- •Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
- •Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
- •Эконоикалық түсініктердің негіздері
- •1.3.Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.
- •1.4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.
- •Адам және экономика. Әр түрлі модельдер.
- •Экономикалық ресурстар
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
- •3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.
- •3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
- •3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
- •4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
- •4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
- •4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
- •4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
- •Сұраныс заңы.
- •5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.
- •5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
- •6.1.Өндірістің факторына сұраныстың өндірістік сипаты. Өндірістік қызмет.
- •6.2. Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік
- •6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
- •7.2.Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы
- •7.3. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі
- •7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы
- •8.1.Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
- •Фирманың табысы мен пайдасы
- •8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы
- •Өндіріс факторларының рыноктары және факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.1. Қызметті бөлудің негізігі
- •9.2.Еңбек бағасы ретіндегі еңбекақы
- •9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
- •9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы
- •10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.
- •10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.
- •10.2. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері.
- •14.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Макроэкономикалық тепе-тендік.
- •11.1. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі
- •IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс
- •11.3. Инвестициялар және жинақ салымдары
- •11.5.Туынды инвестицияларжәне акселератор.
- •11.6. Қазақстандағы инвестициялық саясат
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың кезеңділігі.
- •1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі
- •12.3. Орта мерзімді кезеңдердің фазасы
- •12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы
- •Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу
- •13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
- •13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
- •13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Қаржылық-кредиттік жүйе
- •14.3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- •2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
- •15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- •15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
- •15.3. Экономикалық өсудің моделі
13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
ҚР Үкіметімен бірнеше жыл бойы жүргізілген қатаң монетарлықсаясат табиғи нәтижеге – жұмыссыздықтың өсуі есебінен инфляцияны ауыздықтауға әкелді. ҚР-дағы жұмыссыздық жоғарыда айтылған барлық нысандарға көрінді:
кезеңдік жұмыссыздық елдегі экономикалық дағдарыстың нәтижесі ретінде болады;
уақытша жұмыссыздық жақсы өмірді іздеген елдің басқа елдерге жаппай көшуінің нәтижесінде болады;
құрылымды жұмыссыздық сыртқы әлемнен экономиканың көп жыл жабық болуының және нарықтық қатынастарға қазіргі жағдайда көшу қажеттігінің нәтижесінде болады.
Осы нысандармен қатар жұмыссыздықтың негізгі пайызын көрінбейтін жұмыссыздар құрайды. Ол біріншіден, көп кәсіпорындар толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істеп және өндіріс көлемін қысқарта отырып, жұмыскерлерін төлемсіз демалысқа жіберуге мәжбүр, екіншіден, адамдар олардың ұйымдастыру жұмыстары жетілмегендіктен, еңбек биржасынан гөрі өздері жұмыс тауып алуды жөн көреді.
ҚР еңбек рыногындағы келесі проблемаларды бөліп қарастыруға болады:
еліміздің әр түрлі аймақтарындағы жұмыспен қамтамысыз ету деңгейінің біркелкі еместігі өседі;
жұмыссыздықтың мерзімінің өсуінің ұзақтығы;
жұмыспен қамтылудың әлеуметтік құрылымы өзгереді;
екінші жұмыспен қамтылу өседі;
материалдық өндіріс пен ғылым салаларында жұмыс істейтіндердің саны азайып, өндірістік емес салаларда көбейеді;
жұмыссыздықтың қатары әйелдер мен жастардың құрамында көбейеді.
13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
Инфляция – ақшаның құнсыздануына және нақты тұтынумен салыстырғандағы айналымдағы ақша көлемінің артықтығына соқтыратын, экономикалық саясаттың жетімсіздігі мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі үйлесімсіздікпен келетін ақша айналымы заңының бұзылуы.
Инфляцияның себептері әр түрлі. Оған кіретіндері:
жабу үшін қағаз ақшалар шығарылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы;
мемлекеттің өндірістік емес шығындарының жоғары деңгейі;
тауарлық тапшылық;
өздерінің тауарлары мен қызметтеріне негізсіз баға көтеруіне мүмкіндік беретін кейбір тауар өндірушілердің монополистік жағдайы;
өндірістің тоқырауы және т.б.
Сұраныс инфляциясы мен шығын инфляциясының тұжырымдамасы инфляцияның әр түрлі себептерін қарастырады.Сұраныстың инфляциясы жиынтықты сұраныстың өзгерістерімен келеді. Ол шығарылатын өнімнің өсу қарқынынан сұраныстың әр жылғы өсу қарқыны асып түскен жағдайда пайда болады.
Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығынының (еңбекақы, шикізат, материалдар және т.б.) көбеюі нәтижесінде пайда болған бағаның өсуіне тәуелді.
Бағаның орташа жылдық қарқынының өсуіне байланысты бөлінеді:
бірқалыпты немесе жылжымалы инфляцияға – әдетте, жылына 10 пайыздан көп емес;
өршімелі инфляцияға – жылына 200 пайызға дейін;
гиперинфляцияға – жылына 200 пайыздан жоғары.
Нысандары бойынша инфляцияның пайда болуын ашық және жабық (немесе басылған) деп бөледі. Ашық инфляция бағаның жалпы деңгейінің өсуінде анық көрінеді. Жабық инфляция берік мемлекеттік баға тұрақты және «ресми» өспейтін орталықтандырылған экономикаға тән.
Болжанылатын инфляцияны болжанбаған инфляциядан ажырата білу қажет. Болжанылатын инфляция елдің үкіметімен «жоспарланады», сондықтан оны белгілі бір кезеңде болжауға болады. Болжанылмаған инфляция бағаның кенеттен секірісімен сипатталады, ол ақша айналымында және салық салу жүйесінде кері әсер етеді.
Түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсуіне байланысты балансталған және балансталмаған инфляцияны айырады. Балансталған инфляция кезінде әр түрлі тауардың бағасының бірі екіншісіне қатынасы бойынша тұрақты үйлесіммен айырбасталады. Балансталмаған инфляция әр түрлі тауарларға әр түрлі өсу қарқынын көрсетеді.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
Еңбек ресурстары еңбекке қабілетті тұрғындардың қандай бөлігін қамтиды?
Жұмыссыздық дегеніміз не?
Жұмыссыздықтың түрлерін атаңыз.
Экономиканың құлдарауымен жұмыссыздықтың қандай түрі байланысты?
Жұмыспен қамту кезінде жұмыссыздықтың қандай түрі болуы мүмкін?
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз не?
Оукен заңы мәні неде?
Негізгі әдебиеттер.
1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.
2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997
3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.
14-ТАҚЫРЫП МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: МӘНІ, МАҚСАТЫ, ҚҰРАЛДАРЫ.
Лекция мақсаты:Нарық экономикасын мемлекеттік реттеудің мәнін ашу.
Лекция сұрақтары:
1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу.
2. Қаржылық-кредиттік жүйе.
3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі.
