Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пл..ур.цикл-5.doc
Скачиваний:
2221
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.44 Mб
Скачать

күні


Сабақ жоспары

Цикл-5-30 сағат

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету

  1. Жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету

  2. Басқару құрылғысына ТҚК

  3. Гидравликалық жетекті тежеуіш жүйесіне ТҚК

  4. Пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесіне ТҚК

  5. Қосымша құрылғыларға, шанақтар мен кабинаға ТҚК

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Жүріс бөлігінің негізгі бөліктеріне, басқару құрылғыларына, гидравликалық, пневматикалық тежеуіш жүйелеріне, қосымша құрылғыларына, шанақтарға, кабиналарға ТҚК-те білу

Дамытушылық: Жүріс бөлігінің негізгі бөліктеріне, басқару құрылғыларына, гидравликалық, пневматикалық тежеуіш жүйелеріне, қосымша құрылғыларына, шанақтарға, кабиналарға ТҚК-те білужәне қалпына келтіру жолдарын, технологиялық ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Кәсіби және шеберлік қабілеттерін тұрақты түрде дамытып, жүйелендіріп отыруға, өзін-өзі тексеріп отыруға дағдыландыру, өз мамандықтарына қызығушылығын оятуға тәрбиелеу

Оқыту әдісі: Көрнекіліктермен, ауызша түрде, тәжірибелік жұмыстар арқылы

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы:

Көрнекіліктер, нұсқау карталары, плакаттар. Бұрамалық, қарапайым, домалақ кілттер, слесарлық-жинау жұмыстарына жиі қолданылатын болттар, бұрамалар және бұрамалық қосылыстарға арналған бұрамалар.

Сабақтың барысы

1)Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

2) Сабаққа дайындығын, арнайы киімдерін, қатысқан студенттердің тізімін тексеру

3) Жұмыс орнын анықтау

2) Кіріспе инструктажы: 40 мин

2.1. Бағдарламаның тақырыбымен, сабақтың тақырыбын айту, мағынасын түсіндіру;

2.2. Әр звеноға тақырыбын айтып, жұмыс орнын көрсету, мазмұны мен мақсатын әр звеноға қысқаша түсіндіріп өту;

2.3. Ауызша түрде техникалық қауіпсіздігімен таныстыру.

2.4.Өтілген тақырыптарды қайталау:

1) Трансмиссия жұмыс істеп тұрғанда қандай ақаулық орын алуы мүмкін?

2) Іліністің басқышының бос жүрісін қалай реттейді және не үшін тексереді?

3)Беріліс қорабына қандай техникалық қызмет көрсетіледі

4) Беріліс қорабына ТҚК-де қандай операциялар орын алады?

5) Басты беріліске ТҚК

2.2.Жаңа тақырыпты және сабақтың мақсатын баяндау

2.3.Жұмыс орнын белгілеу

2.4. Әр звеноға тапсырма беру, мазмұнын және негізгі сұрақтарын, мақсатын қысқаша түсіндіру

1 звено-жұмыс орны №1: Жүріс бөлігіне ТҚК

2 звено-жұмыс орны №2: Басқару құрылғыларына ТҚК

3 звено-жұмыс орны №3: Гидравликалық жетекті тежеуіш жүйесіне ТҚК

4 звено-жұмыс орны №4: Пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесіне ТҚК

5 звено-жұмыс орны №5: Қосымша құрылғыларға, шанақтар мен кабиналарға ТҚК

2.5.Техникалық қауіпсіздікке байланысты нұсқаулықтарды ауызша еске түсіру

3)Ағымдағы нұсқаулық: 200мин

1 звено-жұмыс орны №1: Жүріс бөлігіне ТҚК

Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме

Автокөліктің жүріс бөлігіне ТҚК мына бөлшектер қарастырылуы қажет. Аспалы бөлшектердің дұрыс бекітілуі, доңғалақтар мен аспалар, доңғалақтардың жағдайын және ауа қысымы , рессордың, амортизатордың, доңғалақтың мойынтірегін реттеу, мойынтіректі майлау, рессор, рессор саусақтары және амортизатордың толуы.

Автомобильдер рессорлары

Автобустарда және жүк автомобильдерінде серіппе ретінде рессорлар, торсиондар және пневмобаллондар қолданылады.

Жеңіл автомобильдердің артқы асқышына көбіне рессорларды, ал алдыңғы асқышына серіппелерді пайдаланады. Рессорлардың алдыңғы шеті жапсырмалы құлақшаға бекітілген, артқы шеті сырғымалы болады. Рессор астары артқы рессор ортасынан жетекші белдік картеріне үзеңгі арқылы бекітіледі. Рессор астары құлақшасы жоқ шеті сырғанамалы болады.

Кедергіге кездескенде рессор тербелісін өшіру үшін амортизатор пайдаланады.

Амортизатор

Амортизаторлар механикалық тербеліс энергиясын жылу энергиясына айналдырып, автомобильдің жатық(селкілдемей) жүруін қамтамасыз етеді.

Амортизаторлар екі топқа бөлінеді-бір және екі түтікті. Олар қос әрекетті сұйық телескоптық немесе сұйық пен газды болады.

Бір түтікті амортизаторлар сұйық телескопты немесе сұйық пен газды телескопты болады. Сұйық пен газды амортизаторларда газ (В) және сұйық (А)бір-бірімен бөлектеуші поршеньнің әсерінен жанаспайды.

Екі түтікті амортизаторлар көбінде телескопты болады, оларда да сұйық немесе сұйық пен газды бірге қолданады. Бұл амортизаторларда газ бен сұйық бір –бірімен жанасады.

Амортизаторлар поршеньдерінде екі тесік жасалған, олар бір жағынан пластиналы серіппелі клапандармен жабылған

Доңғалақ кедергіден өту кезінде рессор майысады да, амортизатор сығылады. Рессор қайта серпілгенде амортизатор созылады.

Доңғалақ жоғары көтерілгенде клапан ашылып, сұйық поршеньнің бір қуысынан екінші қуысына ауысады. Поршень жылдам қозғалғанда ауысу қуысында қысым ұлғаяды. Амортизатордың сығу кедергісі оның кері қайта (СОЗЫЛУ)кедергісінен бірнеше рет аз болады. Бұл автомобильдің кедергігег тап болған кезіндегі соққысын азайтады.

Автомобильдерде қос әрекетті сұйық телескоптық амортизаторлар қолданылады.

Доңғалақ

Автомобиль асқыштар арқылы доңғалақтарға орналастырылады. Доңғалақтың негізгі қызметі-автомобильдің тербелісін жеңілдетіп, бағытын өзгертуін қамтамасыз етіледі. Доңғалақтар жетекші басқарушы, құрама және ұстаушы болып бөлінеді. Жетекші доңғалақ айналдыру моментінің әсерінен автомобильді алға қозғайды. Басқарушы доңғалақ автомобильді бұрып бағыттап отырады.

Пневматикалқы шина домалағанда деформацияланып, әрбір соққыны жеңілдетіп, жойып доңғалақ осінің бірқалыпты жылжуын сақтайды. Мұндай пневматикалық шинаның қасиетін жұмсақтаушы деп атайды. Шинада ауа қысымы басты пайдалану өлшемі болып табылады, ол резеңкенін ұзақ мерзім жұмыс істеуі мен үнемді жанармай шығынына әсерін тигізеді.

Жүріс бөлігін қарастыру

Жүріс бөлігін жүрер алдында доңғалақ бұрандамаларының қаттылығын және шиналардың ауа қысымын міндетті түрде тексеру қажет. автомобильдің артқы аспасы кіші рессоры бар екі негізгі рессордан құралады. Рессордың алдыңғы шеті жапсырмалы құлақшаға бекітіліп, артқы шеті сырғанамалы болады. Рессор астары артқы рессор ортасынан жетекші белдік картеріне үзеңгі арқылы бекітіледі. Рессор астары құлақшасы жоқ шеті сырғанамалы болады. Ол автомобиль жүк әсерінен ауырлаған кезде пайдаланылады.

Раманың басты ақауларына олардың тойтарма бекімелерінің босауы, майысу, жарылуы жатады. Тойтарма бекіткіштердің босауын, автомобиль жүрісінде діріл пайда болуынан байқауға болады. Оны балғамен раманы соғу арқылы да білуге боладыжарық пен майысуына сырттай бақылап білуге болады. Босаған тойтармаларды жаңасымен аустырады, не бұрандама шайбасымен бекітеді. ғн

Доңғалақтың мойынтірегін реттеу және тексеру

Алдыңғы доңғалақтың бұрышының орналасқанын тексеру

Өзіндік жұмыс:

  1. Жүріс бөлігін тексеру

  2. Мойынтіректің кіндіктеміріндегі бұрылу цапфасын алды-ала реттеу

  3. Доңғалақ мойынтірегін реттеу және тексеру

  4. Алдыңғы доңғалақтың бұрышының орналасқанын тексеру

Айналым№1:

-звенолардың жұмысқа дайындығына көз жеткізу

- жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау.

- Технологиялық-нұсқау картасын оқу, тапсырманың орындалуын қадағалау

- техника қауіпсіздігінің сақталуын қадағалау.

Айналым № 2:

-Тапсырманың дұрыс орындалғандығына көз жеткізу.

- Қателерді табу

Айналым №3

-Үлгерімі төмен студенттерге көмек көрсету.