Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ жумыс ТА каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

2.3 Жалпы жағдайлар

Технологиялық үрдістегі қателіктер жиынтығы пайда болуы ең бірінші технологилық базаны дұрыс таңдаумен байланысты. Бөлшектер өлшемі тікелей технологиялық базадан алынған жағдайда қателіктердің жинақталуы болмайды. Бұл жағдайда базалар бірлігі принципі сақталады, яғни технологиялық базалар ретінде бөлшектердің құрылымдық базалары қолданылады. Осы кезде бөлшек өлшемі технологиялық жүйенің өлшемдік тізбегінің тұйықтаушы буыны болып табылдаы, және оның дәлдігі тек берілген технологиялық операцияға қатысатын факторлармен ғана анықталады (сурет 2.1). 2.1 суретте көрсетілген бөлшектер үшін кертпем (уступ) өлшемі конструктормен төменгі жазықтықтан берілген. Технологиялық үрдістің солай құрылуы ең сәттісі болып табылады, себебі ол бөлшектің қажетті дәлдігін ең қысқа жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Технологиялық базалардан бөлшектер өлшемін алу

2.1- сурет

Кейбір жағдайларда базалар бірлігі принципін қолдана алмаймыз. Егер кертпеш өлшемі конструктормен жоғары жазықтықтан берілсе, онда базалар бірлігі принципін жасау үшін технологиялық орнату базасы ретінде бөлшектің жоғары жазықтығын қолдануға болады.

Жоғарғы жазықтықтан өлшемі көрсетілген кездегі базалар бірлігі принципін қолдану

2.2 -сурет

Дәлдікті қысқа жолмен алу мүмкіндігіне қарамастан, технологиялық үрдісті құрудың ондай нұсқасын сәтті деуге келмейді, себебі бұл кезде орнату аспабының құрылымы айтарлықтай күрделенеді. Мұндай жағдайларда базалардың жалпылама ауыстыруын жүргізу қажет болады. Кертпеш жағдайын анықтайтын өлшем дәлдігі (сурет 2.3) бөлшектің төменгі жазықтығындағы технологиялық база ретінде қолдану кезінде А өлшемдік тізбегімен анықталады. Бұл жағдайда бөлшек өлшемі AΔ технологиялық өлшемі тізбегінің тұйықтаушы буыны болып табылады. Құраушы буындар болып A1, A2 операциялық өлшемдер табылады.

Технологиялық өлшем тізбегінің пайда болуы

2.3-сурет

Тұйықтаушы буынның қателігі буындар құраушылары қателіктерінің қосындысына тең:

, (2.1)

A1 өлшемі жоғарғы және төменгі жазықтықты өңдеу кезіндегі алдыңғы операциядан алынған. A2 өлшемі берілген технологиялық операциядан алынған. Осылайша технологиялық және өлшемдік базаларының сәйкес келмеуінен қателіктердің жинақталуы жүреді.

Ондай қателіктерді азайту үшін қажет:

  • Конструктордың келісуімен бөлшектер өлшемдерін қою сұлбасын өзгерту;

  • Қателіктердің жинақталуы жүретін бөлшек өлшемдеріндегі жіберулерді ұлғайту (тағы да конструктормен келісе отырып);

  • Негіздеу сұлбасы немес өңдеу сұлбасын өзгерту;

  • Технологиялық операцияларға тән қателіктерді азайту (қондырғы қателіктері, статикалық қателіктер мен динамикалық баптаулар).

Қателіктер жиынтығының анализі өлшемдік тізбектер теориясына негізделетін әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Бөлшектерді дайындаудың /1/ технологиялық үрдістің қателіктер жиынтығын анализдеуде олардың біреуін қолдануда нақты технологиялық операцияларға жататын үш буынды өлшемдік тізбектерді құрастыру жолымен жүргізіледі. Құрастыруды жинақталған қателігі бар бөлшектің қажетті өлшемі ақырғы рет алынатын операциядан бастайды. Өлшемдік тізбектерді құрастыру өлшемдер қателігі тек берілген операциямен анықталатын жағдайда аяқталады. Осы кезде параллель байланысқан өлшемдік тізбек жасалады. Жинақталған қателіктердің анықтау берілген өлшемдік тізбектерді тізбекті есептеу жолымен жүргізеді.

Қателіктер жиынтығы анализінің неғұрлым қарапайым және көрнекі түрі технологиялық үрдістің өлшемдік сұлбасын құруда және бір көпбуынды өлшемдік тізбекті есептеу арқылы жүргізіледі /2/. Өлшемдік сұлба берілген технологиялық үрдістен алынатын барлық өлшемдер дәлдігін сараптауға мүмкіндік береді. Өлшемдік сұлба– бұл дайындама өлшемдік параметрлерінің операциядан операцияға өтуде өзгеру ретін көрнекті бейнелейтін технологиялық құжат. Сұлбаны құру бөлшектің беттері мен осіне сәйкес келетін дайындама сызбасына тік сызықтарды сызудан басталады. Олардың орналасуы беттер мен осьтердің нақты орналасуына қатаң сәйкес келуі керек. Барлық операциялық өлшемдер мен дайындаманың бастапқы өлшемдері осы тік сызыққа тіркеледі. Өлшемдердің көрсетілуі технологиялық үрдісте өңдеудің ретімен жүргізілуі керек. Технологиялық ауысулардың бейнесі барлық өлшемдік параметрлерді көрсетумен тіркеледі: жіберілетіндерді, операциялық өлшемдерді, осьтен ауытқуларды және т.б. Соңғы ауысуды бейнелеуден кейін мүмкін болатын буын– өлшемдер тұйықталуы үшін орын қалдырылады, ол сосын дәл сол тік сызықтарға бөлшек өлшемдерін енгізеді. Тұйықталатын буындарды анықтау бөлшек өлшемдері мен соңғы өлшемдерді сәйкестендіру жолымен жүргізіледі.

Егер технологиялық үрдісте бөлшектің қандай да бір өлшемі соңғы деп алынбаған жағдайда, онда өлшемдік сұлба құрамына тұйықтаушы буын– өлшемге сәйкес қосылады.

Өлшемдік тізбектерді құрастыруда өлшемдік сұлба бойынша әр тұйықтаушы буындар үшін тұйық контурларын табу жолымен жүргізеді. Контурларды жүргізуді тұйықтаушы буыннан бастаған дұрыс, өлшемдік тізбек құрамына бірнеше тұйықтаушы буындардың қосылуы рұқсат етіледі, контурларды жүргізуде беттік жарылулар арқылы өтуі жіберілмейді.

Мысал ретінде білік типті бөлшектерді дайындаудың технологиялық үрдісі үшін сызықтық өлшемдердің сызықтық сұлбасын құрастыруда қарастырамыз, сурет 2.4 және кесте 2.1.

Білік сызбасы

2.4-сурет

Кесте 2.1

Білікті дайындаудың технологиялық бағдары

Операцияның нөмірі және атауы

Операциялық эскиз

Бастапқы дайындама

05 Токарлік

10 Токарлік

15 Токарлік

Өлшемдік сұлбаны құрастыру дайындама эскизін сызудан басталады. Сосын дайындама беттеріне сәйкес келетін эскиздегі көлденең сызыққа 3 белгі қойылады. Осы белгілерден төмен қарай нәтижесінде өлшемдер қойылатын тік сызықтар жүргізіледі. Бастапқыдан берілген дайындаманың 2 өлшемі қойылады. Әрбір бүйір жағын өңдеуде өлшемдік сұлбаға өңделуші бет пен технологиялық базаны қосатын өлшем мен жіберулер қойылады. Технологиялық үрдістен алынған соңғы өлшемді көрсетуден кейін, мүмкін болатын буын– өлшемдер үшін орын қалдырылады. Содан кейін буындардың белгілі құраушылары айқындалады. Оларға бөлшек өлшемдеріне сәйкес жағдайда соңғы өңделген беттерді байланыстыратын өлшемдер жатады. Берілген жағдайда белгілі буын болып 20 операциядан алынған өлшемдер табылады. Әрі қарай тұйықталушы буын– өлшемдер айқындалады. Қарастырылып отырған жағдайда тұйықталушы буын– өлшем болып кіші диаметрлі білік сатысының өлшемі табылады, сондықтан бұл өлшем технологиялық үрдістегі соңғы болып алынбайды, бірақ бөлшек сызбасында көрсетілген, сурет 2.4. Құрастырылған өлшемдік сұлба 2.5. суретте келтірілген.

Өлшемдік сұлба

2.5 - сурет

.

Берілген зертханалық жұмыста технологиялық үрдіс фрагментінің қателіктер жинақталу анализі екі операциялардан тұрады. Бұл жұмыста сол операциялардың орындалатыны соқғысы – фрезерлік станокта кертпешті өңдеу. 2.6 суретте өңделетін дайындама эскизі келтірілген.

Өңделетін дайындама

2.6- сурет

Зертханалық жұмыста кертпешті өңдеу екі нұсқа бойынша жүргізіледі, 2.7. суретте.

Дайындаманы екі нұсқа бойынша өңдеу кезіндегі негіздеу

2.7-сурет

Өңдеу кезінде технологиялық база бағыттауышы машиналық қысқыштардың қозғалмайтын губкаларындағы дайындама тірегі есебінен құрылады. а нұсқасында өлшеу және технологиялық базалары сәйкес келеді, A2 өлшеу дәлдігі тек берілген технологиялық операция дәлдігімен анықталады. б нұсқасында өлшеу және технологиялық базалары сәйкес болмайды. Бөлшек сызбасында берілген кертпешті өлшеу дәлдігі берілген операция (B2 өлшемі) мен дайындама бүйір жазықтықтар өңделуі жүргізілетін алдынғыларынан да тәуелді болады (сурет 2.8).

Қателіктер жинақтау үрдісінің анализі үшін бөлшек бүйірлік жазықтарының өңделу технологиялық үрдіс бөлігіне арналған өлшем схемасын құру қажет. Тұйықтау буыны болып кертпеш ені табылатын өлшеу тізбегі айқындау. Құраушы буындар қателіктерін қоса отырып тұйықтаушы буын қателігін анықтау. Дайындама партиясындағы кертпеш енін өлшеуден соң алынған нақты тұйықтаушы буын есептік қателігін сәйкестендіру.

Дайындаманы өңдеуінің алдынғы операциялары

2.8-сурет