Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBSchEE_TESTY.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.27 Mб
Скачать

20 Жастағы алғашқы босанушыда, гистерограммада жиырылу жатырдың төменгі сегментінен басталады. Диагноз қойыныз//

қалыпты босану қызметі//

+ босану қызметінің дискоординациясы//

босанудың I кезеңінің әлсіздігі//

босану қызметінің қатты болуы//

босанудың I кезеңінің екіншілік әлсіздігі

***

Босанушы әйелде толғығы 10 сағат жалғасуда. Қағанақ суы бүтін. Әйел кенеттен бозарып кетті, ішінде күшті кернеген ауырсыну пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы 100-110 рет минутына. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, керілген, ұрықтың келіп тұрған бөлігі кіші жамбас қуысында. Дәрігердің тактикасы: // жедел кесар тілігі//

ұрықтың жедел гипоксиясын емдеу//

амниотомия//

амниотомия, окситоцинмен босануды күшейту//

+ амниотомия жасау

***

Алғаш босанушы А., 24 жаста перзентханаға келіп түсті. Түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық. Тамыр соғуы ретті, 86 рет/мин. АҚҚ 115/60 мм с. б. Жамбас өлшемдері қалыпты. Босанды тірі ұл жынысты нәрестемен, салмағы 3950 грамм. Нәресте туғаннан кейін қан кету басталды. Бұлшық етке 1 мл окситоцин енгізілді. III кезең асқынусыз өтті. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика және неге? //

жатыр мойнын тігу, өйткені жатыр мойнының жыртылуы бар//

қан ұйындыларын алу үшін жатыр қуысын қолмен тексеру//

+ жатыр қуысын саусақпен тексеру және жатыр жыртылуын жоққа шығарғаннан кейін, жатыр мойнын тігу//

жатырдың қынапүстілік ампутациясы, өйткені қан кету тоқтамайды//

жатыр экстирпациясы, өйткені қынап күмбезіне дейін жететін жатыр мойнының жыртылуы бар

***

Ауыр артериалды гипертензияға тән: //

+ диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б. //

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

***

Ауыр артериалды гипертензияға тән: //

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б. //

+ диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

***

Бөлімге 26 жасар А. жүкті іштің төмеңгі жағындағы ауырсынуларға шағымдарымен келіп түсті. Бала кезінде қызылшамен, скарлатинамен ауырған. Осы жүктілігі 3, мерзімі 20 апта, 1 жүктілігі –ірі ұрықпен босану, жатыр мойнының жыртылуымен асқынған, 2-жүкілігі 2 жылдан соң кеш басталған абортпен аяқталды. Қарау кезінде жатыр тонуста. Жатыр мойны деформацияланған, сыртқы араң ашық, мойны қысқарған, канал ішімен ішкі ернеу 1 саусақ бос өткізеді. Сіздің диагнозыңыз://

жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қаупі//

+ жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қауіпі. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Басталған кеш өздігінен түсік. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Жолдағы кеш өздігінен түсік. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш үйреншікті түсік қаупі

***

Келесі қынаптық мәліметтерге байланысты жатыр мойнының “жетілу” дәрежесін анықтаңыз. Жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 саусақты өткізеді, оның ұзындығы 3,0-3,5 см. Төменгі сегментке өтуі тік бұрышты: //

«жетіліп келе жатқан» //

«жетілген» //

толығымен жетілмеген//

+ «жетілмеген» //

«жетіле бастаған»

***

23 жасар жүкті әйел, дәрігерге дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауына, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі пайда болып, шап аймағына және іштің төменгі бөлігіне берілуіне шағымданып келді. АҚҚ 110/65 мм с б.б., тамыр соғуы 90 рет минутына. Қағу симптомы оң жақтан «+». Жалпы қан талдауында: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы зәр талдауында – протеинурия. Диагнозыңыз: //

+ гестационды пиелонефрит//

зәртас ауруы//

созылмалы пиелонефриттің қайта өршуі//

созылмалы гломерулонефриттің қайта өршуі//

гломерулонефрит, нефротикалық түрі

***

Әйелдер кенесіне келген жүкті әйел көз алдындағы қарауытулардың пайда болуы мен басының ауруына шағымданады. Тексеруде АҚҚ 170/90 мм.с.б.б. Дәрігердің іс-әрекеті? //

стационарға жолдама беру//

шұғыл госпитализация және жүктілік патологиясы бөлімінде гестозды емдеу//

амбулаторлы бақылау жүргізу//

келесі дәрігерлік қабылдауға шақыру қағазын беру және үйіне жіберу//

+ магнезия сульфатты көк тамырға еңгізу және жедел жәрдем көлігімен шұғыл стационарға жатқызу

***

Босану стационарына жүктілігі 40 апта құрайтын қайтадан босанушы жүктілік кезінде АИВ тест сынағының нәтижесінсіз келіп түсті. Босану кезінде АИВ экспресс-тесті оңды нәтиже берді. Босанулар еш асқынуларсыз өтті, салмағы 3000г болатын қыз бала туылды. Берілген патология кезіндегі омыраумен емгізуге арналған ұсыныстар: //

емізу әйел қалауына байланысты//

тек қана омыраумен емгізуді ұсыну //

+ жасанды қоспалармен емгізуді ұсыну//

әрбір тамақтандыру сайын емізгекшелерді жасыл бриллиант ерітіндісімен өңдеу//

аралас тамақтандыруға ерте көшіруді ұсыну

***

23 жастағы алғаш рет жүкті болушы әйелде 39 апта жүктілігінде эклампсия ұстамасы болып қалды. Дәрігердің әс-әрекеті?//

наркоз беріп, интенсивті емді бастау//

+ интенсивті емдеп, жалпы жағдайы жақсарған соң босандыру//

наркоз беріп, амниотомия жасау//

амниотомия жасау//

амниотомия жасап, толғақ қоздыруды бастау

***

25 жастағы жүкті әйел салмағы өсу, іш көлемі ұлғаю, жатыр тонусының қатаюы, жылдам шаршау шағымдарымен тұсті. Бұл симптомдар 25 аптасынан бастап көрінді соңгы аптасында ұлғайды. I триместрде – ЖРА, қызуы 38,8°С көтерілді, өзбетімен емделді. Жұктілік мерзімі - 32 аптасы. Ұрық орналасуы - көлденен, басымен келу. Ұрық жұрек соғуы анық, ырғақты. Флюктуация симптомы оң. Диагнозы? //

көп ұрықты жүктілік//

уақытынан бұрын босанудын қаупі//

ірі ұрық//

жатырдың жұқалығы//

+ суегіздік

***

25 жастағы қайта босанушы анамнезінде 2 аборт, жүктіліктің 37 апталық мерзімінде толық тынығу кезінде жыныс жолдарынан қанды бөліністер көрінді. Қандай патология туралы айтылған? //

босанудың басталуы//

қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы//

кіндіктің қабыққа бекуі//

+ плацентаның жолда орналасуы//

ұрық гипоксиясы

***

Созылмалы гемотогенді – диссеминациялық өкпе туберкулезі бар жүкті әйелдерге дәрігер тактикасы://

арнамалы терапия фонында 35 апталық мерзімде жүктілікті үзу//

+ 12 аптаға дейін жүктілікті үзу//

жүктілікті сақтау және акушер-гинекологтың бақылауы//

жүктілік аяғына дейін туберкулезге қарсы ем жүргізу//

хирургиялық емге жолдау, жүктілікті жалғастыру

***

Босанудан кейін эндометрийдің қайта қалпына келудің физиологиялық уақыты: //

10–15 күн//

2–3апта//

4–5 апта//

+ 6–8 апта//

9–10 апта

***

Босанғаннан кейінгі мерзімдегі лохиометра мен эндометриттің екшелеу анықтауы: //

жатыр субинволюциясы//

қанды бөліністер//

дене қызуының жоғарылауы//

іріңді бөліністер//

+ қалтыраудың және гипертемияның болмауы

***

32 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейін 3 тәулікте іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, ќалтырауға, басының ауруына, дене ќызуының 39°С дейін жоғарылауына шағымданады. Босану кезінде бала жолдасының жартылай тығыз бекуіне байланысты бала жолдасы қолмен шығарылды. Анамнезінде бір босану және екі медициналық аборт, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері сәл қатайған. Қандай диагноз болуы мүмкін: //

жедел респираторлыќ ауруы//

+ эндометрит//

лохиометра//

созылмалы пиелонефриттің өршуі//

мастит

***

Неонатальді сепсистің негізгі себебі: //

сandida albicans//

цитомегаловирус//

+ В-тобындағы гемолитикалық стрептококк//

стафилококк//

листериоз

***

Нәрестелердің аурушаңдығының жоғары болуының негізгі себебі: //

+ гипотермия//

шала туылу//

мерзіміен кеш туылу//

кіндік қалдықтарына дұрыс қарамау//

ана сүтімен емізбеу

***

Нәрестелердің гемолитикалық ауруының дамуы қандай патогенетикалық процесстермен қамтамасыз етеді: //

тамырлардың жайылған түйілуінің себебінен қан тамыр қабырғасының өткізгіштігі бұзылып, тін аралығына қанның сүйығының жиналуы//

анемия дамуымен эритроциттердің пішінінің өзгеруі//

организмде темір жетіспеушіліктің себебінен гемоглобин мен эритроциттердің деңгейінің төмендеуі//

протопорфириннің синтезінің бұзылысынан гемоглобин мен байланысы жоқ темірдін жиналуы//

+ эритроциттердің айқын ыдырауы (гемолиз) және симптомдар (ісік, сарғаю, анемия), гемолиздің өнімдерінің ұрыққа және нәрестелерге токсикалық әсері

***

Аналық без апоплексиясы бұл: //

+ аналық безден жедел қан кету, аналық без жарылуы//

аналық без тканінің іріңді балқуы (пиовар) //

аналық бездің қанмен ќамтамасыз етуінің жедел бұзылысы//

аналық без тканінің некрозы//

аналық бездің айналып кетуі

***

Гормоналдық контрацептивтердің негізгі әсерінің механизмі: //

абортивтік нәтиже//

+ овуляцияның тежелуі//

жатыр түтігі перистальтикасының бұзылысы//

эндометрийдің атрофиясы//

цервикалдық кілегейдің қоюлануы

***

Симптомдар аменорея, семіздік, гирсутизм, бедеулік және поликистозды аналық бездерді қай ауруға тән: //

Киари-Фроммель синдромы//

Шихан синдромы//

+ Штейн-Левенталь синдромы//

Симмондс синдромы//

Тернер-Шершевский синдромы

***

Ауру 25 жаста, бұрын босану болмаған, екіншілік жыныстық белгілердің жетілуі нашар, жатыр гипопластикалық, аналық бездер кішірейген, менструациясы ауырсынумен, нейро-эндокриндік өзгерістер жоқ. Диагнозыңыз: //

гонадалардың дисгинезиясы//

ювенильдік гипоталамикалық синдром//

туа біткен эндометриоз//

+ жыныстық инфантилизм//

Штейн-Левенталь синдромы

***

Медициналық аборт кезінде көп мөлшерде қан кету, жатыр мойнының жүктілігі деген диагноз қойылды. Дәрігердің тактикасы?//

кюреткемен ұрық элементтерін тездетіп алу//

саусақпенен ұрық элементтерін алуға тырысу//

+ лапаротомия, жатыр экстирпациясы//

ұрықты вакуум-экскохлеатора жолыменен алу//

өздігінен аборт болады

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]