- •Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
- •Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
- •Эконоикалық түсініктердің негіздері
- •1.3.Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.
- •1.4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.
- •Адам және экономика. Әр түрлі модельдер.
- •Экономикалық ресурстар
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
- •3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.
- •3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
- •3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
- •4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
- •4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
- •4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
- •4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
- •Сұраныс заңы.
- •5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.
- •5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
- •6.1.Өндірістің факторына сұраныстың өндірістік сипаты. Өндірістік қызмет.
- •6.2. Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік
- •6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
- •7.2.Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы
- •7.3. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі
- •7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы
- •8.1.Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
- •Фирманың табысы мен пайдасы
- •8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы
- •Өндіріс факторларының рыноктары және факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.1. Қызметті бөлудің негізігі
- •9.2.Еңбек бағасы ретіндегі еңбекақы
- •9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
- •9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы
- •10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.
- •10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.
- •10.2. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері.
- •14.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Макроэкономикалық тепе-тендік.
- •11.1. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі
- •IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс
- •11.3. Инвестициялар және жинақ салымдары
- •11.5.Туынды инвестицияларжәне акселератор.
- •11.6. Қазақстандағы инвестициялық саясат
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың кезеңділігі.
- •1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі
- •12.3. Орта мерзімді кезеңдердің фазасы
- •12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы
- •Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу
- •13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
- •13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
- •13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Қаржылық-кредиттік жүйе
- •14.3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- •2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
- •15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- •15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
- •15.3. Экономикалық өсудің моделі
4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
Қоғамдық шаруашылықта сапалы әр түрлі кезеңдерінде өндірісті дамытудың өндіру күшінің жағдайын көрсететін және оның кооперациясы мен еңбектің қоғамдық бөлінуі көзқарасы тұрғысынан, бөліну дәрежесі немесе меншік қатынастары мен өндірушінің бірігуі, экономикалық үдерістерін ынталандыру ерекшеліктері мен мәніндегі өндірістік қатынастар мен экономиканың жалпы нысаны тән.
Қазіргі заманғы экономикалық теория өндірісті ұйымдастыруды үш негізгі нысанға бөледі: табиғи өндіріс, тауарлық өндіріс, жоспарлық өндіріс. Оның ішінде натуралды өндіріс тарихи жағынан бірінші болып табылады. Еңбек өнімдері өндірушінің өз тұтынуын қанағттандыру үшін, ішкі шаруашылық қажеті үшін шығарылатын материалдық игіліктерді өндіру, шаруашылықтың осындай нысаны болып табылады. Натуралдық шаруашылықтың материалдық негізі әлсіз, қоғамдық еңбекті бөлуінің дамуы төмен болады.
Табиғи өндірістің ерекшеліктері:
- жинақы жұмыс күшінің жоқтығы;
- жергілікті бірлік шегіндегі экономикалық үдерістердің тығырыққа тірелуі;
- өндірістің шектелген мақсаты - жеке тұтынушылықты қанағаттандыру;
Тарихта шаруашылықтың натуралды нысанының көптүрлілігі белгілі: алғашқы қауымдық қоғам, азиялық қауымдастық, германдық қауымдастық (марка), славяндық отбасылық қауымдастық және т.б.
Тауарлық өндіріс - бұл рынокта сату - сатып алу әр түрлі қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыруға мүмкіндік бергендегі, белгілі бір өнім түріне лайықтанған арнайы ерекшеленген жеке өндірушімен өндірілетін өнім өндіретін шаруашылық жүйесі.
Жоспарлық өндіріс үшін сол сияқты тауарлық - ақшалық қатынастар тән. Бірақ бұл қатынастар өзгерісті сипатта болады, өйткені, өндіріс пен тауарларды өткізу, қоғамдық шаруашылықты ұйымдастыру қатаң директивтік жоспарлау негізінде өтеді.
4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
МЕН ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Тауарлық қатынастардың пайда болуындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар;
1. Еңбекті қоғамдық бөлу мен тауар өндірушілердің мамандануы.
2. Бір бірінен экономикалық ерекшеленуі.
3. Өнімді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланысы.
4. Тауарларды сату және сатып алу.
Тауарлық өндіріс алғашқы қауымдастық құрылыстың құлауы жағдайында пайда болды, сөйтіп, алғашқы еңбекті қоғамдыққа бөлу кезінде, жеке меншіктің тууына әкелді. Әуелі әр түрлі қауымдастықтар содан кейін, қауымдастықтың бөлек мүшелері сол уақыттағы елеулі еңбек өнімділігінің өсуіне әкелген, түрлі өндірістік қызмет түрлерімен айналыса бастады, яғни айырбастың дамуына келтірген өндірушілерде артық өнімдердің пайда болуына себеп болды. Өндіріс құралдарын жетілдіру жеке меншіктің пайда болуына әкеліп жеке шаруашылыққа көшуге мүмкіндік берді. Жеке өндірушілермен өндірілген еңбек өнімдері тауарға айналып, өз араларында айырбасқа жүреді және еңбек қоғамдық сипат алады. Тауар - бұл сатып алу сату жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі болып табылады.
Тауар өндірісін жай және капиталистік деп бөлу қалыптасқан. Олардың арасында ұқсастық пен айырмашылықтар бар.
Ұқсастыққа мыналар жатады.
1) еңбекті қоғамдық бөлу;
2) өндіріс құралдарына жеке меншік;
3) рынокты өткізу үшін арнаулы өнім жасау.
Жай және капиталистік тауар өндірісінің айырмашылықтары:
1) жай тауар өндірісі тауар өндірушінің жеке еңбегіне негізделеді. Ал, капиталистік жалдамалы еңбекті пайдалануды болжайды;
2) жай тауар өндірісінде еңбек өнімі шығару кезеңінен бастап рынокта өткізілуге дейін тауар өндірушіге тиісті. Капиталистік тауар өндірісінде шығарылған еңбек өнімі тікелей тауар өндірушіден жұмысшылардан иесіздендіріледі және ол капиталиске тиесілі. Капиталистік тауар өндірісі XVII - XIX ғасырларда еркін бәсекелестік жағдайы болған және ХХ ғасырда ұйымдастырылған рынок жағдайы болды. Осыны төменде келтірілген 4.1 – кесте бейнелейді
