Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.24 Кб
Скачать

7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы

Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында өндіру мен айналым сатысынан өтеді. Сондықтан қордың айналым уақыты өндірістің уақыты мен айналым уақытымен қосылады.

Өндіріс аясында кордың бөлу ұзақтығы өндірістің уақытын кұрайды, ал, айналым аясында - айналым уақытын құрайды.

Өндіріс уақыты дайын тауарларды өткізуді аяқтаумен және олардың түсуімен басталатын,өндіріс аясында еңбек заттары мен құралдарының барлық болу кезеңін қамтиды.Ол үш бөлікке ыдырайды:1)тікелей еңбек үдерісінің уақыты-жұмыс кезеңі;2)еңбек үдерісіндегі үзіліс уақыты; 3)өндірістік қордағы өндіру құралдарының болу уақыты.

Айналдыру уақыты өндіріс құралдарын сатып алу уақытымен және дайын өнімдерді өткізу уақытынан тұрады. Біріншісіне пайдаланатын орынға өндіріс құралдарын транспортпен жеткізу уақыты мен жеткізушілердің есеп айырысу уақыты қосылады. Екіншісі дайын өнімдер қоймасына өнімдерді жеткізу сәтінен басталып,кәсіпорынның банктегі шотына өткізілген тауарлардан түскен ақшамен аяқталады.

Айналым қоры мен айналдыру қорына салынған қаржылық қор айналымдық қаржыны құрайды.Ұдайы өндіріске қызмет көрсету үдерісінде айналмалы қордың жеке бөліктері бір уақытта әр түрлі кезеңде және әр түрлі ауыспалы айналы нысанында болады.Айналмалы қаржының бір бөлігі кәсіпорынның қоймасында сақталған және жұмсалуына орай,жаңалармен толығатын өндіріс қорларының материалдық мазмұнын көрсетеді.Айналмалы қаржының басқа бөлігі оның дaйындалу кезеңіндегі өнімні аяқталмағн түрінде орналасады.Айналмалы қаржының үшінші бөлігі тұтынушылаға жіберуге арналған,үнемі тиеліп жататын және оның орнына жаңасы түсіп жататын,сатып алушыларға өткізілетін дайын өнімдерімен байланысты.Айналмалы қажының төртінші бөлігі ақшалық қор түрінде банк шоттарында,еңбекақы төлеу,жеткізушілермен есеп айырысу және басқада мақсаттар үшін кәсіпорын кассасында сақталады.

Өндірістік қорлардаң құрылымы олардың айналымының жылдамдығыны үлкен ықпал

жасайды.Соңғысы айналымның (N) белгілі бір кезеңде (O) жасалған санымен анықталады, әдетте,жыл бойынша немесе бір айналымның ұзақтығымен анықталады.

N=O/o

o=O/N

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1.Инвестициялық ресурстар дегеніміз не?

2.Өндірістік қорлар дегеніміз не?

3.Капиталдың ауыспалы айналымы дегеніміз не?

4.Капиталдың ауыспалы айналымы қандай кезеңді өтеді?

5.Капитл айналымы дегеніміз не?

6.Капитал қандай белгілерімен негізгі және айналымдылыққа бөлінеді?

7.Негізгі капитал өзіне нені қосады?

8.Өтелім дегеніміз не?

9.Тозудың қандай түрлері бар?

10.Өтелім қоры қалай қалыптасады?

11.Айналымды капитал дегеніміз не?

12.Инвестиция дегеніміз не?

13.Жалпы және таза инвестициялар немен ерекшеленеді?

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.

8- тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) табысы мен шығыны.

Лекция мақсаты: Кәсіпорынның (фирманың) табысы мен шығындарын талдау.

Лекция сұрақтары:

1. Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.

2. Фирманың табысы мен пайдасы.

3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы