Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
88_formulyar_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.23 Mб
Скачать

22.2. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін тежейтін заттар

Фенотерол

(Fenoterol)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 5 мг; егуге арналған ерітінділер 0,5 мг/10 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бронхиальды демікпе, демікпелі бронхит, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, ерте босану қауіпі.

Ересектерге, 0,2 мг-нан тәулігіне 1–3 реттен, балаларға 6–12 жастағы — 0,1 мг-нан тәулігіне 1–3 реттен. Түсік қауіпі кезінде: к/т, 0,5 мг-ды 250-300 мл 5% глюкоза ерітіндісінде ерітіп, жылдамдығы минутына 15-20 тамшыдан жатыр жиырылуының белсенділігінің тежелуіне дейін енгізеді, кейін ішке 5 мг-нан әр 3–6 сағатта, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 40 мг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүрек ақаулары, аритмия, ЖИА, декомпенсирленген қант диабеті, тиреотоксикоз, глаукома, демікпелі статус, жүктілік (I үшайында).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік (II және III үшайында), емшекпен емізу, жас балалар (6 жасқа дейін).

Мөлшерден тыс: Симптомдары: тахикардия, жүректің соғуы, артериальды гипер- немесе гипотензия, пульстік қысымды жоғарлату, ангинальды ауырсыну, аритмия, бетке қанның толқып келуі, дірілдеу. Емдеу: тыныштандыратын заттарды, транквилизаторларды тағайындау, ауыр жағдайда — қарқынды терапия. Антидоттар ретінде кардиоселективті бета-адренотежегіштер (атенолол және басқалары) ұсынылады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: қолдың дірілдеуі, бастың айналуы, бастың ауруы, ашуланшақтық, әлсіздік. Жүрек қан-тамырлары мен қан (қанның түзілуі, гемостаз) жағынан: тахикардия, жүректің соғуы; жоғары мөлшерлерді қолданған кезде — дАҚ төмендеуі және сАҚ жоғарлауы, аритмия. Респираторлы жүйе мүшелері жағынан: жөтел, парадоксальды бронхоспазм. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу. Басқада: тершеңдік, миалгия және бұлшық ет спазмы, гипокалиемия, аллергиялық реакциялары.

Саудаға тіркелген атауы: Фенотерол.

Гексопреналин

(Hexoprenaline)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 500 мкг; егуге арналған ерітінді 10 мг/2 мл ампулада 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Акушерлік тәжірибеде: жедел жағдайларды емдеуде — босану толғағын тежеу үшін (дискоординирленген туу барысында, ұрықтың құрсақ ішіндегі жедел асфиксиясы); жатырды операция алдында немесе акушерлік араласуларда иммобилизация үшін (кесар тілігі, ұрықтың жатуын қолмен түзеткенде, кіндігі түскенде, асқынған туу барысы); ауруханаға түспеген кезеңдегі толғақты басу үшін. Ұзақ емдеу — жүктіліктің мерзімінен ерте туудың күшеюі немесе жатыр мойыны ашылмағанда алдын алу шараларында, жатыр мойынына операциялық араласуларда алдында және кейін.

Пульмонологияда: бронхиальды демікпе кезінде бронхообструктивті синдромды шеттету үшін және созылмалы обструктивті ауруларда, әртүрлі генезді бронхоспастикалық реакцияларда, бронхиальды демікпе ұстамаларының алдын алу шараларында.

К/т құю (баяу) немесе тамшылатып, ішке, ингаляциялық жолмен. Акушерлік тәжірибеде жедел жағдайларда — 10 мкг-нан 10 мл физиологиялық ерітіндіде немесе глюкозада к/т баяу енгізеді (5–10 мин), кейіннен көрсеткіштер бойынша к/т жылдамдығы 0,3 мкг/мин тамшылатып жалғастырады.

Ерте болған толғақтарды басу үшін — 10 мкг-нан к/т баяу құю, кейін — осындай мөлшерді к/т тамшылатып 500 мл физиологиялық ерітіндіде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде енгізеді.

Ұзақ емдегенде — 0,075 мкг/мин к/т тамшылатып, туу барысы 2 тәулік бойы басталмаған жағдайда, ішке 0,5 мг әр 3 сағат сайы қолдануды жалғастырады, кейін — әр 4–6 сағат.

Бронхообструктивті синдромды емдеу үшін ішке, 30 минут тамақтың алдында, ересектерге 1 табл. Тәулігіне 3 реттен, қажет жағдайда — 2 табл. тәулігіне 3 реттен немесе 1 табл. әр 4 сағатта. Балаларға: 3–6 айға — 1/4 табл. тәулігіне 1–2 реттен, 6–12 айға — 1/4 табл. 1–3 реттен тәулігіне, 1–3 жасқа — 1/4–1/2 табл. 1–3 ретен тәулігіне, 3–6 жасқа — 1/2 табл. 1–3 реттен тәулігіне, 6–10 жасқа — 1 табл. 1–3 реттен тәулігіне. Ингаляция жолымен — қарқынды терең дем алған уақытында мөлшерді шашып, кейін тынысты 6-8 сек. ұстайды, ересектер мен 3 жастан үлкен балаларға 1–2 мөлшерден жедел тұншығу ұстамаларын шеттету үшін, келесі ингаляция 30 минуттан кейін. Созылған тұншығу ұстамаларында және ингаляциялық және таблеткалық түрдің ықпалдары жеткіліксіз кезінде, к/т баяу құю немесе тамшылатып енгізу (200 мл физиологиялық ерітіндіде немесе 5% глюкоза ерітіндісінде) ересектерге 2 мл, ең жоғарғысы 4 мл, демікпелі статуста — 2 мл-ден тәулігіне 3–4 реттен. Балаларға 3–6 айлық — 1 мкг-нан, 6–12 айлық — 2 мкг, 1–3 жастағы — 2–3 мкг, 3–10 жастағы — 3–4 мкг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, сонымен қатар сульфиттерге, плаценттің алыдн ала бөлінуі, жатырдан қан кетулер, эндометрия инфекциясы, жүрек қан тамыр аурулары, тахиаритмиямен жүретін, миокардит, жүрек ақаулары (митральды, аортальды стеноз), кардиомиопатии, сонымен қатар идиопатиялық гипертрофиялық субаортальды стеноз, ЖИА, артериальды гипертензия, бауырдың және бүйректің ауыр аурулары, гипертиреоз, жабық бұрышты глаукома, жүктіліктің I үшайында.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қан диабеті бар кезде (қаның сары суында глюкоза деңгейін үнемі бақылап отыру керек) сақтықпен тағайындау (гипергликемия болуы мүмкін) керек. Емнің алдында калий препараттарын қабылдау, тамақ тұзы мен суды қолдануға шек қойылу көрсетілген. Жүктілік кезінде тағайындалғанда ананың және ұрықтың гемодинамикалық көрсеткіштерін бақылау қажет, фетоплацентарлы жиынтықты бағалау тиіс. Гексопреналинді антидепрессанттармен, кальций және витамин D3, минералокортикоидтармен біріктірілу ұсынылмайды.

Мөлшерден тыс: Симптомдары: қобалжу, мазасыздану, дистальды ұсақ қимылды дірілдеулер, тершеңдік, айқын тахикардия, жүрек ырғағының бұзылыстары, бас ауру, тершеңдік, кардиалгия, артериальды гипотензия, ентігу. Емдеуі: талдамсыз әсер ететін бета-адренотежегіштерді тағайындау (пропранолол).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, бастың айналуы, мазасыздану, бұлшық еттердің дірілдеуі, тершеңдік, тахикардия, қарынша экстрасистолиясы, жүрек тұсының ауруы, АҚ бірден төмендеуі, ішектің перистальтикасы мен атониясы, гипергликемия, трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы, гипокалиемия, диурездің азаюы, ісінулер; нәрестелерде гипогликемия және ацидоз, жедел бронхоспазм, анафилактикалық шок болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы: Гинипрал®.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]