту керек, үшінші үшайда – қолдануды шектеу

Бетаметазон

Емнен пайда, мысалы демікпеде, тәуекел жоғары

Бисопролол

Жүктілікте кері көрсетілген

Блеомицин

Бас тарту (тератогенді және канцерогенді зерттеулер жануарларға жүргізілген)

Бромокриптин

Бірінші үшайда қолдануды шектеу

Бупивакаин

Үшінші үшайда: үлкен мөлшерде – тыныстың тежелуі, нәрестелерде парацервикальды немесе эпидуральды тежеулер жүргізгеннен кейін гипотония мен брадикардия болуы

Бупренорфин

Сақтықпен қолдану

Буторфанола тартрат

Жүктілікте кері көрсетілген (босанудағы ауыру синдромынан басқа)

Полиомиелитке қарсы, тірі вакцина

Бірінші үшайда: теоретикалық туа пайда болатын кемістіктер тәуекелі, бірақ вакцинация қажеттілігі ұрық үшін тәуекелден жоғары болуы мүмкін

Вакцина, БЦЖ

Бірінші үшайда: теоретикалық туа пайда болатын кемістіктер тәуекелі, бірақ вакцинация қажеттілігі ұрық үшін тәуекелден жоғары болуы мүмкін

Вакцина, ККК

Бас тарту; иммунизациядан кейін 1 ай бойы жүкті болудан бас тарту

Сары ауру қызбасына қарсы вакцина

Бірінші үшайда: теоретикалық туа пайда болатын кемістіктер тәуекелі, бірақ вакцинация қажеттілігі ұрық үшін тәуекелден жоғары болуы мүмкін

Қызылшаға қарсы вакцина

Бірінші үшайда: теоретикалық туа пайда болатын кемістіктер тәуекелі, бірақ вакцинация қажеттілігі ұрық үшін тәуекелден жоғары болуы мүмкін

Қызамыққа қарсы вакцина

Бас тарту; иммунизациядан кейін 1 ай бойы жүкті болудан бас тарту

Вальпрое қышқылы

Бірінші, үшінші үшайында: жүйке түтікшесі кемістігінің түзілуінің тәуекелі жоғары (бақылау және скрининг зерттеулері ұсынылады – фолий қышқылын қосымша енгізу тәуекелді төмендетуі мүмкін); біреуден артық қояншыққа қарсы заттарды қолданғанда тератогенді тәуекел жоғары; нәрестелерде қан кету (гипофибринемияға байланысты). Сонымен қатар, нәрестелерде гепатотоксикалық туралы мәліметтер бар (натрия вальпроат)

Ванкомицин

Егер тек потенциальды пайда тәуекелден жоғары болғанда қолданылады – ұрық үшін тәуекелді төмендетуде ванкомициннің плазмадағы құнарлығын мониторинг жасау қажет

Варфарин

Барлық үшайында: туа пайда болған кемістіктер; ұрықта және нәрестелерде қан құйылу

Векурониум

Егер тек потенциальды пайда тәуекелден жоғары болғанда қолданылады – мәліметтер жоқ

Верапамил

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде тератогендік әсері анықталмаған; жүктіліктің соңғы мерзімінде верапамил миометрияның босансуын туғызатынын ескеру керек; ұрық үшін тәуекелді анасындағы бақыланбайтын гипертензия тәуекелімен сәйкестіру керек

Винбластин

Бас тарту (аз сынамалар ұрық үшін зиян екендігін куәләндіреді; жануарларға жүргізілген зерттеулерде тератогенді)

Винкристин

Бас тарту (тератогенді және жануарларға жүргізілген зерттеулерде ұрықтың өлімі)

Винорелбин

Жүктілікте кері көрсетілген

Винпоцетин

Жүктілікте кері көрсетілген

Галоперидол

Үшінші үшайында: нәрестелерде экстрапирамидалық симптомдар дамуы туралы жеке мәліметтер бар

Галотан

Үшінші үшайында: нәрестелерде тыныстың тежелуі

Гексопреналин

Жүктіліктің 1-ші үшайында кері көрсетілген, тағайындалған кезде анасы мен ұрықта гемодинамикалық көрсеткіштерді бақылау және фетоплацентарлық жинақты бағалау жүргізу қажет

Гентамицин

Екінші, үшінші үшайында: есту немесе вестибулярлы жүйкенің зақымдалуы, гентамицинді қолданғанда тәуекелі төмен, бірақ тек өмірге қажет жағдайда ғана қолдану (қолданған жағдайда гентамициннің плазмадағы құнарлығын мониторинг жасау қажет)

Гемцитабин

Жүктілікте кері көрсетілген

Гепарин

Барлық үшайында: ұзақ қолданғанда остеопороздың дамуы туралы мәліметтер бар, бірнеше рет қолданылатын флакондардың құрамында бензил спирті болуы мүмкін – кейбір өндірушілер қолдануды ұсынбайды

Гидралазин

Бірінші және екінші үшайында қолданудан бас тарту; үшінші үшаыйнда қолданғанда зақымдаушы әсер туралы мәліметтер жоқ

Гидрокортизон

Емнен пайда, мысалы демікпеде, тәуекел жоғары; ұзақ қолданғанда немесе қайта жүйелік ем курсында – құрсақ ішінде дамудың тежелу тәуекелі; анасын босану кезеңінде кортикостероидтармен бүркеу; сұйықтықтың жиналуына қатаң мониторинг жүргізу

Гидроксикарбамид

Жүктілікте кері көрсетілген

Гидрохлоротиазид

Жүктілік кезінде гипертензияны емдеу үшін қолдануға болмайды. Үшінші үшайында: нәрестелерде тромбоцитопенияны туғызуы мүмкін

Глибенкламид

Үшінші үшайында: нәрестелердегі гипогликемия; барлық диабеттерді жүктілік кезде инсулинге ауыстырады. Пероральды заттарды қолдану кезінде, оларды доғарады, ең кем дегенде босанудан 2 күн алдын

Гризеофульвин

Бас тарту (жануарларда фетотоксикалық және тератогендік); енгізу кезінде және барысында, енгізгеннен кейін тиімді ұрықтануға қарсы заттар қажет 1 ай бойы (маңызды: пероральды ұрықтануға қарсы дәрілердің тиімділігі төмендейді, 1 қосымшаны қара); сонымен қатар еркектер ұрықтанудан қолданудан кейін 6 айға дейін бас тарту керек

Гозерелин

Жүктілікте кері көрсетілген

Дакарбазин

Бас тарту (жануарларда фетотоксикалық және тератогендік); тиімді ұрықтануға қарсы заттарды қолдану, еркетерде 6 айға дейін немесе әйелдерде 8.2 бөлімді қара

Дактиномицин

Бас тарту (жануарларда зерттеулерде тератоген);

Дапсон

Үшінші үшайында: нәрестелерде гемолиз және метгемоглобинемия; анасы фолий қышқылын қабылдауы тиіс күніне 5 мг-наан

Даунорубицин

Бас тарту (жануарларда зерттеулерде тератоген);

Дексаметазон

Емнен пайда, мысалы демікпеде, тәуекел жоғары; ұзақ қолданғанда немесе қайта жүйелік ем курсында – құрсақ ішінде дамудың тежелу тәуекелі; анасын босану кезеңінде кортикостероидтармен бүркеу; сұйықтықтың жиналуына қатаң мониторинг жүргізу

Дефероксамин

Жануарларда зерттелгенде тератоген; өндіруші егер тек потенциальды пайда тәуекелден жоғары болғанда қолдануды ұсынады

Диазепам

Үнемі қолданудан бас тарту (нәрестелерде алып тастау синдромының тәуекелі); тек абсолюттік көрсеткіштер кезінде ғана қолдану, тырысу синдромын бақылау сияқты (жоғары мөлшерін жүктіліктің соңғы мерзімінде немесе босануда қолданғанда нәрестелерде гипотермия, гипотония және тыныстың тежелуін туғызуы мүмкін)

Дигоксин

Мөлшерін реттеу қажет болуы мүмкін

Диданозин

Бас тарту, егер бірінші үшайында мүмкін болса; лактоацидоз бен бауырдың стеатозының жоғары тәуекелі

Диклофенак натрия

Үшінші үшайында кері көрсетілген

Дилоксанид

Емді екінші үшайына дейін қоя тұру

Дилтиазем

Жүктілікте кері көрсетілген

Диметинден

1-ші үшайында кері көрсетілген, ІІ және ІІІ үшайында сақтықпен қолдану

Дифенгидрамин

Жүктілік кезде қатаң дәрігердің бақылауымен сақтықпен тағайындайды, (жүкті әйелдерге қатаң қауіпсіз және бақыланылатын зерттеулер жүргізілмеген)

Диэтилкарбамазин

Бас тарту: емді босанудан кейінгі кезеңге қалдыру

Добутамин

Жүктілік кезде қолдану мүмкін, егер күтілетін емнің ықпалы ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса (жүкті әйелдерге қатаң қауіпсіз және бақыланылатын зерттеулер жүргізілмеген)

Доксазозин

Жүктілікте кері көрсетілген

Доксициклин

Бірінші үшайында: жануарларға зерттулер жүргізгенде қаңқаның дамуына әсер етеді. Екінші, үшінші үшайында: тіс түсінің өзгеруі; үлкен мөлшерін енгізгенде ана үшін гепатотоксикалық

Доксорубицин

Бас тарту (жануарларға зерттегенде тератогенді және улы); липосомды препараттарды қолданған кезде және қолданғаннан кейін, тиімді ұрықтануға қарсы заттарды қолдану, еркетерде және әйелдерде 6 айға дейін

Домперидон

Жүктілік кезде қолдану қатаң дәрігердің бақылауымен

Допамин

Жүктілік кезде қолдану қатаң дәрігердің бақылауымен

Доцетаксел

Жүктілікте кері көрсетілген

Дроперидол

Жүктілік кезде қолдану мүмкін, егер күтілетін емнің ықпалы ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса

Азот тотығы

Үшінші үшайында: ұрықтың тынысын тежейді

Зидовудин

Мүмкіндігінше бірінші және үшінші үшайында бас тарту; себебі емнің пайдасы екінші және үшінші үшайында тәуекелден жоғары болады

Золендро қышқылы

Жүктілікте кері көрсетілген. Жүкті әйелдерге қолданған кезде, ұрыққа зиян келтіру мүмкін. Егер жүктілік емделу кезінде болса, онда болатын ұрыққа негативті әсерін науқасқа айту керек; туу жасындағы әйелдерге жүктіліктің болуынан сақтануды ұсыну

Зопиклон

Жүктілікте кері көрсетілген. Зопиклонды жүктіліктің үшінші үшайында қолданған әйелдердегі нәрестелерде жүйке жүйесі жағынан бұзылыстар болуы мүмкін, алып тастау синдромы дамуы мүмкін. Егер әйел дәрігердің тағайындауымен қабылдаса, толғақтың басталуына дейін және туу кезінде, нәресте үнемі медициналық бақылауда болуы қажет

Ибупрофен

Бас тарту; тек потенциальды пайда тәуекелден жоғары болғанда қолдану. Үшінші үшайында: үнемі қолданғанда ұрықтың құрсақ ішінде артериальды өзегінің жабылуы және нәрестелерде өкпе гипертензиясының болуы мүмкін. Босанудың жылдам басталуы және ұзаққа созылуы

Ивермектин

емді босанудан кейінгі кезеңге қалдыру

Идоксуридин

жануарларға зерттегенде тератогенді

Изониазид

Зақымдаушы әсері туралы мәліметтер жоқ

Изосорбида динитрат

Жүктіліктің І үшайында қолдану кері көрсетілген. Жүктіліктің ІІ жәнеІІІ-ші үшайында тағайындалу тек қатаң көрсеткіштер мен дәрігердің үнемі бақылауымен ғана мүмкін

Изосорбида мононитрат

Препаратты жүктілік кезде қолдану, тек күтілетін пайда ұрыққа негативті әсер ету мүмкіндігінен жоғары болғанда ғана мүмкін

Имипенем + циластатин

Тек потенциальды пайда тәуекелден жоғары болғанда қолданады (улылығы жануарларға зерттелген)

Имипразин

Жүктілікте кері көрсетілген

Индапамид

Жүктілікте кері көрсетілген

Индинавир

Мүмкіндігінше бірінші үшайында бас тарту; теоретикалық босану алдында тағайындағанда нәрестелерде гипербилирубинемия тәуекелі және бүректерінде тастың байлануы

Инсулин

Барлық үшайында: тәжірибелі дәрігер үнемі жиі инсулинге қажеттілікті бақылауы қажет

Инфликсимаб

Қолданудан бас тарту

Ипратропия бромид

I үшайында – кері көрсетілген, II және III үшайында – қолдану шектелген

Иринотекан

Жүктілік кезде кері көрсетілген (бақыланатын қауіпсіз зерттеулер жүкті әйелдерге жүргізілмеген, ұрыққа зиян әсер етуі мүмкін)

Ифавиренц

Бас тарту (потенциальды тератогенді ықпалдар)

Ифосфамид

Жүктілік кезде тек өмірге қажеттілік бойынша тағайындалынады (мутагендік, тератогендік және канцерогендік әсерлерінің болуы мүмкін). І үшайында түсік туралы кеңес қажет. І-ші үшайдан кейін, егер терапияны доғаруға болмаса және науқас жүктілікті үзгісі келмесе, химиотерапияны қолдану мүмкін, бірақ науқасқа ұрық үшін қауіпті екендігін ескерту керек

Йод

Екінші, үшінші үшайында: нәрестелердегі зоб және гипотиреоз

Калия йодид

Екінші, үшінші үшайында: нәрестелердегі зоб және гипотиреоз

Кальция фолинат

өндіруші тек потенциальды пайда тәуекелден жоғары кезде ұсынады

Карбамазепин

Бірінші үшайында: тератогенді тәуекел, жүйке түтікшесінің түзілу кемістігінің тәуекелі жоғары (скрининг зерттеулерінің бақылауы және фолий қышқылының адекватты мөлшері күніне 5 мг-нан ұсынылады); біреуден артық қояншыққа қарсы заттарды қолданғанда тератогендік тәуекелі жоғары; 5.1 бөлімді қара. Үшінші үшайында: нәрестелерде К витаминінің жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін және қан кету тәуекелі; егер туылғаннан кейін К витамині тағайындалмаса, кез келген қан кету белгілерінде қатаң мониторинг жүргізу керек

Кальцитонин

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Канамицин

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Капреомицин

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Каптоприл

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Карбоплатин

Жүктілікте кері көрсетілген

Кветиапин

Күтілетін ем ықпалы ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары кезде мүмкін

Кетамин

Үшінші үшайында: ұрықтың тынысын тежейді

Кетоконазол

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Кетотифен

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Кларитромицин

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Клиндамицин

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Клоксациллин

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Кломипрамин

Өндіруші қолданудан бас тартуды ұсынады, әсіресе бірінші және үшінші үшайында

Кломифен

Ұрықтың дамуына әсер тигізуі мүмкін

Кломипрамин

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Клонидин

Қолдануды шектеу

Клоназепам

Үнемі қолданудан бас тарту (нәрестелерде алып тастау синдромы); абсолюттік көрсеткіштер кезінде ғана қолдану, тырысу синдромы сияқты (жоғары мөлшерін жүктіліктің соңғы мерзімінде немесе босануда қолданғанда нәрестелерде гипотермия, гипотония және тыныстың тежелуін туғызуы мүмкін)

Клотримазол

Жүктіліктің І-ші үшайында қолдану кері көрсетілген

Кодеин

Үшінші үшайында: нәрестелерде тыныстың тежелуі; тәуелді аналардағы нәрестелерде алып тастау синдромы; асқазанның босауының баяулауы және ананың босану кезеңінде аспирациялық пневмония тәуекелі

Ауыз арқылы қолданылатын ұрықтануға қарсы заттар

Эпидемиологиялық мәліметтер ұрыққа зиянды әсерінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді жобалайды

Кромоглиция қышқылы

Жүктілік кезде тағайындауға болмайды

Ламивудин

Мүмкіндігінше бірінші үшайында бас тарту; екінші және үшінші үшайында – жүргізілетін ем пайдасы тәуекелден жоғары боуы керек

Ламотриджин

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Ланреотид

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Левамизол

Үшінші үшайында: бас тарту

Леводопа + карбидопа

Жануарларға зерттегенде улы

Левомепромазин

Жүктілікте кері көрсетілген

Левоноргестрел

Ұрықтануға қарсы дәрілердің құрамында – эпидемиологиялық мәліметтер ұрыққа зиянды әсерінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді жобалайды

Левотироксин

Ананың сары суындағы тиротропин құнарлығына мониторинг қажет – мөлшерңн түзету қажет болуы мүмкін

Левофлоксацин

Жүктілік кезде қолдану, егер күтілетін ем ықпалы потенциальды ұрық үшін тәуекелден жоғары болғанда (бақыланатын қауіпсіз зерттеулер жүкті әйелдерге жүргізілмеген)

Ленограстим

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Летрозол

Жүктілікте кері көрсетілген

Лидокаин

Үшінші үшайында: үлкен мөлшерде – парцервикальды және эпидуральды тежелу жүргізгеннен кейін нәрестелерде туылғаннан соң тыныстың тежелуі, гипотония мен брадикардия болуы мүмкін

Лизиноприл

Жүктілік кезінде тағайындауға болмайды

Линкомицин

Жүктілікте кері көрсетілген

Литий

Бірінші үшайында: мүмкіндігінше бас тарту (тератогенді тәуекелі, жүрек ақауларын қоса). екінші және үшінші үшайында: жоғары мөлшерді қажет ету (бірақ босанғаннан кейін қалыпты мөлшерге оралады); қанның сары суында литий құнарлығын мониторинг жасау ұсынылады (нәрестелер үшін улы тәуекелі)

Ломустин

Жүктілікте кері көрсетілген

Лопинавир + ритонавир

Бірінші үшайында: мүмкіндігінше бас тарту; пропилен гликолдің жоғары құрамына байланысты, ерітіндіні ішке қолданудан бас тарту

Лоратадин

Егер ана үшін күтілетін ем ықпалы потенциальды ұрық және нәресте үшін тәуекелден жоғары болғанда қолдану мүмкін

Лорноксикам

Жүктілікте кері көрсетілген

Магнезии сульфат

Үшінші үшайында: эклампсияда қысқа уақыт көктамырға енгізу кезінде зақымдау туралы мәліметтер жоқ, бірақ шамадан тыс мөлшері ұрықтың тынысын тежеуі мүмкін

Мебендазол

Улылығы жануарларға зерттелген. Цестодты инфекцияда кері көрсетілген. бірінші үшайында: нематодты инфекцияда бас тарту

Медроксипрогестерон

Бас тарту (жыныс жүйесінің даму кемістіктері мен жүректің түзілу ақаулары туралы мәліметтер); кездейсоқ жүктілік белгісіздігінде медросипрогестерон ацетатты депо-препараты түрінде егу үшін ұрықтануға қарсы қолдануда, ұрыққа зақымдаушы әсері жоқ

Мелоксикамм

Жүктілікте кері көрсетілген

Меларсопрол

Барлық үшайында: бас тарту

Меркаптопурин

Бас тарту (тератоген)

Месалазин

Жүктілікте кері көрсетілген

Метилдопа

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Метилпреднизолон

Барлық үшайында: бас тарту

Метилэргометрин

Туудың 1-ші және 2-ші кезеңінде, баланың басы шыққанша кері көрсетілген (жатыр бұлшық етінің тоникалық жиырылуы ұрықтың асфиксиясын туғызуы мүмкін)

Метоклопрамид

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Метопролол

Жүктілікте кері көрсетілген

Метотрексат

Бас тарту (тератоген; емделу кезінде фертильділік төмендеуі мүмкін, бірақ бұл қайтымды); қолданғаннан кейін 6 ай еркектер немесе әйелдер тиімді ұрықтануға қарсы заттарды қолдануы тиіс

Метронидазол

Үлкен мөлшерден бас тарту

Метформин

Барлық үшайында: бас тарту; барлық диабетпен ауыратын науқастарды инсулинге ауыстырады

Мефлохин

Тек басқа безгекке қарсы заттар қолданылуы мүмкін емес кезде тағайындалынады

Мидазолам

Жүктіліктің І-ші үшайында және босану кезеңінде кері көрсетілген. ІІ- және ІІІ-ші үшайында күтілетін ем ықпалы потенциальды ұрық үшін тәуекелден жоғары болғанда мүмкін

Мидекамицин

Қолданылуы мүмкін, егер күтілетін ем ықпалы потенциальды ұрық үшін тәуекелден жоғары болғанда мүмкін

Миконазол

Жүктілік кезде кері көрсетілген (II және III үшайында)

Милнаципран

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Митоксантрон

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Митомицин С

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Моксонидин

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Молграмостим

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Мометазон

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Морфин

Үшінші үшайында: нәрестелердің тынысын тежеу; тәуелді аналардың балаларында алып тастау синдромы; асқазанның босауының баяулауы және ананың босану кезеңінде аспирациялық пневмония тәуекелі

Моэксиприл

Жүктілік кезде кері көрсетілген

Надропарин

Жүктілік кезде қолдану ұсынылмайды

Налидикс қышқылы

Барлық үшайында: бас тарту – артропатия жануарларға зерттеулер жүргізгенде; қауіпсіз бара-бар дәрілер бар

Налоксон

күтілетін ем ықпалы потенциальды ұрық үшін тәуекелден жоғары болғанда мүмкін

Натрия вальпроат

Вальпрое қышқылын қара

Натрия кромогликат

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Невирапин

Мүмкіндігінше бірінші үшайында бас тарту; потенциальды тәуекел пайда екінші және үшінші үшайында жоғарлайды

Нелфинавир

Бірінші үшайында мүмкіндігінше бас тарту; потенциальды тәуекел пайда екінші және үшінші үшайында жоғарлайды

Неостигмин

Үшінші үшайында: үлкен мөлшерін қолданғанда нәрестелерде миастения

Никлозамид

Жүктілік кезінде T. solium инфекциясы емделуі тиіс

Нистатин

Асқазан-ішек жолдарында сіңірілуі туралы мәліметтер жоқ

Нитрофурантоин

Үшінші үшайында: нәрестелерде гемолиз туғызуы мүмкін, егер туу мерзімінде тағайындаса

Нифедипин

Босануды баяулатуы мүмкін; кейбір дигидропиридиндер жануарларда тератогенді, бірақ тәуекелді анадағы бақыланбайтын гипертензия тәуекелімен сәйкестіру

Нифуртимокс

Бірінші үшайында: бас тарту

Норэтистерон

Пероральды ұрықтануға қарсы дәрілер құрамында – эпидемиологиялық мәліметтер ұрыққа зиянды әсерінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді жобалайды. үлкен мөлшерлерін қолданғанда – еркек жынысты ұрықта мускулинизациясы және басқа да ақаулар туралы мәліметтер бар

Оксамнихин

Егер тез ем қажет болмаса, шистозомиазды емдеуді босанғаннан кейін жүргізеді

Офлоксацин

Барлық үшайында: бас тарту – артропатия жануарларға зерттеулер жүргізгенде; қауіпсіз бара-бар дәрілер бар

Парацетамол

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Пеницилламин

Барлық үшайынды: ұрықтың даму бұзылыстары туралы бірен саран мәліметтер; мүмкіндігінше бас тарту

Пентамидина изетионат

Потенциальды қатерлі висцеральды лейшманиозды тез емдеу керек. Трипаносомиаз кезінде, тіпті менингоэнцефалит белгілері кезінде тағайындау керек. P. Carinii туғызған қатерлі пневмоцистты  пневмонияда емді тез бастау керек

Пиразинамид

Тек потенциальды пайда тәуекелден жоғары болғанда қолданылады

Пиридостигмин

Үшінші үшайында: үлкен мөлшерде нәрестелердің миастениясы

Пириметамин

Бірінші үшайында: теоретикалық тератогендік тәуекелі (антагонист фолаттардың); анасына адекватты фолаттар мөлшерін енгізу керек. бірінші үшайында: пневмоцистты инфекцияда немесе токсоплазмоз кезінде бас тарту керек.

Подофиллума смола

Барлық үшайында: бас тарту – тератогенді және нәрестелерді өлімге әкелу туралы мәліметтер бар

Поливидон-йод

Екінші, үшінші үшайында: ұрықтың қалқанша безіне әсер ететін йод санының сіңірілуі мүмкін

Празиквантел

Жүктілік кезінде T. solium инфекциясы емделуі тиіс. шистозомиазды емдеу пайдасы тәуекелден жоғары. Егер трематодтарда тез емдеу қажеттілігі болмаса, емді босанғаннан кейінгі кезеңге қалдырады

Преднизолон

Емнен пайда, мысалы демікпеде, тәуекел жоғары; ұзақ қолданғанда немесе қайта жүйелік ем курсында – құрсақ ішінде дамудың тежелу тәуекелі; анасын босану кезеңінде кортикостероидтармен бүркеу; сұйықтың жиналуы кезінде қатаң бақылау

Примахин

Үшінші үшайында: нәрестелерде гемолиз және метгемоглобинемия. Емді босанғаннан кейінгі кезеңге қалдыру

Прогуанил

Ем мен алдын алу шаралары тәуекелден жоғары. Анаға фолаттармен адекватты ем көрсетілген

Прокарбазин

Бас тарту (жануарларға зерттелгенде тератогенді және адамдарға қолданғанда кейбір тератогендік мәліметтері бар).

Прометазин

Тератогендік туралы мәліметтер жоқ

Пропилтиоурацил

Екінші, үшінші үшайында: нәрестелердегі зоб және гипотиреоз

Пропранолол

Ұрықтың құрсақ ішіндегі дамуының тежелуін, нәрестелерде гипогликемия мен брадикардия туғызуы мүмкін; ауыр гипертензия кезінде тәуекел жоғары

Ранитидин

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Ретинол

Бірінші үшайында: көп мөлшерде тератоген болуы мүмкін

Ритонавир

Лопинавир, Ритонавирді қара

Рифампицин

Бірінші үшайында: өте үлкен мөлшерде жануарларда тератоген. үшінші үшайында: нәрестелерде қан кету тәуекелі жоғары болуы мүмкін

Саквинавир

Мүмкіндігінше бірінші үшайында бас тарту; потенциальды емдегі пайда тәуекелі екінші және үшінші үшайында жоғары

Сальбутамол

Үшінші үшайында: ерте босану кезінде қолдану

Күміс сульфадиазин

Үшінші үшайында: нәрестелерде гемолиз және метгемоглобинемия; нәрестелерде ядролы сары аурудың дамуы сақтығы негізделмеген

Бес валенттік сурьма қосындысы

Потенциальды қатерлі висцеральды лейшманиозды тез емдеу керек.

Спиронолактон

Улы жануарларға зерттелгенде

Ставудин

Мүмкіндігінше бірінші үшайында бас тарту; сүтқышқылды ацидоз бен бауыр стеатозының тәуекелі жоғары

Стрептокиназа

Барлық үшайында: алғашқы 18 аптада плаценттің ерте бөліну мүмкіндіктері; теоретикалық барлық жүктілік кезеңінде ұрықтағы қан құйылу мүмкіндіктері; анада босанудан кейінгі қан кету тәуекелі

Стрептомицин

Екінші, үшінші үшайында: есту немесе вестибулярлы жүйкенің зақымдалуы; мүмкіндігінше бас тарту (тағайындаған кезде стрептомициннің плазмадағы құнарлығын мониторинг жасау керек)

Суксаметоний

Анада ұзарған сал орын алуы мүмкін

Сульфадиазин

Үшінші үшайында: гемолиз және метгемоглобинемия; нәрестелерде ядролы сары ауру дамуының сақтығы негізделмеген. Токсоплазмда бірінші үшайында бас тарту, бірақ екінші және үшінші үшайында қолдану мүмкін, құрсақ ішінде дамуының тежелу қауіпі кезінде

Сульфадоксин +  пириметамин

Безгек кезінде алдын алу шаралары мен ем тәуекелі жоғары. бірінші үшайында: тератогенді тәуекел мүмкіндіктері (пириметамин – фолаттарға антагонист). үшінші үшайында: гемолиз және метгемоглобинемия; нәрестелерде ядролы сары ауру дамуының сақтығы негізделмеген

Сульфаметоксазол  +  триметоприм

бірінші үшайында: тератогенді тәуекел мүмкіндіктері (триметоприм – фолаттарға антагонист). үшінші үшайында: гемолиз және метгемоглобинемия; нәрестелерде ядролы сары ауру дамуының сақтығы негізделмеген

Сульфасалазин

Үшінші үшайында: теоретикалық нәрестелерде гемолиз тәуекелі; анасына фолаттардың адекватты мөлшері көрсетілген

Сурамин натрий

Онхоцеркоз кезінде, емді босанғаннан кейінгі кезеңге қалдыру. T. b. rhodesiense кезіндегі инфекцияда, емді менингоэнцефалопатия белгілері кезінде жүргізу қажет

Тамоксифен

Бас тарту – ұрықтың дамуына әсері бар; емделу кезінде және емделгеннен кейін екі ай бойы тиімді ұрықтануға қарсы шаралар қажет

Теофиллин

Үшінші үшайында: ұрықта тітіркен мен апноэ жағдайлары туралы мәліметтер бар

Тестостерон

Барлық үшайында: әйел жынысы ұрығында маскулинизация

Тетрациклин

Бірінші үшайында: жануарларға зерттегенде қаңқаның дамуына әсер етеді. екінші, үшінші үшайында: тіс түсінің өзгеруі; үлкен мөлшерде енгізгенде анасы үшін гепатотоксикалық

Тиопентал

Үшінші үшайында: ұрықтың тынысын тежейді

Триметоприм

Бірінші үшайында: тератогенді тәуекел (фолаттарға антагонист)

Фенитоин

Бірінші, үшінші үшайында: тау пайда болған ақаулар (скрининг ұсынылады); анасы фолаттардың адекватты мөлшерін қабылдауы тиіс (мысалы 5 мг фолий қышқылын күніне); тератогенді тәуекелі жоғары, егер біреуден артық қояншыққа қарсы дәрілер тағайындалса. Витамин К жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін және нәрестелерде қан кету тәуекелі жоғарлайды; егер туылғаннан кейін витамин К қолданылмаса, қан кету белгілерінде қатаң мониторинг жүргізу керек. Фенитоиннің плазмадағы құнарлығын сараптама жүргізгенде сақ болу керек, себебі байланыстағы фенитоин деңгейі төмен, бірақ бос фенитоин деңгейі өзгермеген (немесе әсердегі) болуы мүмкін

Фенобарбитал

Бірінші, үшінші үшайында: туа пайда болған ақаулар; тератогенді тәуекелі жоғары, егер біреуден артық қояншыққа қарсы дәрілер тағайындалса. Витамин К жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін және нәрестелерде қан кету тәуекелі жоғарлайды; егер туылғаннан кейін витамин К қолданылмаса, қан кету белгілерінде қатаң мониторинг жүргізу керек.

Феноксиметилпенициллин

Зақымдауы туралы мәліметтер жоқ

Фитоменадион

Тек егер потенциальды пайда тәуекелі жоғары кезде қолдану – қандай да бір арнамалы мәліметтер жоқ

Флуконазол

Бас тарту (ұзақ үлкен мөлшерде қолданғанда көптеген ақаулар туралы мәліметтер бар)

Флуфеназин

Үшінші үшайында: нәрестелерде экстрапирамидалық симптомдардың дамуы туралы жеке мәліметтер бар

Флуцитозин

Жанурларға зерттегенде тератогенді, өндіруші тек егер потенциальды пайда тәуекелі жоғары кезде ғана қолдануды ұсынады

Фторурацил

Бас тарту (тератогенді)

Фуросемид

Жүктілік кезінде гипертензияны емдеу үшін қолдануға болмайды

Хинин

Бірінші үшайында: жоғары мөлшерде тератогенді; бірақ безгекті емдеу пайдасы тәуекелден жоғары

Хлорамбуцил

Бас тарту; қолданған кезде еркектерде және әйелдерде тиімді ұрықтануға қарсы шаралар қолданылуы тиіс

Хлорамфеникол

Үшінші үшайында: нәрестелерде «сұр» синдромы

Хлорметин

Қолданудан бас тарту

Хлорохин

Бірінші, үшінші үшайында: безгекті емдеу мен алдын алу шараларының пайдасы тәуекелден жоғары

Хлорпромазин

Үшінші үшайында: нәрестелерде экстрапирамидалық симптомдардың дамуы туралы жеке мәліметтер бар

Хлорфенамин

Тератогенді куәлігі жоқ

Цефтазидим

Зақымдаушы әсері туралы мәліметтер жоқ

Цефтриаксон

Зақымдаушы әсері туралы мәліметтер жоқ

Циклоспорин

Циклоспоринді жүктілік кезде қолдану туралы тәжірибе аз, бірақ ол үлкен зақымдаушы әсер көрсетпейді, азатиопринге қарағанда; жүктілік кезде қолдануды мамандырылған дәрігер арнайы бөлімшеде жүргізуі керек

Циклофосфамид

Бас тарту (емделу кезінде және емнен кейін еркектер мен әйелдерде тиімді ұрықтануға қарсы шараларды 3 ай бойы қолдану)

Ципрофлоксацин

Барлық үшайында: бас тарту – жануарларда зертеуде артропатия; бара-бар қауіпсіз дәрілер бар

Цисплатин

Бас тарту (жануарларға зерттелгенде тератогенді және улы)

Цитарабин

Бас тарту (жануарларға зерттелгенде тератогенді және улы)

Эналаприл

Барлық үшайында: бас тарту; ұрық пен нәрестеде қан қысымын бақылауы мен бүйрек қызметінің бұзылуы мүмкін; сонымен қатар бас сүйегінің түзілуі мен судың аз болуы; жануарларға зерттелгенде улы

Эргокальциферол

Жоғары мөлшерде жануарларда тератогенді, бірақ терапиялық мөлшер зиян келтіруі туралы аз

Эрготамин

Барлық үшайында: жүкті жатырға босануды белсендіруші әсері

Эритромицин

Зақымдаушы әсері туралы мәліметтер жоқ

Этамбутол

Зақымдаушы әсері туралы мәліметтер жоқ

Этинилэстрадиол

эпидемиологиялық мәліметтер ұрыққа зиянды әсерінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді жобалайды.

Этопозид

Бас тарту (жануарларға зерттегенде тератогенді)

Этосуксимид

Бірінші үшайында: тератогенді мүмкін; тератогенді тәуекелі жоғары, егер біреуден артық қояншыққа қарсы заттарды қолданса

Эфедрин

Парентеральды енгізгенде ұрықтың жүрек ырғағының жиілеуі туралы мәліметтер бар

Эфир, анестетик

Үшінші үшайында: нәрестелерде тыныстың тежелуі

Эфлорнитин

Барлық үшайында: бас тарту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]