- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
Мөлшерден тыс қолданғанда
Симптомдары: брадипноэ, апноэ, тыныстың тежелуі, бұлшық еттің тарылуы. Емдеу: арнайы антагонистіне налорфин, леванорфан, налоксон жатады. Тыныстың тежелуі және бұлшық еттің тарылуы кезінде, сонымен қатар миорелаксанттарды және өкпенің жасанды вентиляциясын қолданады. Брадикардияны шеттету үшін атропинді қолданады. Гипотензия жағдайында сұйықтықты парентеральді енгізуде тағайындайды.
Саудаға тіркелген атауы: Фентанил.
2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
Ауырсынуды жедел және созылмалы деп жіктеуге болады. Жедел ауырсыну ұзаққа созылмайды және оның себебін анықтауға болады (ауыру, жарақат). Созылмалы ауырсыну сауыққаннан кейін де болуы мүмкін немесе оның себебі созылмалы аурулар болуы мүмкін. Ауырсыну психоэмоциональды аясына әсер етуімен түрленуі мүмкін, ауырсынумен күресуде осы салаға өте маңызды мән беру керек. Дәрілік заттармен емдеуде ауырсынудың дамуына жауап беретін, шеткі және орталық механизм түрленуіне бағытталған. Нейрогенді ауырсыну, кәдімгі анальгетиктермен емдеуге мойынсынбайды; үш тармақты жүйке ауырсынуын емдеу үшін карбамазепинді қолдану ұсынылады (5.1 бөлім), амитриптилинді (24.2.1 бөлім) диабеттік невропатияда және ұшықтан кейінгі невралгияда тағайындалынады.
Опиоидты емес анальгетиктер (2.1 бөлім) сүйек-бұлшық ет аурулары үшін қолданылады, ал опиоидты анальгетиктер шамалы және ауыр висцеральды ауруларда қоладанылады (2.2 бөлім). Қабынуға қарсы әсері бар опиоидты емес анальгетиктерге ацетилсалицил қышқылы және басқа да стероидты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚҚЗ) жатады; олар ревматоидты артрид сияқты созылмалы қабыну ауруларында ауруды және қабынуды төмендетеді, бірақ ауруды және аурудың үдеуінің баяулауын өзгертпейді (аурудың өзін түрлендірмейді). Сонымен қатар симптоматикалық ауырсынуларды шеттету үшін парацетамол қолданылады. Ревматоидты артритті және басқа да буындардың созылмалы ауруларын емдеу үшін ауруды түрлендіретін антиревматикалық заттар (АТАЗ) қолданылады, олар аурудың нәтижесіне жақсы әсер етеді (2.4 бөлім). Аяқ қакпаны кезіндегі жедел ұстамалардағы ауырсынулар мен қабынуларда СЕҚҚЗ-дың немесе колхициннің көмегімен шеттетеді. (2.3.1 бөлім); аллопуринол - ксантинді оксидазаның баяулатқышы (2.3.2 бөлім) аяқ қақпанын ұзақ емдеуде қолданылады.
2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
Қабынуға қарсы әсері бар опиоидты емес анальгетиктерге салицилаттар, ацетилсалицил қышқылы және басқа да СЕҚҚЗ, мысалы ибупрофен жатады. Парацетамол да шамалы қабынуға қарсы белсендігі бар немесе жоқ опиоидты емесе анальгетиктерге жатады.
Ацетилсалицил қышқылы
Ацетилсалицил қышқылының негізгі ықпалдарына қабынуға қарсы, ауыру сезімін басушы, қызуды төмендететін және ұюға қарсы әсерлері жатады. Ацетилсалицил қышқылын ішке қолданғаннан кейін асқазан ішек жолдарында тез сіңіріледі; тік ішектегі абсорбциясының ықпалдылығы шамалы, бірақ балауызды ішке қолдану қабілеті жоқ науқастарға тағайындайды. Ацетилсалицил қышқылын жеңіл және шамалы ауыр ауырсынуды жеңілдету үшін қолданады, мысалы бас ауыру, бас сақинасының жедел ұстамаларында (7.1 бөлім), ауыспалы сүйек-бұлшық еттерінің ауруларында және дисменорее аурулары кезінде, сонымен қатар дене қызуын төмендету үшін қолданады. Оны ревматоидты артрит кезіндегі ауырсынуды және қабынуды төмендету үшін қолдануға болады, бірақ жақсы көтеруіне байланысты басқа СЕҚҚЗ-ға көбірек мән береді. Ацетилсалицил қышқылын оның ұюға қарсы әсеріне байланысты кеңінен қолданады (12.5 бөлім). Ауырсынуды басу мөлшерін қолдану кезінде жанама әсерлері айқын емес, оларға асқазан ішіек жолдарының тітіркенуі, бронхтың тарылуы және жоғары сезімталдық науқастарда тері реакциялары, қан кету уақытының ұзаруы болады. Қабынуға қарсы мөлшерін қолданған кезде жанама әсерлері жоғары болып келеді, оларға созылмалы салицилизм (салицил қышқылымен улану), ол кезде құлақтың шулауы және кереңдік жатады. Ацетилсалицил қышқылын 16 жастан кіші балаларға қолданбау керек, себебі Рейе синдромы (гепатоцеребральды синдром: энцефалопатия және бауырдың зақымдалуы) даму тәуекелі бар, арнайы жағдайлардан басқа ювенильногоартрит болуы мүмкін. Тағы ескеретін жай, балаларда және жасөспірімдердегі вирусты жұқпалы аурулар мен қызба жағдайларында тағайындамау керек.
Ацетилсалицил ҚЫШҚЫЛЫ
(Acetylsalicylic acid).
Шығарылу түрі. Таблеткалар 100 мкг, 250 мг, 325 мг, 500 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Антиагреганттық заттар ретінде: тәулігіне 100 мг – 250 мг, ұзақтығы: ИЖАА; миокардтың аурусыз түрінде; тұрақсыз стенокардияА; миокардтың инфаркты (40-325 мг 1 рет тәулігіне); жүрек қақпақшалары протездеуде, баллонды ангиопластикадаВ, стент орналастырғандаВ. Аортальды шунттың тромбозының және окклюзиясының алдын алу шаралары үшін – 325 мг әр 7 сағат сайын интраназальды орналастырылған зонд арқылы, кейін пероральды 325 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Жүрек тамырларының атеросклерозды емес зақымдалуы кезінде (Кавасаки ауруы)В кезінде. Жүректің қос жарғақты қақпақшасының ақауларында, ревматизмді емес жылыпдауық аритмияда, қос жарғақты қақпақша пролапсында – 75 – 325 мг/тәу. Ишемиялық инсульт және өтпелі мидың ишемиясы – 160 -300 мг/тәу 48 сағат бойы болжалданған инсульттың басталуынан кейінА. Аортоартериит (Такаясу ауруы)В. Қайталанушы ӨАТЭВ, өкпе инфарктыВ. Жедел тромбофлебитА. Дресслер синдромыD.
Жедел ревматизмдік қызба, ревматоидты артрит, созылмалы полиартрит – тәуліктік мөлшерде 5-8 г ересектер үшін және 150-200 мг өмірдің 1 жылында немесе 50-70 мг/кг дене салмағына (2 жастан артық емес) балалар үшін; тағайындау жиілігі – 4-5 реттен тәулігіне. Емдеу курсының ұзақтығы клиникалық динамиканың және зертханалық көрсеткіштерге байланысты болып келеді және 6 аптаны құрайды. Препаратты алып тастау біртіндіеп жүргізіледі 1-2 аптаның ішінде.
Әр түрлі ауру қарқыны шамалы ауырсынулар (бас, тіс ауырсынулары, артралгия, миалгия, невралгия, невриттер, дисменорея); қызба жағдайлары (ЖРВИ, суық тию және басқа да жұқпалы аурулар) – ересектерге бір реттік мөлшерде тағайындайды 250 мг-нан 1 г-ға дейін. Тағайындау жиілігі 4-6 реттен тәулігіне. Бір реттік мөлшері балалар үшін жасы мен дене салмағына байланысты болып келеді және 10-15 мг/кг құрайды; тағайындау жиілігі – 5 ретке дейін тәулігіне. Емдеу ұзақтығы 2 аптадан аспауы керек.
Кері көрсеткіштері.
Салицилаттарға аллергиялық және аллергияға ұқсас реакциялар; «аспиринді» бронхиальды демікпе; асқазанның және 12-елі ішектің жара аурулары; қан кетулерге бейімділіктің жоғары болуы (гемофилия, тромбоцитопения), метроррагии және/немесе меноррагии; аяқ қапаны (мөлшерге тәуелді ықпал); анамнезіндегі бауыр аурулары; бауырдың циррозы.
Сақтандыру.
11 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек өмірге қажетті көрсеткіштер бойынша дәрігердің қатаң бақылауымен ғана тағайындайды (салицилаттардың улылық ықпалына ерекше сезімталдықта). Нәрестелерде олардың элиминациясы баяу жүреді, ересектерге қарағанда. ЖРВИ немесе тұмау кезінде ацетилсалицил қышқылын балаларға қолдану кезінде Рейе синдромының даму қаупі жоғарлайды, ол ОЖЖ-нің және бауырдың терең зақымдалуымен сипатталады және өлімге әкелуі жоғарлайды (30-40%-ға дейін). Ацетилсалицил қышқылы бронхиальды демікпемен немесе обструктивті бронхитпен зардап шегетін науқастарға тағайындағанда, бронхтың тарылу ұстамаларын жиілетуі мүмкін.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы D. Аспириннің тератогенді әсері, жүктіліктің бірінші үшайында үзіліспен қолданғанда анықталынбаған. Жүктіліктің асқынуларының (кешкі токсикоз, ұрықтың құрсақ ішіндегі өсуінің тоқталуы) алдын алу шараларында препаратты аз мөлшерде (60 мг/тәу) қолдану ұсынылады. Босанудың алдында 1-2 апта алдын ацетилсалицил қышқылын тағайындау кері көрсетілген. Салицилаттар плаценттік кедергіден тез өтеді.
Емшекпен емізу: Төс сүтімен салицилаттар шығарылады, бірақ аз мөлшерде және анасы бір рет қолданғанда бала жағдайына айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ салицилаттарды ұзақ қолданғанда баланың ағзасында жиналуы мүмкін және онда қалаусыз ықпалдардың дамуына әкелуі мүмкін (ацидоз, геморрагиялық синдром ж.т.б.).
Жанама әсерлері.
Жанама әсерлерінің жиілігі мөлшерге тәуелді болып келеді. Ацетилсалицил қышқылының жоғары мөлшерін қолданған кезде, 3 г/тәу жоғары болғанда, 50% науқастарда жанама әсерлері дамуы мүмкін.
Жиі кездесетін жанама әсерлері.
Жүректің айнуы, құсу, эпигастридің ауруы, диарея.
Қанның реологиялық және ұюының бұзылуы.
Жиі кездеспейтін жанама әсерлері.
Аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, Квинке ісінуі, бронхоспазм).
Ретімен қолданған АІЖ эрозивті-жаралы зақымдалулары мен қан кетулері мүмкін.
Бауыр мен бүйрек қызметтерінің бұзылыстары.
Бастың айналуы, бастың ауруы, қайтымды көздің бұзылыстары, құлақтың шулауы.
Сирек кездесетін жанама әсерлері.
Шеткі қан суретінің өзгерістері (тромбоцитопения). Трансаминаза деңгейінің жоғарлауы. Рейе синдромы.
Саудаға тіркелген атауы: Ацетилсалициловая кислота.
Парацетамол
(PARACETAMOL)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 200 мг, 500 мг; ішке қолдануға арналған сауыттағы 2,4% шырын, ерітінді, ұнтақ, суспензия; балауыз 80 мг, 100 мг, 250 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Әлсіз және шамалы қарқынды ауырсынулар (бас және тіс ауруларыВ, бас сақинасыВ, белдің ауруы, артралгияD, миалгияD, невралгияD, меналгия), суық тигендегі қызба синдромдарыА, остеоартрозВ. Ішке және тік ішекке, ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға 0,5–1 г тәулігіне 4 реттен; ең жоғарғы тәуліктік мөлшері — 4 г, емдеу курсы — 5–7 күндей. Балаларға 6–12 жастағы — 240–480 мг, 1–6 жастағы — 120–240 мг, 3 айдан 1 жасқа дейін — 24–120 мг тәулігіне 4 реттен 3 күндей. Еритін таблеткаларды қолданар алдында ½ стакан суға ерітеді.
Парацетамол өзінің анальгезиялық және қызуды төмендету ықпалы жағынан ацетилсалицил қышқылына ұқсас. Ол жеңіл – шамалы ауырсынуларды, сонымен қатар бас ауру мен бас сақинасының жедел ұстамаларын жеңілдету үшін (7.1 бөлім) және дене қызуын төмендету, иммунизациядан кейінгі гипертермия үшін де қолданылады. Парацетамол әсіресе салицилаттар немесе басқа да СЕҚҚЗ кері көрсетілген кезде пайдалы, мысалы демікпеушілер және анамнезінде жара аурулары бар науқастар немесе салицилаттарды тағайындағанда Рейе синдромы даму тәуекелі бар 16 жастан кіші балаларға. Парацетамолды көбінесе ацетилсалицил қышқылына қарағанда егде жастағыларға жиі қолданады, себебі олар асқазанды аз дәрежеде тітіркендіреді. Ацетилсалицил қышқылы мен басқа да СЕҚҚЗ қарағанда парацетамолдың қабынуға қарсы белсенділігі төмен, сондықтан қабынумен байланысты болатын ауырсынуда ұзақ қолдануды шектейді; бірақ ол шамалы қабыну құрамымен жүретін жағдайлардағы остеоартритті емдеуде пайдалы. Дұрыс мөлшерлегенде жанама әсерлері сирек кездеседі, бірақ мөлшерден тыс кезде қауіпті (10–15 г бір уақытта), сондықтан гепатоцеллюлярлы некрозды және сирек бүйрек түтікшелерінің некрозы кездеседі.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, маскүнемдік, жас балаларға (6 жасқа дейін).
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: бауыр, бүйрек жетіспеушіліктері, Жильбера синдромы, жүктілік, емшекпен емізу, егде жастағылар, нәрестелер, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі, қан аурулары, қант диабеті (шырын үшін).
Мөлшерден тыс қолдану тәуекелі маскүнемдікпен ауыратын науқастардағы бауырдың циррозды емес ауруларында жоғарлайды.
Әрекетесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы В. Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Ана сүтінде құнарлығы төмен (1-2% ана мөлшерінен). Емізулі балалар үшін мәселелер тіркелмеген.
Жанама әсерлері.
Агранулоцитоз, тромбоцитопения, қаныаздық, бүйрек шаншулары, асептикалық пиурия, интерстициальды гломерулонефрит, тері бөртпелері сияқты аллергиялық реакциялар.
Саудаға тіркелген атауы: Парацетамол.
Стероидты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚҚЗ) аналгезиялық, қабынуға қарсы және қызуды төмендететін қасиеттерге ие (негізгі өкілдері — ибупрофен [Ескертпелер: ӘДҰ эксперттерінің бағасы бойынша]). СЕҚҚЗ бір рет енгізгенде парацетамолмен салыстырғандағы аналгезиялық белсенділігі көрінеді. СЕҚҚЗ толық мөлшерін үздіксіз қолданған кезде созылмалы анагезиялық және қабынуға қарсы ықпалға ие, ол қабынумен байланысты болатын ұзақ және созылмалы ауырсынуларды жеңілдету үшін қолдануда пайдалы. Әр түрлі СЕҚҚЗ қабынуға қарсы әсерлерінің айырмашылығы шамалы, бірақ науқастардың әр түрлі препараттарға жеке реакциялары және байқалатын жанама әсерлері әр алуан. Ибупрофеннің басқа СЕҚҚЗ салыстырғанда жанама әсерлері аз, бірақ оның қабынуға қарсы қасиеті төмен. Диклофенак және напроксен (ӘДҰ Модельді тізіміне кірмеген) салыстырмалы жанама әсерлерінің төмен жиілігімен (бірақ ибупрофенге қарағанда жиілігі жоғары) және шамалы айқын қабынуға қарсы белсенділігімен сипаталынады. Ибупрофенді әлсіз шамалы ауырсынулар мен ревматоидты артрит пен жастардағы артрит кезіндегі қабыну мен ауырсынуды шеттету үшін қолданылады. Ол сонымен қатар себебі белгісіз бел аурулары мен жұмсақ тіндердің зақымдалуы кезінде пайдалы болуы мүмкін. Ибупрофен балалардағы ауырсынуды шеттету үшін қолданылады. Барлық СЕҚҚЗ егде жастағы адамдарға, аллергиялық бұзылыстарда, жүктілік кезде және емшекпен емізуде сақтықпен тағайындау керек. Бүйрек, жүрек немесе бауыр жетіспеушілігі кезінде, науқастарға ләжі болса аз мөлешрде тағайындайды, бүйрек қызметін бақылау тиіс. СЕҚҚЗ жедел жара ауруларында және анамнезінде жара аурулары болған науқастарға қолданбауы керек. Асқазан-ішіектің жанама әсерлері жиі кездеседі және оған жүректің айнуы, құсу, диарея, және диспепсия жатады; жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланған, сонымен қатар анафилаксия, бронхтың тарылуы және бөртпелер, тағыда сұйықтықтың ұстап қалынуы.
Ибупрофен
(Ibuprofen)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 200 мг, 400 мг.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артритВ; остеоартрозА – 1200 -1600 мг/тәу; жедел аяқ қақпанының артритіС;
анкилозды спондилитС; невралгияВ, миалгияС, раликулитD, невралгиялық амиотрофияD; тендинитС, бурситD, тендовагинитD; гематомаларВ, жұмсақ тіндердің және тіреу-қозғалыс аппараттарының жарақаттық қабынуы; қызбалық жағдайларА; нефротикалық синдромD; Барре-Льеу синдромы; Препаратты 200 мг-нан күніне 4-5 реттен тағайындайды. Тәуліктік мөлшерді 600-1200 мг 3 реттен қабылдауды құрайды, ең жоғарғы мөлшер 2400 мг/тәу. Бірақ ең тиімді бір реттік мөлшер 400 мг 3 реттік қабылдаудан тұрады 2-4 апта бойы, ауыр жағдайларда тәуліктік мөлшер 1,6 г-ға дейін жоғарлатуға болады және 2,4 г-ға дейін болады. Әсеріне тәуелді мөлшерін біртіндеп төмендетеді. Ұстап тұрушы мөлшер 600-800 мг тәулігіне. Бірінші күндізгі мөлшерді таңертең тамақтың алдында (тез сіңірілу үшін) қолдану ұсынылады, шәймен ішу, ал қалған мөлшерлер күні бойы тамақтан соң баяу сіңірілу үшін тағайындалынады.
Балаларға арналған тәуліктік мөлшер: емнің басында (2-3 күн) 10-20 мг/кг, ұстап тұрушы мөлшер 5-10 мг/кг. Қызуды төмендету үшін балаларға 2-12 жасқа, оның тәуліктік мөлшері 30 мг/кг (шырын ретінде). Жалпы тәуліктік мөлшер, жасына тәуелді, 0,5-1 г. аспайды.
Кері көрсеткіштері.
АІЖ эрозивті-жарамен зақымдалуының асқыну фазасында; көру жүйкесінің ауруларында; “аспиринді” демікпе; қанның түзілуінің бұзылыстары; бауыр мен бүйрек қызметтерінің айқын бұзылыстары; препаратқа жоғары сезімталдық; жүктілік; 2 жасқа дейінгі балаларға.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Гипербилирубинемия, жүктілік, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары (анамнезінде), гастрит, энтерит, колит, бауыр немесе бүйрек жетіспеушілігі, себебі белгісіз қан аурулары.
Емдеу үдерісі кезінде бауыр мен бүйрек қызметін, шеткі қан суретін жүйелік бақылап отыру керек. 14 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен тағайындайды.
Ибупрофен көліктерді басқару қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін, әсіресе ибупрофенмен емделу кезінде алкоголді қолдану кезінде.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы В. Препарат тератогенді әсерге ие емес, бірақ ескеретін жай, басқа да простагландин синтезін баяулатқыштар сияқты, ибупрофен де Боталлов өзегінің ерте жабылуын туғызуы мен босану қызметін тежеуі мүмкін. Яғни препаратты тек өте қажетті жағдайларда ғана тағайындау керек.
Емшекпен емізу:
Төс сүтіне өтпейді, қолдану мүмкін.
Жанама әсерлері.
Жиі кездесетін жанама әсерлері.
Бастың ауруы, бастың айналуы; анорексия, эпигастри тұсындағы ыңғайсыздық, асқазанның спазмы, жүректің айнуы, құсу, диарея; тері бөртпелері, қышыну, эритема.
Жиі кездеспейтін жанама әсерлері.
Аллергиялық ринит, есекжем; қан кетулер; ұйқының бұзылуы, қозу, көрудің бұзылуы, құлақтың шулауы.
Сирек кездесетін жанама әсерлері.
Квинке ісінуі, бронхоспастикалық синдром, асептикалық менингит, бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылуы, АІЖ эрозивті-жара зақымдалулары, лейкопения, тромбоцитопения, депрессия.
Саудаға тіркелген атауы: Ибупрофен.
Диклофенак
(Diclofenac).
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 25 мг, 100 мг, 150 мг; егуге арналған ерітінділер 75 мг/ 3 мл тік ішекке арналған балауыз 50 мг, май 100 мг.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Тіреу-қимыл аппаратының қабыну және дегенеративті аурулары: Ревматоидты артритВ; остеоартрит; анкилозды спондилит; аяқ қақпанының артритіС; остеоартрозА – 100-150 мг/тәу; остеохондрозD.
Буыннан тыс тіндер аурулары: тендовагинитВ, бурситВ, жұмсақ тіндердің ревматизммен зақымдалуыВ.
Ауырсыну синдромдары, қабынумен жүретін ауырсыну синдромдарыВ.
Қызба синдромыВ.
Аурудың ауыр барысын ескере отырып мөлшерін тағайындайды.
Ересектерге ішке 25-75 мг-нан тәулігіне 2-3 реттен тағайындайды, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер 200 мг. Ұзақ әсер ететін түрлерін немесе балауыз түрлерін қажет жағдайларда кәдімгі әсер ететін таблетка түрлерімен 50 мг ішке тағайындау арқылы біріктіруге болады.
Жедел жағдайларды емдеу немесе созылмалы үдерістің асқынуын шеттету үшін препараттың 75 мг б/е енгізеді.
6 жастан үлкен балаларға және жасөспірімдерге 25 мг кәдімгі әсер ететін таблеткалар қолданылады; тәуліктік мөлшер баланың дене салмағына шаққанда 2 мг/кг құрайды.
Кері көрсеткіштері.
АІЖ эрозивті-жарамен зақымдалуының асқыну фазасында; диклофенакқа жоғары сезімталдық; себебі белгісіз қанның түзілуінің бұзылыстары; жүктілік; 6 жасқа дейінгі балаларға.
Сақтандыру.
Асқазан-ішек бұзылыстары бар немесе анамнезінде асқазан мен ұлтабар жаралары бар науқастарға, сонымен қатар бауыр мен бүйректің ауыр ауруларымен зардап шегетін науқастарға, артериальды гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, сонымен қатар егде жастағы науқастар дәрігердің қатаң бақылауында болуы керек. Ұзақ емделу кезеңінде қан суретін, бауыр мен бүйрек қызметін ретімен бақылау ұсынылады. Темекі тартатын және алкоголді көп қолданатын адамдарда АІЖ жағынан асқыну тәуекелі жоғары болып келеді. Сыртқа қолдану кезінде, препаратты тек терінің қатынаста болатын жеріне ғана тигізу керек. Препараттың көзге және шырышты қабатқа тиюінен қашу керек.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы В. Ұрыққа тигізетін зиян әсерлері туралы мәліметтер жоқ, бірақ препаратты жүктіліктің I-II үшайында өмірге қажетті көрсеткіштері бойынша тағайындайды. Диклофенакты жүктіліктің III үшайында тағайындауға болмайды, себебі артериалды өзектің ерте жабылуына әкеледі және жатырдың жиырылу қабілетін тежейді.
Емшекпен емізу:
Төс сүтіне шамалы мөлшерде өтеді, балада қалаусыз әсерлердің даму тәекелі шамалы.
Жанама әсерлері.
Жиі кездесетін жанама әсерлері.
Бастың ауруы, бастың айналуы; эпигастральды аймақтың ауырсынуы, кекіру, жүректің айнуы, құсу, диарея, абдоминальды ауырсынуылар, диспепсия, анорексия; терідегі бөртпелер немесе эрозиялардың болуы; бауырдың трансаминаза дәрежесінің жоғарлауы.
Жиі кездеспейтін жанама әсерлері.
Қалжырау сезімі, ісінулер, жоғары сезімталдық, бронхтың тарылуының пайда болуы, анафилактикалық шоктар, гипотония; АІЖ қан кету, мелена, перфорациямен жүретін жаралар немесе онсыз болады; есекжем; сары аурумен жүретін гепатит немесе онсыз болады.
Сирек кездесетін жанама әсерлері.
Спецификалық емес геморрагиялық колит, жаралы колиттің асқынуы, афтозды стоматит, глоссит, эзофагит, іштің қатуы, дәмнің бұзылуы, тез болатын гепатит; бедеулік; тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, гемолитикалық қаныаздық, апластикалық қаныаздық; ұйқының қашуы, тітіркенушілік, құламалар мен тырысулар, спазмдар, көрудің бұзылуы (диплопия, жарықтың болуы), құлақтың шулауы, парестезия, дезориентация, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, естудің төмендеуі, қорқынышты түстердің болуы, дірілдеу, психоздар; жедел бүйрек жетіспеушіліктері, гематурия, интерстициальды нефрит, нефротикалық синдром, протеинурия, бүртіктің некрозы; экзема, буллезды бөртпелер, көп түрлі эритема, Стивена-Джонсон синдромы, Лайелла синдромы (жедел улы эпидермолиз), таздану, эксфолиативті дерматит, пурпура, фотосенсибилизация; жүректің соғуы, көкірек қуысының ауырсынуы, гипертензия.
Саудаға тіркелген атауы: Диклофенак, Вольтарен, Ортофен.
Кетопрофен
(KETOPROFEN)
Шығарылу түрі.
Егуге арналған ерітінді 50 мг/мл; капсулалар 50 мг; таблеткалар 100мг, 150 мг; балауыздар 100 мг; май 5%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артритВ, спецификалық емес спондилоартрит (анкилозды және аяқ қақпанының спондилиті), аяқ қақпанының артриті, жалған аяқ қақпаны, остеоартроз, буыннан тыс ревматизм (тендовагинит, бурсит, капсулит)В, ауырсыну синдромы (операциядан кейінгі, жарақаттан кейінгі ауырсынулар, сүйекте метастаздар болған кездегі ауырсынулар)В, бүйрек шаншулары, альгодисменорея. Ішке, б/е, к/т, тік ішекке, жергілікті. Капсулалар және таблеткалар (тамақ ішкен кезде) — емнің басында тәуліктік мөлшер 300 мг 2–3 реттен қабылдауға, ұстап тұрушы мөлшер — 150–200 мг/тәу. Тік ішекке - 1 балауыздан таңертен және кешке. Б/е — 100 мг (1 флаконнан) тәулігіне 5–10 күндей, кейін ішке тағайындайды және/немесе тік ішекке тағайындайды. Гель – асқынбаған жарақаттар (сңірдің созылуы және үзілуі, бұлшық еттің соққысы, ісінулер) - ұзақ уақыт күніне 2 реттен және дененің қабынған немесе ауырсынатын бөлігіне ақырын жағады; құрғақ тану мүмкін.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық, бауыр мен бүйрек жетіспеушілігі, асқазан мен ұлтабар жараларының асқыну фазасында, бауырдың циррозы және портальды гипертензиямен, көру жүйкесінің аурулары, бронхиальды демікпе (СЕҚҚЗ – тәуелді), жүрек жетіспеушілігі, СБЖ, естудің төмендеуі, вестибулярлы аппараттың патологиясы, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның жетіспеушілігі, қан аурулары (лейкопения), жас балаларға, жүктілік (III үшайында). Балауыздар - проктит және прокторрагии; гель - дерматоздар, экзема, инфицирленген сызаттар мен жаралар (суланатын).
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Гипербилирубинемия, жүктілік (I және II үшайында), емшекпен емізу кезеңінде, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары (анамнезінде), гастрит, энтерит, колит, бауыр жетіспеушілігі, себебі белгісіз қан аурулары.
Гельдің көзге және шырышты қабатқа тиюіне жол бермеу керек. Кетопрофеннің қолданылуы инфекциялық аурулардың белгілерімен жүруі мүмкін. Бүйрек пен бауыр қызметі бұзылған жағдайларда мөлшерін төмендету қажет.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы В.
Емшекпен емізу:
Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.
Жанама әсерлері.
Жиі кездесетін жанама әсерлері.
Бастың ауруы, бастың айналуы; анорексия, эпигастри аймағында ыңғайсыздық сезіну, асқазанның спазмы, жүректің айнуы, құсу, диарея; тері бөртпелері, қышыну, эритема.
Жиі кездеспейтін жанама әсерлері.
Аллергиялық ринит, есекжем; қан кетулер; ұйқының бұзылуы, қозу, көрудің бұзылуы, құлақтың шулауы.
Сирек кездесетін жанама әсерлері.
Квинке ісінуі, бронхоспастикалық синдром, асептикалық менингит, бүйрек және/немесе бауыр қызметінің бұзылыстары, АІЖ эрозивті-жарамен зақымдалуы, лейкопения, тромбоцитопения, депрессия.
Саудаға тіркелген атауы: Кетопрофен, Кетонал.
Ацеклофенак
(Aceclofenac)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 100 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Тіреу-қимыл аппараттарының қабыну аурулары (ревматоидты артрит, теңге қотыр және ювенильді артрит, анкилозды спондилоартрит; аяқ қақпанының артриті, остеоартроз). Ішке, 100 мг-нан тәулігіне 2 реттен. Таблетканы бүтіндей жұтады, жеткілікті сумен ішу арқылы.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық (басқа СЕҚҚЗ), АІЖ эрозивті-жаралырмен зақымдалуы (асқыну фазасында), "аспиринді үштік" (бронхиальды демікпемен бірікке үдеуші мұрын полипозы мен мұрын жанындағы қуыстар және пиразолон қатарының АСК мен ДЗ көтере алмау), себебі белгісіз қан түзілуінің бұзылыстары, жүктілік (III үшайында), жас балалар (18 жасқа дейін).Сақтықпен. СЖЖ, бауыр, бүйрек және АІЖ аурулары анамнезінде, препаратты тағайындаған кездегі диспепсиялық симптомдар, артериальды гипертензия, АҚК төмендеуі (көбінесе операциялық араласулардан кейінгі болатын), жүктілік (I-II үшайында), лактация кезеңі, егде жастағылар, СБЖ, несеп айдағыштарды қолдану.
Сақтандыру.
Бүйректегі қан айналымды ұстап тұратын простагландиннің маңызды роліне байланысты, жүрек немесе бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға, егде жастағыларға, несеп айдағыштарды қолданатын адамдарға және әр түрлі себептермен АҚК төмендеген (мысалы, үлкен операциялық араласулардан кейінгі жағдайларда) науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Егер осындай жағдайларда ацеклофенакты тағайындаса, сақтық шаралары ретінде бүйрек қызметін бақылау ұсынылады. Бауыр жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда (созылмалы гепатит, бауырдың теңгерілген циррозы) кинетикасы мен метаболизм үдерісінің науқастардағы қалыпты бауыр қызметімен айырмашылығы болмайды. Ұзақ ем жүргізген кезде бауыр, шеткі қан суретін, нәжістің жасырын қанға тексеруді бақылау қажет. Емделу кезінде көлік жүргізу мен жоғары көңілді және психомоторлы реакцияларды қажет ететін потенциальды қауіпті жұмыстарды жасауда қауіпсіздікті сақтау қажет.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы В. III үшайында кері көрсетілген.
Емшекпен емізу:
Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.
Жанама әсерлері.
Асқорыту жүйесін болатын: гастралгия, жүректің айнуы, құсу, диспепсия, метеоризм, тәбеттің төмендеуі, «бауырдың» трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, асқазан-ішектерден қан кету, АІЖ эрозивті-жара зақымдалулары мен перфорациясы, гематемезис, мелена, жедел жүретін гепатит, іштің қатуы. Жүйке жүйесі жағынан: бастың ауруы, бастың айналуы, қозу, қабылдаудың бұзылуы, парестезия, есте сақтаудың төмендеуі, дезориентация, көрудің, естудің, дәмді сезінудің бұзылуы, құлақта шудың болуы, ұйқының бұзылуы (ұйқышылдық немесе ұйқының қашуы), тітіркенушілік, тырысулар, депрессия, мазысыздану, дірілдеу, асептикалық менингит. Аллергиялық реакциялар: тері бөртпелері, сирек - есекжем, экзема, эритродермия, жүйелік анафилактоидты реакциялар, бронхиальды демікпе, жеке жағдайларда - васкулит, пневмонит, мультиформалы экссудативті эритема (сонымен қатар Стивенса-Джонсон синдромы), улы эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы). Зәр шығару жүйесі жағынан: сирек – шеткі ісінулер, жеке жағдайларда – жедел бүйрек жетіспеушілігі, гематурия, протеинурия, интерстициальды нефрит, нефротикалық синдром. Қан түзеу мүшелері жағынан: тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, гемолитикалық қаныаздық, апластикалық қаныаздық. ЖҚТЖ жағынан: тахикардия, АҚ жоғарлауы, СЖЖ Мөлшерден тыс қолдану. Симптомдары: бастың айналуы, бастың ауруы, өкпенің гипервентиляциясы жоғары тырысу дайындығымен, жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы. Емдеуі: асқазанды жуу, белсендірілген көмірді енгізу, симптоматикалық ем. Арнайы антидот жоқ. Жылдамдатылған диурез, гемодиализдің тиімділігі шамалы.
Саудаға тіркелген атауы: Ацеклофенак, Ацеклоран.
Лорноксикам
(Lornoxicam)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 4 мг, 8 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ 8 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Артрит: ревматоидты, теңге қотырлы, жедел аяқ қақпанының, инфекциялық; жүйелік қызыл жегі (бүйректің зақымдалуысыз, буындық синдроммен жүретін жеңіл түрлері), деформациялық остеоартроз бағдарламасындағы реактивті синовит, Бехтерева ауруы, остеохондроз кезіндегі түптік синдром, ишиалгия; ауырсынулар: етеккір, тіс, операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі. Ішке, тамақтың алдында жеткілікті сұйықтықпен ішу, б/е, к/т. Ішке, бастапқы мөлшерде 16 мг, біртіндеп оны жоғарлату, ең жоғарғы мөлшер бірінші тәулікте — 32 мг; кейін — 8 мг-нан тәулігіне 2 реттен. Жедел ауырсыну синдромын шеттету үшін (люмбаго, аяқ қақпанының шабуылы, жарақаттан кейінгі ауырсынулар) — к/т 15 минут ішінде, немесе б/е, 8–16 мг мөлшерде (ерітіндіні ex tempore дайындайды, флакон ішіндегісін 2 мл егуге арналған сумен араластырады).
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық, АІЖ жедел қан кетулер, асқазан мен ұлтабар жара аурулары, сонымен қатар анамнезінде болғанда, простагландинді бронхиальды демікпе, ішектің қабыну аурулары, лейкопения, тромбоцитопения, бауыр мен бүйрек қызметтерінің бұзылуы, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, ауыр артериальды гипертензия, жүктілік, емшекпен емізу (емдеу кезінде доғарады), жас балалар, жасөспірімдер (18 жасқа дейінгі) және егде жастағылар.
Сақтандыру.
Анамнезінде АІЖ эрозивті-жаралармен зақымдалуы көрсетілген жағдайларда, лорносикамды тек Н2-тежегіштермен және протонды насос бауялатқыштарымен біріктіріп қолданауы мүмкін. Ұзақ қолданған кезде уақытында АҚ (әсіресе артериальды гипертензиямен ауыратын науқастарда), шеткі қанды, түйінді фильтрацияны, трансаминаза деңгейін бақылау қажет. Егде жастағы және қалжыраған науқастарға сақтықпен тағайындайды. Көлік жүргізетін және жоғары көңіл қоюды талап ететін қызметтегі адамдарға сақтықпен тағайындайды.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы анықталынбаған. Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу:
Қолдану кері көрсетілген.
Жанама әсерлері.
Жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, асқазанның қыжылдауы, метеоризм, диарея, ауыздың құрғауы, тәбеттің төмендеуі, гастрит, эзофагит, асқазан мен ішектің шырышты қабатының эрозивті-жаралармен зақымдалуы, АІЖ, мұрыннан қан кету, бауыр қызметінің бұзылуы, дизурия, түйін фильтрациясының төмендеуі, жедел бүйрек жетіспеушілігі, интерстициальді нефрит, папиллярлы некроз, бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, депрессия (немесе қозу), артериальды гипертензия, тахикардия, натрий мен судың ұсталып қалуы, шеткі ісінулер, дірілдеу, тершеңдік, лейкопения, тромбоцитопения, асептикалық менингит, тері бөртпелері, енгізілген жердегі реакциялар (гиперемия, ауырсыну).
Саудаға тіркелген атауы: Ксефокам.
Мелоксикам
(meloxicam)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 7,5 мг, 15 мг; егуге арналған ерітінді 15 мг/1,5 мл Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ревматоидты артритВ, остеоартрозВ, анкилозды спондилитВ және т.б. ауырсыну синдромымен жүретін буынның қабыну және дегенеративті аурулары. Ішке, тамақпен бірге, шайнамастан, 7,5–15 мг мөлшерде тәулігіне 1 рет. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер 15 мг.
Кері көрсеткіштері.
Жоғары сезімталдық (СЕҚҚЗ басқа топтарына да), «аспиринді үштік» (бронхиальды демікпемен бірікке үдеуші мұрын полипозы мен мұрын жанындағы қуыстар және аспиринді көтере алмау), асқазанның жара аурулары асқыну сатысында, ауыр бауыр немесе терминальды бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу (емделу кезде доғару керек), жасөспірімдер (15 жасқа дейін).
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: бронхиальды демікпе, полипозды риносинусопатия, АҚК төмендеуі және дегиратация тұсындағы бүйрек перфузия деңгейінің төмендеуі, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, бауыр циррозы, егде жастағы науқастар. Жанама әсерлерінің тәуекелі жоғары науқастарда емді мөлшері 7,5 мг-нан бастайды. Диализде жатқан, бүйрек жетіспеушілігінің терминальды сатысындағы науқастарда, тәулігіне мөлшері 7,5 мг-нан аспауы керек.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Қолданбау керек.
Емшекпен емізу:
Зерттеулер жоқ. Ұсынылмайды.
Жанама әсерлері.
АІЖ мүшелері жағынан: диспепсия, жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, эзофагит, гастродуоденальды жаралар, іштің қатуы немесе диарея, метеоризм.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері жағынан: бастың айналуы, бастың ауруы, құлақтағы шулар, ұйқышылдық.
Басқалары: ісінулер, АҚ жоғарлауы, жүректің соғуы, креатининнің және/немесе несепнәрдің қан сары суында жоғарлауы, қаныаздық, лейкопения, тромбоцитопения, фотосенсибилизация, аллергиялық реакциялар (бөртпелер, қышымалар, бронхоспазм, есекжем).
Саудаға тіркелген атауы: Актамелокс, Зелоксим, Мелбек, М-Кам, Мелокс, Мелофлам, Месипол, Мовалис, Ревмоксикам.
