Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ жумыс ТА каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

А. Бүркітбаев атындағы Өндірістік инженерия институты

«Көтеріпасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасы

«Бекітемін»

А. Бүркітбаев атындағы ӨИИ диркторы

______________ Ж. Ж. Байгунчеков

« _____ » _______________ 2016 ж.

5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» бакалавриат мамандығы студенттеріне «Автомобиль жасау технологиясы» пәнінен тәжірибелік жумыстарға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Алматы–2016

ӘОК 532.5 (075)

«Автомобиль жасау технологиясы» пәнінен тәжірибелік жұмыстарды орындауға әдістемелік нұскау бойынша 5В071300-«Көлік, көліктік техника және технологиясы» бакалавриат мамандығының оқу бағдарламасымен сәйкес.

Пікір жазғандар:

Жүсіпов К.Ә.т.ғ.к., доцент, М. Тынышбаев атындағы ҚазККА;

Есенгалиев М.Н. – т.ғ.к., доцент, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА .

Авторлар: Козбагаров Р. А. т.ғ.к., Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ доценті.

Камзанов Н.С. – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ оқытушысы.

Әдістемелік нұсқаулар 8 тәжірибелік жұмыстан тұрады. Әрбір жұмыс теориялы материалдармен келтірілген, сонымен қоса соңында өзін-өзі тексерү үшін бақылау сұрақтары берілген.

1 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

өҢДЕУ ДӘЛДІГІНЕ ДАЙЫНДАМА ҚАТТЫЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕТІН ЗЕРТТЕУ

1.1 ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ

Өңдеу дәлдігіне дайындама қаттылығын әсерін үйрену. Қатты емес білік формасының қателігін анықтау әдісін игеру. Дайындаманың аз қаттылығымен негізделетін өңдеу қателігін азайтуға бағытталған алғышарттар жасау.

1.2 ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ- ЖАБДЫҚТАР

Тәжірибелік жұмысты орындауда қолданылады:

1 1К62 токарлі станогы (сипатты тәуелділікті алу үшін ұзақ пайдалануда болған станок қолданылады);

2 диаметрі 20…30 мм, ұзындығы 500…600 мм цилиндрлі дайындама;

3 К.01.4979.000–02 Т15К6 ТУ 2–035–892–82 токарлік өтпелі (жылжымалы) кескіш.

1.3 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

Өңдеу үдісіне әсер ететін күш әсерінен технологиялық жүйеде (ТЖ) серпімді деформация пайда болады. Олар ТЖ- нің барлық элементтері деформациясынан, сонымен бірге өңделетін дайындама деформациясынан құралады. Егер дайындама қаттылығы үлкен болмаса, онда өңдеу қателігі негізінде дайындама деформациясымен анықталады. Дайындама қаттылығы ұзындық бойынша қолданылған жағдайда өңделетін бет формасының қателігі пайда болады.

Қатты емес білікті өңдеу кезінде кесу үшін құраушыларының әсерінен оның осінің қалпы өзгеріске ұшырайды (сурет 1.1).

Құралдың дайындама ортасында тұрған жағдайындағы біліктің тік f1 және көлденең f2 бағытта иілуінің шамасы:

, (1.1)

, (1.2)

Қатты емес білік осі қалпының өзгеруі

1.1 - сурет

мұнда Pz, Py – кесудің тангенциалды және радиалды күштері, Н;

l – білік ұзындығы, мм;

E – дайындама материалының серпімділік модулі, E = 2⋅104, МПа;

J – біліктің инерция моменті, J = 0,05d4, мм4 (d – өзгеруге дейінгі білік диаметрі, мм).

Жону кезіндегі кесу күшінің құраушылары:

, (1.3)

, (1.4)

мұнда CРz, CPy – өңделуші материалдың механикалық қасиеттерінен тәуелді коэффициенттер;

t – кесу тереңдігі, мм;

S – берілу, мм/айн;

– кесу жылдамдығы, м/мин;

kPz, kPy – өңдеудің өзгерген жағдайы үшін түзету коэффициенті;

xР, yР, zР – сәйкесінше кесу күшіне тереңдіктің, беру мен жылдамдықтың әсерін анықтайтын дәреже көрсеткіштері.

Білік дайындамасын өңдеу кезінде ең аз деформация құралдың тірекке жақын жағдайында, ал ең үлкен деформация ортадағы жағдайында алынады. 1.1 суреттегі дайындаманың салалық иілуін есепке алатын орта қимадағы өңделетін дайындама радиусы құралады:

, (1.5)

мұнда r – иілуді есепке алмағандағы біліктің есептік диаметрі.

. (1.6)

Өңдеу нәтижесінде алынған білік формасы қателігінің есептік мәні анықталады:

. (1.7)

Нақты қателік құрайды:

. (1.8)

мұнда , – біліктің нақты минималды және максималды диаметрі.

Дайындаманың аз қателікке негізделген өңделетін бет формасының қателігін азайту үшін қажет:

  • ТЖ қаттылығын жоғарылататын қосымша тіректер қолдану (токарь станоктарында люнеттер, фрезерлі станоктарда өңдеуде әр түрлі орнатылатын тіректер);

  • Кесу құралының геометриялық параметрлерін өзгерту, кесу, беру, тереңдігін азайту арқылы кесу күшін азайту;

  • Кесу тереңдігі (сурет 1.2,а) немесе беруді (сурет 1.2,б) белгілі бір тәртіп бойынша өзгертіп отыратын өңдеуді қолдану (мұны тек ЧПУ құрылғысы бар жабдықты қолдану кезінде ғана іске асыруға болады). Қаттылығы аз телімде беру шамасы дайындаманың серпімді деформациясы тұрақтылығын қамтамасыз ететін мәнге дейін азайтылуы керек. Кесу тереңдігін құрал қозғалысы траекториясын өзгеру арқылы өзгертуге болады.

Қатты емес дайындаманы өңдеу кезіндегі форма қателігін азайту жолдары

а) берудің өзгеру тәртібі; б) траекторияның өзгеру тәртібі

1.2 - сурет

1.4 Тәжірибелік жұмысты орындау әдістемесі

Тәжірибелік жұмысты орындау келесі ретпен жүргізіледі:

1) дайындама диаметрін өңдеуге дейін үш қимада өлшеу (алдыңғы центрден, ортасынан, артқы центрден), орташа мәнін анықтау және оны дайындаманың нақты диаметрі d ретінде қабылдау;

2) білік дайындамасын барлық ұзындық бойымен жону; өңдеу режимдері: кесу жылдамдығы = 50…60 м/мин, тік беруі S = 0,1 мм/айн, кесу тереңдігі t = 0,5 мм;

3) білік диаметрін өңдеуден кейін үш қимада өлшеу;

4) 1.8 өрнек бойынша білік формасының нақты ауытқуын анықтау;

5) 1.5 формуламен орташа қимада біліктің есептік радиусын анықтау;

6) 1.7 өрнекпен білік формасының есептік ауытқуын анықтау;

7) білік формасының нақты және есептік ауытқуларын сәйкестендіру;

8) жұмыс бойынша қорытынды жасау.

1.5 Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру

Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп беру келесі бөлімдерден құралуы керек:

1) жұмыстың атауы мен мақсаты;

2) өңделетің дайындаманың эскизі;

3) өңдеу режимі;

4) дайындама диаметрлері, дайындама диаметрінің орташа мәні;

5) өңдеуден кейін біліктің үш қимадағы диаметрлері (кесте 1.1);

Кесте 1.1

Эксперименталдық көрсеткіштер

Білік қимасы

Өңдеуге дейінгі диаметр, мм

Өңдеуден кейінгі диаметр, мм

Алдыңғы қысқыштағы

Ортадағы

Артқы қысқыштағы

6) ортаңғы қимадағы біліктің есептік диаметрі;

7) білік формасының нақты және есептік ауытқулары

8) жұмыс бойынша қорытындылар.

1.6 ӨЗін- өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Токарлік өңдеу кезінде қатты емес ұзын білік формасының қателігі қандай себептен пайда болады?

  2. Ортаңғы қимада біліктің есептік өлшемін қалай анықтайды?

  3. Білік формасы қателігін қалай азайтады?

  4. ЧПУ құрылғысы бар жабдықта өңдеудегі форма қателігі азаюының маңызы неден тұрады?

2 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Бөлшектерді дайындаудың технологиялық үрдісі кезіндегі қателіктер жиынтығының талдауы

2.1 Жұмыстың мақсаты

Технологиялық операциялар қатарын орындауда қателіктердің пайда болу және жинақталу механизмін меңгеру. Сондай қателіктерді айқындау әдістемесін игеру. Технологиялық үрдістің сомалық қателігін азайтуға бағытталған алғышарттарды жасау.

2.2 Қажетті құрал- жабдықтар

Тәжірибелік жұмысты орындауда қолданылады:

1 көлденең- фрезерлік станок;

2 машиналық қысқыштар;

3 Т15К6 қатты құйма қабаттарымен жабдықталған үш жақты дискілік фреза;

4 болат 45- тен жасалған тақташа дайындамалары МемСТ 1050–88;

5 өлшеу құралдары: 0–125 штангенциркулі МемСТ 166–89, 0–160 штангентереңдікөлшеуіш 0–160 МемСт 162–90.