- •Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
- •Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
- •Эконоикалық түсініктердің негіздері
- •1.3.Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.
- •1.4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.
- •Адам және экономика. Әр түрлі модельдер.
- •Экономикалық ресурстар
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
- •3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.
- •3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
- •3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
- •4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
- •4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
- •4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
- •4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
- •Сұраныс заңы.
- •5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.
- •5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
- •6.1.Өндірістің факторына сұраныстың өндірістік сипаты. Өндірістік қызмет.
- •6.2. Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік
- •6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
- •7.2.Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы
- •7.3. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі
- •7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы
- •8.1.Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
- •Фирманың табысы мен пайдасы
- •8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы
- •Өндіріс факторларының рыноктары және факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.1. Қызметті бөлудің негізігі
- •9.2.Еңбек бағасы ретіндегі еңбекақы
- •9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
- •9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы
- •10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.
- •10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.
- •10.2. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері.
- •14.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Макроэкономикалық тепе-тендік.
- •11.1. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі
- •IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс
- •11.3. Инвестициялар және жинақ салымдары
- •11.5.Туынды инвестицияларжәне акселератор.
- •11.6. Қазақстандағы инвестициялық саясат
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың кезеңділігі.
- •1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі
- •12.3. Орта мерзімді кезеңдердің фазасы
- •12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы
- •Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу
- •13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
- •13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
- •13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Қаржылық-кредиттік жүйе
- •14.3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- •2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
- •15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- •15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
- •15.3. Экономикалық өсудің моделі
4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
ЗЕРТТЕУДІҢ МАРКСИСТІК ЖӘНЕ
МАРЖИНАЛДЫҚ ӘДІСТЕРІ
К. Маркстің еңбек құны теоиясына сәйкес, тауардың екі қасиеті бар: тұтынушылық және құндық құны.
Адамдардың осындай және басқадай қажеттілігін қанағаттандыратын заттардың ерекшелігі, заттардың тұтыну құнын жасайды. Тауардың құны оны өндіруге кеткен, қоғамдық қажетті еңбектің санымен анықталады. Еңбек құны теориясына сәйкес, тауардың қоғамдық құны оны өндіруге қоғамдық қажеттілік пен еңбектің санымен анықталады, жұмыс уақытымен өлшенеді.
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты еңбектің қарымдылығы мен жасай білудің ораша деңгейімен анықталатын, өндірудің қоғамдық қалыпты жағдайында жасалатын қандай да бір тауарды дайындауға кеткен уақыт болып табылады.
Заң бойынша өндірістің құны мен тауар айырбасы құндық мөлшері бойынша, қоғамдық қажетті еңбек шығыны негізінде жүзеге асады. Құн заңы мынадай қызметтерді атқарады:
1) есеп және қоғамдық еңбекті реттеу;
2) уақытты үнемдеуді ынталандыру;
3) тауар өндірушілерді саралау;
Шектеулі пайдалылық теориясының атасы неміс экономисі Госсен болып саналады. Бірақ ол Aвстрия мектептері өкілдерінің еңбектерінде кеңінен дамыды.
Заттардың пайдалылығы түсінігі бойынша ол әр тұтынушымен бекітілетін шектеулі, яғни, қорда бар осы аталы заттың соңғы біреуінің аз пайдалылығы. Тауар неғұрлым көп болса, сонша оның тұтытушыны толық қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да, олардың соншалықты нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен болады. Керісінше, тауар неғұрлым аз болса, оның пайдалылығы мен құндылығы жоғары болады. Бұл Госсен заңы деп аталады.
Кез келген экономикалық игіліктің шектеулі пайдалы көлемі ресурстардың аздығымен анықталады. Маржиналдық теориясы бойынша өндіріс саласындағы айырбастаудағы, яғни, рыноктағы жалпы адам және шаруашылық жүргізуші субъекті игіліктің шектеулі пайдалылығынан жұмыс істейді бұл тұтынуды қанағаттандырудың ең аз интенсивтілігіне арналған, сол бірліктің пайдалылығы.
Өндіру игілігінің құны өндіру сипаттамасына ие және жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін пайдаланатын соңғы өнімнің шектеулі пайдалылығымен реттеледі.
4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
Ақша жалпы баламалы рөлі ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болады. Ақша жалпы баламаның аяқталған нысанын көрсетеді.
Ақшаның алғашқы рөлін екі металл атқарады: алтын мен күміс. Бұл биметаллизм дәуірі болатын. Монометализм кезінде ақша материалы ретінде тек алтын пайдаланылады. 1923 – 1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс монометализм дәуіріне тұсау салды. Ұсақталмайтын ақша жүйесінің қалыптасуы басталды. Оның айыру белгілері:
1) кредиттік ақшаның үстем болуы;
2) алтынды монетаризациялаудан алу, яғни, оның айналымынан шығуы;
3) банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың құрамында алтынның болуын алып тастау;
4) жеке кәсіпкерлік пен мемлекетті кредиттеу мақсатында ақшаның эмиссиясын күшейту.
Ақшаның қызметі:
- құн шарасы. Ақша арқылы барлық тауарлар өзінің құнын шығарады. Тауар құнының ақшалай көрсетілімі тауардың бағасы болып саналады;
- айналым құралы. Мұнда ақша тауарларды тікелей сатып алуға қызмет етеді;
- төлем құралы. Ақша мерзімі ұзартылып та төленеді;
- жинақтау құралы. Ақша айналымынан түседі және орнығады;
- әлемдік ақша. Ақша әлемдік тауар айналымына қызмет етеді.
Айналым және төлем құралы ретінде ақша қызметінен мынадай қорытынды шығады: ақша өзі үшін емес, тауарларды айырбастауды және адамдар арасындағы қызметті қамтамасыз ету үшін керек. Яғни, бұл, экономикада тауар мен қаржы көлемі арасындағы теңдікті сақтау қажет еткенін көрсетеді. Ақша айналымының мәні осыменен қорытындыланады. Сонымен бірге әрбір ақша бірлігі осы аталған уақыт ішінде, бірқатар тауар мәмілелеріне қызмет ете отырып, қолдан қолға бірнеше рет көшуі мүмкін. Ақша неғұрлым тез айналған сайын, соғұрлым, айналымға ол аз талап етіледі. Осыдан ақша айналымы заңы айқын көрінеді: бір атаулы ақша бірлігінің жылдам айналымына бөлінген, тұрақты айналымға қажетті ақша көлемі, барлық тауарлардың бағасының құнына теңеледі.
Ақшаның негізгі нысанына тиындар, қағаз ақшалар мен кредиттік ақшалар болып табылады. Тиын бұл ерекше нысандағы, металл құймасы, салмағы, белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы ақшалар. Қағаз және кредиттік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп те атайды. Оларға сондай ақ, күміс және мыс ақшаны да қосады. Кредиттік ақшалар бұлар вексель, банкнот және чектер. Вексель бұл оның иесіне (вексель ұстаушы) мерзімі өткеннен кейін, қарыз адамнан көрсетілген ақшалай соманы талассыз талап етуге құқық беретін, қатаң белгіленген нысандағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Банкнот бұл ұсынушы барлық уақытта ақша ала алатын және банкир жеке вексельді ауыстыратын, банкирдің вексельі. Чек банк шотынан бір адамға немесе ұсынушыға ондағы көрсетілген соманы төлеу туралы иесінің сөзсіз бұйрығы көрсетілген.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, төлемдік есеп беру және кредиттік тетіктерді біріктіретін, кредит карточкасын қолдану кеңінен тарады. Кредиттік карточка өзіндік ерекшелігі бар, атаулы чекті айырбастаушы және төлем құралы ретінде ақшаның қызметін орындайды.
Қазіргі уақытта электрондық ақша деп аталатын кеңінен қолданылады. Электрондық ақша жүйесі бірнеше элементтерді өзіне қосады: автоматтандырылған есеп беру палатасы, автоматтандырылған кассир жүйесін және тауар сатып алу мен қызмет көрсету пунктерінде орнатылған, терминал жүйесін.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. «Қоғамдық шаруашылықтың нысаны» дегеніміз не?
2. Қазіргі экономикалық теория қоғамдық шаруашылықтың қандай нысандарына бөлінеді?
3. Табиғи шаруашылық немен айрықшаланады?
4. Натуралды шаруашылықтың ерекшеліктері қандай ?
5. Натуралды шаруашылық нысанының моделін атаңыздар?
Негізгі әдебиеттер.
1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.
2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997
3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.
5- ТАҚЫРЫП. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ.
Лекция мақсаты: Сұраныс пен ұсыныс теорияларының мәнін ашу.
Лекция сұрақтары:
1. СҰРАНЫС. СҰРАНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. СҰРАНЫС ЗАҢЫ.
2. ҰСЫНЫСТАР. ҰСЫНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР. ҰСЫНЫС ЗАҢЫ.
3. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ІС- ҚИМЫЛЫ. РЫНОКТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК.
4. Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділігі. 5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
5.1. СҰРАНЫС. СҰРАНЫСҚА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.
