Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TKN_Lektsia_tezister(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
835.07 Кб
Скачать

Ф-ОБ-012/006А

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану факультеті

«Экология және химия» кафедрасы

«ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ»

ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ

(ТЕЗИСТЕРІ)

(барлық мамандықтары үшін)

Түркістан 2014

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция. Тақырыбы:Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер.

Жоспары:

1.1. Курстың мазмұны.

1.2. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

1.3 Ұйымдардың табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері.

Мақсаты: Студенттерге «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру. «Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру жайында түсінік қалыптастыру.

Курстың мазмұны. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.

Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету. Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.

Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет. Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек; Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;

Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;

Заңды және нормативтік – құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.

Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар

«АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар». Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс тілдерінде, көлемі – 176 бет). Мазмұны: Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Әскери жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы» Заңы

Түсініктер және анықтамаларға тоқталсақ, Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.

Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:

- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.

Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).

Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).

Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері. Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:

  • жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;

  • төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.

Сонымен қатар бұл жерде Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жергілікті халықтың төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.

  • Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

  • Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге) қатысады;

  • Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауiпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;

  • Материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;

  • Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;

  • Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірген зиянның өтелуін қамтамасыз етеді;

  • Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

  • Азаматтар мен қызметкерлер төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылары мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді;

  • Төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру бағытында шаралар жүргізеді;

  • Ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізеді.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы №19-1 1996ж. 5 шілде (2006.10.01 берілген өзгерістер мен толықтырулар)

5-бап. Ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері

Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

  • өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;

  • төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнінде хабардар етуге;

  • қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде әскерилендірілмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдістерін үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып, оны үнемі әзірлікте ұстауға;

  • қарауындағы өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде, соларға іргелес аумақтарда бекітілген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге;

  • заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруға міндетті.

  • ҚР Үкіметі белгіленген тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың пайда болу қатері басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резервтерін жасап, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер құрылуын, дайындалуы мен әзірлікте ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

  • жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;

  • төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге қатысады;

  • халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;

  • ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;

  • материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құрады және пайдаланады;

  • ТЖ салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;

  • ТЖ жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік оргндардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

18-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:

  • сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;

  • гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;

  • көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте ТЖ болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;

  • қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;

  • өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;

Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс.

ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңыңда экологиялық жағдайдың күрт өзгеріп кетуі, апаттар және басқа да табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне келетін қауіп – қатерлерге жатқызылған.

1996 жылы 5 шілдеде Қазастан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» Заңы қабылданды, онда халықты, қоршаған орта мен шаруашылық нысандарды төтенше жағдайдан және оның зардабынан қорғау – мемлекеттік саясаттың басым салаларының бірі екендігі анық көрсетілген.

ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 28 тамызындағы № 1298 Қаулысымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылды (ТЖМЖ) және ол туралы ереже (25.12.2006ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге) бекітілді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіршілік қауіпсіздігі курсының теориялық негіздері.

  1. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар

  2. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

4. Қауіпсіздік деген не?

5. Антропогендік орта дегенді түсіндіріңіз?

6. Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?

7. Қауіп-қатер деген не?

8. Қауіптіліктің белгілер бойынша жіктелуі.

2-лекция. Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері

Жоспары: 2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі

2.2 Азаматтық қорғаныс қурсының мақсаттары мен міндеттері

2.3 Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Мақсаты: Азаматтық қорғаныс жүйесінің теориялық негіздерін, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

2.1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.

  1. АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.

  2. ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы.

АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-қимылы жөніндегі міндеттемелері. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі « Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген.

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс мәселелері мына деңгейде шешіледі:

Республикалық деңгейде- - республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі жүргізеді.

Жергілікті деңгейде- жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауынұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды. Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жинауды, сақтауды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді.

Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы үшін іс-жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көпшілі тән.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан жер сілкінісі, селді, сырғымаларды, тасқынды, боранды, қума желді, қатты аязды, орман және дала өртін, құрғақшылықты және басқаларды атап өтуге болады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар арасынан халықтың тығыздығы жоғары қалаларда, өнеркәсіпорталықтарында, көлік коммуникацияларында, газ және мұнай құбырларында, тіршілік және коммуналдық объектілерінде, радиациялық қауіпті объектілерде (республикада 100-ден астам радиациалық қауіпті объекті және 100 мыңға жуық бета, гамма, рентгендік жіне нейтрондық сәулеге ұшырататын радиоактивті көздер бар) өндіріс пен тұрғын үй секторында болатын өрттер ерекше қауіпті.

Халық пен ұйымдарды қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда залалды азайту үшін аумақтар мен ұйымдарды дер кезінде әзірлеу арқылы әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі мңіндеттері мыналар:

  • Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау;

  • Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау;

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;

  • Радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау және лабораториялық бақылау;

  • АҚ құрамалары жауынгерлерінің жұмылдырушылық даярлығын қамсыздандыру;

  • Қорғаныс ғимараттарының, жеке қорғаныс құралдарының және артық қорын, Азаматтық қорғаныстың басқа мүлігін жинау және әзірлікте ұстау;

  • Халыққа, орталық және атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қаіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тіәртібі туралы хабарлау; іздеу-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оны қауіпті аймақтан көшіруді ұйымдастыру;

  • Азық-түлікті, суды, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, бактериологиялық зақымданудан сақтау.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынандай органдар құрылады:

  • ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігі және олардың құрылымдық аумақтық органдары;

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ басқармалары, бөлімдері;

АҚ құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принцп бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік нысанына қарамастан құрылады, аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады.

АҚ объектілік құрамаларына:

  • Барлаушы буын;

  • Құтқару командасы;

  • Инженерлік команда;

  • Санитарлықдружина;

  • Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ;

  • өрт сөндіру командасы;

  • байланыс командасы; қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;

  • жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б кіреді.

Республикамыздың әрбір азаматы АҚ пен ТЖ шараларын өткізуге белсенді қатысуға міндетті. Халықты АҚ міндеттерін іске асыруға және тосын жағдайлардағы сауатты іс-әрекеттерге даярлау кешенді шаралардан тұрады. Олардың ішінде халықты тікелей қорғауға бағытталған ең маңыздылардың бірі халықты қорғаныс пен өз-өзіне көмек көрсетуге және көмек шараларына, құтқару мен зақымдалу ошақтарындағы кезек күттірмейтін жұмыстарға және зілзала, авариялар мен апаттар салдарын жоюға үйрету болып табылады.

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөніндегі міндеттері қандай?

Біріншіден, АҚ пен ТЖ саласындағы ҚР заңдарын мүлтіксіз орындауға тиіс. «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР заңы бойынша азаматтар заңда белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және ТЖ АҚ міндеттерін орындау үшін өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптарымен қондырғыларын беруге міндетті. Азаматтар тиісті органдарға төтенше жағдайлардың тууына алып келуімүмкін апаттар қаупі туралы хабарлауға міндетті.

Екіншіден, халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті. Осындай білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша халықты оқыту бағдарламасында белгіленген. Әрбір азамат «Баршаның назарына» дабылы бойынша іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға міндетті. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР заңында азаматтардың төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі өткізілген жаттығуларға қатысу, халықты қорғау құралдарына, қоршаған ортамен ұйымдарға мұқият қарау міндеті айтылған.

Үшіншіден, ересек халықтың басты міндеттерінің бірі балаларды қорғау. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға тосын жағдайларда өзін-өзі ұстау тәртібі туралы айтылып, ал оқушылар сабақ барысында тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен танысса да, бұл ересектерді балаларды қорғау жөніндегі міндеттерден босатпайды.

Жоғарыда тізбеленгендер халықтың АҚ пен ТЖ іс-әрекеттері бойынша негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді мүлтіксіз және дәл орындау АҚ нығайтуға ТЖ санын төмендетуге ықпал ететін болады.

ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы.

ҚР Үкіметінің 1997 жылдың 28 тамызындағы № 1298 Қаулысымен Төтенше жагдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылды (ТЖМЖ) және ол туралы ереже (25.12.2006ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен бірге) бекітілді.

Төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесі (ТЖМЖ) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайдың алдын алу, пайда болған жағдайда зардаптарын жою (адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті жоюға бағытталған құтқару, авариялық -қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарын жүргізу, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру. Төтенше жағдай нәтижесінен зардап шеккендердің аумақтары мен нысандарын қалпына келтіру ТЖМЖ құзырына кірмейді), халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен шаруашылық нысандарының шығынын азайту үшін тағайындалған.

ТЖМЖ негізгі міндеттері:

  • бейбіт және соғыс уакытында ТЖ пайда болуы кезінде қоршаған табиғи ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мәдени және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайды ескерту мен жою саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу;

  • халықты, аумақты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін құру;

  • төтенше жағдайға әрекет ету ретін анықтау, зардаптарын жою, олардың пайда болу себептерін тергеу;

  • халықты хабарландыру және мониторинг ұйымдастыру;

  • авария, апат, зілзала мен экологиялық апаттар, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия пайда болған кезде ТЖ алдын алуға, адам мен оның қоршаған ортасын қорғауға, шаруашылық нысандары мен әлеуметтік салалар қызметінің тұрақтылығын көтеруге бағытталған, мемлекеттік арнаулы және ғылыми – техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен орындауды ұйымдастыру;

  • ТЖ іс - әрекетіне, оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуге органдар мен басқару пунктерін, байланыс жүйесі мен хабарландыруды, ТЖМЖ күштері мен құралдарының жоғарғы дайындығын қамтамасыз ету;

  • ТЖ – дың әлеуметтік – экономикалык салдарын бағалау мен болжау;

  • зардап шеккен халыққа бірінші кезекте көмек көрсету, тіршілікті қалыптастыру;

  • ТЖМЖ мамандарының біліктілігін арттыру және даярлау, ТЖ іс - әрекетіне халықты даярлау мен оқыту;

  • ТЖ – ды ескерту мен жою саласында халықаралық ынтымақтықты жүзеге асыру, авариялар, апаттар мен зілзала салдарын жоюға шетел мемлекеттеріне көмек көрсету болып табылады.

ТЖМЖ құрамына кіретіндер:

  • Төтенше жағдай бойынша Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (ТЖМ), аймақтық органдары және ведомстволық ұйымдармен бірге құзырлыққа кіретін мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететін, орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың басқару органдары.

  • Орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың жұмысын басқару үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша комиссия құрылады:

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша ведомство аралық мемлекеттік комиссия, төтенше жағдай бойынша аймақтық комиссия, салалық комиссия;

  • Мұнайдың төгілуіне жедел әрекет ету бойынша ұлттық комиссия;

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен транспорттағы терроризмге қарсы координациялық кеңсе;

  • Транспорттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық (қалалық) комиссиялар;

  • Республикалық, аймақтық және салалық эвакуациялық комиссиялар.

ТЖМЖ аумақтық, қызметтік, салалық (нысандық) жүйеден тұрады және екі дәрежесі бар: жергілікті және республикалық (мемлекетгік).

ТЖМЖ аймактық қосымша жүйесі қабылданған әкімшілік-аймақтық бөлінуге сай келеді.

Әрбір аймақтық қосымша жүйе ТЖ алдын алу мен жоюға арналған және ережеге сай, оның құрамына ТЖ бойынша комиссия (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, нысандық) немесе оның міндетін орындайтын басқа орган, Қазақстан Республикасының төтенше жағдай бойынша Орталық атқарушы органдардың аймақтық органдары (облыстық, Астана, Алматы қ. департамент, қалалық басқармалар, ТЖ бойынша аудандық бөлім), күнделікті басқару органдары (кезекші қызметті немесе 051 құтқару қызметін), сол аймақтағы функционалдық және ведомстволық қосымша жүйелер, оның ішінде қаржылық, тағамдық, медициналық және материалдық – техникалық қорлар, байланыс жүйелері, хабарландыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сондай – ақ арнайы оқу орындары кіреді.

Аймақтық қосымша жүйелердің тапсырмалары, ұйымдастырылуы және қызмет ету тәртібі, төтенше жағдайдағы мемлекеттік органдарының өзара қатынасы ҚР ТЖМ келісімі бойынша жергілікті атқаруы органдардың бекіткен ережелермен анықталады.

ТЖМЖ қызметтік қосымша жүйелері Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының басқарушы органдарының күштері мен құралдарынан тұрады, мынадай тікелей міндеттерді шешеді:

  • Қоршаған табиғи ортаның жағдайын қадағалау;

  • ТЖ – ның алдын алу;

  • Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау;

  • Төтенше қор фондын пайдалану;

  • ТЖ – ны жою.

Оған қоса жеке қызметтік қосымша жүйенің құрамына басқару органдары, бірнеше орталық атқарушы органдарының, ұқсас мәселелерді шешетін немесе бірін - бірі толықтырып отыратын ұйымдардың күштері мен құралдары кіруі мүмкін.

Қызметтік қосымша жүйелердің негізгі міндетгері, ұйымдастырылуы және қызмет тәртібі ТЖМ бекіткен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметі туралы ережесімен анықталады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерінің тізімі ҚР Үкіметінің шешімі бойынша анықталады.

ТЖМЖ салалық (нысандық) қосымша жүйелері Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарында, ұйымдарыңда құрылып, өздері тікелей басқарытын нысандардағы ТЖ алдын алу мен жоюға арналған.

Салалық (нысандық) қосымша жүйелердің нақты құрылысы, олардың міндеттері, қаржылаңдыру тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті атқарушы органдарымен, ұйымдарымен анықталады және осы қосымша жүйе туралы ережелерге бекітіледі.

Сонымен қатар әрбір салалық (нысандық) қосымша жүйе, олардың бөлімдеріне, ережеге сай, басқарушы органдар, күнделікті басқару органдары (күзет – диспетчерлік қызмет), ықтимал қауіпті нысандардағы жағдайды қадағалау мен табиғи ортаның жағдайын бақылаудың күштері мен құралдары, ТЖ жою бойынша күштер мен құралдар. Бұл саладағы ұйымдардың, органдар мен қызметтердің жұмысын ТЖ бойынша салалық комиссиялар басқарады.

Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтар мен қоршаған табиғи ортаны ТЖ жағдайында қорғау бойынша мәселелерді шешуге қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасы заңнамасы және ондағы жарғылар бойынша ерікті негізде барлық деңгейде атсалыса алады.

Төтенше жағдайдың алдын алу мен жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің бірінші орынбасарымен жүктеледі, ал төтенше жағдай бойынша аймақтық және салалық комиссиялар – облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарларымен, орталық атқарушы органдарының орынбасарларымен тиісінше жүктеледі.

ТЖМЖ күштері мен құралдары бақылау мен қадағалаудың күштері мен құралдарына, сондай – ақ ТЖ жоюдың күштері мен құралдарына бөлінеді.

Бақылау мен қадагалаудың күштері мен құралдары мыналардан тұрады:

  • ТЖ бойынша Орталық атқарушы органның кезекші қызметтерінен;

  • ықтимал қауіпті нысандардың кезекші – диспетчерлік қызметтерінен;

  • апат медицина орталықтарының диспетчерлік қызметтерінен;

  • өртке қарсы қызметтердің бөлімшелерінен;

  • төтенше жағдайларды қадағалаудың Мемлекеттік органдары, техникалық бақылау;

  • радиациялық және ядролық қауіпсіздікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын оргаңдардан;

  • транспортты қауіпсіз пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

  • сәулет – құрылыстық бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

  • Мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;

  • Ветеренария, фитосанитария, жануарлар мен өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;

  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды, оның ішінде гидро­метеорология қоршаған ортаның ластануы бойынша мониторинг қызметі;

  • Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар;

  • Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісін болжаудың республикалық жүйесінің қызметтерінен;

  • Сел, сырғыма және қар көшкінінің мониторинг) қызметтерінен;

  • орман және дала өртінің мониторингі қызметтерінен

Төтенше жагдайды жоюдың күштерімен құралдары мыналардан:

  • Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері;

  • Республикалық және өңірлік аэромобильді жедел – құтқару отрядтары;

  • Өртке қарсы қызмет бөлімшелері;

  • Суда – құтқару қызметінің құрылымдары;

  • Су астында авариялық – құтқару қызметі;

  • Авариялық – құтқару және авариялы – қалпына келтіру құрылымдары, сонымен қатар тау – кен құтқару, газдан құтқару, мұнайдың атқылауынан қорғайтын және басқа да мамандандырылған қызметтерінің штаттары

  • 051 құтқару қызметі;

  • Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі, оған қоса авиациялық күзет және орманды қорғау қызметтері;

  • Азаматтық қорғаныстың аумақтық және нысандық құрылымдары;

  • Сел, жауын – шашын және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі;

  • Әрдайым дайындықтағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскери бөлімшелері, инженерлік және Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің басқа да әскер түрлері;

  • Бірыңғай авиациялық іздеу – құтқару қызметтерінен тұрады.

Төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органдардың негізінде, өртке қарсы қызмет бөлімшелері, суда - құтқару қызметі, 051 құтқару қызметі, үнемі дайындықтағы әскери бөлімдердің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігінің инженерлік және басқа түрдегі әскерлері, әскериленген тауда құтқару, газдан құтқару, бұршаққа қарсы және басқа да мамандандырылған бөлімшелері, құрылыс және монтаждық ұйымдар және республиканың әртүрлі ұйымдарының басқа да ұқсас кәсіби қызметтері олармен келісе отырып, үнемі дайындықтағы авариялы – құтқару және авриялары қалпына келтіру бөлімшелері (күштері) құрылады, олар ҚР төтенше жағдай бойынша Орталық атқарушы органымен, ТЖМЖ әртүрлі деңгейдегі басқарушы органдарымен ТЖ тоқтату мен жою бойынша жедел жұмыстарды жүргізуге мүмкіндігіне қарай, елдің әр түрлі аймағына, сондай – ақ шет елге көмек көрсетуге тартылалы.

Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылмайтын үнемі дайындықтағы күштер, ТЖМЖ басқару органдарының шешімі бойынша құтқару және авариялы – қалпына келтіру жұмыстарына тартыла алады.

ТЖМЖ қызметінің ақпаратпен қамтамасыз етілуі Автоматтандырылған акпараттық – басқару жүйесімен жүзеге асырылады (ТЖ ААБЖ).

ТЖ орын алған кезде жағдай туралы ақпарат төмендегілермен таратылады:

  • қалалардың, аудандардың, қала аудандарының, поселкелердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, сондай – ақ ұйымдардың әкім аппараттарымен – дереу Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарына;

  • ұйымдар - өкілеттілігіне сай орталық атқару органдарына дереу хабарлайды:

  • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша орталық атқарушы органының аймақтық органдары - «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне дереу хабарлайды;

  • Егер барынша ауқымды және аймақтық төтенше жағдай туындаса, ол туралы ақпарат төменгідей беріледі:

  • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдары – сол ауданмен шектесетін Қазақстан Республикасының әкімшілік – аймақтық бірліктеріне хабарлайды;

  • орталық атқару органдары – ведомство жанындағы ұйымдарда орын алған төтенше жағдай туралы «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне хабарлайды;

  • Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органы – дереу Казақстан Республикасының Үкіметіне, олардың өкілеттілігіне сай орталық атқарушы органдарына.

ТЖМЖ қызметіне бейбіт және соғыс уақытындағы орын алған төтенше жағдайдың алдын алу мен ондағы іс - әрекеттерді жоспарлау, дайындау және іс – шараларды жүзеге асыру кіреді. Жүйенің қызмет етуі жағдайға байланысты үш тәртіпке бөлінеді: күнделікті қызметтегі, жоғарғы дайындықтағы, төтенше.

ТЖМЖ, оның қосымша жүйесінің және бөлімшелерінің қызмет ету тәртібінің бірін енгізу туралы шешімді Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органы, әртүрлі деңгейдегі басқарушы органдар аймақтық органдармен (облыстық, қалалық басқарма, ТЖ бойынша аудандық бөлім) келісе отырып, нақты жағдайға байланысты қабылдайды. Жағдайға байланысты ТЖМЖ қосымша жүйесі мен бөлімшелері бір мезгілде әртүрлі режимде қызмет ете алады. Ережеге сәйкес, төтенше жағдайды жоюдың басшылығын жүзеге асыратындар:

  • нысандық төтенше жағдай кезінде – ұйым басшылары, қажет болғанда Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқару­шы органының аймақтық органдарының қатысуымен, ТЖМЖ қосымша жүйесінің аймақтық басқару органдары;

  • жергілікті төтенше жағдай кезінде – жергілікті атқарушы органдар, аварияның, апаттардың таралу аймағына байланысты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдары;

Аймақтық және барынша аумақты ТЖ кезінде – Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының жұмысын төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюдың Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы басқарады.

Орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың бірінші басшылары ТЖМЖ басқарушы органдарының нұсқауларын орындамағанына немесе дер кезінде жүзеге асырмағанына жауап береді.

ТЖ жою, ТЖМЖ – ның аймақтық немесе ведомстволық қосымша жүйелерінің күштері мен құралдары арқылы, олар орыналған аймақ немесе нысанда жүзеге асырылады. Егер ТЖ көлемі ТЖМЖ – ның аймақтық және салалық қосымша жүйелерінің басқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарының оны тоқтату мен жою қолынан келмейтіндей болса, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының көрсетуі бойынша, сондай – ақ орталық және жергілікті атқару органдарының өтініші және сол өтініштердің негізіндегі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының шығарған тиісті қорытындысы бойынша тиісті көмек көрсету бойынша шешім қабылдайды.

Құрамалар мен Қарулы Күштер бөлімдері, Қазақстан Республикасының басқа да әскері мен әскери құрылымдары Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен ТЖ жоюға тартылады, олардың тартылуы алдын ала бекітілген өзара әрекет ету жоспарымен қарастырылып қойған жағдайды қоспағанда. Мемлекеттік ТЖ кезінде халықтың, қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігі мен қорғалуы және шаруашылық нысандарының қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне бағытталған бағдарламаларды орындау, ТЖ алдын алу мен олардың тұрақсыздандырғыш әсерін төмендету жөніңдегі қаржылық, несиелік – инвестициялық саясатты, сондай – ақ авария, апат, табиғи апаттар мен басқа да апаттардың алдын алу мен зардабын жоюға дайындалу мақсатында тиісті басқару органдарымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай кезінде қорғану шараларына халықты оқыту Казақстан Республикасының жергілікті атқару органдарымен, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының аймақтық органдарымен сабақтарда, жұмыс орнындағы жаттығуларда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқулар мен тұрғылықты орындарда және арнайы оқулар барысында, сондай – ақ өз еркімен жүзеге асырылады.

ТЖМЖ басқару орагандарының, олардың қосымша жүйелері мен бөлімшелерінің мамандарын дайындау ҚР ТЖМ ТЖ мен АҚ саласындағы басқарушы құрамның біліктілігін арттырудың Республикалық курстарыңда, облыстық (кала) халықты дайындау мен оқыту орталықтарында, өртке қарсы қызметтің оқу – материалдық базасында жүзеге асырылады.

ТЖМЖ ұйымдарын, басқару органдарының дайындығы мен дайындық деңгейін, жүйенің күші мен құралын жетілдіру мақсатында оның қосымша жүйелері мен бөлімшелеріңде жыл сайын оқулар мен жаттығулар жоспарланады және жүргізіледі. ҚР Үкіметінің аталған қаулысының Қосымшасында құзіреттеріне байланысты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Орталық атқарушы органының (министірліктер, комитеттер, агенстволар) қызметі көрсетілген.

Бақылау сұрақтары:

1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.

2 Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері.

3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

4. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері.

5. Азаматтық қорғаныс жүйесі қандай негізде құрылған?

6. Территориялық қорғаныс жүйесі.

7. Өндірістік қорғаныс жүйесі.

8. Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?

9. Жалпы қызмет атқаратындар кімдер?

10. Төтенше жағдайда халыққ хабарлаудың маңызы және басты тәсілі?

3-лекция. Тақырыбы: Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу

Жоспары: 3.1 Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар

3.2 Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар

Мақсаты: Студенттерге «Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру. «Адам – мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру жайында түсінік қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]