Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

27. Витаминдер және минеральды заттар

Витаминдер арнамалы витаминдердің жетіспеушілік жағдайын емдеу және алдын алу үшін қолданылады, егер емдәм тепе-тендігі бұзылғанда. Клиникалық айқын емес гиповитаминоз көптеген созылмалы ауруларды және инфекцияларға тұрақтылықтың төмендеуін туғызатындығы туралы сенімді дәлелдер жоқ. Бұл витамин препараттарының дұрыс қолданбауына әкелді, олардың құнарлығы плацебодан жоғары емес. Көптеген витаминдер салыстырмалы улылығы төмен, бірақ ретинолдың (витамин А), эргокальциферолдың (витамин D2) және пиридоксиннің (витамин B6) жоғары мөлшерін ұзақ қолданғанда ауыр жанама әсерлері болуы мүмкін.

АСКОРБИН ҚЫШҚЫЛЫ

(ASCORBIC ACID)

Шығарылу түрі.

Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

С витаминінің гипо- және авитаминозының алдын алу шаралары мен емдеу үшін. Өсу, жүктілік, лактация, ауыр күш түсулерде, шаршағанда, реконвалесценция кезеңінде, ұзақ ауыр ауруларынан кейінгіD С витаминіне қажеттілікте. Қыс мерзімінде, инфекциялық аурулардың даму тәуекелі жоғары кезде. Жоғары тыныс алу жолдары инфекциясын емдеу және алдын алу шаралары мен риниттің алдын алу шараларында (әсіресе егде жастағыларда)В. Жоғары шаршауда, созылмалы шаршау синдромындаD. Қаназдық (темір препаратымен бірге)B. Тіндердің регенерациясын белсендіру. Ауыр аурулардан кейінгі реконвалесценция кезеңіD.

Жиынтық терапия құрамында: геморрагиялық диатезD, қан кетулер. Сылбыр жазылатын жаралардаB, сүйек сынығындаB; капилляротоксикозD; маскүнемдік және инфекциялық делирия; жедел сәулелі ауруларC; бауыр аурулары (гепатитB, циррозD, холециститD); АІЖ ауруларыD (ахилия, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, энтерит, колит, гельминтоз); бүйрек үсті безінің жетіспеушілігіD, гемосидероз; эритродермияD, теңге қотырD, созылмалы дерматозD.

Антиоксидант ретінде: атеросклерозB; бронхиальды демікпеA; дәнекер тінінің диффузды ауруларыD; қант диабеті кезіндегі тамыр асқынуларының алдын алу шараларыВ; антикоагулянттарды мөлшерін тыс қолданғандаD; аконитпен, бензокаинмен, барбитураттармен, бензолмен, дихлорэтанмен, калия перманганатымен, метил спиртімен, мышьякпен, көмір тотығымен, синиль қышқылымен, сульфанламидтермен, фенолмен, хининмен, фенциклидинменВ уланғанда.

Алдын алу шаралары үшін: ересектерге – 50-100 мг/тәу, балаларға – 25 мг/тәу; жүктілік және лактация кезінде – 300 мг/тәу 10-15 күндей, әрі қарай 100 мг/тәу.

Емдеу мақсатымен: балаларға 50-100 мг-нан 2-3 реттен күніне, ересектерге 50-100 мг-нан 3-5 реттен күніне. Б/е, к/т 1-3 мл-ден 5%-10%, уланғанда – 60 мл-ден. Ең жоғарғы бір реттік мөлшер – 0,2 г-нан, тәуліктік – 0,5 г-нан. Балаларға 1-2 мл-ден 5% ерітінді 2-3 күн бойы.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық. Үлкен мөлшерлерді қолданғанда: гиперкоагуляция, тромбофлебит, тромбозға бейім болу, қант диабеті, бүрек тас аурулары.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Гипероксалурия, бүйрек жетіспеушілігі, гемохроматоз, талассемия, полицитемия, лейкемия, сидеробластомды қаназдық, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі, орақ тәрізді жасушалы қаназдық, үдемелі қатерлі аурулар.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы А. Үлкен мөлшерлер үшін – категория С. Плацент арқылы өтеді. ІІ-ІІІ үшайындағы қолдануға ұсынылған мөлшер 80 мг шамасында. Ұрық аскорбин қышқылының жоғары мөлшеріне бейімделуі мүмкін, ол аскорбин ауруының дамуына әкеледі (алып тастау реакциясы).

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді, асқыну тіркелмеген. Емшектегі баладағы жетіспеушіліктің алдын алу шаралары үшін, анасының дұрыс тамақтануы жеткілікті.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, бастың айналуы, шаршау, әлсіздік, тері гиперемиясы (тез к/т енгізу кезінде), ОЖЖ-нің жоғару қозуы, инсомния (үлкен мөлшерін ұзақ қолданғанда). Жүректің айнуы, құсу, диарея (күніне мөлшері 1 г-нан жоғары болғанда), анорексия, асқазанның қыжылдауы, асқазанның спазмы. Полиурия (мөлшері 600 мг-нан жоғары болуда), оксалатурия, несеп жолдарында оксалатты тастар (бүйрек ауруларында, гемодиализде, мөлшері 1 г-нан жоғарыны ұзақ қолданған кезде), түйіндердің зақымдалуы. Ұйқы безінің инсулярлы аппаратының зақымдалуы (гипергликемия, глюкозурия). Тамырлардың өткізгіштігінің төмендеуі, тіндердің трофикасының нашарлауы, тромбоздар, жоғары мөлшерлер – АҚ жоғарлауы, микроангиопатияның дамуы, миокардиодистрофия. Аллергиялық реакциялар, тері бөртпелері, сирек – анафилактикалық шок. Зертханалық көрсеткіштер: тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропония, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия. Басқада: гипервитаминоз, зат алмасуының бұзылыстары, үлкен мөлшерді ұзақ қолданғанда – натрий иондарының және судың жиналуы, Zn2+, Cu2+ алмасуының бұзылыстары

Саудаға тіркелген атаулары: Аскорбиновая кислота, Цевикап, Целаскон®Витамин С.

НИКОТИН ҚЫШҚЫЛЫ

(NICOTINIC ACID)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 50 мг; ерітінді 1%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Пеллаграның алдын алу шаралары мен емдеуі (авитаминоз PP); атеросклероз, гиперлипидемия (сонымен қатар гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия), шеткі тамырлардың спазмы, сонымен қатар бітелуші эндартериит, Рейно ауруы, бас сақинасы, ми қан айналымының бұзылыстары, ишемиялық инсультты қоса (жиынтық терапия), стенокардия, Хартнупа ауруы, гиперкоагуляция, бет жүйкесінің невриті, ұзақ жазылмайтын жаралардың интоксикациясы, жаралар, инфекциялық аурулар, АІЖ аурулары.

Ішке (тамақтан соң), к/т баяу, б/е, т/а. Алдын алу шаралары үшін: ішке, ересектерге — 0,0125–0,025 г/тәу, балаларға — 0,005–0,025 г/тәулігіне. Пеллагра кезінде: ересектерге — ішке, 0,1 г-нан тәулігіне 2–4 реттен 15-20 күндей немесе к/т 0,05 г-нан әлде б/е 0,1 г-нан, тәулігіне 1–2 реттен 10-15 күндей; балаларға — ішке, 0,0125–0,05 г-нан тәулігіне 2–3 реттен.

Ишемиялық инсульт кезінде: к/т, 0,01–0,05 г-нан. Атеросклероз кезінде: ішке, 2–3 г/тәу 2–4 қабылдауға. Липидтер алмасуының бұзылыстарында: ішке, мөлшерін біртіндеп жоғарлату (жанама әсерлер болмаған кезде) 0,05 г-нан тәулігіне 1 реттен 2–3 г/тәулігіне бірнеше қабылдауға, емдеу курсы — 1 ай бойы және одан көп, қайталау курс аралығында үзіліс қажет.

Басқа ауруларда: ішке, ересектерге — 0,02–0,05 г-нан (0,1 г-ға дейін) 2–3 реттен тәулігіне, балаларға — 0,0125–0,025 г-нан тәулігіне 2–3 реттен. Тамақтан кейін тағайындайды. Ең жоғарғы ересектерге арналған мөлшер: бір реттік - 100 мг, тәуліктік - 500 мг.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, асқазанның және ұлтабардың жара аурулары (асқыну сатысында), бауыр қызметінің айқын бұзылыстары, аяқ қақпаны, гиперурикемия, артериальды гипертензияның ауыр түрлері және атеросклероз (к/т енгізу).

Сақтандыру.

Жүктілік кезде және емшекпен емізуде сақтықпен тағайындайды (үлкен мөлшерлерді тағайындау кері көрсетілген). Никотин қышқылын үлкен мөлшерде ұзақ қолданғанда, бауырдың майлы дистрофиясы дамиды. Осы асқынудың алдын алу үшін, емдәмге метионинге бай тағамдарды немесе метионин және басқа да липотропты заттарды тағайындайды.

Емделу үдерісінде үнемі бауыр қызметін бақылау керек (әсіресе үлкен мөлшерін қолданғанда). Гепатотоксикалық әсерінің алдын алу үшін емдәмге метионинге бай тағамдарды (сүзбе) қосады, әлде метионин немесе басқа да липотропты заттарды тағайындау керек. Гиперацидті гастритте, асқазан мен ұлтабардың жара ауруларында (аурудың беті қайтқан сатысында) кілегей қабатының тітіркену әсеріне (бұл жағдайларда үлкен мөлшерлер қолданылмайды) сақтықпен тағайындайды. Үлкен мөлшерлерді тағайындау бауыр ауруларында, сонымен қатар гепатитте, циррозда, қант диабетінде кері көрсетілген (гепатотоксикалық әсері). Қант диабетінде дислипидемияны түзету үшін, қолдану мақсатсыз.

Т/а және б/е енгізу ауырсынумен жүретінін ескеру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы жоқ. Үлкен мөлшерлерді қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Үлкен мөлшерлерін қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Гистаминнің босап шығуымен байланысты: терінің қызаруы, сонымен қатар шаншумен және күйдірумен жүретін беттің және дененің жоғары бөлімінің қызаруы, басқа қанның толқыну сезімі, бастың айналуы, гипотензия, ортостатикалық гипотензия (к/т тез енгізген кезде), асқазан сөлінің секрециясының жоғарлауы, қышыну, диспепсия, есекжем. Үлкен мөлшерін ұзақ қолданғанда: диарея, анорексия, құсу, бауыр қызметінің бұзылуы, бауырдың майлы дистрофиясы, асқазанның кілегей қабатының ульцерациясы, аритмия, парестезия, гиперурикемия, глюкозаға тұрақтылықтың төмендеуі, гипергликемия, транзиторлы АСТ, ЛДГ белсенділігінің жоғарлауы, сілтілік фосфатазаның жоғарлауы, АІЖ кілегей қабатының тітіркенуі.

Саудаға тіркелген атаулары: Никотиновая кислота.

ПИРИДОКСИН

(PYRIDOXIN)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 10 мг, 20 мг; егуге арналған ерітінді 1%, 5%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гиповитаминоз В6 (емдеу және алдын алу шаралары). Алдын алу шаралары үшін – ішке 2-5 мг/тәу ересектерге, 2 мг/тәу балаларға. Емдеу мөлшері – 0,02-0,03 г-нан күніне 1-2 реттен ересектерге, балаларға жасына қарай төмендетеді.

Гипохромды және макроцитарлы қаназдықD, сидеробласты қаназдық. Ішке 0,1-0,4 г-нан күнделікті немесе 0,1 г-нан б/е аптасына 2 реттен.

Паркинсонизм, кіші хорея, психотропты препараттарды қолдану тұсындағы кешкі дискинезияВ. Б/е 100 мг/тәу, курс 20-25 егу, 2-3 айдан кейін қайталау, мөлшерін 300-400 мг/тәулігіне жоғарлатады.

Орталы және шеткі генезді салдарВ, радикулит, неврит, невралгия, диабеттік невропатия. 50 мг-нан 3 р/күніне.

Литтла ауруыD, Меньера ауруы мен синдромы, теңіз және әуе ауруы, бастың айналуыС. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Инволюциялық жастағы депрессияD. Б/е 200 мг/тәу.

Жүктілік токсикозындаА. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Қант диабетінің 2 типіС. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдаудан болған бауырдың зақымдалуыD, маскүнемдік кезіндеВ, жедел және созылмалы гепатиттер. Алдын алу шараларында - 0,01г/тәу, емдеу – 0,05г-нан күніне 3 реттен.

Диурезді жоғарлату мен несеп айдағыштардың әсерін жоғарлату үшін. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Майұра тәрізді, майұра емес және атопиялық дерматитте, нейродерматитте жиынтық терапияда. Белдемелі теміретке, экссудативті диатезде. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Кері көрсеткіштері.

Препаратқа жоғары сезімталдықтар.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, ЖИА.

Мөлшерден тыс: мөлшері 200 мг/күніне 30 күндей бойы – тәуелділік синдромы. Жоғары мөлшер, күніне 2 г-нан жоғары болғанда сенсорлы невропатияға әкелуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы А. Үлкен мөлшерлер үшін – категория С. Плацент арқылы өтеді. Үлкен мөлшерді қолдану нәрестелерде тәуелділік синдромын туғызуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Сенсорлы невропатия, парестезия, аллергиялық реакциялар, бастың ауруы, тұз қышқылының гиперсекрециясы.

Саудаға тіркелген атаулары: Пиридоксина гидрохлорид.

РЕТИНОЛ (RETINOL)

Шығарылу түрі.

Ампуладағы ерітінді 1 мл; майлы ерітінді 50 мг-нан капсулада; драже 114 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гипо және авитаминоз А. Ересектерге 33 000 МЕ/тәу, балаларға 1000-5000 МЕ/тәу жасына байланысты.

Пигментті ретинитВ. 100 000 – 200 000 МЕ/тәу.

Гемеролапия, ксерофтальмияВ . Ересектерге 50 000 -100 000 МЕ/тәу, балаларға 1000-5000 МЕ/тәу.

Кератомаляция, конъюнктивит, қабақтың экзематозды зақымдалуы.

Терінің аурулары мен зақымдалуы (үстіру, күйіктер, жаралар, ихтиоз, гиперкератоз, теңге қотыры, экземаның кейбір түрлері және басқада қабыну және дегенеративті патологиялық үдерістері). Ересектерге 50 000 -100 000 МЕ/тәу, балаларға 5000 – 10 000 -20 000 МЕ/тәу.

Мешел, гипотрофия, жедел респираторлық ауруларда, созылмалы өкпе-бронх ауруларында, АІЖ эрозивті-жара мен қабыну зақымдануларында, бауыр циррозында жиынтық терапияда. 50 000‑100 000 МЕ тәулігіне.

Лейкоз (сүйек кемігінің цитостатиктер әсеріне тұрақтылығының жоғарлауы), лейкоплакия.

Өт және несеп шығару жолдарында конкременттердің пайда болуының және дерматоздардың алдын алу шараларында (глюкокортикоидтармен емдегеннен кейін). 50 000‑100 000 МЕ тәулігіне.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық. Өт тас аурулары, созылмалы панкреатит (аурудың асқынуы мүмкін). Жүктіліктің I үшайында. Терінің жедел қабыну аурулары.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Жедел және созылмалы нефрит, жүрек қызметінің декомпенсациясы.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы А. Х ұсынылған мөлшерден артық қолданғанда – тератогенді әсер.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Ұсынылған мөлшерде ауыр немесе қайтымсыз жанама әсерлер болмайды; жоғары мөлшерлерді қолдану ұрықтың даму ақауларын туғызуы мүмкін; ересектерде өтпелі бас іші қысымының жоғарлауы.

Гипервитаминоз А: ересектерде ‑ ұйқышылдық, әлсіздік, бастың ауруы, беттің гиперемиясы, жүректің айнуы, құсу, жүрістің бұзылуы, аяқ сүйектеріндегі аурулар. Балаларда дене қызуының жоғарлау, ұйқышылдық, тершеңдік, құсу, тері бөртпелері болуы мүмкін. Жұлын ми қысымының жоғарлауы мүмкін (емшек жасындағы балаларда гидроцефалия мен еңбектің дөңкеюі мүмкін). Үлкен мөлшерден тыс қолданғанда терінің дөрекіленуіне, шаштың құрғауына, бауыр көлемінің ұлғаюына, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауына, сары судағы кальций мен сілтілік фосфатаза құнарлығының жоғарлауына әкелуі мүмкін.

Саудаға тіркелген атаулары: Ретинола пальмитат.

РИБОФЛАВИН (RIBOFLAVIN)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 10 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гипо‑ және авитаминоз B2, гемералопия, конъюнктивит, қасаң қабақтың жарасы, катаракта, ұзақ жазылмайтын жаралар мен жарақаттар, жалпы тамақтанудың бұзылыстары, сәуле аурулары, астения, ішек қызметінің бұзылыстары, гепатит. Көбінесе 0.005‑0.01 г-нан тағайындайды, балаларға 0.002‑0.005 г-нан тәулігіне 1‑3 реттен 1-1/2 ай бойы.

Кері көрсеткіштері.

Препаратқа жоғары сезімталдық. Нефролитиаз.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атаулары: Рибофлавин.

ТОКОФЕРОЛ (TOCOPHEROL)

Шығарылу түрі.

Ампуладағы майлы ерітінді 5%, 10%, 30%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гиповитаминоз, қызбалы синдромдармен жүретін аурулардан кейінгі реконвалесценция жағдайлары, жоғары физикалық күш түсуде, егде жастағыларға, дәнекер аппараты мен бұлшық ет аурулары. Климактериялық вегетативті бұзылыстар. Шаршаған кездегі неврастения, астениялық неврастениялық синдром, біріншілік бұлшық ет дистрофиясы, жарақаттан кейінгі, инфекциядан кейінгі екіншілік миопатия. Омыртқа мен ірі буындардың дәнекер аппараттары мен буындардың дегенеративті және пролиферативті өзгерістері.

Көбінесе тәулігіне 0.1‑0.3 г-нан тағайындайды. Қажеттілікте мөлшерін тәулігіне 1 г-ға дейін жоғарлатады.

Кері көрсеткіштері.

Препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

кардиосклероз, миокардтың инфаркты, жоғары мөлшерде тромбоэмболия даму тәуекелі жоғары.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы А. Х ұсынылған мөлшерден артық қолданғанда – тератогенді әсер.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар. Үлкен мөлшерді қоланғанда ‑ диарея, эпигастридің ауруы, креатинурия және жұмыс қабілетінің төмендеуі.

Саудаға тіркелген атаулары: : Витамин Е Зентива.

ЭРГОКАЛЬЦИФЕРОЛ (ERGOCALCIFEROLUM)

Шығарылу түрі.

Майлы ерітінді; сулы ерітінді

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Мешел. Қалқанша маңындағы без қызметінің бұзылуы. Тетания. Остеомаляция. Остеопороз. Сүйек туберкулезі. Туберкулезді қызыл жегі.

Ішке мешелдің алдын алу шаралары үшін 0,0125 мкг (500 МЕ), емдеу үшін 10 00‑15 000 МЕ күніне 30-60 күн бойы (емдеу курсы 500 000‑600 000 МЕ). Мешелдің ауыр түрінде 1 000 000 МЕ 45-60 күн бойы, мешелдің жасырын түрлерінде 2000‑3000 МЕ күніне. Терінің және кілегей қабатының қызыл жегісі кезінде 100 000 МЕ/тәулігіне тағайындайды. Балаларға 16 жасқа дейін 25 000‑75 000 МЕ/тәулігіне жасына байланысты. Үлкен мөлшерімен емдеген кезде бір мезігілде ретинол ацетат 10 000-15000 МЕ/тәулігіне, токоферол ацетат, аскорбин қышқылы және В тобының витаминдерін қосып беру ұсынылады.

Кері көрсеткіштері.

Препаратқа жоғары сезімталдық. Гиперкальциемия. Метастазды кальцификация.

Сақтандыру.

Қанның мониторингі – үдерістің тұрақтануына дейін аптасына 2 реттен, кейін айына 1 реттен; несептің Ca2+, қанның фосфаттары – ұзақ емделген әр 1-3 айда.

Эргокальциферолды егде жасатағы және төсекте жатқан науқастарға тағайындағанда сақтықты сақтау қажет. Эргокальциферол атеросклероздың дамуына ықпал жасауы мүмкін. Препарат ағзада жиналуы мүмкін.

Постменопаузальды және инволюциялық остеопороз кезінде, сынықтардың алдын алу шараларында ықпалы кальцитриолмен және холекальциферолмен және алфакальцидолмен бара-барА. Теңге қотырды емдеуде витамин D тиімділігі, эргокальциферолдың – ревматоидты артритті және қызыл жегіні емдеуде және жақынжітілік пен невроздардың алдын алу шаралары үшін ықпалдылығы дәлелденбеген.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В. Үшінші үшайында қолданылады.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Үлкен мөлшерін қолданғанда гипервитаминоз D болуы мүмкін, тәбеттің жоғалуымен, жүректің айнуымен, бас аурумен, жалпы әлсіздікпен, дене қызуының жоғарлауымен жүреді, несепте ақуыздың, цилиндрдің, лейкоциттердің пайда болуы, сонымен қатар қанда кальций құрамының жоғарлауы және оның зәрмен бөлінуі, бүйректе, өкпеде және қан тамырларында кальцийдің жиналуы, тіндердің кальцификациясы болуы мүмкін, егер мөлшерін 1,25 мг-да қабылдауды бірнеше ай жалғастырса.

Саудаға тіркелген атаулары: Эргокальциферол (витамин Д2).

ТИАМИН (THIAMINE)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 5%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гиповитаминоз және авитаминоз В1. Невриттер, радикулиттер, невралгия, шеткі салдар мен парездер, ішектің атониясы, миокардиодистрофия. Тиаминді парентеральды енгізу: науқастардағы гиповитаминоз және авитаминоз В1, зонд арқылы энтеральды тамақтануда, гемодиализде; малабсорбция синдромымен зардап шегетіндерде. Ашығу. Созылмалы маскүнемдік. Бауыр қызметінің айқын бұзылыстары. Тиреотоксикоз; жүктілік кезде витаминге жоғары сезімталдық.

Препаратты терең егеді б/е немесе баяу к/т тәулігіне 1 рет. Ересектерге бір реттік мөлшер 0.025‑0.05 г-ды құрайды. Емдеу курсы 10 күннен 30 күнге дейін болады. Ішке ересектерге тәуліктік мөлшерде 2.58‑6.45 мг-нан тағайындайды; балаларға‑1.29‑2.58 мг. Витаминнің айқын жетіспеушілігі кезінде тәуліктік мөлшер ересектер үшін 6.45‑12.9 мг-ға дейін жоғарлатуы мүмкін (1‑3 қабылдауға). Емдеу курсы ‑15‑30 күндей.

Кері көрсеткіштері.

Препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Препараттың егуге арналған түрін ішекте сіңірілуі бұзылған науқастарға тағайындайды, сонымен қатар аурудың ауыр түрлерінде немесе емнің басында терапиялық ықпалды тездету үшін қолданады. Тиамин хлорид ерітіндісін сульфиттен тұратын ерітінділермен араластыруға болмайды, себебі онда ол толық ыдырайды. Басқа витаминдер (цианокобаламин) В1 витаминінің ыдырау өнімдерінің қатысуымен әсерсізденуі мүмкін. Емізулі әйелдерге витаминді тағайындағанда нәрестелер үшін пайда мен тәуекелді салыстыру керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы В. Үшінші үшайында қолданылады.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Өте сирек, к/т үлкен мөлшерін енгізгеннен кейін: коллапс және өлім, парестезия, бөртпелер, тершеңдік, тахикардия, ангио­невротикалық ісінулер;  аллергиялық реакциялар (есекжем, тері қышынулары, Квинке ісінуі, жұтыну мен тыныс алудың қиындауы), анафилактикалық шок.

Саудаға тіркелген атаулары: Тиамина хлорид, Энэрион.

Кальция глюконат. Қосымша кальций қабылдау, оның емдәмде жеткіліксіз болған кезде болады. Емдәмдік қажеттілік жасына байланысты және салыстырмалы жас кезде, көп жұмсалуына байланысты жүктілік пен лактацияда және егде жастағыларда сіңірілудің бұзылуында байланысты қажет. Остеопороз кезінде кальцийдің қажеттілігі ұсынылатын тәуліктік мөлшерден 2 есе жоғарлайдысүйектің зақымдалу жылдамдығы төмендейді. Гипокальциемиялық тетанияда кальций глюконат парентеральды енгізілуі мүмкін, бірақ кальцийдің плазмалық құнарлығын бақылау керек. Кальций глюконат сонымен қатар жүрек қызметін қалпына келтіру үшін қолданылады.

КАЛЬЦИЯ ГЛЮКОНАТ (CALCIUM GLUCONATE)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді 100 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гипокальциемиялық тетания, Ca2+ жоғары қажеттілік (жүктілік, лактация кезеңі, ағзаның қарқынды өсу кезеңі).

Қалқанша маңы безі қызметінің жетіспеушілігі тетаниямен немесе спазмофилиямен жүреді. Кальцийдің қарқынды ағзадан шығуы, науқастың ұзақ төсекте қимылсыз жатуы; аллергиялық аурулар (сары су ауруы, есекжем, ангионевротикалық ісіну, пішен қызбасы және т.б.) және дәрілерді қабылдаумен байланысты аллергиялық асқынулар. Геморрагиялық васкулит, сәуле ауруларының көріністері, қабыну және экссудативті үдерістер (пневмония, плеврит, аднексит, эндометрит және т.б.). Тері аурулары (қышыну, экзема, теңге қотыр және б.). Паренхиматозды гепатит, бауырдың токсикалық зақымдалуы, нефрит, эклампсия, пароксизмальды миоплегияның гиперкалиемиялық түрі.

Гипокальциемиялық тетанияда, баяу көктамырға егу түрінде, ересектерге 1 г-нан (2,2 ммоль) кейін үнемі тамырға 4 г-нан (8,8 ммоль) енгізу арқылы жүргізеді. Б/е, к/т баяу (2–3 минут бойы) немесе тамшылатып, ересектерге – 5–10 мл 10% ерітінді күнделікті, күн ара немесе 2 күн сайын (аурудың мінезіне байланысты және науқастың жағдайына қарай). Балаларға – к/т баяу (2–3 минут бойы) немесе тамшылатып, жасына байланысты, 1 –ден 5 мл-ге дейін 10% ерітіндіні әр 2–3 күнде.

Кері көрсеткіштері.

Тромбозға бейім болу, айқын атеросклероз, гиперкальциемия.

Сақтандыру.

Ампуланы ерітіндімен егу алдында дене температурасына дейін жылытады. Кальций глюконатты б/е енгізу кезінде некроз дамуы мүмкін. Препаратты балалардың бұлшық етіне енгізу ұсынылмайды. Көктамырға кальций глюконат ерітіндісін баяу енгізеді (2‑3 минут бойы). Шприцті толтыру алдында, оның ішінде спирт қалдықтары болмау керек, себебі оның қатысуымен глюконат кальций тұнбаға түседі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ.

Емшекпен емізу: Белгісіз.

Жанама әсерлері

Жеңіл асқазан-ішек бұзылыстары; брадикардия, аритмия; егілген жердегі тітіркенулер.

Саудаға тіркелген атаулары: Кальция глюконат.

Тиокт Қышқылы (альфа-липо ҚЫШҚЫЛЫ)

(Thioctic acid)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 600 мг; егуге арналған ерітінді 1,2%, 3%, 600,0 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Диабеттік және маскүнемдік полиневропатия.

Ішке, к/т (құю, тамшылатып). Ішке, 600 мг/тәу мөлшерінде 1 қабылдауға (таңертен аш қарынға 30-40 минут таңертенгі астың алдында), 200 мг-нан күніне 3 реттен тағайындау тиімділігі аз. Полиневропатияның ауыр түрлерінде - к/т баяу (50 мг/мин), 600 мг-нан немесе к/т тамшылатып, 0.9% NaCl ерітіндісінде күніне 1 реттен (ауыр жағдайларда 1200 мг-нан енгізеді) 2-4 апта бойы. Әрі қарай пероральды терапияға ауысады (ересектерге - 600-1200 мг/тәу, жасөспірімдерге - 200-600 мг/тәу) 3 ай бойы. К/т перфузор көмегімен енгізуге болады (енгізу ұзақтығы – 12 минуттан артық). Б/е егу кезінде бір жерге препарат мөлшері 50 мг-нан аспауы керек.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, жас балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі белгіленбеген). Сақтықпен. Жүктілік (қолдану сынамасы жоқ), лактация кезеңі (төс сүтіне өтеме жоқ па белгісіз).

Сақтандыру.

Емделу кезінде қатаң этанолды қабылдаудан бас тарту керек. Қант диабеті науқастарында, әсіресе емнің басында қандағы глюкоза деңгейін жиі бақылап отыру керек. Препарат жарыққа сезімтал болып келеді, сондықтан ампуланы тікелей қолдану алдында алып шығу керек.

Қазіргі кезде тиокты қышқылының тек диабеттік полиневропатия кезінде (2-ші типті диабетте) тиімділігі туралы шектелген және қайшылықты мәліметтер бар, 3 апта бойы емделген кезде (көктамырға енгізуде) – препаратты қолданбаған кезде жақсару 35% науқаста және 52% оны қолданғандарда болады. Қысқа курстың тиімділігі (3 аптадан аз) белгісіз. Бұл препаратты басқа жағдайларда қолдану тиімсіз.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Цисплатиннің тиімділігін төмендетеді. Инсулиннің және пероральды гипогликемиялық ДЗ әсерін күшейтеді. Рингер және декстроза ерітіндісімен, дисульфид және SH-тобына жауап беретін қосылыстарымен (сонымен қатар олардың ерітінділерімен), этанолмен сыйымсыз. Этанол және оның метаболиттері жанама әсерлердің даму тәуекелін жоғарлатады.

Жүктілік: ФДА категориясы жоқ. Қолдану тәжірибесі жоқ.

Емшекпен емізу: Белгісіз.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар (есекжем, тері қышынулары, анафилактикалық шок). Жүректің айнуы және асқазанның қыжылдауы (ішке қабылдағанда, сирек – трометамол тұзын қолданғанда). К/т енгізгенде – кілегей қабатының, терінің нүктелі қан құйылуы, тромбоцитопатия, геморрагиялық бөртпелер (пурпура), тромбофлебит, бас қысымының жоғарлауы (тез енгізу), тыныстың қиындауы, гипогликемия (глюкозаның қабылдауының нашарлауымен байланысты), тырысулар, диплопия, бас ішінің гипертензиясы.

Саудаға тіркелген атаулары: Тиогамма, Тиоктацид.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]