- •1.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •1.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •1.6 ӨЗін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Бөлшектерді дайындаудың технологиялық үрдісі кезіндегі қателіктер жиынтығының талдауы
- •2.1 Жұмыстың мақсаты
- •2.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •2.3 Жалпы жағдайлар
- •2.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •2.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •2.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Кесу режимдері мен кесу аспабы геометриясының беттің кедір- бұдырлығына әсері
- •3.1 Жұмыс мақсаты
- •3.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •3.3 Жалпы жағдайлар
- •3.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •3.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •3.6 Өзін- өзі тексеру сұрақтары
- •Станок лимбасы бойынша қондырғы қателігін анықтау
- •4.1 Жұмыстың мақсаты
- •4.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •4.3 Жалпы жағдайлар
- •4.4 Тәжірибелік жұмысты орындаудың әдістемесі
- •4.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •4.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Тербелу мойынтіректерін дефектілеу
- •5.1 Жұмыстың мақсаты
- •5.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •5.3 Жалпы жағдайлар
- •5.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •5.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •5.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Қалпына келтіру тәсілін орату арқылы іжқ иінді білігінің сипаттамасы мен тозу шамаларын анықтау
- •6.1 Жұмыстың мақсаты
- •6.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •6.3 Жалпы жағдайлар
- •6.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •6.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •6.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Шатунды дефектілеу
- •7.1 Жұмыстың мақсаты
- •7.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •7.3 ЖАлпы жағдайлар Бөлшектің құрылымдық- техникалық сипаттамасы
- •Ақаулар және оларды жою тәсілдері
- •Шатундарды түзету мен бақылауға арналған құрал құрылғысы
- •7.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •7.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •7.6 Өзін - өзі тексеру сұрақтары
- •Флюс қабаты астында балқыту арқылы тозған бөлшектерді қалпына келтіру
- •8.1 Жұмыс мақсаты
- •8.2 Қажетті құрал- жабдықтар
- •8.3 Жалпы жағдай
- •Балқыту үшін электродтар мен флюстар
- •Балқыту шарттары
- •Балқытылған қабат сапасы
- •Флюс астында балқытуға арналған құрал құрылғысы
- •8.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі
- •8.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру
- •8.6 Өзін - өзі тексеру сұрақтары
- •Қолданыдыған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.6 Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар
Бірқатар механикалық өңдеу кезінде қателіктер жинақталуының пайда болу негізгі себептері?
Өлшеу және технологиялық базалар сәйкес келуі кезінде өлшем дәлдігі немен анықталады?
Технологиялық және өлшеу базалар сәйкес келмеуі өлшеу дәлдігі неден тәуелді?
Технологиялық үрдісте қателіктерді жинақтау анализі қалай жүргізіледі?
Жинақталу қателігін азайту мақсатымен қандай іс- шаралар қателіктер жинақтауымен жүргізу қажет?
№ 3 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
Кесу режимдері мен кесу аспабы геометриясының беттің кедір- бұдырлығына әсері
3.1 Жұмыс мақсаты
Беттің кедір- бұдырлық кейбір параметрлерін анықтау әдістемесін бекіту және игеру, сонымен қатар кесу аспабы мен кесу режимдерінің элементтерінің негізгі параметрлерінен тәуелділігін меңгеру.
3.2 Қажетті құрал- жабдықтар
Тәжірибелік жұмысты орындауда қолданылады:
1 1К62 токарь станогы;
2 МИС-11 қосмикроскобы;
3 сыртқы цилиндрлік беттер.
3.3 Жалпы жағдайлар
Өңделген бет кедір- бұдырлығы бөлшек сыртқы бетінің тозу тұрақтылығына, отырғызу сипатына (тарту немесе кепілденген саңылауды сақтау), механизм әсерлесетін тораптарындағы үйкеліс күшіне, жұмыстық беттің майлануы мен антикоррозиялық қабілетіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Бұйым өңделген бетінің кедір-бұдырлығы бұл бас және көмекші қозғалыстар нәтижесінде кесу аспабының іздері.
Кедір- бұдырлық профилінің өлшемін беру бағытында , бас қозғалыс бағытында да жүргізуге болады.
Бірінші жағдайда біз көлденең кедір- бұдырлықты, ал екіншісінде- тік кедір- бұдырлықты анықтаймыз.
Сурет 3.1- ге сәйкес токарлық өңдеу кезіндегі көлденең кедір- бұдырлықты төмендегі формула бойынша анықтауға болады:
, (3.1)
Немесе жуықтап
, (3.2)
Көлденең кедір- бұдырлығын анықтау сұлбасы
3.1-сурет
мұнда h –кедір- бұдырлық биіктігі, мм;
S – кескіш берілісі, мм/айн;
R – кескіш ұшы жоғарылағандағы радиус, мм.
Формулаларды анализдеуден h беріліс азаюымен, сонымен қатар кескіш ұшы жоғарылағандағы радиусы жоғарлауымен азаяды.
Тәжиребе теориялық есептеулер кедір- бұдырлық нақты өлшемдерімен сәйкес келмейтіні көрсетеді. Серпімді деформациясы тегіссіздік шегімен металл бөлшектерін сындыруы, аспабтың кесу бетінің өсінділері және т.б. факторларымен түсіндіріледі. Өңделген бет кедір- бұдырлығына әр фактордың әсер ету дәрежесі кесу аспабының геометриясымен ғана емес, сонымен бірге көп жағдайда өңделетін материал түрінен, кесудің режимдерінен (, s, t), кесу аспабын салқындатудан, жабдықтардың тозуы және т.б. тәуелділігімен негізделеді.
Негізінде кедір- бұдырлық шамасына ең үлкен әсерді тигізеді: кесу жылдамдығы, беріліс, кескіш ұшы жоғарылағандағы радиус және жоспарындағы бас бұрыш (сурет 3.2.).
Кедір- бұдырлықты анықтау кезіндегі дайындаманы өңдеу сұлбасы
3.2-сурет
Бет кедір- бұдырлығын бағалауы МемСТ 2789–73 пен ИСО Р 463 халықаралық рекомендациясында қарастырылған. Бұл шетел техникалық іс қағаздарын тікелей қолдану мүмкіндік береді.
Бет кедір- бұдырлығы деп базалық ұзындығы (l) шектерінде бөлшек бетінің рельефін қатысты ұсақ қадамдармен жасалатын тегіссіздіктер жиынтығын айтамыз.
1. Rа – Базалық ұзындық (l) шектеріндегі профильдің орташа арифметикалық ауытқуы.
, (3.3)
немесе
, (3.4)
мұнда n – базалық ұзындықтағы таңдалған профиль нүктелерінің саны.
2. Rz – 10 нүкте бойынша профиль тегіссіздігінің биіктігі– базалық ұзындық (l) шектерінде бес ең үлкен шығыңқы (Hmax) мен бес ең үлкен шұңғыма (Hmin) нүктелерінің ауытқуының орташа арифметикалық қосындысы.
, (3.5)
мұнда Himax – бес ең үлкен шығыңқының биіктігі;
Himin – бес ең үлкен шұңғыманың тереңдігі.
Сызбадағы кедір- бұдырлық белгіленуі
МемСТ 2789-73- те (кесте 3.1.) штрихтардың бағытымен өңделген беттер классификациясы қарастырылған.
Кесте 3.1.
МемСТ 2789–73 |
Кедір- бұдырлық шамасы Rz, мкм |
|||||||||||||
320 |
160 |
80 |
40 |
20 |
2,5 |
1,25 |
0,63 |
0,31 |
0,16 |
0,08 |
0,04 |
0,01 |
0,05 |
|
Сызбаларда келесі белгілеулер келтіріледі:
|
– |
Беттің өңделу түрі орнатылмайды; |
|
– |
Металл қабатты жою жолымен беттің қалыптасуы (егеу, тесу, фрезерлеу және т.б.); |
|
– |
Металл қабатты жоймай- ақ қалыптасатын бетер (құю, штамптау, прокат, сым тарту және т.б.). |
Бет кедір- бұдырлығын бағалы сапалы және сандық әдіспен жүргізіледі.
Бірінші жағдайда бақыланатын бет кедір- бұдырлық үлгісінің бетімен салыстырылады.
Сандық бағалау кезінде кедір- бұдырлық параметрлерін келесі әдістердің бірімен өлшеу арқылы анықталады:
1) (МИС–11 қосмикроскобы, МИИ–4, МИИ–9 интерференциалық микроскоптары);
2) сипалау– профилометрмен.
МИС–11 қос микроскобы
Аспаб кедір- бұдырлықты Rz параметрі бойынша өлшеу үшін тағайындалған. Оны тағы кедір- бұдырлықты Ra көрсеткіші бойынша бағалау үшін пайдаланады. Профиль биіктігі параметрі бойынша өлшеу диапазоны 20…0,6 мкм құрайды.
Жұмыс принцибі жарықтың қима әдісіне негізделген МИС–11 аспабы қосмикрскобтардан тұратын жүйе болып табылады (сурет 3.3).
Қосмикроскоб МИС–11
1 – негіз; 2 – баған; 3 – кронштейн; 4 – тубустарды ұстағыш; 5 – жобалаушы микроскоп; 6 – бақылаушы микроскоп; 7, 8 – объективтер; 9 – реттеуші гайка; 10 – қысу винті; 11 – окуляр; 12 – гайка; 13 – винт; 14 – қалың берілісті винт; 15 – микровинт; 16 – жарық столы; 17 – микровинт; 18, 19 – бекіткіш винттер; 20 – винт; 21 – окулярлық микроскоп барабаны
3.3- сурет
А микроскобы жарықтандырғыш деп аталады. Ол бұйым бақыланатын бетіне обьектив 7 пен саңылау диафрагмасы арқылы көзден бағытталған тегіс жарық орамын құруға қызмет етеді. Басқа обьектив 8 және окулярға 11 не Б микроскобы өлшегіш деп аталады. Ол бақыланатын бет пен жарық тегіс сызығының қиылсуының нәтижесінде алынған жарық сызығын қарастыру үшін қызмет етеді. Микроскоп осьтары өзара түзу бұрышты құрайды. Бұл бұрыш биссектрисасы бақыланатын бет нормалімен сәйкес келеді.
Қиылысу жарықтың сызығы беттің нақты профилін көшіреді. Өлшеу микроскоп обьективімен окуляр фокальдік жазықтыққа жобаланған үлкейгендегі, мысалы Х есе, бұл сызық бет кедір- бұдырлық қадамы мен биіктігін көрсетеді.
