Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар

Обсессивті-компульсиялық бұзылыстарда фармакологиялық, мінез-құлық және психологиялық әсер етулерді біріктіріп емдеуге болады. Кломипрамин сияқты антидепрессанттардың серотониннің қайта ұсталуын баяулайтын ықпалы белгі дәрілерінің тиімділігі белгіленген. Абыржу атқылауларын мінез құлық немесе когнитивті терапиямен емдеу мүмкін. Бұндай емдеулер тиімсіз болғанда, дәрілермен емдеуді көру керек. Кейбір үш циклді антидепрессанттар, кломипрамин немесе ТСҚҰҚБ атқылау жиілігін төмендетуі мүмкін немесе оларды толық жоюымүмкін. Бензодиазепиндерді антидепрессанттарға тұрақты абыржу атқылауында қолдануға болады.

Кломипрамин

(Clomipramine)

Шығарылу түрі.

Драже 25 мг; егуге арналған ерітінді 25 мг/2 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Фобиялық және обсессивті бұзылыстар; абыржу атқылауы. Ішке, ересектерге бастапқыда 25 мг-нан күніне, түнге: егде жастағыларға күніне 10 мг-нан. Біртіндеп (10 күн бойы) мөлшерін тиімді (30– 50 мг/тәу) және емнің аяғына дейінгі ұстап тұрушы мөлшерге жоғарлатады), 2 апта бойы жоғарлатады 100–150 мг-ға дейін күніне; балаларға ұсынылмайды.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа да антидепрессанттарға дибензазепин тобындағы), жуырда болған миокардтың инфаркты, МАО баяулатқыштарымен емдеу, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүрек аурулары, анамнезендегі қояншық, егде жастағылар; бауыр жетіспеушілігі; қалқанша безінің аурулары; феохромоцитома; тұнжыр ой, анамнезендегі психоздар (психотикалық симптомдарды күшейтуі мүмкін); жабық бұрышты глаукома, анамнезенде зәрдің шықпауы; бір мезгілде электро тырысу терапиясын жүргізу; бірден алып тастауға болмайды; анестезия (аритмия мен гипотензия дамуының тәуекелі жорғары);

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Тыныштандыру, ауыздың құрғауы, көрудің анық болмауы (аккомодацияның бұзылуы, көз қысымының жоғарлауы), іштің қатуы, жүректің айнуы, несеп шығарудағы қиыншылықтар; жүрек-тамыр жанама әсерлері, әсіресе үлкен мөлшерлерді қолданғанда, ЭКГ өзгерістер, аритмия, пост­уральды гипотензия, тахикардия, естен тану; терлеңдік, дірілдеу, бөртпелер және жоғары сезімталдық реакциясы (есекжем, фотосенсибилизация); мінез құлық бұзылыстары; гипомания немесе тұнжыр ой, шатасу (әсіресе егде жастағыларда), жыныстық қатынас қызметінің бұзылыстары, қандағы қант деңгейінің өзгеруі; тәбеттің жоғарлауы және дене салмағын қосу (кейде дене салмағының төмендеуі); эндокринді жанама әсерлер, аналық безінің ұлғаюы, гинекомастия және галакторея; тырысулар, қозғалыс бұзылыстары және дискинезия, қызба, агранулоцитоз, лейкопения, эозинофилия, пурпура, тромбоцитопения, гипонатриемия (антидиуретикалық гормонның дұрыс бөлінбеуіне байланысты болуы мүмкін); бауырдың қызметтік сынамаларының өзгеруі.

Саудаға тіркелген атауы: Клофранил.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]