- •1.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •1.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •1.6 ӨЗін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Бөлшектерді дайындаудың технологиялық үрдісі кезіндегі қателіктер жиынтығының талдауы
- •2.1 Жұмыстың мақсаты
- •2.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •2.3 Жалпы жағдайлар
- •2.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •2.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •2.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Кесу режимдері мен кесу аспабы геометриясының беттің кедір- бұдырлығына әсері
- •3.1 Жұмыс мақсаты
- •3.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •3.3 Жалпы жағдайлар
- •3.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •3.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •3.6 Өзін- өзі тексеру сұрақтары
- •Станок лимбасы бойынша қондырғы қателігін анықтау
- •4.1 Жұмыстың мақсаты
- •4.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •4.3 Жалпы жағдайлар
- •4.4 Тәжірибелік жұмысты орындаудың әдістемесі
- •4.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •4.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Тербелу мойынтіректерін дефектілеу
- •5.1 Жұмыстың мақсаты
- •5.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •5.3 Жалпы жағдайлар
- •5.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •5.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •5.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Қалпына келтіру тәсілін орату арқылы іжқ иінді білігінің сипаттамасы мен тозу шамаларын анықтау
- •6.1 Жұмыстың мақсаты
- •6.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •6.3 Жалпы жағдайлар
- •6.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •6.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •6.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Шатунды дефектілеу
- •7.1 Жұмыстың мақсаты
- •7.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •7.3 ЖАлпы жағдайлар Бөлшектің құрылымдық- техникалық сипаттамасы
- •Ақаулар және оларды жою тәсілдері
- •Шатундарды түзету мен бақылауға арналған құрал құрылғысы
- •7.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •7.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •7.6 Өзін - өзі тексеру сұрақтары
- •Флюс қабаты астында балқыту арқылы тозған бөлшектерді қалпына келтіру
- •8.1 Жұмыс мақсаты
- •8.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •8.3 Жалпы жағдай
- •Балқыту үшін электродтар мен флюстар
- •Балқыту шарттары
- •Балқытылған қабат сапасы
- •Флюс астында балқытуға арналған құрал құрылғысы
- •8.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •8.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •8.6 Өзін - өзі тексеру сұрақтары
- •Қолданыдыған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
4.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру келесі бөлімдерді құрауы керек:
1) жұмыстың атауы;
2) станоктың атауы, моделі және сипаттамалары;
3) орын ауыстыру винтінің қадамы және лимба бөлігінің шамасы;
4) қателікті өлшеу сұлбасы;
5) өлшеу құралдары туралы берілген мәндер;
6) тәжірибелер нәтижелері (4.1, 4.2, 4.3 кестелер формасы бойынша);
7) нүктелік диаграмманы құру және оның анализі, жүйелік тұрақтылар немесе жүйелік заңды қателіктердің болуын анықтау;
8) , S және шамаларын есептеу;
9) тәжірибелік таралу қисығы мен қалыпты таралу қисығын графикалық сызу;
10) қорытындылар.
4.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
Лимбалар қандай мүмкіндік береді?
Неге лимбаларды қолдану кезінде қажетті орын ауыстыруды дәл алу мүмкін болмайды?
Станок лимбасы бойынша қондырғы өлшемінің қателігін сипаттаңыз.
Станок лимбасы бойынша қондырғы қателігі шамасын қалай табуға болады?
Жұмысты жүргізуде қолданылып отырған әдістемеде не ескерілмейді?
№ 5 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
Тербелу мойынтіректерін дефектілеу
5.1 Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты болып тербелу мойынтіректерінің тағайындалуымен, құрылғыларымен, классификациясымен және шартты белгіленулерімен танысу, олардың негізгі параметрлерін анықтауда ілімдер алу, мойынтіректерді дефектілеу өндірісіне үйрету табылады.
5.2 Қажетті құрал- жабдықтар
Тәжірибелік жұмысты орындауда қолданылады:
1 өлшеу шектері 25…50 және 50…75 болып келетін МК микрометрлері;
2 индикаторлық нутрометр;
3 радиалдық және осьтік саңылауларды өлшеуге арналған аспап;
4 ұлғайтқыш әйнек;
5 эталондық тербеліс мойынтіректері.
5.3 Жалпы жағдайлар
Тербелу мойынтіректерін бөледі:
Жүктемені қабылдау бағытынан тәуелді (радиалды, радиалды- тіректі және тіректі);
Тербелу денесінің формасы бойынша (шарикті, роликті және инелік);
Тербелу денесінің қатарлар саны бойынша (бір-, екіқатарлық);
Құрылымдық ерекшеліктері бойынша (өздігінен орнатылып, өздігінен орнатылмайтын, сыртқы сақинасында ойығы бар, бір және екі қорғау шайбалы және т.б.).
Мойынтіректердің сақиналарының бірінде сығылып басылған әріп немесе сан түрінде арнайы белгілеулері бар.
Оң жақтан бірінші және екінші сандар мойынтіректің ішкі параметрін көрсетеді.
20-дан 495 мм- ге дейінгі диаметрлер үшін бұл екі сан 5- ке көбейтіледі, және де ішкі диаметр шамасын береді, мм.
Егер де соңғы екі сан 00, 01, 02, 03 белгілеулермен берілсе, онда мойынтіректің ішкі диаметрі сәйкесінше 10, 12, 15 және 17 мм- ге тең болады.
Диаметрі 9 мм мойынтіректер үшін оң жақтан бірінші сан олардың нақты өлшемін көрсетеді, мм.
Диаметрі 500 мм мойынтіректерді алымы ішкі диаметрдің мм- мен нақты өлшемін, ал бөлімі типі мен сериясын көрсететін бөлшектермен белгілейді.
Оң жақтан үшінші сан мойынтірек сериясын көрсетеді:
8 және 9 – аса жеңіл;
1, 7 – ерекше жеңіл;
2, 5 – жеңіл;
3, 6 – орташа;
4 – ауыр.
Оң жақтан төртінші мойынтірек типін белгілейді:
0 – радиалды;
1 – сфералық және шарикті- радиалды;
2 – радиалды қысқа цилиндрлік роликтерімен;
3 – сфералық роликті- радиалды;
4 – радиалды роликті сфералық немесе ұзын цилиндрлік роликтерімен;
5 – өрілген роликті радиалды;
6 – шарикті радиалды- тіректі;
7 – роликті конустық;
8 – шарикті тіректі;
9 – роликті- тіректі.
Оң жақтан бесінші және алтыншы сандар мойынтіректерінің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетеді.
Мойынтіректердегі әріптер мен негізгі өлшемдер дәлдігі мен айналу дәлдігін белгілейді. Дәлдіктің бес негізгі класы бар:
Н – қалыпты;
П – жоғарылатылған;
В – жоғары;
А – ерекше жоғары,
С – аса жоғары.
Дәлдік класы мойынтірек номерінің алдына қойылады. Қалыпты классты белгілейтін «Н» әрібі ереже бойынша қойылмайды.
Дәлдіктің үш аралық класы бар: ВП, АВ және СА, мұнда бірінші әріп ішкі сақина дәлдік класын, ал екіншісі – сыртқы сақинаның дәлдік класын көрсетеді.
Тербелу мойынтірегінің білік (ось) және корпуспен қосылысы үшін МемСТ- ке сәйкес отырғызулар бекітілген.
Тербелу мойынтіректерінің қалыпты жұмысы кезінде оның элементтері қосылыстарының арасында саңылаулар болады.
Ішкі немесе осьтік саңылау – бұл бір сақинаның қозғалмайтынына қатысты осьтік орын ауыстырудың ең үлкен шамасы.
Радиалды саңылау дегеніміз диаметрлік жазықтық қимасының өлшенетін тербелу денелері мен тербелу жолдарының арасындағы салалық саңылау.
Радиалды саңылау үш түрге бөлінеді:
бастапқы (мойынтіректі жұмыс орнына отырғызуға дейін);
отырғызылатын (мойынтіректі торапқа орнатқан соң). Ол барлық уақытта бастапқыдан кіші болып келеді;
жұмыстың (орнатылған температурада жұмыстық жүктеме астында). Ол әдетте отырғызылатыннан үлкен болып келеді.
Бастапқы радиалды және осьтік саңылаулардың шектік мәндері 5.1 және 5.2 кестелерде көрсетілген..
Кесте 5.1
Шарикті- радиалдық бірқатарлы мойынтіректердің бастапқы радиалды саңылаулардың шектік мәндері
Мойынтіректің ішкі диаметрі, мм |
Радиалды саңылау, мкм |
Мойынтіректің ішкі диаметрі, мм |
Радиалды саңылау, мкм |
||
Ең кіші |
Ең үлкен |
Ең кіші |
Ең үлкен |
||
18…20 |
10 |
24 |
65…80 |
14 |
34 |
23…24 |
10 |
24 |
80…100 |
16 |
40 |
24…30 |
10 |
24 |
100…120 |
20 |
46 |
30…40 |
12 |
26 |
120…140 |
23 |
53 |
40…50 |
12 |
29 |
140…160 |
23 |
58 |
50…65 |
13 |
33 |
160…180 |
24 |
65 |
|
|
|
180…200 |
29 |
75 |
Кесте 5.2
Бірқатарлы радиалды- тіректі шарикті мойынтіректер үшін осьтік саңылаулардың мәні
Мойынтіректің ішкі диаметрі, мм |
Осьтік саңылаудың рұқсат етілген шектері, мм |
|||||
МемСТ бойынша түйіспе бұрышымен 12° |
МемСТ бойынша түйіспе бұрышымен с углом контакта 26° и 36° |
|||||
1 қатар |
2 қатар |
3 қатар |
||||
Ең кіші |
Ең үлкен |
Ең кіші |
Ең үлкен |
Ең кіші |
Ең үлкен |
|
10…30 |
20 |
40 |
30 |
50 |
10 |
20 |
30…50 |
30 |
50 |
4.0 |
70 |
15 |
30 |
50…80 |
40 |
70 |
50 |
1000 |
20 |
40 |
80…120 |
50 |
1000 |
60 |
150 |
30 |
50 |
120…180 |
80 |
150 |
100 |
200 |
40 |
70 |
180…260 |
120 |
200 |
150 |
250 |
50 |
100 |
5.2 кестеде бірінші қатар бір тіректе екі қатардан орнатылған мойынтіректерге; екіншісі бір тіректе бір қатардан орнатылған мойынтіректерге жатады.
5.2 кестеде келтірілген осьтік саңылау мәндері қалыпты жағдайда жұмыс істейтін мойынтіректердің қалыпты класы үшін берілген.
Тербелу мойынтіректерінің ақауларына сақиналардағы, шариктер мен сепараторлардағы жарықтар, ойықтар, сынықтар, терең жарықтар; жүгірменің іздері, қыбыршақтары, түстері жатады; ондай ақаулардағы мойынтіректер жұмысы кезінде қатты шу беруі, айналуы түзу емес, тірелуі мүмкін.
Жіберілетін шу шамасы мен айналудың жеңілдік дәрежесі эталонды шарикті мойынтіректермен салыстыру арқылы анықталады.
