- •Құрметті әріптестер!
- •Мазмұндамасы
- •Басылымға қатысушылар
- •Тіркеу тізімі анықтамасының құрау әдістемелігі мен қолданылуы туралы нұсқау
- •Қысқартулар мен шартты белгілердің тізімі
- •Тіркеу тізімі мақалалар бөлімінің мінездемелері
- •Дәрілік заттар тиімділігінің дәлелдемесі туралы қысқаша мәліметтер
- •Жүктілік және емшекпен емізу кезінде дәрілік заттарды қолдану
- •Дәрілік заттарды жазып беретін, дәрігерлерге жалпы нұсқау
- •1. Жансыздандырушы дәрілер (анестетиктер)
- •1.1 Жалпы жансыздандыруға арналған заттар және оттегі
- •Жанама әсерлері
- •Жанама әсерлері
- •1.2 Жергілікті жансыздандыру үшін қолданылатын препараттар
- •1.3 Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар
- •Мөлшерден тыс қолданғанда
- •2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.
- •2.1. Опиоидты емес анальгетиктер
- •2.2. Опиоидты анальгетиктер
- •2.3. Аяқ қақпаны, амилоидоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •2.4. Ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •4. Уланған кезде қолданылатын антидоттар мен басқа да субстанциялар
- •4.1. Арнамалы емес
- •4.2. Арнамалы антидоттар
- •5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Кері көрсеткіштері
- •6. Микробтарға қарсы және тоғышарларға қарсы дәрілік заттар
- •6.1. Құрттарға қарсы дәрілік заттар
- •6.2. Бактерияға қарсы заттар Антибиотиктерді клиникада қолданудың негізгі принциптері
- •Антибиотиктер тек келесі факторларды қарастырғаннан кейін барып талдануы тиіс:
- •Антибиотиктік алдын алу шаралары
- •Антибиотиктерді қолданудың тиімділік дәрежесін жоғарлату бойынша ұсыныстар
- •6.2.2. Басқа да бактерияларға қарсы заттар
- •6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.
- •6.3. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар.
- •6.4. Вирустарға қарсы заттар
- •6.4.1. Ұшық кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.4.2. Тұмауды емдеу және алдын алу шараларында қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.3. Созылмалы вирусты гепатит (свг) кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •6.4.4 Ретровирустарға қарсы дәрілік заттар (аиж -инфекциясын емдеу)
- •6.4.4.1. Нуклеозидті аив транскриптазасының қайтымды баяулатқыштары
- •6.4.4.2. Нуклеозидті емес қайтымды аив транскриптаза баяулатқышы
- •6.4.5. Жергілікті қолданылатын препараттар
- •6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.
- •6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар
- •6.5.3. Безгекке қарсы дәрілік заттар.
- •6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •7. Бас сақинасына қарсы дәрілік заттар
- •7.1. Жедел ұстамаларды емдеу үшін
- •7.2. Алдын алу шаралары үшін.
- •8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар
- •8.1 Иммносупрессивті препараттар
- •8.1.1. Антипролиферативті иммунодепрессанттар
- •8.1.2. Глюкокортикостероидтар
- •8.1.3. Моноклональды антиденелер
- •8.1.4. Басқа да иммунодепрессанттар
- •Цитотоксикалық заттар.
- •8.2.1. Алкилдеуші препараттар
- •8.2.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа днқ интеркаляторлары
- •8.2.3. Антиметаболиттер
- •8.2. 4. Өсімдіктерден алынған, сонымен қатар жартылай жасанды препараттар
- •8.2.5. Басқа да цитостатиктер
- •8.3. Гормонды және гормондарға қарсы препараттар
- •8.3.5. Антиэстрогендер
- •8.3.6. Антиандрогендер
- •8.4. Ісіктерге қарсы әсері бар, басқа топтағы фармакологиялық препараттар
- •8.5.1. Ферментті препараттар
- •8.4.2. Фитопрепараттар
- •8.5. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.
- •8.5.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты
- •8.5.2. Цитопротективті заттар (амифостин)
- •8.5.3. Иммунды түрлендірушілер
- •8.5.4. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэз белсендірушілер
- •8.5.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар
- •8.5.6. Арнамалы антидаттар
- •8.5.7. Құсуға қарсы заттар
- •9. Паркинсонизмге қарсы арналған дәрілік заттар
- •10. Қанға әсер ететін дәрілік заттар
- •10.1. Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
- •11. Қаннан алатын препараттар, плазманың орынын басушылар және парентеральді қоректенуге арналған заттар
- •11.1. Плазманың орынын басушы заттар
- •11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі
- •11.3. Парентеральды қоректенуге арналған заттар
- •12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары
- •12.1. Антиангинальды дәрілік заттар
- •Тұрақсыз стенокардия
- •12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар
- •12.3. Қан қысымына қарсы дәрілік заттар
- •Препараттарды талдау кезіндегі қалаулар
- •Қандай да бір топ препараттарының артықшылық жағдайы
- •Гипертензияға қарсы заттардың абсолюттік және айқын кері көрсеткіштері
- •Монотерапия немесе біріктірілген терапия?
- •Келесі біріктірулердің рандомизирленген зерттеулерде қабылданған дәлелдемелер деңгейі бар:
- •12.4. Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.5. Тромбаға қарсы дәрілік заттар
- •12.6. Артериялардың бітелу аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •12.7. Антихолестеринемиялық препараттар
- •13. Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдану үшін)
- •13.1. Зеңдерге қарсы дәрілік заттар
- •13.2. Бактерияларға қарсы дәрілік заттар
- •13.3. Қабынуға қарсы және қышынуға қарсы дәрілік заттар
- •13.4. Тұтқырлаушы дәрілік заттар
- •13.5. Тері беті жасушаларының жетілуіне және пролиферация үдерісіне әсер ететін дәрілік заттар
- •13.6. Битшеңдік пен қышыманы емдеуге арналған дәрілік заттар
- •15. Антисептикалық және зарарсыздандырғыш заттар
- •15.1 Антисептиктер
- •16. Несеп айдағыштар
- •17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар
- •17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар
- •17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар
- •17.3. Көтеуге қарсы заттар
- •17.4. Қабынуға қарсы заттар
- •17.5 Спазмолитикалық дәрілік заттар
- •17.7 Іш өту кезінде қолданылатын дәрілік заттар.
- •17.7.1. Пероральды регидратация үшін қолданылатын заттар.
- •17.7.2. Іштің өтуіне қарсы (симптоматикалық) дәрілік заттар.
- •17.7.3 Ішектің микроэкологиялық тепе-теңдігінің қалпына келуіне ықпалын тигізетін заттар
- •17.8. Ас қорыту ферменттерінің препараттары
- •17.9. Гепатопротекторлық әсері бар дәрілік заттар
- •18. Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және ұрықтануға қарсы дәрілер
- •18.1. Кортикостероидтар және жасанды аналогтары
- •18.2. Андрогендер
- •18.3. Ұрықтануға қарсы дәрілік заттар
- •Кері көрсеткіштері
- •Жанама әсерлері
- •18.4. Эстрогендер
- •18.5. Инсулиндер және басқа диабетке қарсы дәрілік заттар
- •18.6. Овуляцияны белсендірушілер
- •18.7. Прогестагендер
- •18.8. Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар
- •18.9. Гипофиздің гормондары, гипоталамиялық гормондар және олардың аналогтары
- •19. Иммуномодуляторлар. Цитокиндер.
- •20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары
- •21. Офтальмологиялық заттар
- •21.1. Бактерияға қарсы заттар
- •21.2. Қабынуға қарсы заттар
- •21.3. Жергілікті жансыздандырулар
- •21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар
- •21.5. Көз қарашығын кеңейтетін (мидриатикалық) заттар
- •21.6. Вирустарға қарсы заттар
- •22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар
- •22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар
- •22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар
- •23. Гемодиализ жүргізуге арналған ерітінділер мен тұздар, концентраттар
- •24. Психотерапевтикалық дәрілік заттар
- •24.1. Антипсихотикалық дәрілік заттар
- •24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар
- •24.2.1. Антидепрессанттар
- •24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
- •24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар
- •24.4. Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен абыржу атқылауы кезінде қолданылатын дәрілік заттар
- •24.5. Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дәрілік заттар
- •24.6. Бас айналуды шеттетуге арналған заттар
- •24.7 Лекарственные средства, применяемые для лечения синдрома нарушенного внимания и гиперактивности детей
- •25. Тыныс алу мүшелерінің аурулары кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар
- •26. Cу, электролиттер мен қышқылды-негіздік тепе-теңдік бұзылғанда түзетулер үшін қолданылатын ерітінділер
- •26.1 Пероральды ерітінділер
- •26.2 Парентеральды ерітінділер
- •27. Витаминдер және минеральды заттар
- •Таблетки 50 мг, 100 мг, 500 мг; раствор для инъекций 5%, 10%
- •Қосымша 1 Дәрілердің өзара әрекеттестігі
- •Дәрілік заттар әрекеттестігінің белгіленген ықпалдар тізімі
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3 Емшекпен емізу
- •Қосымша 4 Бүйрек жетіспеушілігі
- •Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен немесе қолдануға болмайтын дәрілік заттар кестесі
- •Қосымша 5 Бауыр жетіспеушілігі
- •Қосымша 6
- •Инструкция по проведению мониторинга побочных действий лекарственных средств
- •1. Общие положения
- •Қосымша 7 Фармакоэпидемиология
- •Қосымша 8 Фармакоэкономика
24.2.2. Биполярлы бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар
Биполярлы бұзылыстарды емдеу үш сатыдан құралады: жедел эпизодты емдеу, емді жалғастыру фазасы және келесі эпизодтарды болдырмаудың алдын алу шаралары. Лития препараты тұнжыр ойдың жедел кезінде тиімді, бірақ антиманикальды заттар өз әсерін көрсеткенше, продуктивті симптомдарды бақылауда антипсихотикалық немесе бензодиазепиндер жиі қажет болады. Бензодиазепиндерді бастапқы сатысында тағайындауға болады, лития препараттары өз ықпалдарын көрсеткенше, бірақ оларды тәуелділік даму тәекелімен байланысты, ұзақ қолдану керек. Лития препараттарын бір мезгілде антипсихотиктермен бірге тағайындауға болады, антипсихотиктермен емдеуді лития препараты өз ықпалын көрсеткен кезде доғарады. Бара-бар, антипсихотиктермен науқастың көңіл күйі тұрақтанғанша, лития препараттарымен емдеуді күте тұру керек. Бірақ бір мезгілде лития препараттары мен антипсихотикалық дәрілерді біріктіріп қолданған кезде, нейротоксикалық тәуекел мен экстрапирамидалық бұзылыстардың күшеюі жоғарлайды (1 қосымшаны қара). Лития препараттары — емнің негізі, бірақ олардың жеткіліксіздігіне тар терапиялық жол жатады. Натрия вальпроат тиімді, сонымен қатар карбамазепинді қолдануға болады.
Алып тастаған кезде аурудың қайталану мүмкіндігі жоғары. Егер лития препараттарын қолдануды доғару керек болса, мөлшерін бірнеше апта бойы біртіндеп төмендету арқылы доғарады, бірден доғарғанда аурудың қайталану мүмкіндіктерін науқасқа түсіндіріп айту керек.
Лития тұздары тар терапиялық/улы диапазонға ие және тек олардың сары судағы құнарлығын мониторинг жасау арқылы тағайындау керек. Қолданылған мөлшерден кейінгі 12 сағаттан соң барып алынған, сары су үлгілеріндегі құнарлығы 0,4-1 ммоль/л (төменгі деңгей – ұстап тұрушы ем үшін және егде жастағыларға) деңгейде болатындай, мөлшерде талдап тағайындайды. Әр науқасқа құнарлық деңгейі бойынша тағайындалуы керек.
Мөлшерден тыс, көбінесе құнарлығы сары суда 1,5 ммоль/ лития/л жоғарыда, өлімге әкелуі мүмкін, ал улы ықпалы ірі қозғалысты дірілдеуден, атаксиядан, дизартриядан, нистагмнан, бүйрек жетіспеушілігімен және тырысулармен жүреді. Егер осы ықпалдардың біреуі байқалса, емді доғару керек, сары судағы литий құнарлығын анықтау қажет, жеңіл мөлшерден тыс кезінде — үлкен мөлшерде сұйықтықты енгізу және улылықты төмендету үшін натрий енгізу; ауыр жағдайларда гемодиализ қажет болуы мүмкін.
Литиймен емделуге жауап бермеген науқастарға немесе оны көтере алмағанда, биполярлы бұзылыстардың алдын алу шаралары үшін карбамазепин қолданылуы мүмкін, әсіресе жиі циклді аффективті бұзылыстары бар науқастарда (төрттен артық аффективті эпизодтар).
Лития карбонат
(LITHII CARBONAS)
Шығарылу түрі. Таблеткалар, капсулалар 300 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Желікпелі фазадағы биполярлы психозА, желікпелі-депрессивті психоздың асқынуын алдын алу шараларында, психопатия және созылмалы маскүнемдік кезіндегі озбырлық, психотропты препараттарға үйренгіштік болғанда, жыныстық ауытқуларда, Меньера синдромы, бас сақинасы. Ішке, тамақпен бірге, сумен немесе сүтпен ішу. Ересектерге тағайындалынатын мөлшер, алдын алу шараларында 6 ай бойы үнемі қолданғанда қандағы құнарлығы 0,6-1,0 ммоль/л тепе-теңдікте болады; мөлшері 1 г/тәу құнарлығы 10-14 күнде тұрақтандырылады. Айқын жағдайы жақсарғанына қарамастан, аурудың қайталанбауы үшін, емді жалғастыру керек. Балаларда литийдің құнарлығы қанда 0,5-1,0 ммоль/л арасында болуы керек.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, бүйрек/бауырдың ауыр аурулары, ауыр жүрек-тамыр аурулары, жүктілік, емшекпен емізу (емшекпен емізуді доғару керек).
Сақтандыру.
Жіберілген мөлшер толықтырылмайды. Емді тоқтату қолдану арасын алшақтату және мөлшерін төмендету арқылы доғаруды ұсынады. Тұзды-су тепе-теңдігі бұзылғанда қолдануға болмайды (тұзсыз емдәм, натрийдің жеткіліксіздігі, диарее, құсу). Емге дейін Cl креатинин деңгейін (ол 0,17 мл/с артық болуы керек) және қалдық азот көлемін анықтау қажет, ЭКГ-сараптамасын жүргізу және қанның сараптамасын ЭТЖ анықтаумен бірге, кейін ретімен айына 1 рет жүргізу тиіс, қандағы литий деңгейін соңғы мөлшерді қабылдағаннан кейін бақылау керек.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы D. Қолдануға болмайды.
Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді, анасының қанындағы 50% құнарлықтан. Емделу кезінде емшекпен емізіуді доғару керек.
Жанама әсерлері
Диарея, жүректің айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, шамалы полиурия, бүйректің дисфункциясы, жүрек ырғағының бұзылуы, гемопоэздің тежелуі, қалқанша безінің қызметі, қолдың әлсіз дірілдеуі, ұйқышылдық, алопеция, акне.
Саудаға тіркелген атауы: Литосан-СР.
ВАЛЬПРОЕ ҚЫШҚЫЛЫ
(VALPROIC ACID)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар, капсулалар 150 мг, 300 мг, 500 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Жалпыланған талмалардың әртүрлері: кіші (жабырқану), үлкен (тырысулары) және полиморфты; дерт ошағы кезінде, балалар тартуында қолданылады.
Ішке, тамақ ішу кезінде немесе тамақтан соң. Ересектерге емнің басындағы тәуліктік мөлшері 0,3-0,6 г құрайды, 1-2 апта ішінде оны біртіндеп 0,9-1,5 г-ға жоғарлатады, бір ретті мөлшері ересектерге - 0,3-0,45 г. балалар үшін тәуліктік мөлшері - 15-50 мг/кг (бастапқыда - 15 мг/кг, кейін аптасына біртіндеп 5-10 мг/кг жоғарлатады).
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, "отбасылық" (вальпрое қышқылын қолданудан жақын туысынң қайтыс болуы), бауыр мен ұйқы безінің аурулары (кейбір науқастарда бауыр метаболизмі төмендеуі мүмкін), геморрагиялық диатез, жүктілік (I үшайында), емшекпен емізу (емізулі әйелдер емшекпен емізуді доғару керек).
Сақтандыру.
Жас балалар (бір мезгілде бірнеше тырыспаға қарсы дәрілерді тағайындау), сүйек жемігінің аплазиясы, жүктілік (соңғы мезгілдері).
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: Жүктіліктің І үшайында кері көрсетілген. Сонымен қатар жүктіліктің II және III үшайында мүмкін, егер күтілетін емнің әсері ұрық үшін потенциал тәуекелінен жоғары болса.
Емшекпен емізу: Емді қолдану кезде емшекпен емізуді доғару керек.
Жанама әсерлері
Жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазанның ауруы, анорексия немесе тәбеттің жоғарлауы, бауыр қызметінің бұзылуы, ұйқышылдық, дірілдеу, парестезия, естің шатасуы, шеткі ісінулер, қан кетулер, лейкопения, тромбоцитопения. Ұзақ қолданғанда – уақытша шаштың түсуі.
Саудаға тіркелген атауы: Депакин хроно, Конвулекс, Энкорат хроно.
Карбамазепин
(Carbamazepine)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 100 мг, 200 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Қояншыштар (petit mal басқа), желікпелі жағдайлар, жілікпелі-тұнжыраулы бұзылыстардың алдын алу шаралары, маскүнемдік абстиненция, үшкіл және тіл-жұтқыншақ жүйкесінің невралгиясы, диабеттік нейропатия.
Ішке, ересектерге — 100–1600 мг тәулігіне (аурудың көрсеткіштеріне және айқындылығына байланысты), балаларға — 10–20 мг/кг бірнеше рет қабылдауға тәулігіне.
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық (сол сияқты үшциклдік антидепрессанттарға да), AV тежелу, миелосупрессия немесе анамнезенде жедел порфирия, жүктілік (I үшайында).
Сақтандыру.
Емнің басында және емдеу үдерісі кезінде үнемі қанның (жасушалық элементтерін) және несеп анализдерін жасау, бауыр қызметінің көрсеткіштерін бақылау ұсынылады. Анамнезенде жүрек, бауыр немесе бүйрек аурулары болған кезде, гематологиялық бұзылыстар кезінде, көз қысымы жоғары болғанда, латенттік психозда, сыртқы белсендіргіштерге дұрыс жауап бермегенде, қозу, аралас сипатталатын тырысулармен мінезделетін ауруларда, егде жастағыларға, көлік жүргізушілерге және механизмді эксплуатация жасайтындарға сақтықпен тағайындайды. Емді бірден доғаруға болмайды. Әйелдерге қосымша фолий қышқылын қабылдау ұсынылады (жүктілік алдында немесе жүктілік кезде); жоғары қан кетулердің алдын алу үшін жүктіліктің соңғы аптасында және нәрестелерге К витаминін қолдану мүмкін.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Жүктіліктің І үшайында кері көрсетілген. Жүктіліктің ІІ және ІІІ үшайында қолдану мүмкін, егер күтілетін емнің ықпалы ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса.
Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді, анасының қанындағы 60% құнарлықтан. Емделу кезінде емшекпен емізіуді доғару керек.
Жанама әсерлері
Бастың айналуы, қозу, елестер, депрессия, озбырлық мінез құлық, психоздың белсенуі, бастың ауруы, диплопия, аккомодация бұзылыстары, көз бұршағының бұлғырлануы, нистагм, конъюнктивит, құлақтың шулауы, дәмдә сезінудің өзгерістері, сөйлеудің бұзылыстары (дизартрия, айқын сөйлемеу), ауытқыған еріксіз қозғалыстар, шеткі невриттер, парестезия, бұлшық ет әлсіздігі және сал симптомдар, AV тежелуі, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, гипер- немесе гипотензия, тромбоэмболия, бүйректің дисфункциясы, интерстициальды нефрит, жүректің айнуы, құсу, бауыр ферменттер деңгейінің жоғарлауы, сары ауру, гепатит, остеомаляция, жыныстың қатынас қызметінің бұзылуы, шамалы лейкопения, тромбоцитопения, қан түзілуінің бұзылыстары, гипонатриемия, мульти мүшелердің баяулатылған жоғары сезімталдық типтерінің реакциясы, эксфолиативті дерматит, қызыл жегі тәрізді синдром (тері бөртпелері, есекжем, гипертермия, тамақтың ауруы, буындардың ауруы, әлсіздігі), Стивенса — Джонсон синдромы, Лайелла, анафилактикалық реакциялар.
Мөлшерден тыс: Симптомдары: дезориентация, ұйқышылдық, қозу, елестер және кома, көрудің бұлынғырлануы, дизартрия, нистагм, атаксия, дискинезия, гипер-/гипорефлексия, тырысулар, миоклонус, гипотермия; тыныстың тежелуі, өкпенің ісінуі; тахикардия, гипо-/гипертензия, естің тануымен жүретін жүректің тоқтауы; құсу, тоқ ішектің моторикасының төмендеуі; сұйықтың жиналуы, олигоурия немесе анурия, зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі: гипонатриемия, метаболиттік ацидоз мүмкіндіктері, гипергликемия, креатининфосфокиназаның бұлшық ет деңгейінің жоғарлауы. Емдеу: құсуды демеу немесе асқазанду жуу, белсендірілген көмірді және тұзды ішті босататын дәрілерді, тездетілген диурезді тағайындау. Тыныс жолдарының өткізгіштігін ұстап тұру үшін — трахеяның интубациясы, жасанды тыныс алу және (немесе) оттегіні қолдану. Гипотензия немесе шок кезінде — плазманың орынын басушы, дофамин немесе добутамин, тырысулар пайда болғанда — бензодиазепиндерді енгізу (диазепам) немесе басқа тырысуларға қарсы дәрілерді (балаларда тыныстың тежелуін күшейту мүмкін, гипонатриемия даму кезінде — сұйықтықты шектеу, ақырын к/т изотониялық натрий хлоридінің ерітіндісін инфузия жасау. Ауыр уланудың бүйрек жетіспеушілігімен жүргенде гемодиализ көрсетілген. Арнамалы антидот жоқ. Басталудан кейін 2-ші және 3-ші күндері мөлшерден тыс симптоматикасының қайта күшеюін білу керек, ол препараттың баяу сіңірілуімен байланысты.
Жанама әсерлері: Зептол, Карбалекс, Карбамазепин, Тегретол, Финлепсин.
Ламотриджин
(Lamotrigine)
Шығарылу түрі.
Таблеткалар 25 мг, 50 мг, 100 мг
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
Талмалар: тырысулар (тонико-клоникалық), үлестік және жалпыланған, Леннокса — Гасто синдромы кезінде (басқа антиконвульсантты заттарға тұрақтылық кезде).
Ішке, 25–200 мг-нан тәулігіне (700 мг-нан тәулігіне); мөлшерін, жиілігін және қабылдау ұзақтығын жеке тағайындайды
Кері көрсеткіштері
Жоғары сезімталдық, бауыр қызметінің айқын бұзылыстары, бауыр жетіспеушілігі, жүктілік және емшекпен емізу, жас балаларға (12 жасқа дейін).
Сақтандыру.
Ламотриджинді бірден доғару кезінде талмалардың жиілеуін қолдау мүмкіндіктерін ескеру және мөлшерін біртіндеп төмендету керек.
Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.
Жүктілік: FDA категориясы С. Қолдану кері көрсетілген.
Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Емделу кезінде емшекпен емізуден бас тарту керек.
Жанама әсерлері
Бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, әлсіздіктің сезінуі, озбырлық, естің шатасуы, жүректің айнуы, бауырдың дисфункциясы, лимфаденопатия, лейкопения, тромбоцитопения, тері бөртпелері, ангионевротикалық ісінулер, Стивенса — Джонсон синдромы, терінің улы некрозы.
Мөлшерден тыс: Симптомдары: атаксия, нистагм, бастың айналуы, ұйқышылдық, бастың ауруы, құсу, коматозды жағдайлар. Емдеу: асқазанды жуу, белсендірілген көмір.
Саудаға тіркелген атауы: Ламептил, Ламиктал, Ламитор, Ламолеп.
