- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •4.1. Иондаушы сәуле шығарулар. Радиация.
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.4. Химиялық қауіпті объектілердегі және химиялық төтенше жағдай.
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •4.5. Радиациялық және химиялық барлау.
- •6.2. Қызмет аймақтарындағы қауіптіліктерді төмендету принциптері.
- •6.3. Тіршілік әрекеті аймақтарындағы қауіпсіздікті іске асыру әдістері.
- •1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
- •2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
- •3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау
- •4. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
- •Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
- •Химиялық апаттардың топталуы.
- •5. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар
- •Жедел сәуле көздері
- •6. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
- •7. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
- •8. Көлiк апаттары
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •1. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •2. Химиялық қарудың жарылу ошағы
- •Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.
- •3. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі.
- •Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Су басу
- •Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Вулкан атқылауы
- •Опырмалар
- •3. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •4. Өрттің жалпы сипаттамасы.
- •2. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
- •Лекция-14. Тақырыбы: Жарақаттар
- •1. Жарақаттар түрі
- •2. Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •3. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буыннын таюы, сіңірдін созылуы
- •Алғашқы медициналық көмек
- •Бас жарақаты
- •Алғашқы медициналық жәрдем
- •Кеуде мен іштің зақымдалуы
- •Сүйектің сынуы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
- •Лекция №15 Лекция тақырыбы: Жаралар
- •1. Жаралар, жаралар инфекциясы
- •2. Жарақаттар кезінде асқынушылық
- •3. Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі
- •4. Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек
- •5. Қан кетуі
- •Пайдаланылған оқулықтар мен web сайттар тізімі
6.2. Қызмет аймақтарындағы қауіптіліктерді төмендету принциптері.
Кәсіпорында қауіптілік деңгейіне талдама жүргізіледі, кәсіпорында қауіптілік деңгейінің төмендеуі жүргізілген қауіптіліктің жалпы деңгейі көрсеткіштері анықталады, оң тенденция анықталады, сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын басқа кәсіпорындар үшін оң тәжірибені пайдалану бойынша ұсынымдар зерделеніп өңделеді.
Болу негізінде декларациялау жүргізілген қатер факторын тарату кезінде декларацияланатын объектілер үшін аса қауіпті объектілер санатынан шығу кезінде ұйымда өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығарумен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлға алдында жыл сайынғы сақтандыру қажеттілігін болдырмаумен жоспарлы мемелекеттік басқаруды 3 жылда 1 рет тексерумен өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы бастамасын жүргізу ұсынылады.
6.3. Тіршілік әрекеті аймақтарындағы қауіпсіздікті іске асыру әдістері.
Осы әдіс «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңының 4-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес өңделді және қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануға жолданды.
Әдістер өнеркәсіп қауіпсіздігі жағдайын статистикалық талдау тәсілі және оның негізінде қауіпті өндірістік факторларды таратуға немесе оның қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуге бағытталған шаралар өңдеулерін, қабылданған техникалық шешімдер бағытын береді.
Талдама жүргізуге ыңғайлы болу үшін әдістемемен «алаңдардың суперұстанымдары» тәсілі ұсынылады, яғни Заң нормалары талдау элементтерін жалпы схемаға салу нәтижесі бойынша жалпы сурет қалыптастырумен элемент бойынша талданады.
Талдаманың барлық элементтері үшін келесі кезеңдерден тұратын, статистикалық талдама жүйесі пайдаланылады:
Жекелеген қауіпті өндірістік объектілерде болған авариялар, оқиғалар туралы ақпарат, жарақаттану, кәсіби ауру, авария, негізгі қордың тозуы туралы мәлімет жинау, яғни қауіпті өндірістік объектілер бойынша болған келеңсіз құбылыс туралы статистикалық деректер жинау.
Келеңсіз құбылыстар себебі болған ұйымдастыру-техникалық себептерді элементтерге бөлу.
Жүйелі сипаты бар келеңсіз құбылыстарға соқтыратын себепті-салдарлы байланыстарды анықтау:
- осы объектіде;
- өндіріс технологиясы бірдей объектілерде;
- жалпы сала бойынша.
Жүйелі сипаты бар келеңсіз құбылыстарға соқтыратын себепті-салдарлы байланыстарды тарату бойынша ұсынымдарды өндіру:
- нақты объектіде;
- бірдей технологиялы объектіде;
- жалпы сала бойынша.
Келеңсіз құбылыстар себебін жою бойынша ұсынымдар талқылау мен өндіру бойынша сала мамандарымен техникалық кеңестер өткізу.
Техникалық кеңестің сала мамандарының ұсынымдарын есепке алумен келеңсіз құбылыстар себептерін түзету бойынша нұсқаулар қабылдауы.
Техкеңестің нұсқауларын мемлекеттік ұйымдар, шаруашылық субъектілер жүзеге асырады.
Жүзеге асырылған нұсқаулардың тиімділік бағасы, өндірістік объектілердің қауіптілік деңгейін төмендету бойынша бұдан әрі шаралар өндіру.
Бақылау сұрақтары:
1 .Апаттың пайда болу себептері
2. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.
3. Әсері күшті улы заттар(ӘКУЗ).
7-лекция. Тақырыбы: Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу.
Жоспары: 7.1.Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Техногендік тектегі төтенше жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды топтау.
Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар және оларды топтау.
Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар.
Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар
Өртті сөндіру құралдары мен жолдары.
Көлік апаттары.
Мақсаты: Студенттерге табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың теориялық негіздерін, жер сілкінісі, қар көшкіні, сел, дауыл, табиғи өрттер және т.б. апаттардан сақтану жолдарын түсіндіру.
Төтенше жағдайлар және оның түрлері.
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады..
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінсі, ал қалған 25 % - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі денгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Техногенді апат дегеніміз - өндірістік процестердің күрделі бұзылуларына, жарылыстарға, өрт ошақтарының шығуына үлкен аймақтардың радиоактивті, химиялық және бактериялық заттармен залалдануына, көп адамдардың өміріне қиылуына апаратын техниканың, машиналардың механизмдердің және агрегаттардың жұмыс кезінде бірден істен шығып қалуын айтады.
