- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
Аталған топ препараттары қазіргі уақыттағы, олардың дәлелдемелі медициналық шарттарына жауап беретін клиникалық тиімділік дәлелдемелері алынбаған.
Винпоцетин
(Vinpocetine)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 5 мг, 10 мг; егуге арналған ерітінді
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ми қан айналымының бұзылыстары (сонымен қатар инсульт, вертебро-базилярлы жетіспеушілік, ми жарақаты, бас ми тамырларының атеросклерозды өзгерістері, тамырлар деменциясы, гипертониялық және жарақаттан кейінгі энцефалопатия), өтпелі жетіспеушілік және бас ми тамырларының спазмы; жартылай артерияның окклюзиясы, бас ауру, бастың айналуы (лабиринтты туындаған), есте сақтаудың бұзылуы, қозғалыс бұзылыстары, сонымен қатар апраксия, афазия, қасаң қабақтың және көз қабаты тамырларының артериолосклерозды және ангиоспастикалық өзгерістері, көз тамырларының артериальды және венозды тромбозы, дсары дақтың дегенеративті өзгерістері, тамырлардың обтурация салдарынан екіншілік глаукома; естудің кәрілікпен, тамырлар немесе улы (дәрілік) бұзылыстары, Меньера ауруы, кохлеовестибулярлы неврит, құлақтың шулауы; климактериялық синдромның вазовегетативті көріністері (гормонотерапиямен біріктіруде). Ішке, тамақтан соң, 5–10 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Ұстап тұрушы мөлшер — 5 мг-нан тәулігіне 3 реттенемдеу курсы 2 ай бойы. К/т тамшылатып, баяу (ең жоғарғы инфузия жылдамдығы — 80 тамшы/мин), 10–20 мг-нан 500–1000 мл изотониялық натрий хлорид ерітіндісінде. Қажеттілік кезде 3-4 күнде мөлшерін ең жоғарғы мөлшерге дейін жоғарлатады — 1 мг/кг/тәу. Емдеу курсы — 10–14 күндей. Кейін препаратты ішке қолдануға өтеді (10 мг-нан тәулігіне 3 реттен) доғарар алдында біртіндеп төмендетеді.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, ЖИА ауыр түрлері және аритмия, церебральды геморрагиялық инсульттан кейінгі бірінші күндері, бастың ішкі қысымының жоғарлауы; жүктілік, емшекпен емізу.
Сақтандыру.
Қант диабеті науқастарына парентеральды енгізу кезінде, қандағы глюкозаны бақылау керек (ерітіндіде сорбит бар). QT аралығының ұзару синдромы кезінде немесе бір мезгілде QT аралығын ұзартатын дәрілермен қолданғанда. Геморрагиялық инсульт кезінде препаратты парентеральды қолдану тек жедел көріністердің жойылуынан соң барып тағайындалынады (5-7 күннен кейін). Балалар тәжірибесінде қолданылған туралы жеткілікті мәліметтер жоқ. АҚ тұрақсызда және тамырлардың тонусы төмен кезде тағайындалмайды. Гипотензивті препаратты немесе QT аралығын ұлғайтатын дәрілермен бірге тағайындағанда, сонымен қатар кіші қабыршөп алкаоидтарын (Vinca minor) нашар көтеретін және бауыр жетіспеушілігімен зардап шегетін науқастарға сақтықпен қолдану керек. Т/а, б/е және к/т тез енгізуге болмайды. Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері
Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, ұйқышылдық, әлсіздік. Жүрек-тамыр жүйесі мен қан (қан түзілу, гемостаз) жағынан: қарынша ішінің өткізгіштігінің баяулауы; ST сегментінің депрессиясы және QT аралығының ұзаруы, гипотензия, тахикардия, экстрасистолия, терінің қызаруы, енгізілген жердегі тромбофлебит. АІЖ мүшелері жағынан: ауыздың құрғауы, жүректің айнуы, асқазанның қыжылдауы. Тері беткейі жағынан: тершеңдік. Басқада: аллергиялық реакциялар.
Саудаға тіркелген атауы: Винпосан, Винпоцетин, Кавинтекс, Кавинтон®форте.
Пирацетам
(piracetam)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 400 мг, 800 мг, 1200 мг; егуге арналған ерітінді 20%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Психоорганикалық бұзылыстар, есте сақтаудың бұзылыстарымен жүретін созылмалы цереброваскулярлы жетіспеушілік (атеросклероз, гипертониялық ауру, тамыр паркинсонизмі), көңіл қоюдың, сөйлеудің, бастың айналуы және бастың ауруы; деменция (тамыр деменциясы, Альцгеймер ауруы, сенильді деменция); ишемиялық инсульт және оның салдары, бас-ми жарақаттары, интоксикация (коматозды және субкоматозды жағдайлар, қалпына келу кезеңі); жедел вирусты нейроинфекция; ақыл ой қызметінің төмендеумен жүретін жүйке жүйесінің аурулары, сергектену деңгейі, көңіл-күй мен мінез құлың бұзылыстары; вестибулярлы нистагм, бастың айналуы, кортикальды миоклония, афазия; қояншық (көмекші зат ретінде); невротикалық депрессияның клиникалық суретінде адинамияның басым болуында, астениялық және сенесто-ипохондриялық бұзылыстар, идеомоторлы тежелу көріністері; сылбыр-апатиялық жағдайлар; сенильді және атрофиялық үдерістер; депрессивті жағдайлар, антидепрессанттарға тұрақтылық; нейролептиктермен және басқа да психотропты заттармен емдегендегі соматовегетативті, неврологиялық немесе психикалық асқынуларды шеттету немесе алдын алулар; маскүнемдік пен нашақорлықта абстиненттік, пре- және делириозды жағдайларды емдеу, этанолмен, морфинмен, барбитураттармен, амфетаминмен жедел улану; созылмалы маскүнемдікте психоорганикалық синдром; балаларда — ОЖЖ-нің перинатальды зақымдалу салдарынан, балалар церебральды салы, психоорганикалық синдромда оқытудың төменділігі, ақыл ойы дамуының тежелуі, олигофрения, сөйлеудің бұзылуы, есте сақтаудың бұзылуы, ақыл жетіспеушілігінде, церебрастения; орақтәрізді-жасушалы қаназдық (жиынтық терапия).
Ішке, к/т, б/е. орта тәуліктік мөлшер 30–320 мг/кг, бастапқы мөлшер 1,2–2,4 г/тәу, бас ми қан айналымының жедел бұзылыстары кезінде, коматозды жағдайларда, маскүнемдіктегі абстинентті синдромда — 9–12 г/тәу; ұстап тұрушы мөлшер — 1,2–4,8 г/тәу 2–4 қабылдауға. Емдеу курсы 2–3 аптадан 2–6 айға дейін, доғару біртіндеп жүреді. Балаларға: 30–50 мг/кг/тәу, 5 жасқа дейін — 0,6–0,8 г/тәу, 5–16 жасқа — 1,2–1,8 г/тәу, 8–13 жасқа (оқу қабілеті төмен кезде) — 3,3 г/тәу дейін. Кортикальды миоклония кезінде бастапқы мөлшер 7,2 г/тәу, мөлшерді жоғарлату 4,8 г/тәу әр 3-4 аптада, ең жоғарғы мөлшер тәулігіне 24 г-ға дейін; доғару біртіндеп жүргізіледі. Орақ тәрізді-жасушалы қаназдықта: 160 мг/кг/тәу 4 қабылдауға. Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға мөлшерін төмендету қажет: Cl креатинині 50–79 мл/мин — кәдімгі мөлшердің 2/3, 30–49 мл/мин — 3 есе, 20–29 мл/мин — 6 рет. Бауыр қызметі бұзылғанда мөлшерді түзетудің қажеті жоқ.
Кері көрсеткіштері
Пирацетам мен пирролидон туындыларына жоғары сезімталдық; геморрагиялық инсульт, айқын бүйрек жетіспеушілігі (Cl креатинин 20 мл/мин төмен), абыржу депрессиясы, Гентингтон ауруы, жүктілік, емшекпен емізу, жас балаларға 1 жасқа дейін.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Гемостаздың бұзылуы, ауыр қан кетулер, үлкен операциялар кезінде; гипертиреоз; қояншық.
Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды.
Ерекше ұсыныстар: Гемодиализ үшін сүзетін мембрана аппараттарынан өтеді.
Бүйрек қызметі бұзылған науқастарға үнемі қандағы азот қалдығы мен креатинин деңгейін бақылау қажет. Гериартриялық науқастарға пирацетамды тағайындауға дейін бүйрек қызметін зерттеу керек. Пирацетам қояншық кезіндегі тырысу деңгейін төмендетеді, ол антиконвульсантты мөлшерін түзетуді қежет етеді. Кортикальды миоклонияны емдеу кезінде, пирацетаммен емдеуді бірден доғару ұстамалардың қайта басталуына әкеледі.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері
Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: гиперкинезия (>1%), жоғары тітіркенушілік (>1%), ұйқышылдық (<1%), депрессия (<1%), астения (<1%), қозу, озбырлық мінез құлық, ұйқының бұзылуы, бастың айналуы, бастың ауруы, жыныстық қатынастың жоғарлауы, дірілдеу. Жүрек-тамыр жүйесі мен қан (қан түзелу, гемостаз) жағынан: артериальды гипо- немесе гипертензия, коронарлы жетіспеушіліктің күшеюі. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауруы. Зат алмасу жағынан: дене салмағының жоғарлауы (>1%). Тері беткейі жағынан: жоғары сезімталдық тері реакциясы.
Саудаға тіркелген атауы: Луцетам, Мемотропил, Ноотропил, Пирацетам.
Циннаризин
(Cinnarizine)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар25 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ми қан айналымының бұзылыстары: ми тамырларының атеросклерозы, ишемиялық инсульт, геморрагиялық инсульттан кейінгі кезең және бас ми жарақаты, дисциркуляторлы энцефалопатия; бастың айналуы, құлақтың шулауы, басылу және тітіркенушілік, тез психикалық шаршау, бас сақинасы, кәрілік деменция, есте сақтаудың төмендеуі мен жоғалуы, ойлаудың бұзылуы және көңіл қою мүмкіндігінің болмауы; шеткі қан айналым бұзылыстарын емдеу және алдын алу шаралары (Рейно ауруы, бітелуші атеросклероз, бітелуші тромбангиит (Бюргера ауруы), диабеттік ангиопатия, акроцианоз, ауыспалы ақсаңдау, трофикалық және варикозды жаралар, парестезия, суық аяқтар); лабиринтті бұзылыстар симптомдарында ұстап тұрушы терапия, бас айналуыды қоса, құлақтың шулауы (тинитус), нистагм, жүректің айнуы және құсу; кинетоздың алдын алу шаралары. Ішке, мүмкіндігінше тамақтан соң. Ми қан айналымы бұзылғанда: 25–50 мг-нан тәулігіне 3 реттен, шеткі қан айналым бұзылыстарында: 50–75 мг-нан тәулігіне 3 реттен, тепе теңдіктің бұзылуында: 25 мг-нан тәулігіне 3 реттен, кинетоздың алдын алу шараларында: ересектерге — 25 мг-нан жол жүрудің алдында 30 минут алдын, қажеттілік кезінде қайта 6 сағаттан соң ең жоғарғы ұсынылатын мөлшердің алдында — 225 мг. Балаларға ересектердің жарты мөлшерін тағайындайды. Циннаризирге жоғары сезімталдық кезінде емді ½ мөлшерден бастайды, біртіндеп жоғарлату арқылы.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, емшекпен емізу.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Жүктілік, Паркинсон ауруы.
Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды (ұйқышылдық болуы, әсіресе емнің басында). Паркинсон ауруы науқастарына тек күтілетін ем ықпалының негізгі аурудың нашарлау тәуекелінен басым болғанда ғана тағайындалынады. Ұзақ қолданғанда бауыр, бүйрек қызметі мен шеткі қан көрсеткіштерін бақылау ұсынылады.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Жүктілік кезде мүмкін, егер күтілетін ықпал ұрық үшін потенциальды тәуекелден басым болса.
Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері
Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: ұйқышылдық, шаршау, бастың ауруы.
АІЖ мүшелері жағынан: ауыздың құрғауы, диспепсиялық көріністер, эпигастральды аймақтың ауруы, холестазды сары ауру. Тері беткейі жағынан: жоғары тершеңдік, қызыл жегінің пайда болуы немесе қызыл жолақты теміреткі. Басқада: аллергиялық тері реакциялары, дене салмағының жоғарлауы; өте сирек — аяқ-қолдың дірілдеуі, бұлшық ет тонусының жоғарлауы.
Саудаға тіркелген атауы: Синазин, Циннаризин.
Гинкго Билоба
(Ginkgo Biloba)
Шығарылу түрі.
Үлгіге келтірілген сығынды 40 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Дисциркуляторлы энцефалопатия (инсульттің, бас ми жарақатының, кәрілік салдарынан), көңіл қою және/немесе есте сақтаудың бұзылыстарымен көрінетін, ойлау қабілетінің төмендеуі, үрейлену, қорқу, ұйқының бұзылуы; деменция, сонымен қатар Альцгеймер ауруы кезінде; жас кезде есте сақтау мен көңіл қоюды жақсарту үшін; нейросенсорлы бұзылыстар (бастың айналуы, құлақтың шулауы, гипоакузия), сары дақтың кәрілік дегенерациясы, диабеттік ретинопатия; астениялық жағдайлар: бас миының жарақатымен байланысты психогенді, невротикалық бұзылыстар; шеткі қан айналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары, сонымен қатар аяқтардың артериопатиясы, Рейно синдромы. Ішке, тамақпен бірге. Деменция: 40–80 мг-нан тәулігіне 3 реттен (120–240 мг/тәу). Астениялық бұзылыстар: 240 мг/тәу. Сирек жағдайларда: 40 мг-нан тәулігіне 3 реттен немесе 80 мг-нан тәулігіне 2 реттен. Емдеу курсы — 8 аптадан кем емес (орта есеппен 3 ай).
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық.
Сақтандыру.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Қолданбайды (жеткілікті клиникалық тәжірибе жоқ).
Емшекпен емізу: Қолданбайды (жеткілікті клиникалық тәжірибе жоқ).
Жанама әсерлері
Диспепсиялық бұзылыстар, бастың ауруы, бастың айналуы, аллергиялық реакциялар.
Саудаға тіркелген атауы: Танакан.
Депротеинизирленген гемодериват бұзау қанынан алынған
(АКТОВЕГИН)
(МНН жоқ)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар, қапшықпен қапталған 200 мг, егуге арналған ерітінді 40 мг/мл, инфузияға арналған ерітінді 10%, 20%
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Таблеткалар, қапшықпен қапталған. Церебральды метаболизм мен қан айналым бұзылыстарында ұстап тұрушы терапия ретінде. Церебральды қан айналым бұзылысында егу немесе инфузиялық емді жалғастыру үшін. Егуге арналған және инфузияға арналған ерітінді. Бас миының метаболиттік және тамырлар бұзылысы (церебральды жетіспеушілік синдромы, ишемиялық инсульт, бас-ми жарақаты), шеткі (артериальды және венозды) тамыр бұзылыстары және оның салдары (артериальды ангиопатия, трофикалық жаралар), жараның жазылуы (әртүрлі этиологиялық жаралар, трофикалық бұзылыстар (тесілулер), екіншілік жазылу үдерістері), термиялық және химиялық күйіктер (радиациялық терінің, кілегей қабатының, жүйке тіндерінің зақымдалуы), гипоксия және әртүрлі мүшелердің ишемиясы және оның салдары. Мөлшері мен қолдану әдістерін жеке белгілейді, аудың нозологиялық түріне және аурудың ауырлығына қарай. Таблеткалар, қапшықпен қапталған. Ішке, шайнамастан, тамақтың алдында, шамалы сумен ішу арқылы, 1–2 табл. (200–400 мг-нан) тәулігіне 3 реттен. Емнің ұзақтығы — 4–6 апта. Егуге арналған ерітінді. Б/е, к/т немесе а/і немесе инфузия түрінде. Кәдімгі ұсынылатын мөлшер. Клиникалық симптоматиканың айқындылығына қарай, бастапқыда к/т немесе а/і 10–20 мл енгізеді, кейін 5 мл-ден к/т немесе баяу б/е күніне немесе аптасына бірнеше рет. Препаратты инфузия түрінде қолданғанда 10–50 мл-ді 200–300 мл изотониялық натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде (негізгі ерітінділер), инфузия жылдамдығы — 2 мл/мин енгізеді. Мөлшерленуі белгілі көрсеткіштер бойынша. Церебральды метаболизм мен қан айналым бұзылыстарында: бастапқыда к/т 10 мл-ден күніне 2 апта бойы енгізеді, кейін к/т 5–10 мл-ден аптасына бірнеше рет 4 апта бойы енгізеді. Ишемиялық инсульт: 20–50 мл-ден 200–300 мл негізгі ерітіндіде араластырады және к/т күн ара немесе аптасына біренеше рет 2-3 апта бойы енгізеді. Артериальды ангиопатия: 20–50 мл-ді 200–300 мл негізгі ерітіндіде араластырады және а/і немесе к/т енгізеді күніне немесе аптасына бірнеше рет; емдеу ұзақтығы ортамен 4 аптаны құрайды. Күйіктер: к/т 10 мл-ден немесе б/е 5 мл-ден күнара немесе тәулігіне бірнеше рет, зақымдалудың ауырлығына байланысты (қосымша жергілікті емге Актовегинмен). Тері мен кілегей қабатының сәулелермен зақымдалуын емдеу және алдын алу шараларында: к/т 5 мл-ден күнде радиациялық әсердің арасында. Инфузияға арналған ерітінді. К/т тамшылатып немесе а/і құйю. Препараттың мөлшері мен қолдану әдісі клиникалық сурет пен аурудың ауырлығына байланысты болады. Кәдімгі — 250 мл/тәу к/т немесе а/і. Бастапқы мөлшерді 500 мл-ге дейін үлкейту мүмкін. Инфузия жылдамдығы — шамамен 2 мл/мин. Қажетті ықпалға қол жеткізу үшін 10-20 инфузия қажет болуы мүмкін. Мөлшерлеу белгілі көрсеткіштер бойынша. Бас миының қан айналым мен метаболизм бұзылыстары: к/т, бастапқыда — 250–500 мл/тәу 2 апта бойы, одан әрі — 250 мл-ден аптасына бірнеше рет 4 апта бойы. Ишемиялық инсульт: к/т, 250–500 мл-ден күнделікті немесе аптасына бірнеше рет шамамен 2-3 апта бойы. Артериальды ангиопатия: а/і немесе к/т, 250 мл-ден күн ара немесе аптасына бірнеше рет 4 апта бойы. Трофикалық және басқа да сылбыр жүретін жаралар, күйіктер: к/т, 250 мл-ден күн ара немесе аптасына бірнеше рет жазылу жылдамдығына байланысты (қосымша жергілікті емге Актовегинмен). Тері мен кілегей қабатының радиациялық зақымдалуын емдеу және алдын алу шаралары: к/т,орта есеппен 250 мл-ден бір күн алдын және күн ара сәулелі терапия уақытында, сонымен қатар оның аяқталуынан кейін 2 апта бойы.
Кері көрсеткіштері
Актовегин препараты немесе соған ұқсас препараттарға аллергиялық бейім болу. Қосымша ерітніділер үшін, инфузия үшін. Декомпенсирленген жүрек жетіспеушілігі, өкпе ісінуі, олигурия, анурия, сұйықтың ағзада жиналуы. Қант диабетімен зардап шегетін науқастар үшін, инфузиялық декстраза ерітіндісінің глюкоза құнарлығын ескеру.
Сақтандыру.
Аллергиялық реакциялар дамуы кезінде емді доғарады. Б/е баяу енгізіледі және 5 мл-ден артық емес (ерітінді гипертониялық қасиетке ие). Көп инфузиялық енгізу кезінде су-электролиттерінің алмасу көрсеткіштерін бақылайды. Егуге және инфузияға арналған ерітінділер шамалы сары түске ие, оның қарқындылығы партия номеріне және бастапқы материалға байланысты, бірақ препараттың түсі тиімділікке және көтере алуына әсер етпейді. Флаконды ашқаннан кейін ерітіндіні сақтауға болмайды. Сақталған ерітіндіні қолдануға болмайды. Актовегиннің инфузиялық ерітіндісіне басқа дәрілік заттарды қосуға болмайды, фармацевтикалық сыйымсыздығына байланысты.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Белгісіз.
Емшекпен емізу: Белгісіз.
Жанама әсерлері
Анамнезенде жоғары сезімталдық реакциясы бар науқастарда, сирек жағдайда аллергиялық реакция дамуы мүмкін (мысалы, есекжем, ісіну, дәрілік қызба, күтілмеген қызу толқынуы, шок) және анафилактоидты реакциялар. Мөлшерден тыс кезде (таблеткалар, қапшықпен қапталған) — АІЖ жағынан симптомдар.
Саудаға тіркелген атауы: Актовегин.
шошқаның бас миынан алынған, пептидер жиынтығы
(ЦЕРЕБРОЛИЗИН)
(МНН жоқ)
Шығарылу түрі.
Егуге арналған ерітінді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Созылмалы цереброваскулярлы жетіспеушілік (дисциркуляторлы энцефалопатия), ишемиялық инсульт, мидың жарақаттық зақымдалуы (мидың шайқалуы, бас-ми жарақаты, миға хирургиялық араласулардан кейнгі жағдайлар), балалардағы ақыл-ой дамуының тоқтауында; балаларда көңіл қою жетіспеушілігімен байланысты бұзылыстар; әртүрлі гензді деменция синдромы (кәрілік алдындағы — Альцгеймера ауруы, кәрілік альцгеймерлік тип, тамырлы — мультиинфарктты түр, аралас түр); эндогенді депрессия, антидепрессанттарға тұрақтылықта. Күнделікті, б/е немесе к/т тамшылатып. Жедел жағдайларда (ишемиялық инсульт, бас-ми жарақатында, нейрохирургиялық операциядан кейінгі асқынуларда) — к/т 60–90 мин бойы 10–60 мл-ден 100–250 мл физиологиялық ерітіндіде;емдеу ұзақтығы — 10–25 күндей. Инсульттің резидуальды кезеңінде және мидың жарақатты зақымдалуында к/т — 5–10 мл-ден 20–30 күндей. Альцгеймера ауруы кезінде, тамыр деменциясында және біріккен гензде ұсынылатын мөлшер 20–30 мл-ді құрайды 100–200 мл физиологиялық ерітіндіде, емдеу курсына — 20 инфузия. Психоорганикалық синдром кезінде — к/т 5–10 мл-ден 20–25 күндей (деменция) немесе 10–15 күндей (депрессия). Нейропедиатриялық тәжірибеде — 1–2 мл-ден (1 мл-ден 10 кг-ға) б/е, 1 ай бойы, курсы жылына 2-3 ретқайталаумен.
Кері көрсеткіштері
Жедел бүйрек жетіспеушілігі, қояншық статусы.
Сақтандыру.
Аллергиялық диатезде, қояншықта сақтықпен тағайындайды.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Белгісіз. Сақтықпен (әсіресе жүктіліктің І үшайында).
Емшекпен емізу: Белгісіз.
Жанама әсерлері
Жоғары сезімталдық, гипертермия (тез к/т енгізу кезінде).
Саудаға тіркелген атауы: Церебролизин.
Нимодипин
(Nimodipine)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 30 мг, инфузияға арналған ерітінді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ми қан айналымының ишемиялық бұзылыстар (сонымен қатар гипертониялық кризде), бас ми тамырларының тарылу салдарынан болған неврологиялық бұзылыстар, субарахноидальды қан құйылу салдарынан, кәрілік деменция. Ішке, аш қарынға (таблеткалар шайналмайды), шама сумен бірге ішіледі, к/т тамшылатып, интрацистернальды.
Жедел церебральды ишемия: 30 мг-нан тәулігіне 4 реттен 1 ай бойы (одан артық емес). Субарахноидальды қан құйылу салдарынан церебральды вазоспазм кезіндегі неврологиялық бұзылыстарды емдеу және алдын алу шаралары: к/т үнемі инфузия түрінде — бастапқы мөлшерде 1 мг/сағатына (5 мл/сағ) 2 сағат бойы (шамамен 15 мкг/кг/сағ), кейін (жақсы көтер алған кезде және гипотензия болмағанда) — 2 мг/сағ (10 мл/сағ), ол шамамен 30 мкг/кг/мағ құрайды. Дене салмағы 70 кг төмен науқастарда немесе АҚ тұрақсыз кезде — бастапқы мөлшер 0,5 мг/сағ (2,5 мл/сағ). Қан құйылудың алдын алу шараларында көктамырға енгізуді 4 күннен кеш бастамайды және 10-14 күндей бастайды. Дамыған неврологиялық бұзылыстарды емдеуді мүмкіндігінше ерте бастау керек және ең аз дегенде 5 күн және ең көп дегенде 14 күн жүргізеді. Инфузиялық ерітінді үзіліссіз енгізіледі к/т орталық катетер арқылы инфузиялық насостың көмегімен және үш каналды жабылатын кран арқылы бір мезгілде келесі бір ерітінділерді: 5% глюкоза ерітіндісі, 0,9% натрий хлорид ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер ерітіндісі магнезиямен, 40 немесе 6% декстран ерітіндісі поли (0–2-гидроксиэтил) крахмал 1:4 қатынасында (нимодипин ерітіндісі және басқа ертініді сәйкес). Қосалқы инфузия ерітіндісі ретінде маннитол, қан немесе адам альбуминін қолдануға болады. Адекватты нимодипин ерітіндісін араластыріу үшін, енгізілетін 1 тәуліктегі сұйықтың көлемі 1000 мл-ден аспауы керек. Инфузиялық терепия аяқталғаннан кейін — ішке 60 мг мөлшерде тәулігіне 6 рет 4 сағаттық аралықпен 7 күндей қолданады. Субарахноидальды қан құйылуды операциялық жолмен емдегенде интрацистернальды енгізуді 20 мл араластырылған ерітіндіні (1 мл нимодипиндә инфузия үшін және 19 мл Рингер ерітіндіс).
Кәрілік деменция: ішке, 30 мг-нан тәулігіне 3 рет.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, айқын гипотензия, ми ісінуі, бас іші қысымының жоғарлауы, ауыр бауыр қызметтерінің бұзылыстары, бауыр циррозы, жүктілік, емшекпен емізу.
Сақтандыру.
Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:
Гипотензия (жеңіл және шамалы), жүрек жетіспеушілігі, кардиогенді шок, миокардтың инфаркты өкпедегі тоқыраулы көріністермен, айқын емес бауыр қызметінің бұзылыстары.
Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда, оның үдеуі мүмкін, емді доғаруды талап етеді. Бауыр ауруында, макүнемдікте, қоншықта және жас балаларға сақтықпен тағайындайды. Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды, бауыр қызметі бұзылған кезде (метаболизмі төмендейді), гипотензия айқындылығына қарай мөлшерін төмендетеді немесе препаратты доғарады. АҚ бірден төмендеуі немесе айқын қатты бас ауруының пайда болуы емді доғаруды талап етеді. Емді анестезия жүргізгенде, хирургиялық араласуларда және ангиографияда үзу ұсынылмайды.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғарады.
Жанама әсерлері
Жүрек-тамыр және қан (қан түзілу, гемостаз) жағынан: 1–9% — гипотензия; < 1% — тахикардия немесе брадикардия, жүрек жетіспеушілігі, ЭКГ өзгерістер, шеткі тамырлардың спазмы, гипертензия, қаназдық және тромбоцитопения, тромбозға бейімділік, флебит (к/т енгізу кезінде).
Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: 1–9% — бас ауруы; < 1% — бас айналу және депрессия; мүмкін — қозу, озбырлық, ұйқының бұзылуы.
Тірек-қимыл аппараты жағынан: 1–9% — бұлшық ет спазмы.
Несеп жыныс жүйесі жағынан: 1–9% — шеткі ісінулер; < 1% — гипонатриемия; мүмкін — бүйрек қызметінің нашарлауы несепнәр немесе креатинин құнарлығының жоғарлауымен жүретін. АІЖ мүшелері жағынан: 1–9% — диспепсия, асқазан спазмы, диарея; < 1% — жүректің айнуы, құсу, гепатит, сары ауру, ДЛГ деңгейінің жоғарлауы, сілтілік фосфатаза мен трансаминазаның жоғарлауы. Тері беткейі жағынан: 1–9% — бет терісінің қызаруы, экзантема; < 1% — қышыну, тершеңдік, геморрагия. Аллергиялық реакциялар: дерматит (1–9%). Басқада: ентігу (< 1%).
Саудаға тіркелген атауы: Нимотоп
Ницерголин
(Nicergoline)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар, қапшықпен қапталған 5 мг, 10 мг, 30 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ по 4 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Ми қан айналымының бұзылыстары (сонымен қатар бас ми тамырларының атеросклерозында, инсультте, бас ми ишемиясында, бас ми тамырларының тромбозы мен тромбоэмболиясының салдарынан кейін, жарақаттан кейінгі энцефалопатияда, психоорганикалық синдромда); бас сақинасы; шеткі қан айналым жүйесінің тамырлар бұзылыстары (аяқ-қолдың артериопатиясы, Рейно ауруы), деменция, вертиго, бітелуші эндартериит, диабеттік ретино- және ангиопатия, дистрофиялық қасаң қабақ аурулары, көз торы мен көздің тамырлы қабатының тамырлы бұзылыстары, көру жүйкесінің ишемиялық нейропатиясы, тамыр генезді вестибулярлы және лабиринтті бұзылыстар; қуық үсті безінің гипертрофиясы, нейрогенді қуықпен байланысты несеп шығарудың бұзылуы. Ішке, тамақ алдында немесе тамақпен бірге, шайнамастан, жеткілікті сумен ішеді, 5–10 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Бүйрек қызметі жақсы жұмыс істегенде (сары судағы креатинин деңгейі 2 мг/мл жоғары) — 5 мг-нан тәулігіне 2–3 реттен. К/т тамшылатып 4–8 мг-нан 100 мл физиологиялық натрий хлоридінде; б/е 2–4 мг-нан тәулігіне 2 реттен; а/і — 4 мг-нан 10 мл физиологиялық натрий хлорид ерітіндісінде, 2 минут бойы. Емдеу курсы — 2–3 аптадан бірнеше айға дейін.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, артериальды гипотензия, шеткі тамырлардың айқын атеросклерозы, жүректің органикалық зақымдалуы, жуырда болған миокардтың инфаркты, күш түскендегі стенокардия, брадикардия, жедел қан кетулер, жүктілік, емшекпен емізу.
Сақтандыру.
Тұрақты брадикардияда (ЖЖЖ тыныш күйде — 50 соғ./мин төмен) препараттың қолданылуы дәрігердің қатаң бақылауымен жүреді. Бір мезгілде антикоагулянтты және антиагрегантты дәрілермен бірге қолданғанда, қанның ұю көрсеткіштерін бақылау қажет. Гипотензивті дәрілермен бірге байқап қолданады. Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға сонымен қатар егде жастағы науқастарға тәуліктік мөлшерді төмендету керек. Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды. Емделу кезінде алкоголді ішімдіктерді қолданудан бас тарту керек.
Ерекше ұсыныстар: Парентеральды енгізгеннен кейін ортостатикалық ықпалды шеткеру үшін немесе айқын гипотензия кезінде 10-15 минут төсекте жату керек.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғарады.
Жанама әсерлері
Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, шаршау сезімі, ұйқының қашуы, қозу, мазасыздану, естен тану.
Жүрек-тамыр жүйесі мен қан (қан түзелу, гемостаз) жағынан: ортостатикалық гипотензия, стенокардия ұстамасы, қан қоюлығының төмендеуі, аяқ-қолдың салқындауы. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, диарея, абдоминальды аурулар, асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарлауы. Несеп жыныс жүйесі жағынан: шәуеттің бұзылуы. Тері беткейі жағынан: тершеңдік. Аллергиялық реакциялар: қышыну және бет пендененің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы, эритема, есекжем. Басқада: аяқ-қодың ауруы, ыстықтау.
Саудаға тіркелген атауы: Сермион.
Холина альфосцерат
(Choline alfoscerate)
Шығарылу түрі.
Капсулалар 400 мг; егуге арналған ерітінді 100 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Бас-ми жарақаты (жедел кезеңде) діңгек деңгейіндегі зақымдалумен, созылмалы цереброваскулярлы жетіспеушілік (дисциркуляторлы энцефалопатия), деменция (альцгеймерлі тип, кәрілік, аралас түрлері), ишемиялық инсульт (қалпына келі кезеңі), Гентингтона хореясы, ОЖЖ-нің қызметтік бұзылыстары, есте сақтаудың бұзылыстары, естің шатасуы, дезориентация, мотивацияның төмендеуі, инициативтің және мән қоюдың төмендеуі, кәрілік жалған меланхолия. Ішке, тамақтың алдында, 400 мг-нан тәулігіне 3 реттен, курс 3–6 ай. Жедел жағдайларда: б/е немесе к/т (баяу) 1 г/тәу.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу.
Сақтандыру.
Жүректің айнуы пайда болғанда мөлшерді төмендетудің қажеті жоқ.
Дәлелдемелі медицинаның шарттарына жауап беретін клиникалық мәліметтері жоқ.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғарады.
Жанама әсерлері
Жүректің айнуы, аллергиялық реакциялар.
Саудаға тіркелген атауы: Холина альфосцерат
3-окси-6-метил-2-этилпиридин сукцинат
МЕКСИДОЛ
(МНН жоқ)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 125 мг, егуге арналған ерітінді 50 мг/мл
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Жедел ми қан айналымының бұзылыстары (ишемиялық және геморрагиялық), сонымен қатар бас миының транзиторлы ишемиясы; жедел бас-ми жарақаты; әртүрлі генезді энцефалопатия (атеросклероздың, артериальды гипертензияның тұсындағы тамырлар бұзылысы; зат алмасуының бұзылыстарында, улы, жарақаттан кейін, аралас); вертебро-базилярлы жетіспеушілік (сонымен қатар тамырлар мальформациясы, вертебро-базилярлы бассейн тамырларының атеросклерозы, омыртқаның мойын бөлігінің дегенеративті-дистрофиялық бұзылыстары, Киммерли кемістігі); қояншық және қояншық синдромы; атеросклерозды генезді бас миының ошақты көпшілік когнитивті бұзылыстары, тамырлы деменция; психикалық және неврологиялық бұзылыстар, цереброваскулярлы жетіспеушілікпен немесе бас миының соматикалық аурулармен тұсындағы церебральды дисфункциямен байланысты (бас аурулары, бастың айналуы, есте сақтаудың төмендеуі, көңіл қою мәні, ұйқының бұзылуы); невроздар және невроз тәрізді жағдайлар; психоорганикалық синдром; нейроциркуляторлы дистония; абстинентті синдромды шеттету (маскүнемдік және нашақорлық); жедел антипсихотикалық заттармен улану (нейролептиктермен); әртүрлі этиологиялық астениялық жағдайлар; шұғыл күш түсу кезіндегі соматикалық аурулардың дамуының алдын алу шаралары үшін; құрсақ ішінің жедел ірінді-қабыну үдерсітері (жедел панкреатит, перитонит) жиынтық емнің құрамында.
Мөлшерді науқастың ауырлығы мен патологиялық жағдайына қарай талдайды. Ұсынылатын мөлшертәулігіне дене салмағына есептегенде 5-10 мг/кг құрайды жағдайға байланысты.
Кері көрсеткіштері
Бауыр қызметінің жедел бұзылыстары; бүйрек қызметінің жедел бұзылыстары; жоғары сезімталдық және жеке көтере алмау, пиридоксинді көтере алмау (препарат химиялық жағынан ұқсас).
Сақтандыру.
Балаларда мексидол препаратының қауіпсіз қолданылуы туралы қатаң бақыланылатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Жүкті әйелдерде мексидол препаратының қауіпсіз қолданылуы туралы қатаң бақыланылатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Емшекпен емізу: Лактация кезеңінде мексидол препаратының қауіпсіз қолданылуы туралы қатаң бақыланылатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Жанама әсерлері
Асқорыту жүйесі жағынан: сирек – ауыздың құрғауы, ауызда металл дәмінің шығуы (болюсты енгізу кезінде).
Басқадае: сирек – аллергиялық реакциялар.
Саудаға тіркелген атауы: Мексидол.
ЦИТИКОЛИН
(CITICOLINUM)
Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 500 мг/4 мл, 1000 мг/4 мл; ішке қолдануға арналған ерітінді 30 мл
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Бас ми қан айналым бұзылыстарының жедел фазасы; бас ми қан айналым бұзылыстарының асқынуы мен салдарын емдеу; бас-ми жарақаты және оның салдары; дегенеративті және тамырлар генезді церебральды патологияар туғызған когнитивті, сенситивті, қозғалыс және жүйкелік бұзылыстар.
Пероральды қолдануға арналған ерітіндіні ересектерге ішке 200 мг-нан (2 мл) тәулігіне 3 реттен тағайындайды. Балаларға препаратты ішке туылған мерзімінен бастап тағайындайды 100 мг-нан (1 мл) тәулігіне 2-3 реттен. Емдеу курсының ұзақтығы мидың зақымдалу ауырлығына байланысты болады. Ең аз ұсынылатын кезең — 45 тәулік. Жедел және шұғыл жағдайлар кезінде ең жоғарғы терапиялық ықпал к/т немесе б/е препаратты бірінші 24 сағатта енгізгенде болады. К/т баяу енгізеді (егу ұзақтығы — 5 мин) немесе тамшылатып (инфузия жылдамдығы — минутына 40–60 тамшыдан). Емді препаратты бірінші 2 апта бойы 500-1000 мг-нан тәулігіне 2 реттен к/т тағайындайды (науқастың жағдайына байланысты). Кейін — 500-1000 мг-нан тәулігіне 2 реттен б/е береді. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 2000 мг. Қажеттілік жағдайда емді препараттың пероральды ерітіндісі түрінде қолданумен жалғастырады. Ұсынылатын емдеу курсы, ең жоғарғы терапиялық ықпал байқалатын 12 аптаны құрайды.
Адекваттық және қатаң бақыланылатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Кері көрсеткіштері.
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғары науқастарға препаратты тағайындауға болмайды.
Сақтандыру.
Адекваттық және қатаң бақыланылатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Әрекеттесуі: цитиколин леводопаның ықпалын күшейтеді. Препаратты меклофеноксаттан тұратын дәрілермен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Жүктілік: Препаратты қолданған кезде ұрық үшін тәуекел дәлелдері алынбаса да, жүктілік кезінде дәрілік препаратты тек күтілетін пайда потенциальды тәуекелден жоғары болғанда ғана қолданылады. Цитоколиннің төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ және оның ұрыққа әсері белгісіз.
Емшекпен емізу: Мәліметтер жоқ.
Жанама әсерлері.
Жеке жағдайларда Цераксон парасимпатикалық жүйке жүйесін белсендіруі мүмкін, сонымен қатар қысқа гипотензивті әсер көрсетеді.
Саудаға тіркелген атауы: Цераксон, Сомазина
