- •Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
- •Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
- •Эконоикалық түсініктердің негіздері
- •1.3.Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.
- •1.4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.
- •Адам және экономика. Әр түрлі модельдер.
- •Экономикалық ресурстар
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
- •3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.
- •3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
- •3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
- •4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
- •4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
- •4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
- •4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
- •Сұраныс заңы.
- •5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.
- •5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
- •6.1.Өндірістің факторына сұраныстың өндірістік сипаты. Өндірістік қызмет.
- •6.2. Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік
- •6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
- •7.2.Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы
- •7.3. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі
- •7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы
- •8.1.Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
- •Фирманың табысы мен пайдасы
- •8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы
- •Өндіріс факторларының рыноктары және факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.1. Қызметті бөлудің негізігі
- •9.2.Еңбек бағасы ретіндегі еңбекақы
- •9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
- •9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы
- •10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.
- •10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.
- •10.2. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері.
- •14.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Макроэкономикалық тепе-тендік.
- •11.1. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі
- •IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс
- •11.3. Инвестициялар және жинақ салымдары
- •11.5.Туынды инвестицияларжәне акселератор.
- •11.6. Қазақстандағы инвестициялық саясат
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың кезеңділігі.
- •1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі
- •12.3. Орта мерзімді кезеңдердің фазасы
- •12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы
- •Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу
- •13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
- •13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
- •13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Қаржылық-кредиттік жүйе
- •14.3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- •2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
- •15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- •15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
- •15.3. Экономикалық өсудің моделі
6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
мен шығынын азайту.
Бәсекелесті өндірушінің алдында үш өзара байланысты мәселе тұрады:
Өндіру қажет пе?
егер қажет болса, өнімдердің көлемі қандай болу керек?
мұндай жағдайда қандай пайда алынады?
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін үш мүмкін жағдайды қарастыру қажет, оның әрбіреуінде өндірістің осы немесе басқа стратегиясы таңдап алынады. Барлығы рыноктағы өнімнің бағасы қандай болатынына байланысты. Бұл тәуелділікті анықтау үшін, пайда формуласын білу қажет:
П = TR – TC = P x Q – AC x Q = (P – AC) x Q.
Мұндағы: П – пайда;
TR – фирманың жалпы табысы;
TC – жалпы шығындар;
P – тауар бағасы;
Q - өнім саны;
AC - өндірістің орташа шығыны.
Бірінші жағдайды қарастырайық:
Пайданы көбейту жағдайы.
Бәсекелесті фирманың ең жоғары пайдасына теңдесуі орындалатын өнімдерді шығару кезінде жеткізеді:
Р = МС
Бұл пайданы көбейту жағдайы болып табылады. Екінші – шығынды азайту жағдайы.
Қанша өнімнің бағасы ең аз мүмкін орташа жалпы шығыннан төмен, ал ең аз мүмкін орташа өзгерісті шығыннан көп болса, яғни:
АС min. Р АС min,
Онда фирма жалпы өзгерісті шығынды жабатын (бұл Р AVC min) жалпы және жекелей тұрақты табысты алады. Фирма өндірісті жалғастырғаннан жабылғандағы нәтижесінен гөрі, залалды аз көреді. Ысырабы аз, шығару көлемі Р = МС теңдігінде ьолады.
Үшінші жағдайда – қысқа мерзімді уақытта фирма қызметін тоқтату.
Баға төменгі мүмкін орта өзгерісті шығыннан төмен түскенде, яғни P AVC min өндірістің көлемі болмайды, ондай кезде фирма ең кемінде өзгерісті шығынды жаба алады. өндіруді жалғастырып, ол тұрақты шығынның құнынан гөрі, үлкен залал шегеді, оның ішінде : ТС барлық шығындарына ысырап тең болады. Яғни, фирмаға жабылған пайдалы.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
Жеке ұдайы өндіру кәсіпорны нені көрсетеді?
Өндіріс факторының сұранысы мен ұсынысының қандай ерекшеліктері бар?
Өндіріс факторының сұранысының туынды сипаты нені білдіреді?
Өндірістік қызметі нені көрсетеді?
Өндіріс қызметінің мәні немен қорытындыланады?
Өндіріс қызметінің қисығы қалай аталады?
Изокоста нені көрсетеді?
Жиынтықты өнім дегеніміз не?
Өндіріс факторының орташа өнімі қалай анықталады?
Еңбек өнімділігін қандай көрсеткіш анықтайды?
Негізгі әдебиеттер.
1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.
2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997
3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.
7-ТАҚЫРЫП.
КӘСІІІОРЫННЫҢ (ҚОРДЫҢ) АЙНАЛЫМДЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ.
Лекция мақсаты: Кәсіпорын капиталының айналымы және ауыспалы айналымын талдау.
Лекция сұрақтары:
1.КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМЫ.
2.НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМДЫ КАПИТАЛ. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫҢ ТОЗУЫ.
3. ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ.
4. ӨНДІРУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМ УАҚЫТЫ. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМДЫҚ ҚАРЖЫСЫ
7.1.КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМЫ.
«Капитал» түсінігі барлық өндіріс ресурстарын қамтиды: зауыттар, қүрал-жабдыктар, темір және басқа жолдар, электр станциялары, шикізаттар, материалдар жэне т.б. Бұл ресурстар инвестициялық ресурстар болып табылады. «Инвестициялык ресурстар» термині нақты капиталдық тауарларды өндіруді белгілеу үшін пайдаланады ( немесе өндіріс күралдарын).
Кәсіпорындар өз шаруашылық қызметіне пайдаланатын капиталдық тауарлар немесе инвестициялық ресурстар өндірістік қор деп аталады. Өндірістік қорлар - бұл кәсіпорынның ұдайы өндіріс кезіндегі жабық қызметіндегі инвестициялық ресурстардың құндық нысанын көрсету.
Капиталдың (қордың) ауыспалы айналымы - өндіріс пен айналымның аясы арқылы инвестициялық ресурстардың (өндірістік қорлардың) құнының қозғалысы, оның нәтижесінде ол үш кезенді өтеді және кейін өндірістік, қаржылық және тауарлық нысанды қабылдайды. Бұл - алғашкы құнын көтеру мақсатындағы, өндіріс пен барлық айналымды қамтитын өндіріс құралының аясы арқылы толық қозғалу кезеңі. Қандай да бір материалдық игілік өндіретін кәсіпорынға салынган кез келген капитал өз қозғалысын ақшалық нысанда жүргізеді. Ақшалы капитал жұмыс күші мен өндіріс құралын (Д - Т) сатып алуға аванс беріледі - бірінші сатысы. Өндіріс үдерісінде (П) сатып алынған факторлар өзара іс-қимыл жүргізеді және жаңа өнім шығарылады - екінші саты. Кәсіпкер бұл өнімді рынокте (Т-Д), өткізіп, авансты капиталды қайтып алады - үшінші саты. Өндірістік капиталдың барлық шеңберлі айналымы мынадай формуламен көрсетіледі:
Д – Т... П... Т - Д
Капиталдың ауыспалы айналымының үш кезеңінен, бірінші мен үшіншісі айналым үдерісін құрады, ал, екінші - өндіріс үдерісін кұрады. Сөйтіп, қорлардың ауыспалы айналымының кезеңдерінің қызметтері мыналар болып табылады: бірінші кезеңде - өндірістің жағдайының қалыптасуы; екінші кезеңде - тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру; үшінші кезеңде - тауарлар мен қызметтерді өткізу және пайда алу.
Қорлардың үнемі қозғалысын қамтамассыз ету үшін, олардың бір уақытта барлық кезеңде және барлық қызметтік нысандарда болуы талап етіледі. Өйткені кәсіпорын біруакытта өндіріс құралдарын сатып алады, өнімдер шығарады және оны өткізеді. Бөлек акт ретінде емес, кезеңді қайталамалы үдеріс ретінде қаралатын қорлардың ауыспалы айналымы, оның нәтижесінде авансты құнның барлық көлемі өзінің бастапқы нысанына толық оралады, бұл жағдай - қорлардың айналымы деп аталады.
