Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.24 Кб
Скачать
    1. Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу

Дағдарысқа қарсы және кезеңдерге қарсы мемлекет саясаты экономикалық кезеңдер мен жағдаяттарды тұрақтандыру сұраныс пен ұсыныстың жиынтықтарын реттеу жолымен жұмсатуға бағытталған.

Кезеңдерді реттеудің барлық тұжырымдамасы екі бағытқа тіреледі: неокейнсиандыққа және неоконсервативтікке (классикалық мектеп негізінде) (16.1-кесте).

Белгілері

Неокейнсиандық

Неоконсервативтік

Бағдар

Сұранысқа

Ұсынысқа

Мақсаттар

Тұтастай шаруашылықты фирма қызметтерін реттеу (макроэкономика)

Жеке фирмалардың (микроэкономика) қызметіне ынталандыру

Реттеудің басымдылығы

Салықтық-бюджеттік саясат

Кредиттік-ақшалық саясат

Кредиттік-бюджеттік саясат

Салықтық-бюджеттік саясат

Мемлекеттің рөлін бағалау

Мадақтау

Шектеу

Тұтастай алғанда осындай айырмашылықтың болуына қарамастан, кезеңдік ауытқуларды реттеуге бағытталған, мемлекеттің жүргізетін бағытын жалпы түсінушілік бар.

Құлдырау фазасында мемлекеттің барлық шаралары іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталуы тиісті. Салықтық-бюджеттік саясат төңірегінде – мөлшерлеменің төмендеуі, жаңа инвестицияға салықтық жеңілдік беру, тездетілген өтелім саясатын жүргізу қажет. Кредиттік-қаржылық саясат кредиттік экспансия (өтемдік) жүргізуді қарастырады. Оның мақсаты – елде қосымша кредиттер арқылы экономика өмірін жандандыру. «Арзан ақша» саясаты жүргізіледі. Берілетін несиелерге пайыздық мөлшерлемелер төмендейді, капиталдық салымдардың көбеюіне әкелетін, банктердің кредиттік ресурстары көбейеді, іскерлік белсенділік күшейеді, жұмыссыздық төмендейді.

Мемлекет экономикалық жағдаятының көтерілуі кезеңінде экономиканың «қызып» кетуін болдырмау үшін және шаруашылық өмірінде осығын байланысты болатын ауыр жағдайларды болдырмау үшін, салықтық-бюджеттік және кредиттік-қаржылық саясатының осыған қарама-қарсы шараларын қосатын, тізгіндеу саясатын жүргізеді. Салықтық-бюджеттік саясат салық мөлшерлемесін көтерумен, мемлекеттік шығындардың қысқаруымен, өтелім саясатын өткізу төңірегіндегі шектеу саясатымен сипатталады. Кредиттік-қаржылық саясатында кредиттік шектеу элементтері басым бола бастайды, яғни, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуін, банктің кредиттік ресурстарының қысқаруын білдіретін, «қымбат қаржы» саясаты жүргізіледі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Нарық экономикасындағы кезеңдер қозғалысы нені білдіреді?

  2. Экстеральдық теориясының кезеңдік ауытқулары қандай факторлармен түсіндіріледі?

  3. Интеральдық теорияның экономикалық кезеңдері қалай қарастырылады?

  4. Экономикалық кезеңнің сыртқы себептерін атаңыздар.

  5. Экономикалық кезеңнің ішкі себептерін атаңыздар.

  6. Экономикалық кезеңдер дегеніміз не?

  7. Экономикалық әдебиетте кезеңдердің қандай түрлері бөлініп көрсетіледі?

  8. Кондратьевтің «ұзын толқынының» себептері неде?

  9. Китчиннің шағын кезеңі немен байланысты?

  10. Жугляр кезеңі қандай мезгілді қамтиды?

  11. Өнеркәсіптік кезеңнің материалдық негіздері не болып табылады?

  12. Өнеркәсіп кезеңі қандай фазадан өтеді?

  13. Экономикада дағдарыс фазасы кезінде қандай оқиғалар болды?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.

13-тақырып. Жұмыссыздық және инфляция – экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

Лекция мақсаты:Жұмыссыздық және инфляция – экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретіндегі мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары.

2. Жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлеміне ықпалы. Оукен заңы.

3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары

4. . Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі.