- •2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.
- •3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар
- •2.2 Қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу
- •2.3 Өндірістік объектілер қауіптілігінің мониторингі
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •4.1. Иондаушы сәуле шығарулар. Радиация.
- •4.2 Сыртқы және ішкі сәулелену
- •4.3 Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.
- •4.4. Химиялық қауіпті объектілердегі және химиялық төтенше жағдай.
- •4.5. Радиациялық және химиялық барлау.
- •6.2. Қызмет аймақтарындағы қауіптіліктерді төмендету принциптері.
- •6.3. Тіршілік әрекеті аймақтарындағы қауіпсіздікті іске асыру әдістері.
- •1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
- •2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
- •3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау
- •4. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
- •Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
- •Химиялық апаттардың топталуы.
- •5. Радиациялық қауіпті обьектілердегі апаттар
- •Жедел сәуле көздері
- •6. Өрт және жарылыс қаупі бар обьектілердегі апаттар
- •7. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
- •8. Көлiк апаттары
- •Опырмалар
- •Қар басу.
- •Табиғи өрттер.
- •1. Ядролық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •2. Химиялық қарудың жарылу ошағы
- •Бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар.
- •Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру.
- •3. Жұмыс істеушілер мен халықтың жер сілкіністері кезіндегі тәртібі.
- •Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Су басу
- •Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
- •Вулкан атқылауы
- •Опырмалар
- •3. Адамдардың инфекциялық науқастығы
- •4. Өрттің жалпы сипаттамасы.
- •2. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
- •Лекция-14. Тақырыбы: Жарақаттар
- •1. Жарақаттар түрі
- •2. Жарақаттан естен тану туралы түсінік
- •3. Дененің сыдырылуы, тілінуі, буыннын таюы, сіңірдін созылуы
- •Алғашқы медициналық көмек
- •Бас жарақаты
- •Алғашқы медициналық жәрдем
- •Кеуде мен іштің зақымдалуы
- •Сүйектің сынуы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек
- •Лекция №15 Лекция тақырыбы: Жаралар
- •1. Жаралар, жаралар инфекциясы
- •2. Жарақаттар кезінде асқынушылық
- •3. Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі
- •4. Жараланған кездегі алғашқы меднциналық көмек
- •5. Қан кетуі
- •Пайдаланылған оқулықтар мен web сайттар тізімі
4. Өрттің жалпы сипаттамасы.
Өндірістегі және тұрмыстағы өрттер мен жарылыстар
Өрт дегеніміз адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, сондай-ақ материалдық шығындарға ұшырататын бақылаусыз жану процесі.
Жану деп жанғыш заттар мен материалдардың жану өнімдеріне айналуының қарқынды түрде жылу мен жарық бөле жүретін күрделі физика-химиялық процесін айтамыз.
Барлық дерлік органикалық заттардың жану процесі негізінде ауа оттегісінде тотығып, СО2 және Н2О бөле жүретін химиялық реакциясы жатады.
Өрттердің негізгі сипаттамалары.
1) Жылу және жану өнімдерін бөле жүреді;
2) Жану аймағына ауа оттегісінің келіп тұруын және газ тәріздес жану өнімдерінің алыстап кетуін қамтамасыз ететін газ алмасу процесі өтеді;
3) Жану аймағынан шығатын жылу қоршаған ортаға және жанғыш материалдарға тарайды.
Өрт кезінде қауіп туғызушы факторларға мыналар жатады:
1. Ашық от пен ұшқынның болуы (тері, тыныс мүшелерінің күйігіне ұшыратуы мүмкін);
2. Айналаның және заттардың жоғары температурасы;
3. Жанудың және термиялық ыдыраудың токсикалық өнімдері (СО, СО2);
4. Түтін (түтіннің құрамында әр түрлі дисперстік қоспалар болады. Өткір иісті және айналаны барлауға кедергі жасайды);
5. Оттегі концентрациясының төмендеп кетуі;
6. Бүлінген құрылғы, аппарат, құрылыстық конструкциялардың жарықшақтарынан төнуі мүмкін қауіптер;
7. Конструкциялардың ток өткізгіш бөліктерінде жоғары кернеуліктің пайда болуы салдарынан туындауы мүмкін электр тогы;
8. Өрт нәтижесінде болуы мүмкін жарылыс салдары;
9. Өрт сөндіргіш құралдар.
Жану тҥрлері: гомогенді және гетерогенді.
Гомогенді - жанғыш зат пен тотықтырғыш 1 фазада (газ) болады, жану өнімдері де.
Гетерогенді – жанғыш зат қатты немесе сұйық зат болады, ал тотықтырғыш – газ фазасында.
Жануға қабілеттілігі бойынша заттардың жіктелуі:
- Жанбайтын – ауада өздігінен және жану көзінде жануға қабілеті жоқ заттар;
-Қиын жанатын – жану көзінде және оған жақын маңда жануды қолдайтын, бірақ өз бетімен жана алмайтын заттар;
-Жанғыш (тез тұтанатын) – өздігінен тұтанатын, жану көзі әсерінен жанатын және ол көзден алыстатқан кезде де өз бетімен жана беретін заттар.
Өрттердің жіктелуі
І. Жанғыш зат материалының түріне байланысты:
А класы – қатты заттар жанады
В класы – сұйық заттар жанады
С класы – газдар жанады
D класы – металдар жанады.
ІІ. Ауданының өзгеруі бойынша:
Таралатын өрттер;
Таралмайтын өрттер.
ІІІ. Масштабтары бойынша:
Жекеленген – 1 ғана ғимарат немесе имарат өртенетін болса;
Жалпылай - бірнеше ғимарат немесе имарат өртенетін болса;
Жаппай - Жекеленген+ Жалпылай.
IV. Қоршаған ортамен масса және жылу алмасудың болуымен байланысты:
Ішкі өрттер – қоршау ішіндегі;
Ашық өрттер – ашық алаңдағы,
Өрт-жарылыс қауіпті нысандар (ПВОО) – өрт немесе жарылыс шығуының себепшісі болып табылуы мүмкін өнімдерді өндіретін, сақтайтын немесе тасымалдайтын өндіріс орындары, әлде көліктік нысандар.
Ғимараттар мен ғимараттардың жіктелуі.
Өртке төзімділік (тұрақтылық) қасиеттеріне байланысты ғимараттардың 5 дәрежесі белгілі:
1 – барық конструкциялық элементтері жанбайтын материалардан жасалған және өртке тұрақтылығы жоғары (1,5 – 3 сағат бойында);
2 - барық конструкциялық элементтері жанбайтын материалардан жасалған, бірақ өртке тұрақтылығытөмендеу;
3 – негізгі конструкциялық элементтері (ішкі қабырғалары) жанбайтын материалардан жасалған, ал қабаттар арасындағылары, жабындары – қиын жанатын материалардан жасалған;
4 - барық конструкциялық элементтері қиын жанатын материалардан жасалған;
5 - барық конструкциялық элементтері жанғыш материалардан жасалған.
Өрт сөндіру.
Өрт сөндіру кезінде есте ұсталуы қажет ең басты міндеттер:
- Адам өмірі мен денсаулығын қорғау;
- Материалдық құндылықтарды сақтап қалу;
- Өртті тоқтату (жою).
Өрт сөндірудің негізге ұсталатын прициптері (өздігінен қарастыру);
1) Әрекеттесуші заттарды салқындату;
2) Әрекеттесуші заттарды жану аймағынан алып кету;
3) Әрекеттесуші заттар концентрацияларын жанбайтын концентрацияларға дейін сұйылту (О2 келуіне жол бермеу);
4) Жану реакциясын химиялық тежеу.
Өрт сөндіру периодтары – жинақтау және жою.
Егер адамдар мен жануарларға еш қауіп төнбейтін болса, жарылыс болу мен қираулар қаупі жоқ болса, өрттің одан әрі өршуіне жол берілмейтін болса және оны қолда бар құралдар мен күшпен толық жою мүмкіндігі жоғары болса - өрт жинақталған деп есептеледі.
Егер жану тоқтатылған болса, сондай-ақ оның қайтадан пайда болып, өршіп кету мүмкіндігі мүлдем болмаса - өрт жойылған деп есептеледі.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын заттар (ӨСЗ).
Жіктелуі.
1. Агрегаттық күйіне қарай сұйық, көбік тәріздес, ұнтақтар және газ тәріздес заттар болып бөлінеді.
2. Өрт сөндірудің негізге ұсталатын прициптердің қайсысына жататынына байланысты:
салқындату, жану аймағынан алып кету, сұйылту, химиялық тежеу принципіне негізделген ӨСЗ болып бөлінеді.
ӨСЗ-на қойылтын талаптар
Аз шығындалып, эффективтілігі жоғары болуы керек;
Қол жетімді, арзан және қолдануға жеңіл болуы керек;
Қоршаған ортаға зиянын тигізбеуі керек.
СУ.
Су және сулы ерітінділер сұйық ӨСЗ-на жатады. Су әмбебап, қол жетімді және эффективтілігі жоғары зат. Суды өрт сөндіру үшін қолданған кезде әрекеттесуші заттарды салқындату принципі қолданылады.
Алайда сумен сөндіруге болмайтын өрттер де болады:
1) Егер су жанғыш заттармен химиялық реакцияға түсіп, нәтижесінде жылу немесе басқа да жанғыш компоненттер түзілетін болса (кейбір қышқылдар мен сілтілер);
2) Егер жану процесі өте жоғары температураларда өтетін болса (1800÷2000С – металдардың жануы), себебі мұндай температурада су молекулалары диссоциациялануға ұшырап, өртті сөндірудің орнына, керісінше, оны одан сайын өршіте түсуі мүмкін иондар түзеді (сутегі, гидроксид-ион (оттегі));
3) Егер қауіпсіздік толық қамтамасыз етілмейтін болса (мысалы, жоғары кернеулікті электр құрылғысында өрт шығатын болса – өмір үшін өте қауіпті);
4) Егер ауа температурасы өте төмен болса – себебі оның қату темпераурасы төмен, сол себепті қиындық туғызады.
5) Егер тығыздығы судың тығыздығынан кем болып келетін жанғыш сұйықтықтардан өрт шығатын болса – мысалы, мұнай өнімдері жанған кезде.
Жарылыс салдарынан туындаған қоршаған ортадағы қысымның, тығыздықтың, температураның кенет көтерілуімен сипатталатын қозғалыс жарылыс толқыны деп аталады.
Зақымдану аймақтарының радиустары бірнеше км-ге жетуі мүмкін. Жарылыс әсерінің 3 зонасы белгілі:
І зона – детонациялық толқын әсері – интенсивті түрді талқандау – барлық конструкциялар бұзылып, өте үлкен жылдамдықта жан-жаққа ұшады.
ІІ зона – жарылыс өнімдерінің әсері – ғимарат-имараттар жарылыс өнімдері әсерінен бүлінеді, зонаның сыртқы шекарасында соққы толқын п.б-ады
ІІІ зона - соққы толқын әсері (а- күшті; б - орташа бұзылулар зонасы; в – әлсіз бұзылулар зонасы)
(ауаның жылдам соққысы жоғары қысымда және аса үлкен күшпен жүреді – ішкі мүшелерді зақымдайды, қан-тамырлары жарылады, ми шайқалады, сүйек шығу, сыну)
Жарылыс себептері (Өндірісте):
- өнеркәсіптік құрылғылардың, аппаратураның қирауы, бүлінуі, құбырлардың жарылуы;
- технологиялық режимдердің бұзылуы (қысымды температураны шамадан тыс асыру, т.б.);
- өнеркәсіптік аппаратураның дұрыс жұмыс істеуін үнемі бақылауда ұстамау, уақтылы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі.
Тұрмыста:
- азаматтардың, балалардың қателіктері (газ жарылыстары);
- лаңкестік әрекеттер (жертөлелерде, туннельдерде, метрода, қоғамдық орындарда, көліктерде қолдан жасалған жарылғыш заттар қолдануы мүмкін)
белгісіз (иесіз) түйіншек, тартылған шнур, сым, сөмке, қорап, ойыншық т.б. (сағат механизмі орнатылған б-уы мүмкін)
Жарылыстың ғимараттар мен имараттарға әсері.
Ғимараттар жарылыс әсерінен мынадай дәрежедегі бүлінулерге ұшырайды:
- Толығымен – барлық конструкциялар қираған, қалпына келтіру мүмкін емес – адамдар өледі;
- Күшті – негізгі конструкциялар айтарлықтай қираған, қабырғалар, аралық жабындар қираған – 50% -өледі, қалғаны аса ауыр жарақаттар алады.
- Орташа - негізгі конструкциялар деформацияланған, шатыр, қабырғалар айтарлықтай қираған, көптеген сызаттар, қалпына келтіру мүмкіндігі бар - -“-.
- Әлсіз – есік-терезе сынуы мүмкін, коммуналдық, энергетикалық желілер бүлінген, айтарлықтай қираулар жоқ, қалпына келтіруге болады – адамдар ұшқындардан, жарықшақтардан әйнек сынықтарынан жарақаттар алуы мүмкін.
Адамға әсері:
- Соққы толқын әсерінен болатын зақымдану дәрежелері:
- Жеңіл – жеңіл контузя, уақытша құлақтың естімей қалуы, қол аяқ жарақаттары, сүйектердің шығуы;
- Орташа – ми шайқалуы, есту мүшесінің зақымдануы, құлақ-мұрыннан қан кету, қол аяқ сүйектерінің шығуы, сынуы;
- Ауыр – бүкіл ағзаның күшті контузиясы, ішкі мүшелер мен миға зақым келу, ауыр сүйек сынулары, өлімге душар етуі де мүмкін;
- Аса ауыр – әдетте өмірмен қош айтыстыруға алып келетін аса ауыр жарақаттар.
13-лекция. Тақырыбы:Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері.
Жоспары: 1. Апаттан құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды басқару негіздері
2. Құтқару және шұғыл жұмыстар тізбесі
Мақсаты: Зардап шеккен жердегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру, апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар жөнінде түсінік қалыптастыру.
Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.
Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.
Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек.
Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.
Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау астынан шығару бойынша алынған тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі.
Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ және су жүйелерін ажырату болып табылады.
Зардап шеккен жердегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары.
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні, оның тездігінде, тиімділігінде. Құтқару жұмыстарына :
• көмекке келген күштсрдің жүрер жолын барлау;
• жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;
• апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;
• құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру, оларды шығару;
• зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
• халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
• адамдарды олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;
• территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыстарға мыналар жатады:
• ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау;
• аппаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
• бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;
• қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
• көше бойында кауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
• құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу;
Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар.../ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.
Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсету, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында ер адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.
Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек.
Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.
Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды кауіпті жерден алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршалады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды.
Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы корск.
Табиғат дүлейіне - су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б. жатады.
Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар, Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен салынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар.
Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жинастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіру жұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.
Егер қажет болса халық қауіпсіз ауданға көшіріледі, мысалы, Чернобыль атом станциясы 30 км ары көшірілді. Барлық жағдайды анықтағаннан кейін тез арада сол жерге жасақшылар, арнайы қызметке кірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т. б./ келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.
Медициналық көмек корсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі.
Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық гигиеналық шаралар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырған адамдарды құтқару жұмыстары тез ұйымдастырылады.
Бұл жұмыс еш үзіліссіз адамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеуі керек.
Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды.
Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар.
Жоғарыда айтылғандай апат болған жерге келген жасақшылар АҚ бастығына барып өздерінің келгендерін баяндап, одан тапсырма алады. Осы тапсырманы орындау үшін өзі /жасақшылар командирі/ жағдайды түгел түсінуі керек, себебі өзі білмей тұрып ол тиімді шешім ала алмайды.
Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмысты, оның көлемін, басқалармен ара қатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар істелетінін анықтап айтады. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштерді қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдаланатындығы, осының барлығы өзіне және қарауындағы адамдарға белгілі болуы қажет.
Ең бастысы - адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болса ол жерден көшіру /эвакуация/ болып табылады. Көшірілген адамдар қай елді мекенге апарылатыны белгілі болуы керек.
Жасақшылар командиріне жұмысты қашан бастауы керек, оларды ауыстыру, қайда жиналатыны т.б. мәселелерді анықтап алуы керек. Жұмысқа бұйрық берілген соң кіріседі. Бұйрықтар, қысқаша әрі түсінікті, анық жазылуы керек. Жұмыс кезінде оның барысын бақылап отыру да командирдің міндеті. Егер жағдай өзгеретін болса, онда қосымша міндеттер қойылуы, істелетін жұмыс, техниканы бекітуде өзгерістер т.б. болуы мүмкін.
Жасақшылар командир іс-жайды түгел біліп, бақылап отыруға міндетті.
Мысалы: су тасыған жағдайды алайық, сол кезде не істеуіміз керек, қалай істелінеді. Су тасығанда алдымен адамдарды құтқару жұмыстары қолға алынады.
Ол үшін барлау қызметі іске кіріседі. Бұл жұмысқа тез жүретін катерлер, тікұшақ немесе ұшақ бөлінеді. Суда қалып, зардап шеккендерге жүзгіш құралдар, құтқарушылар жіберіледі. Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушыларды құтқару құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар жасау, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмыста істегенде де кауіпсіздік шараларын сақтап адам шығыны болдырмауға тырысу керек.
Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің /Уран-235, плутоний-239/ тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті млн-даған тоннамен есептеледі.
Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады:
• ауа толқынының соққысы;
• жарықты сәулелену /светоное излучение/;
• өткір радиация /проникающая радиация/;
• радиоактивтік ластану /радиоактивное заражение/;
• электромагниттік импульс /электромагнитное поля/.
Ауа толқынының соққысы - жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшандықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы.
Мысалы: 1 мегатонна күшпен жарылыста ауа толқынының жылдамдығы 9 сек-5 км, 22 сек-10 км жетеді Осындай қозғалыста ол кез-келген техниканы, өндіріс құралдарын қиратады: ал адам ауа толқынынан зардап шегетіндігі өз алдына, сынап заттардың ұшқынына жарақаттанады. 1 шаршы см-ге 1 кг күш түскенде ауа толқыны зор зардап әкеледі. Бұл ауаның қозғалу шапшаңдығы секундына 100 метрге жетеді. Егер 1 шаршы/см-ге 0,2-0,4 /200-400 гр/ салмақ түсетіндей күш болса адам жеңіл жарақат алады /бас айналу, құлағы шулау, бас ауру/. 1 ш/см 0,5 /500 гр/ салмақтан асып кетсе, адам контузияға ұшырап, мұрыннан, құлақтан қан кетіп, сүйектері сынуы мүмкін.
Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі.
Қорғаныс ғимараттарына адамдарды қабылдап, орналастыруды және ол жердегі тәртіпті қамтамасыз етуді, панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамының жұмысын ұйымдастыруды осы қорғаныс ғимараттарының коменденты-командир жүргізеді.
Қорғаныс ғимараттарына келген адамдардың жеке қорғаныс құралджары (газ қағаз, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз су қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті заттары мен құжаттары болуы тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.
Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі. Олар, мүмкіншілігінше, жеке бөлмелерге немесе арнайы бөлінген жерге орналасады.
Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының үкімін мүлтіксіз орындауға, ғимраттағы тәртіпті сақтауға тиіс.
Қорғаныс ғимаратында әрбір адамның жатып ұйықтап демалуы кезекпен ұйымдастырылады.
Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға, рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын, инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігі мен жабдықтарын рұқсатсыз алуға, белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тиым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұқбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.
Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар противогаз бен теріні қорғау құралдарын киеді.
Қорғаныс ғимаратынан шығу, сырттағы жағдаймен түсетін әмірлер және дабылджар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін, оның бұйрығы бойынша жүргізіледі. Кіретін және апаттық шығар жер үйінді астынд қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отырып, оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңылау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан әрі жалғастырады. Апаттық шығар есік ашылған соң, адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару ұйымдасқан тәртіппен жүргізілуі керек: әуелі сыртқа бірнеше адам шығып, өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі.
