Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция эт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.24 Кб
Скачать

5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.

РЫНОКТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Сатушылар сатқысы келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар бағасы ойдағыдай болғанда рынокта тепе-теңдік пайда болады. 5.3 сурет

Баға – Р рынокта ұсынылған тауар көлемі, сұраныс берілген тауар көлеміне тең , бұл бағаның тепе – теңдігі деп аталады. Басқа бағалар теңдестірілмеген деп аталады. Р0 бағасына сәйкес келетін тауар көлемі Q0 тауар көлемінің тепе-теңдігі деп аталады.

Р Д

Р0

S

Q0 Q

5.3 – сурет Рыноктағы тепе- теңдік

Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар :

  • Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар көлемінің тепе – теңдігінің де өсуіне әкеледі.

  • Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі.

  • Тауар ұсынысының өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады.

  • Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген бағаның көбеюіне әкеліп, тауар көлемінің тепе теңдігін азайтады.

P2

P0 S Д

P1 Q0 Q

5.4.- сурет. Рыноктағы дефицит және артық өндіру

Егер рынокте баға Р1 белгіленсе , (P0 – ден Р1аз ), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен асып түседі (7.4.- сурет) . мұндай жағдайда , рынокта тауардың тапшылығы орын алады ( артық сұраныс). Егер баға тепе – теңдік деңгейінен жоғары болса (P1 – ден Р2 үлкен ), сұраныс көлемі ұсыныс көлемінің деңгейіне жетпей қалады. Мұндай жағдайда , артық ұсыныс орын алатын болады (қайта өндіріс).

5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг

Икемділік - бұл пайыздық өзгерістер қатынасы ретінде бейнеленген басқаның өзгеруіне орай , бір экономикалық көлемнің әсерлену дәрежесі . Баға бойынша сұраныстың оралымдылығын ө барлық қалған факторлардың өзгермеуіне қарамастан , сұраныстың көлеміне әсер ететін , бағаның 1 пайызға қысқару нәтежесінде пайда болған , сұраныс көлемініңөсуімен білуге болады . Тауарға бағаның 1 пайызға өзгеруі нәтежесінде тауарға сұраныстың мөлшері қаншапайызға өзгеретінін , оның коэфициенті икемділіктің шарасы болып қызмет етеді .

Ed=( Q x P ) / ( Px Q ).

Баға бойынша сұраныс келесі жағдайда типті икемсіз :

-бірінші қажеттіліктегі тауарларға ;

-өте төмен тауарларға;

-сатып алушының таңдап алуына мүмкіндік жоқ.

Табыс бойынша сұраныстың икемділігі табыстың 1 пайызға өсуімен келген , тауарға сұраныс деңгейінің пайыздық өзгерістерін көрсетеді . Табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті :

Ed ( Q x I ) / ( Px Q

Мұнда , I-елдің табысы .

Егер , сұраныс икемділігінің коэффициенті бірліктен көп болса , сұраныс икемді болады : егер , икемділіктің коэффициенті бірліктен аз болса , сұраныс икемді болмайды . Сұраныстың оралымды бірлігі мынандай жағдайда пайда болады : Ед = 1.

Ұсыныс икемділігі - тауардың бағасы 1 пайызға өсу нәтежесінде тауар ұсынысының көлемі ұсыныс деңгейіне ықпал етуші барлық қалған факторлар өзгеріссіз қалады . Ұсыну бағасы икемділігінің коэффициенті :

Es = ( Q x P ) / ( Px Q ).

Егер икемділіктің коэффициенті бірліктен көп болса , ұсыныс икемді болады: егер , икемділіктің коэффициенті біріліктен аз болса , ұсыныс икемсіз болады .

Икемді ұсыныс бірлігі мындай жағдайда пайда болады : Ec = 1 .

Ұсыныс икемділігіне ықпал ететін факторлар :

1. Ұзақ сақтауға қабілет пен сақтау құны . Ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін емес тауарлар үшін ( жаңа ауланған балық ,құлпынай ) , ұсыныс икемділігі төмен болды .

2. Өндірістік үдерістің ерекшілігі . Өндіруші тауар баға өскенде өндірісті кеңейту мүмкін , немесе өндіріуші бағаның төмендеуі кезінді басқа өнімді шығара бастауы мүмкін , онда бұл ұсыныс икемді болады.

3. Уақыт факторы . Өндіруші бағаның өзгерісіне лезде жауап қайтара алмай , құрал, шикізат және қосымша жұмыс күшін жалдауға ( өндірісті кеңейту ) белгілі бір уақыт қажет , немесе жұмысшыларды қысқартып ( өндірісті қысқарту ) , банк кредитімен есептеу қажет және т.б.