Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.24 Кб
Скачать

9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы

Пайда – бұл капиталға түсетін табыс. Пайда кәсіпкердің қызметінің басты нәтижесі және мақсаты болып табылады. Пайда көлемі кәсіпорынның жалпы табысы (өнімді өткізуден түсетін түсім) мен өндірістің жалпы шығыны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Экономикалық теорияның әртүрлі мектебі «пайда» түсінігін әр түрлі түсіндіреді. Маркистік теорияда пайда қосымша құнның өңі айналдырылған нысаны болып табылады. И.Шумпетер пайданы антрепренердің табысы ретінде, яғни, жаңа енгізуді жүзеге асырушы адам ретінде бағалайды. Ал, бірқатар экономистер пайданы «монополиялық табыс» ретінде сипаттайды.

Капиталдың табыстылығын бағалау тұрғысынан келгенде, тәжірибе жүзінде пайда мөлшерін есептеудің бірнеше әдісін бөледі:

  • сату көлеміндегі пайда қатынастары;

  • акционерлік капиталға пайда қатынастары;

  • кәсіпорынның активтеріне пайда қатынастары;

  • сезілмелі ұдайы өндірілетін капиталға пайданың қатынасы.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Бөлуді қандай үдеріс көрсетеді?

  2. Қызметтік бөлу қалай аталады?

  3. Бөлу қандай қызметтерді атқарады?

  4. Өндіріс факторына баға қалай белгіленеді?

  5. Өндіріс факторының шектеулі өнімі дегеніміз не?

  6. Табыстарды жіктелімдеу қандай критериймен жүргізіледі?

  7. Еңбекақы дегеніміз не?

  8. Еңбекақы көлеміне қандай факторлар ықпал етеді?

  9. Нақты еңбекақы деңгейі сұраныстың арасындағы тәуелділік қандай?

  10. Нақты еңбекақы деңгейі мен еңбек ұсынысның арасындағы тәуелділік қандай?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.

10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.

Лекция мақсаты: Қоғамдық өндірістің нәтижелері мен олардың жалып ұлттық өнім көрсеткіштерінде бейнеленуін талдау.

Лекция сұрақтары:

1. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ТҮСІНІГІ.ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ.

2. МАКТОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТТАР МЕН КӨРСЕТКІШТЕР

3.. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы.

10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.

Ұлттық шаруашылық бұл тұтас әртүрлі экономикалық байланыстар негізінен біріккен елдің аймақтарымен барлық салаларының жиынтығы.Осындай халық шаруашылығы кешенінің пайда болуында ұлттық рыног маңызды рөл атқарады.Ол әріптестер арасындағы шаруашылық міндеттерінің кәсіпорындар, салалар және деңгейлес аймақтармен арасындағы қатынастарды дамытады.

Ұлттық байлық бұл елде бар,еңбекпен жасалған,жинақталған материалдық игіліктердің жиынтығы.Оған мыналар жатады: а) өндірістік негізгі қорлар (ғимарат, машиналар,жабдықтар) және өндірістік емес ( тұрғын үй,ғимарат және білім беру мекемелерінің жабдықтары, мәдениет және денсаулық сақтау);б) материалдық айналымдық құралдар; в) азаматтардың жеке мүлкі.

Макро экономикалық бағыттағы ұлттық экономиканың құрылымы нақты қалыптасқан қатынастар ретінде сипатталады:

  • елді бар өндірістік ресурстар арасындағы ;

  • еңбекті қоғамдық бөлі негізінде ерекшеленген,экономикалық агенттер арасындағы оларды бөлу көлемімен;

  • осы агенттердің өндіру көлемі арасындағы;

  • оны өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну үдерістерінде қалыптасқан ұлттық өнімнің құрамдас бөлігі арасында.

Экономикалық құрылымның қалыптасуына көп жақты факторлар ықпал жасайды:

  • қалыптасқан рыноктын жағдаят;

  • рыног монополизациясының деңгейі мен сыйымдылығы;

  • ұлттық экономиканың шаруашылық байланыстары әлемі жүйесіне қосылу деңгейі;

  • өндіріс күштерінің даму деңгейі;

  • ауқымы, сипатты және ҒТК нің ( НТП) даму қарқыны;

  • өндіріс ресурстарының сапасы;

  • аумақтық инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі және ұзындығы;

Экономикадағы құрылымдық байланыстарды сипаттайтын, макро экономикалық көрсеткіштердің арасындағы сандық қатынастар үйлесім деп аталады.Біріктіру дәрежесі бойынша олар мынадай болып бөлінеді:

  1. Жалпы үйлесімі, яғни еңбекті (ЖҰҚ пен ұлттық табыс арасындағы, тұтыну мен жинақ арасындағы,инвестиция мен тұтыну сұранысы арасындағы және тағы басқа) қоғамдық бөлу құрылымының есебінсіз қалыптасатын, агрегаттар арасындағы үйлесім;

  2. Еңбекті қоғамдық бөлу құрылымын көрсететін үйлесем.

Екінші топтың құрамында мыналар ерекшеленеді;

  • Салааралық үйлесем,яғни, өндірістің жалпы көлеміндегі жеке салалардың үлесін және қаржылық ресурстар мен өндіріс салалық бөлім құарлдарын сипаттайтын ұлттық өндірістің әр түрлі салаларындағы үйлесімдер;

  • Өндірілген құрамындағы бөлек аймақтағы үлесті салмағын, елдің пайдаланылған ұлттық табысын және елдің аумағы бойынша мемлекеттік инвестицияны бөлу құрылымын сипаттайтын және т.б. ішкі салалық үйлесімдер;

  • Мемлекет аралық үйлесімдер яғни,экспортпен импорт көлемі арасындағы сандыө қатынастар, әр түрлі елдердің жеке өндіріс салаларындағы, әр түрлі елдердегі еңбек өнімділігінің деңгейі және т.б.