- •Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
- •Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
- •Эконоикалық түсініктердің негіздері
- •1.3.Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.
- •1.4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.
- •Адам және экономика. Әр түрлі модельдер.
- •Экономикалық ресурстар
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
- •3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.
- •3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
- •3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
- •4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
- •4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
- •4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
- •4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
- •Сұраныс заңы.
- •5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.
- •5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
- •6.1.Өндірістің факторына сұраныстың өндірістік сипаты. Өндірістік қызмет.
- •6.2. Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік
- •6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
- •7.2.Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы
- •7.3. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі
- •7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы
- •8.1.Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
- •Фирманың табысы мен пайдасы
- •8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы
- •Өндіріс факторларының рыноктары және факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.1. Қызметті бөлудің негізігі
- •9.2.Еңбек бағасы ретіндегі еңбекақы
- •9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
- •9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы
- •10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.
- •10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.
- •10.2. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері.
- •14.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Макроэкономикалық тепе-тендік.
- •11.1. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі
- •IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс
- •11.3. Инвестициялар және жинақ салымдары
- •11.5.Туынды инвестицияларжәне акселератор.
- •11.6. Қазақстандағы инвестициялық саясат
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың кезеңділігі.
- •1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі
- •12.3. Орта мерзімді кезеңдердің фазасы
- •12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы
- •Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу
- •13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
- •13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
- •13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Қаржылық-кредиттік жүйе
- •14.3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- •2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
- •15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- •15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
- •15.3. Экономикалық өсудің моделі
3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
Меншік нысаны - бұл меншік субъектісінің белгілері бойынша сиатталатын критерий, яғни, әр түрлі объектілердің бір табиғи субъектінің меншігіне қарайтынын анықтау. Меншікті мынадай нысандарға бөлінеді:
а) жалпы халықтық;
ә) мемлекеттік;
б) ұжымдық;
в) бірге үлестік;
г) жеке және т.б.
3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
Тұтастай мемлекеттік меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық экономикасына көшу кезеңінде анық көріне бастады. Нарық экономикасының қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағына алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.
«Мемлекет қарамағынан алу» түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол «жекешелендіру» түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді. Мемлекет қарамғынан алу кезіндегі мемлекеттің қызметі мен экономикалық рөлі өзгереді:
Мемлекет тікелей шаруашылық субъектісі болмай қалады: осы ережені сақтауды қамтамасыз ететін, тетіктер мен экономикалық ойындар ережесін құрады.
Мемлекеттік жоспарлау директивтік емес, индикативті сипаттамада болады.
Мемлекеттік баға қоюлар тауарлар мен қызмет көрсетулерге нарық талабы бойынша нарықтық баға қоюға орын береді. Қазақстан заңдарында мемлекет қарамағынан ауыл шаруашылық басқару мен соған сәйкес өкілдіктердің қызметтерін тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге берумен мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет иелігіне алып қайта құру анықталады.
Жекешелендіру - бұл мемлекеттен заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншіктегі объектіні сатып алуы.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі бағыттары:
- ірі және сирек мүлікті кешендерді жеке жоба бойынша жекешелендіру;
- орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
- аукциондар мен конкурстар арқылы жүзеге асатын кіші жекешелендіру, сауданың шығын кәсіпорындары, коммуналдық шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері;
Жекешелендіру әдістері:
- мемлекеттік және муниципиалдық кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға қайта құрылуы;
- кәсіпорынды аукционда сату;
- мемлекеттен кәсіпорынды конкурс бойынша сатып алу.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңмен өтті:
Бірінші кезең 1991 – 1992 жылдары өтті. Жекешелендіру ұсынысты сипатта болды, ол кезде кәсіпорынның ұжымынан соған сәйкесті өтініш алынған жағдайда, мемлекеттік органдар шешім қабылдады. Содан кейін аукцион, конкурс өткізіліп, немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның еңбек ұжымдарына қайтарымсыз берілді.
Екінші кезең 1993 – 1995 жылдар. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы бекітіліп, мемлекет қарамағынан алу туралы ұсыныс қағидасынан өтіп, әртүрлі шаралар әзірленіп, монополияға қарсы әрекеттер қолданыла бастады. Жекешелендірудің үш түрі қолданылады: жеке жобалар мен агроөнеркәсіптік кешендер бойынша шағын және жаппай жекешелендіру.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі - 1996 – 1998 жылдар. Электро - энергетикалық және мұнай газ салаларында жекешелендіру басталғанда, секторлық бағдарлама бойынша өту кезеңі.
Төртінші кезең жылдан - 1999 жылдан басталады. Мемлекеттік меншікті нұсқау және реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлудің жаңа әдістері сипатталады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Неге меншік адамдардың мүлікті иемденуі арасындағы қатынастар бойынша емес,адамдардың арасындағы қатынасы ретінде анықталады?
2. Меншіктің экономикалық мәні немен көрсетіледі?
3. Меншіктің заңды мәні немен көрсетіледі?
4. Экономикалық әдебиетте меншіктің қандай құқықтары айрықшаланады?
5. Иемдену және иесіздендіру дегеніміз не?
Негізгі әдебиеттер.
1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.
2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997
3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.
4-ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ НЫСАНЫ. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІ ТАУАРЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Лекция мақсаты: Қоғамдық шаруашылықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату.
Лекция сұрақтары:
1.ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ НЫСАНЫ. ТАБИҒИ ӨНДІРІС.
2. ТАУАР ӨНДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ.
3. ТАУАРЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САНАТТАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МАРКСИСТІК ЖӘНЕ МАРЖИНАЛДЫҚ ӘДІСТЕРІ.
4. АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН ПАЙДА БОЛУЫ
