Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.Основы интел. собств._КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.84 Кб
Скачать

Басымдық құқығы (Право приоритета).

ҚР заңдылықтарына сәйкес, патентті ең алғашқы ойлап тапқан емес, ең бірінші болып өнертабыс патентіне өтініш берген тұлға, немесе қайсысының өтінішінің берілген мезгілі ертерек болса сол алады.

Өнертабыстағы техника деңгейі ретінде көрсетілген кез келген мәліметтер, осы өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертабыстық деңгейіне кедергі келтірмесе де, «өнеркәсіптік қолданымдылық» қасиетіне зиян тигізуі мүмкін, егерде, өнертабысты тәжірибеде қолданудың мүмкін еместігі белгілі болса, немесе, өнертабысты өтініште көрсетілген бағытта қолдануға болмайтын болса.

Өнертабыс басымдығы анықталады келесі жағдайларда:

  • бұрынғы Кеңестік одақ елдері құрамында болған кез келген мемлекеттердің біріндегі зияткерлік меншікті қорғау органдарына ең алғашқы болып өтініш тіркелген мезгілден бастап (конвенциялық басымдық) — Кеңестік одақ елдерінің құрамында болған кез келген мемлекеттерде өтініш беру, басымдықты бекітуге және оны осы одаққа кірген басқа да мемлекеттерде 12 ай бойы қолдануға мүмкіндік береді;

  • анағұрлым ерте берілген өтініштің мезгіліне байланысты (яғни ішкі басымдық (внутренний приоритет)) — өтініш басымдығы бұған дейін анағұрлым ертерек берілген қазақстандық өтініштің уақытымен анықталына алады, бұл жағдайда соңғы берілген өтініш автоматты түрде кері қайтарылған болып есептелінеді;

  • бастапқы өтініштің басымдық мезгілімен — қарастырылып отырған өтініштің басымдығы алғашқы берілген өтініштің басымдық мезгілімен анықталады;

  • қосымша материалдардың келіп түсу мезгілінен бастап — сараптаудан өтініш материалдарын қабыдаудың мүмкін еместігі жөнінде келіп түскен ескертуден кейінгі үш ай ішінде өтініш беруші тұлға тағыда қосымша материалдарды қарастыруға қабылдау жөнінде өтініш беріп, басымдық мезгілін осы қосымша материалдар түскен уақыттан бстап есептеуді сұрай алады;

  • экспонаттау күнінен бастап (көрмелік басымдық).

Өнертабысты қолдану.

Өнертабысты қолданылды деп есептеу үшін, осы қолданылған өнімде, немесе тәсілде өнертабыста көрсетілген барлық техникалық жаңашылдық белгілердің бәріде дерлік қолданысқа ие болуы керек, әсіресе өнертабыс формуласының тәуелсіз пункттерінде көрсетілген немесе патентті беру жөніндегі өтінішті бергенге дейін белгілі болған оларға эквивалентті техникалық белгілер анықталса. Егерде өнертабыста көрсетілген белгілердің біреуі ғана эквивалентті түрде техникалық нысанда орын алмай қалса, яғни көрсетілмей қалса, онда өнертабыс қолданылмаған болып саналады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа өнертабыс қолданылды деп саналады, егерде:

  • қорғалынатын өнертабыстың қолданылу шарттары күнделікті азаматтық айналымда енгізіліп орын тапса немесе осы мақсатта өнім сол патенттелген тәсілмен дайындалса немесе сақталса, сондай ақ, егерде қолданыстағы құрылғыда патенттелен тәсіл немесе техникалық шешім автоматты түрде жүзеге асырылса;

  • қорғалатын өнертабыста көрсетілген тәсілді қолдану арқылы белгілі бір технологиялық, биологиялық немесе тағы да бір үрдістің түрі жүзеге асырылса.

Өнертабыста көрсетілген қолдану критериіне сәйкес келетін техникалық шешім немесе тәсілді жай ғана ұсыну осы өнертабысты қолданған болып есептелмесе де, бұндай әрекеттерді құқық сақталуға қауіптілердің қатарына жатқызуға болады.

Патент беруге өтінішті сараптау негізінен екі сатыдан тұрады: формалды сараптау және өтінішті мәні бойынша сраптау. Формалды сараптау кезінде құжаттардың дұрыстылығы мен жеткіліктілігі және олардың талаптарға сәйкестігі терксеріледі. Формалды тексеру оң шешім қабылдаған жағдайда, өтінішті мәні бойынша сраптау жұмысы жүргізіледі, ол жұмыстың негізгі мақсаты – өтініште көрсетілген материалдың, яғни техникалық шешімнің өнертабыс ретінде қорғалатын нысандар қатарына жататындығын анықтау болып табылады.

ҚР өнертабысқа патент беру процедурасы келесідей:

Кезеңдер және олардың

ұзақтылығы

 1

 Сараптау мекемесіне өтінішті жасақтау және беру; (мекеменің қызмет көрсету төлем ақысын төлегенне кейін 7-10 күн ішінде)

 2

 Формалды сараптау; (өтініш қабылданған мезгілден бастап 2 ай)

 3

Мәні жөнінде сараптау; (өтініш қабылданған мезгілден бастап 12-18 ай)

 4

Патентті беру;(Патентті беру үшін анықталған тарифті төлеген күннен бастап 1-1,5 ай аралығында )

Өнертабысқа берілген патент, өтініш тіркелген уақыттан  бастап 20 жыл бойы күшінде бола алады. Өнертабысқа берілген патенттің құзыры патент иеленушінің сұранысы бойынша қосымша тек қана 5 жылға ғана ұзартыла алады.

Қазақстанда өнертабысты патенттеу үшін хабарласу телефондары мен почта мекен жайлары: 

+7 (717) 278-33-69, +7 (701) 819-1-111, +7 (707) 202-77-21

EMAIL: usa_patent@mail.ru, info@intellpatent.kz

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]