Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TKN_Lektsia_tezister(1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835.07 Кб
Скачать

3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар

Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы қатерді басқаруға ауыстыру қауіпті өндірістік факторларға қойылатын қолжетімділікті өзгертуді талап етеді.

Қауіпті өндірістік объектілерді жобалау кезінде өндірістік процесске тән қабылданған барлық қауіпті өндірістік факторлар ескерілуі, олардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер етуінен қорғау бойынша жобалық шешімдер өңделуі тиіс.

Жобалық шешімдерді талдау кезінде қабылданған технологияға тән барлық қауіпті өндірістік факторларды есепке алудың толықтығына, қызметкерлерді, жұртшылықты, қоршаған ортаны олардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданған жобалық шешімдердің жетімділігіне назар аударылады.

Қауіпті өндірістік объектілерде келеңсіз құбылыстарды талдау кезінде қауіпті өндірістік объектілерді зақымдайтын әсерлерден қорғау бойынша қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігіне назар аударылады.

Талдау кезінде қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсері бағасының толықтығына назар аударылады, қауіпті өндірістік факторлар бойынша олардың зиянды әсері дәрежесі бойынша салыстырмалы талдама жүргізіледі, анағұрлым көп зиянды әсері бар факторлар бойынша шаралар қабылдау басымдығы, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қызметкерге, жұртшылыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету немесе тарату бойынша шаралардың тиімділігін бағалау.

2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу

Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу нақты объектілер мен аумақтарда қолданылатын қатер факторлары бойынша толық ұсынымды қалыптастыру үшін қажет, қызметкерді, жұртшылықты, аумақты, қоршаған ортаны оқиға, авария, диверсия, әскери әрекет, техногендік төтенше жағдайлар кезінде қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғауға қойылатын жүйелі кешенді қолжетімдікті өндіруге мүмкіндік береді.

Қауіпті заттарды қауіпті өндірістік объектілерде тасымалдау мониторингі жоспарлау және олардың адамға, қоршаған ортаға және жалпы биосфераға зиянды әсерін таратуға жедел әрекет етуге дайындықты, осы заттар пайдаланылатын объектілердің жағдайын мемлекеттік бақылау толықтығын қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан ерекше маңызға ие.

2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі

Заңмен өндірістік объектінің қауіптілік деңгейінің бағасы сәйкес коэффициент бойынша көзделген:

1) жазатайымоқиғалар жиілігі;

2) жазатайымоқиғалар ауырлығы;

3) өлімге соқтыратын жарақат жиілігі;

4) кәсіби ауру;

5) негізгі қордың тозуы;

6) негізгі қорларды ауыстыру;

7) қауіпті өндірістік объект авариялығы.

Өндірістік объектілердің барлық санамаланған қауіпті факторлары қоғамды мүдделік тұрғысынан келеңсіз сипатқа ие және қауіптіліктің жалпы деңгейі көрсеткішінің үлкеюі қажетсіз сипат болады.

Өндірістік объектінің қауіптілік деңгейінің талдамасы коэффициенттер деректері бойынша анағұрлым анық, өйткені олар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша объектте барлық қызметтің соңғы нәтижесін көрсетеді. Талдаманы ұйымдағы бар барлық қауіпті өндірістік факторлар бойынша жүргізу ұсынылады.

Өндірістік факторлар қауіптілігі деңгейінің өзгеру динамикасына байланысты ұйым бойынша тұтас өндірістік объектінің қауіптілік деңгейінің өткен талдам жүргізген кезеңмен салыстыру бойынша 3 нұсқасын қарау көзделеді:

қауіптілік деңгейінің төмендеуі;

қауіптілік деңгейін сол мәнде сақтау;

қауіптілік деңгейінің жоғарылауы.

Кәсiби ауру - қызметкердiң еңбек (қызмет) міндеттерiн орындаумен байланысты оған өндiрістік факторлардың әсер етуiнен туындаған және оларға кәсіптік еңбек ету қабілетін уақытша немесе тұрақты жоюға соқтырған созылмалы немесе қатты ауруы.

Кәсіби ауру - жыл бойында қайтадан анықталған кәсіби аурулар мен уланулар санының өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларының әсеріне тартылатын 100, 1000, 10000, 100000 жұмыс істеушілерге есептелген көрсеткіші.

Қатты кәсіби аурулар мен улануларға – рұқсат берілген шоғырлану немесе рұқсат берілген деңгейден шамалы асқан кезде зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бір реттік (бір жұмыс ауысымынан артық емес уақытта) әсерінен кейін бірден пайда болған аурулар жатады (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» N 74-ө бұйрығы).

Созылмалы кәсіби ауруларға (улануларға) зиянды заттардың, қауіпті және жағымсыз өндірістік факторлардың ұзақ мерзімді әсері нәтижесінен туындаған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануларға) сондай-ақ, қатты және созылмалы кәсіби аурулардың (нервтік, жүрек қан тамырлары, гепатобилиарлы және басқа жүйелердің әртүрлі өндірістік улармен улануынан кейін тұрақты органикалық өзгерулері) жақын және алыс салдары жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]