- •1. Қр зияткерлік нысандар жөнінде жалпы түсініктер мен анықтамалар
- •1.1. Тауарлық белгіні тіркеу (тауарлық марка).
- •Тауарлық белгінің негізгі атқаратын функциялары:
- •Тауарлық таңбалар ретінде бола алатын белгілеулер
- •- Бейне түріндегі тауарлық белгілер
- •Комбинацияланған тауарлық белгілер
- •1.2. Қазақстан Респубикасында өнертабысты патенттеу рәсімі жөнінде.
- •Патенттік құқықтардың көлемі.
- •Қорғау нысаны.
- •Патенттік құқық субъектілері.
- •Өнертабыстың қорғаныс қабілеттілігінің шарттары.
- •Басымдық құқығы (Право приоритета).
- •Өнертабысты қолдану.
- •1.3. Қазақстанда пайдалы моделді патенттеу.
- •1.4. Патентование промышленного образца в Казахстане
- •1.5. Регистрация авторских прав в Казахстане.
1. Қр зияткерлік нысандар жөнінде жалпы түсініктер мен анықтамалар
Біздің елімізде ҚР «Зияткерлік меншік туралы» Заңына (бұдан былай Заң) сәйкес зияткерлік меншіктің нысандарына келесідей жұмыстар мен қызмет көрсетудің түрлерін жатқызамыз:
- Қазақстандағы тауарлық белгіні тіркеу
- Қазақстандағы өнертабысты патенттеу
- Қазақстандағы пайдалы моделді патенттеу
- Қазақстандағы өнеркәсіп үлгісін патенттеу
- Қазақстандағы авторлық құқыктарды тіркеу
Бұл аталғандардың бәріне де арнайы қорғау құжаты берілу арқылы авторлық құқық қорғау рәсімі жүзеге асырылады.
1.1. Тауарлық белгіні тіркеу (тауарлық марка).
«Тауарлық белгі», ол арнайы тіркеуден өткен, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің өндіретін тауарларын тұтынушыларға даралап көрсету үшін қолданылатын белгі, немесе таңба (сөз түріндегі тауарлық белгі болса – бір, немесе бірнеше сөздің жиынтығы; бейнелеу түрінде болса - түрлі түсті немесе ақ-қара бейнесіндегі сурет; ал құрама (комбинация) түрде болса – сөз, немесе бірнеше сөздер мен бейненің тіркесімі болып табылады).
Тауарлық белгілер, немесе таңбалар – мекемелердің фирмалық бланкілерінде, сондай ақ осы тауарларды орналастыру (сату) үшін қолданылатын этикеткаларда, орамдарда (упаковка), мекеме нысанының маңдайша жазуларында, немесе жарнамалық материалдарда қолданылады.
Бірақ та, күнделікті өмірде, тауарлық белгі деген сөздің орнына көбінесе тауарлық марка, логотип, фирмалық эмблема, фирмалық таңба, брәнд, т.с.с басқа ұғымдар көбірек қолданылады. Алайда, бұл түсініктерді күнделікті практикада көп айтқанымызбен, ҚР заңнама жүйесінде тауарлық марка, фирмалық белгі және логотип деген сөздердің қолданбауына байланысты, ресми түрдегі атау «тауарлық белгі» болып қала береді.
Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер өздері өндіретін тауарларды немесе көрсететін қызмет түрлерін тұтынушыларға танымал және түсінікті етіп көрсету үшін не істеуі керек деген сұрақ туады? Әрине, олар өз тауарларының үлкен көлемді басқа да тауар өндірушілер мен қызметтердің арасында ерекшелініп көрінгенін қалайды. Оны, тек қана өндірілетін өнімнің өзіне тән дара қасиеттерін көрсете алғанда ғана жасауға болады. Сол себептен, тұтынушылардың назары мен олардың ақшаларына таласу сайысында жетекші ролді тауарлық белгі, яғни тауарлық марка анықтайды.
Тауарлық белгінің негізгі атқаратын функциялары:
1. Дараландыру, немесе ерекшелендіру функциясы.
Бұл жерде, тауарлық белгінің арқасында тұтынушылар біртектес тауарлардың ішінен өздеріне бұрыннан танымал ұнаған тауарларын, немесе, қызмет көрсету түрлерін көптің ішінен таңдап алуға мүмкіндік алады.
2. Тауардың шығу, немесе жасалу тегінен хабар беру функциясы.
Яғни, тауарлық белгі, тауардың өзін түпкілікті зерттеп жатпай ақ, оны тұтынушылардың тез анықтауына мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, тұтынушы, бірдей тауарлық маркамен белгіленген бірнеше тауарды немесе қызмет көрсетуді сатып ала отырып, оларды шығарған өндіріс көзінің біреу екеніне күмәні болмайды. Есте тез қалатын тауарлық белгі, көбінесе, тұтынушылардың арсында кейіннен брэнд ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.
3. Тауардың сапасын көрсету фанкциясы
Тауарлық белгіге, тұтынушы ең алдымен сапа кепілдігі ретінде көңіл аударады. Сол себептен, тауарлық белгіні иеленуші, әдайымда өзі ұсынған тауарларының, немесе, көрсеткен қызметтерінің белгілі бір сапа стандартына сәйкес екендігіне кепілдік береді.
4. Тауарлық белгінің жарнамалық функциясы.
Тауарлық белгі, нарық жүйесінде ешбір нәрсемен орын алмастыра алмайтын бірден бір жарнама көзі және тауар мен қызмет көрсетуді тұтынушыларға енгізетін (көрсететін) негізгі құрал болып табылады. Мұны, тауарлық функцияның ең басты мақсаты деп айтуға болады.
