Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TKN_Lektsia_tezister(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835.07 Кб
Скачать

Өндірістік улардың организмге әсері

Қандай да болмасын зиянды заттың тигізетін әсеріне организмнің қайтаратын жауабын организм мен у арасындағы өзара қатынастың нәтижесі деп қарастыру керек.

Өнеркәсіптік улар организмге әр түрлі және күрделі әсерлерін тигізе отырып, жалпы патологияларда белгілі: қабыну, дистрофиялық өзгерістер, аллергия, қызба, қатерлі ісік процестері, ұрық дамуының бұзылуы сияқты патологиялық процестерді тудырады.

Организмде әр түрлі патологиялық процестердің дамуы көбінесе эндогенді және экзогенді химиялық заттар арасындағы бәсекелік қатынастарға байланысты.

Экзогенді заттарды алмастыра немесе оларды табиғи қоспалар құрамынан ығыстыра отырып, бәсекелес экзогенді заттар биохимиялық реакциялардың қалыпты жүруін бұзады. Бұл жағдай клеткалар, тіндер, мүшелер мен бүтіндей организмнің құрылымдары мен қызметіне міндетті түрде әсерін тигізеді.

Мұндай өзара қатынастар өнеркәсіптік улардың тек жергілікті әсерінен ғана емес сонымен қатар, олардың организмнің ішкі ортасына түсуі нәтижесінде де байқалады.

Химиялық заттардың әсеріне организмның қайтаратын патологиялық реакциясының ең көп тараған және жақсы белгілі түрі қабыну процесі.

Қабыну процестерінің қарқындылығы химиялық заттардың активтілігі мен қоспалардың физикалық-химиялық қасиетіне және басқа да факторларға тәуелді болады.

Аталған факторларға байланысты қабыну процесі кезінде альтерация, экссудация немесе пролиферация сияқты оның компоненттерінің бірі болмаса, бірі айқын байқалады.

Суда және майларда жақсы еритін, реакция түсу қабілеті айқын заттар (күшті қышқылдар, тотықтар, ауыр металдардың тұздары, хлор) тікелей жанасу нүктелеріне демек теріге, көздің кілегей қабығына, жоғарғы тыныс алу жолдарына, ас қорыту жолдарына әсерін тигізеді.

Көптеген жоғары активті химиялық агенттер тіндерде альтеративті – некрозды өзгерістері басым жедел қабыну процесін тудырады. Тері мен көздің қабығының некрозы фенол, нафтол, әк, кальций карбиді сияқты жоғарғы тітіркендіргіш қасиеті бар өнеркәсіптік улардың әсерінен болады. Хром және никель тұздары мұрын мен мұрын қуысы іргелерінің қабықтарын едәуір жарақаттайды.

Қабыну процестері зиянды заттардың тіндерге тікелей әсерінен ғана болмай, олардың тіндерде орналасқан рецепторларға, оның ішінде тамыр жүйелерінің хеморецепторларына рефлекторлық әсерінің салдарынан дамитынын ескерген жөн.

Мысалы: қорғасын, кобальт, мырыш, никель, мыс сияқты бірқатар металдардың ауада тез тотығатын буларымен демалған кезде, дене температурасының тез көтерілуіне соқтыратын қарапайым жұқпалы емес қызбаны байқауға болады («құйғыштар лихорадкасы»).

«Құйғыштар лихорадкасының» механизмі металл қышқылдарының жоғары дисперсиялық буларының тыныс алу жолдарына тереңдеп түсіп, ондағы тін белоктарын жеңіл денатурациялауымен түсіндіріледі.

«Құйғыштар лихорадкасы» организмге феналин, бетатетрагидро-наф-тиламин немесе фенилгидразин сияқты ОНЖ-нің және термореттеу орталық-тарының тікелей бұзылуын тудыратын химиялық заттардың түсуінен болуы мүмкін.

Тері қабатына тікелей түскенде немесе ішкі ортаға өткеннен кейін у барлық тіндерге (протоплазмалық улар, есірткілер) немесе олардың тек кейбіреулеріне ғана әсерін тигізеді. Соңғы жағдайда удың таңдаулы әсер етуі немесе тиімді әсері жайында айтып отырмыз.

Таңдаулы әсер ету – удың әртүрлі қасиеттеріне байланысты. Мысалы: майда, липоидтарда ерігіштігінің әртүрлі болуында.

Бір удың түсу жолдарына, дозасына, организмнің күйіне байланысты әртүрлі таңдаулы әсерлері болуы мүмкін.

Олардың мүшелерге немесе мүшелер жүйесіне таңдаулы әсері әртүрлі кәсіптік интоксикациялардың өздеріне тән клиникалық өзгерістердің сипатын анықтайды.

Интоксикацияның қандай түрі болмасын, орталық нерв жүйесінің қызметіне, оның жоғары бөлімі – ми қабығына міндетті түрде әсерін тигізеді. Оған қарамастан, көптеген химиялық заттар ішінен ОНЖ-не таңдаулы әсерін тигізетін агенттер тобын бөліп алуға болады.

Орталық нерв жүйесіне тигізетін бірнеше дүркін әсерлерінің бағытына байланысты уларды 4 түрге бөлуге болады:

  1. Арнайы емес (электролиттік емес, есіртпелі) әсер. Көптеген органикалық ерітінділердің есіртпе әсерлері олардың нерв клеткаларына жеңіл еніп, парабиоз тудыру мүмкіндігіне байланысты.

  2. Нерв клеткаларын арнайы зақымдау. Бұл удың биологиялық субстрат-пен өзара химиялық қатынасқа түсуіне негізделген (күкіртті көміртегі, қорғасын, тетраэтилқорғасын, сынап, фторацетат, метил спирті).

  3. Медиаторлық (немесе ацетилхолиндік) алмасуды арнайы бөгеу. Бұл фосфор қоспаларымен, оның ішінде негізінен фосфорорганикалық қоспалармен нейроинтоксикациясына негізделген.

  4. Жергілікті немесе жалпы қан айналымының бұзылуымен немесе ги-поксия күйімен байланысты екінші дүркін әсер. Нерв тіндеріне тасы-малданатын оттегінің азаюын тудырып, өкпедегі газ алмасуды бұза-тын улар. Оларға тұншықтырғыш, тітіркендіргіш әсерлі улар жатады.

Көптеген нейротропты улардың қайталанған әсеріне организмнің негізгі реакциясы ретінде вегетативті – тамырлы дистонияны атаймыз. Интоксикацияның бастапқы кезеңдерінде ол вегетативтік жүйенің, көбінесе симпатикалық бөлігінің қозғыштығының жоғарлауын куәлайтын симптом ретінде айқындалады; қан тамыры соғысының тұрақсыздығы, қызыл демографизм, қалқанша безінің гиперфункциясы. Уларды ұзақ уақыт әсер ету кезіндегі астеновегативтік синдромға қажығыштық, ұйқышылдық тән. Уланудың бұдан да айқын түрлерінде астено-органикалық синдром мен энцефалопатия дамиды. Бұларға: мидың діңгекті бөлімдерінің, оптиковестибулярлық кешенінің зақымдануы, бас ауруы, эмоционалдық тұрақсыздық сияқты өзгерістер тән.

Нейрогуморальды вегетативті – қан тамырлары қызметтерін реттеу механизімдерінің координациясының, эндокриндік және алмасу процестерінің бұзылуымен жалғасатын аралық мидың зақымдануы тетраэтилқорғасынмен, сынаппен, хлорланған көмірсутегімен, бензолмен, цианидпен ауыр улану себебінен туады. Ал марганецпен, күкіртті сутекпен, көміртегі тотығымен уланған кезде экстрапирамидалық синдром дамып, паркинсон сырқаты пайда болады.

Қорғасын, мыс, бромэтил, мышьяк, талимен уланған кезде невриттер мен полиневриттер байқалады, нервтер бойында ауыру сезініп сал және жартылай салдану туындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]