Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар

Жиі қолданатын анксиолитиктер мен ұйықтататын дәрілерге бензодиазепиндер жатады. Үрейленуді емдеуді ең төменгі тиімді мөлшерде, қысқа мерзім уақытына тағайындайды. Ұйқының қашу себебін анықтау керек және гипнотиктерді тағайындау алдында, себебіне сай ем тағайындау. Ұйықтататын дәрілер бірнеше күнге дейін бағалы болуы мүмкін, бірақ бір аптаға дейін.

Тұрақтылық және тәуелділік (физикалық және психологиялық) және кейін препаратты доғару қиыншылықтары, препаратты үнемі бірнеше апта бойы қабылдағанда дамиды. Алкогольдан немесе наркотикалық заттардан тәуелділікте немесе меншіктілігі бұзылған созылмалы үреймен жүретін кездегі науқастарда тәуелділіктің дамуына бейім болады. Анксиолитиктер мен гипнотиктерді жеке талданған мөлшерде тағайындау керек және олардың қолданылуы жедел жағдайлардың бақылауымен шектелуі тиіс, оған еңбек қабілетінен айыратын, абыржу атқылауы, жедел үрейлену және ауыр ұйқының қашуы жатады. 1-2 аптадан артық ұйықтататын дәрілер мен анксиолитиктермен емдеуді негіздеу/ақтау болмайды.

Ұзақ қолданған кезде, препаратты біртіндеп бір апта бойы немесе ай бойы төмендету арқылы доғарады, бірден доғаруда шатасу, улы психоз, тырысу немесе маскүнемді делирияға ұқсас жағдайлар болуы мүмкін. Бензодиазепиндерді алып тастау синдромы кез келген уақытта дамуы мүмкін, ұзақ әсер ететін бензодиазепиндерді алып тастағаннан кейін 3 апта бойы немесе қысқа әсерлі дәрілерден кейін бірнеше сағат ішінде. Бұл синдром ұйқының қашуымен, үрейленумен, тәбеттің жоғалуы мен дене салмағының төмендеуімен, дірілдеумен, жоғары тершеңдікпен, құлақтың шулауымен және қабылдаудың бұзылуымен сипатталады. Бұл симптомдар науқастың бірінші шағымына ұқсас болады және бұл дәрілерді әр қарай тағайындауды белсендіреді. Кейбір симптомдар бензодиазепиндерді қолдануды доғарғаннан кейін бірнеше аптадан немесе айдан кейін байқалуы мүмкін.

Науқастарды ескерту керек, олардың көлік айдау немесе қозғалыстағы құралдармен жұмыс істеу қабілеті төмендейтіндігін, ал алкоголь ықпалды күшейтетіндігін айту қажет.

ДИАЗЕПАМ

(DIAZEPAM)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, 2мг, 5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Үрейлену мен ұйқының қашуында қысқа мерзімде емдеуВ; қояншық статусы, қайталанушы тырысу талмаларыС; фебрильды тырысулар, жедел маскүнемдік абстиненция кезінде қосымша терапия ретіндеВ (5.1 бөлім); премедикация (1.3 бөлім). Үрейлену, ішке, ересектерге 2 мг-нан күніне 3 реттен, қажеттілігіне қарай 15-30 мг-ға дейін күніне бірнеше қабылдауға жоғарлатады, егде жастағыларға (немесе әлсірегендерге) ересектерге арналған мөлшердің жартысы. Ұйқының қашуында, ішке, ересектерге 5–15 мг-нан түнде.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, тыныстың тежелуі; жедел тыныс жетіспеушілігі; түнгі апноэ; ауыр бүйрек жетіспеушілігі; миастения.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Тыныс алу мүшелерінің аурулары, бұлшық еттердің әлсіздігі, алкоголді немесе наркотикалық заттарды анамнезенде көп қолданғанда, айқын тұлғалық бұзылыстар; жүктілік; емшекпен емізу; егде жастағылар немесе әлсіреген науқастарда және бүйрек жетіспеушілігі кезінде (ауыр жағдайларда – қолданбау), бауыр жетіспеушілігінде мөлшерін төмендету; ұзақ қолданудан және бірден алып тастаудан бас тарту; порфирия. Қозғалыстағы механизмдерді басқару, көлік жүргізу қабілетінің бұзылуы мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық және келесі күні жеңіл бастың айналуы; естің шатасуы және атаксия (әсіресе егде жастағы); амнезия; тәуелділік; парадоксальды озбырлықтың күшеюі; бұлшық еттің әлсіздігі; сирек — бастың ауруы, бастың айналуы, сілекей бөлінудің өзгерістері, асқазан-ішек бұзылыстары, көрудің бұзылуы, дизартрия, дірілдеу, либидоның өзгеруі, несептің ұсталмауы, несептің шықпауы; қан жағынан болатын бұзылыстар және сару ауру; тері реакциялар; бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы.

Саудаға тіркелген атауы: Реланиум, Седуксен, Сибазон.

Зопиклон

(Zopiclone)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 7,5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ұйқының бұзылуы (ұйықтаудың қйындауы, түнгі оянулар, ерте ояну; өтпелі, ақуалды және созылмалы ұйқының қашуы). Бензодиазепинмен салыстырғанда рикошетті ұйқының қашу тәуекелі аз. Ересектерге 7,5–15 мг-нан (ұйқының алдында) 4 аптадан артық емес. Балаларға ұсынылмайды.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, айқын тыныс алу жетіспеушілігі, жүктілік (әсіресе І және ІІІ үшайында), емшекпен емізу, 18 жасқа дейін.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

8 сағатта ояну қажеттілігі (ұшақпен ұшу) (антероградты амнезия тәуекелі); ұйқы кезіндегі апноэ, миастения, айқын бауыр жетіспеушілігі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D. Жүктіліктің ІІІ үшайында зопиклонды қолданған әйелдердің балаларында жүйке жүйесінің бұзылыстары мүмкін, алып тастау синдромы болуы мүмкін. Егер әйел дәрігердің тағайындауымен зопиклонды қабылдаса, толғақтың алдында және босану кезінде үнемі нәресте медициналық бақылауда болуы керек.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: ұйқышылдық, әлсіздік, шаршау, бастың ауруы, бастың айналуы, тітіркену, естің шатасуы (жиі егде жастағыларда), көңіл күйдің басылуы, бұлшық ет әлсіздігі, қозғалыс координациясының бұзылуы, диплопия, есте сақтаудың нашарлауы, парадоксальды реакциялар (ұйқы қашуының күшеюі, түнгі қорқыныштар, ашуланушылық, қозу, озбырлық, ашу ұстамалары, елестер).

Басқада: ауызда ащы немесе металл дәмі, ауыздың құрғауы, жүректің айнуы, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, либидоның өзгеруі, антероградты амнезия. Үйренгіштік, дәрілік тәуелділік, алып тастау синдромы, сонымен қатар рикошетті ұйқының қашуы болу мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Добросон, Имован, Сомнол, Сонат-КМП.

Мидазолам

(Midazolam)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар15 мг, егуге арналған ерітінді 5мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ұйқының қашуы (ұйқыға кетудің бұзылуы және/немесе ерте ояну) — ішке, диагностикалық және хирургиялық емшаралар алдындағы премедикация (ішке, б/е), қарқынды терапия кезіндегі ұзақ тыныштандыру (б/е), ингаляциялық жансыздандыру кезіндегі кіріспе наркоз немесе біріктірілген наркозда (к/т) ұйықтататын дәрілер ретінде, балалардағы атаралгезия (б/е кетаминмен бірге). Мөлшерді жеке талдау керек, ұйқының бұзылуымен байланысты тағайындалған тәртіп жеке алынады. Ұйқының бұзылуы кезінде: ересектерге, ішке (шайнамастан, сумен ішу), тікелей ұйықтар алдында, орта мөлшер 7,5–15 мг бір реттен. Емдеу курсы қысқа болуы керек (бірнеше күн, ең жоғарғысы — 2 апта). Егде жастағылар мен әлсіреген науқастарға, сонымен қатар бауыр қызметі бұзылған науқастарға аз мөлшерден тағайындайды. Анестезиологияда және қарқынды емде: ересектерге және балаларға — б/е, к/т (баяу), тік ішекке (балаларда премедикация үшін), ішке (ересектерге премедикация үшін, егер б/е егу көрсетілмесе). Мөлшерлеу тәртібін (енгізу жылдамдығы, мөлшер көлемі) қолдану көрсеткішіне, физикалық жағдайына және науқастың жасына байланысты, сонымен қатар алатын дәрілік емге байланысты қатаң түрде жеке талданады. Тәуекел тобындағы науқастарда, сонымен қатар егде жастағы, әлсіреген немесе созылмалы аурулармен ауыратын науқастарда аз мөлшерде қолданады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, психоз және ауыр депрессия кездеріндегі ұйқының бұзылуы, миастения, жүктілік (I үшайында), босану, емшекпен емізу, жас балаларға (ішке қолдану үшін).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Мидың органикалық зақымдалуы, жүрек және/немесе тыныс алу және/немесе бауыр жетіспеушілігі, ұйықтау кезіндегі апноэ, жүктілік (II және III үшайында), жас балалар (кіріспе наркоз үшін).

К/т енгізуді тек реанимациялық жабдықпен қамтамас етілген медициналық мекемеде ғана жүргізілуі тиіс, сонымен қатар оны қолдануға үйретілген мамандар ғана жүргізуітиіс (миокардтың жиырылу қызметін тежейтін және тыныстың тоқталуымен байланысты).

Парентеральды енгізілгеннен кейін науқас 3 сағат бойы бақылануы тиіс. К/т тез енгізу кезінде (әсіресе балалардағы жүрек-тамырлар жүйесінің тұрақсыз жағдайларында және нәрестелерге енгізгенде) апноэ, гипотензия, брадикардия, жүректің немесе тыныстың тоқтауы болуы мүмкін. Парадоксальды реакциялардың дамуы жиі балалар мен егде және кәрі науқастарда байқалады. Мидазоламды қабылдағаннан кейін бір тәулік бойы көлік жүргізуді бақаруда, сонымен қатар жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда сақ болу керек. Алкоголь ішімдіктерін қабылдауға болмайды, сонымен қатар басқа да ОЖЖ-нің тежелуін туғызатын заттарды, мидазоламды қолданғаннан кейін 24 сағат бойы қолдануға болмайды. Бірнеше апта бойы көп қолданғанда, үйренгіштік дамуы мүмкін (ұйықтататын ықпалы бір шама төмендейді), сонымен қатар дәрілік тәуелділік, тіпті терапиялық мөлшерде қолданғанның өзінде. Бірден доғарған кезде алып тастау синдромы даму мүмкін (бастың және бұлшық еттің ауруы, үрейлену, күш түсу, ауыр жағдайларда — деперсонализация, елестер және б.), сонымен қатар «қайта беру» феномені дамиды — бастапқы симптомдардың уақытша күшеюі (инсомния).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D. Жүктіліктің I үшайында кері көрсетілген және босану кезінде. II және III үшайында мүмкін, егер күтілетін ықпал ұрық үшін потенциальды тәуекелден басым болса.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Ішке, парентеральды.

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: ұйқышылдық, әлсіздік, бұлшық ет ауруы, эмоцияның тоқырауы, реакция жылдамдығының төмендеуі, бастың ауруы, бастың айналуы, атаксия, диплопия, антероградты амнезия (мөлшерге тәуелді), парадоксальды реакциялар (қобалжу, психомоторлы қозу, озбырлық және б.).

Басқалар: диспепсиялық көріністер, тері реакциялары, жергілікті реакциялар (эритема және егілген жердің ауруы, тромбофлебит, тромбоз). Тұрақтылықтың, дәріге тәуелділіктің, алып тастау синдромының, «қайта беру» феноменінің дамуы мүмкін («Сақтық шараларын» қара).

Парентеральды енгізуде: тыныс алу көлемінің және/немесе тыныс жиілігінің азаюы (23,3% науқастарда к/т енгізгеннен кейін және 10,8% б/е енгізгеннен соң), уақытша тыныстың (15,4% науқастарда к/т енгізгеннен соң) және/немесе жүректің тоқтауы, кейде өлімге әкелетін ықпалы — ықпалдар мөлшерге тәуелді болады және жиі егде жастағы созылмалы аурулармен бір мезгілде наркотикалық анальгетиктерді қолданғанда байқалады, сонымен қатар к/т тез енгізгенде болады; ларингоспазм, ентігу; шамадан тыс айқын тыныштандыру, тырысулар (шала туылған және нәрестелерде), абстинентті синдром (ұзақ к/т енгізгеннен кейін бірден алып тастау); вазодилатация, АҚ төмендеуі, тахикардия; жүректің айнуы, құсу, ықылық, іштің қатуы; аллергиялық, сонымен қатар терінің (бөртпе, есекжем, қышыну) және анафилактоидты реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы: Мидазолам.

Тофизопам

(Tofisopam)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Невроздар, психопатия, эмоциональды күш түсумен жүретін тұлғалық дамудағы патологиялық мінездемесі, вегетативті бұзылыстар, қорқыныш, апатия, белсенділіктің төмендігі, еліктірмелі уайымдалар; шамалы психопатологиялық симптомдардың реактивті депрессиясы, инициативтің болмауы, әлсіздік, кардиалгия (өздігінен немесе басқа препараттармен біріктіріліп қолдану), стенокардия, делириозды жағдайлар (қозуды және вегетативті симптомдардың дамуын басу), маскүнемдік абстиненция, климактериялық синдром; миастения, миопатия, неврогенді бұлшық ет атрофиясы және б. екіншілік невротикалық симптомдармен жүретін патологиялық жағдайлар, ол кезде миорелаксиялық әсері айқын анксиолитиктер кері көрсетілгенде. Ішке 50–100 мг/тәу (ең жоғарғы мөлшер 300 мг) 1–3 қабылдауға 4-12 апта бойы, біртіндеп доғару уақытын қоса есептегенде. Балаларда, егде және соматикалық ауруларда мөлшерін 2 есеге азайтады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, психоздар және айқын психомоторлы қозумен жүретін психопатия, озбырлық немесе терең депрессия, декомпенсирленген тыны алу жетіспеушілігі, экзантема, жүктілік (әсіресе I және III үшайында), емшекпен емізу (емделу кезінде доғарады), көңіл қоюды және тез реакцияны талап ететін белсенді қызмет түрлерімен айналысу (егер жұмыстан босату мүмкіндіктері болмаса).

Сақтандыру.

Аффективті-шок жағдайларында және терең депрессияда монотерапия ұсынылмайды, себебі симптомдардың жасырынуы және диагностиканың қиындауы мүмкін (біріктірілген белсенді антидепрессанттармен ем қолданылады). Емді бір реттік және тәуліктік мөлшерід төмендету арқылы аяқтайды (алып тастау синдромының алдын алу шаралары). Миастениямен ауыратын науқастарға үнемі дәрігердің бақылауымен тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Психомоторлы қозу, тітіркену, озбырлық, жоғары қозушылық, ұйқының бұзылуы, жүректің айнуы, гастралгия, тері қышынулары, экзантема.

Саудаға тіркелген атауы: Грандаксин.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]