- •Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
- •Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
- •Эконоикалық түсініктердің негіздері
- •1.3.Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.
- •1.4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.
- •Адам және экономика. Әр түрлі модельдер.
- •Экономикалық ресурстар
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижелері
- •3.1. Экономика жүйесіндегі меншікті қатынастардың орны. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні.
- •3.2 . Нарық экономикасындағы меншіктің түрлі нысандары.
- •3.3. Қазақстан республикасындағы меншік қатынастарының қайта құрылуы.
- •4.1 Мен пайда болуының жағдайлары. . Қоғамдық шаруашылықтың нысаны. Табиғи өндіріс.
- •4.2. Тауар өндірудің ерекшеліктері
- •4.3. Тауарлық шаруашылық санаттарын
- •4.4. Ақшаның мәні мен пайда болуы
- •Сұраныс заңы.
- •5.2. Ұсыныстар. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар. Ұсыныс заңы.
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс- қимылы.
- •5.4 . Икемділік түсінігі. Сұраныс пен Ұсыныстың икемділіг
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқының негізгі теориялары.
- •6.1.Өндірістің факторына сұраныстың өндірістік сипаты. Өндірістік қызмет.
- •6.2. Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік
- •6.3.Өндірушінің пайдасын көбейту
- •7.2.Негізгі және айналымды капитал. Негізгі капиталдың тозуы
- •7.3. Инвестиция өндірістік қорларды қаржыландыру көзі
- •7.4. Өндіру уақыты және айналым уақыты. Кәсіпорынның айналымдық қаржысы
- •8.1.Өндіріс шығынының түрлері мен түсінігі.
- •Фирманың табысы мен пайдасы
- •8.3. Жетілдірілген бәсекелестіктегі фирманың жағдайы
- •Өндіріс факторларының рыноктары және факторлық табыстардың қалыптасуы.
- •3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.1. Қызметті бөлудің негізігі
- •9.2.Еңбек бағасы ретіндегі еңбекақы
- •9.3. Капитал иесінің факторлық табысы ретіндегі пайыз
- •9.4. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы
- •9.5. Кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдасы
- •10.Тақырып. Ұлттық экономика -жүйе ретінде.Негізгімакро экономикалық көрсеткіштер.
- •10.1.Ұлттық экономика түсінігі.Ұлттық байлық.
- •10.2. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері.
- •14.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Макроэкономикалық тепе-тендік.
- •11.1. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі
- •IV бөлім. Ұлттык экономика денгейіндегі ұдайы өндіріс
- •11.3. Инвестициялар және жинақ салымдары
- •11.5.Туынды инвестицияларжәне акселератор.
- •11.6. Қазақстандағы инвестициялық саясат
- •12 Тақырып. Экономикалық дамудың кезеңділігі.
- •1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.1. Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі. Кезеңдік тербелістердің себептері: сыртқы және ішкі.
- •12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі
- •12.3. Орта мерзімді кезеңдердің фазасы
- •12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы
- •Мемлекеттік кезеңге қарсы реттеу
- •13.1. Жұмыспен қамтамасыз етілу және жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі нысандары
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заңы.
- •13.3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары
- •13.4. Инфляция, оның себептері және қазіргі замандағы әртүрлілігі
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Қаржылық-кредиттік жүйе
- •14.3. Мемлекеттің қаржылық жүйесі
- •2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.
- •15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты
- •15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары
- •15.3. Экономикалық өсудің моделі
|
|
Лекциялық кешен «Экономикалық теория негізі» пәні бойынша
1-ТАҚЫРЫП Экономикплық теорияның пәні және әдісі.
Лекция мақсаты: Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау.
Лекция сұрақтары:
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Эконоикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы XVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды. Экономикалық теорияның алғашқы қалаған мектебі – меркантилизм.
Экономикалық теорияның дамуындағы екінші кезең – классикалық саяси экономия (XVIII ғ.). ол физиократтар мен Адам Смит (1723-1790) – және Давид Рикардоның (1772 – 1823) мектептеріне бөлінеді. Физиократтардың меркантилистерден ерекшелігі, олар қоғамның байлық көзі – пайда түсіруші айналым емес, өндіріс деп, бірақ олар өндірісті өте тар ұғымда – тек ауыл шаруашылығы көлемінде ғана түсіндірді. Олардың негізгі өкілдері – француз экономисі Франсуа Кенэ (1694 – 1774) және Анн Роберт Жак Тюрго (1727 – 1781).
Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде Адам Смит пен Давид Рикардо өздерінің зерттеулерін жалпы өндіріс саласына ауыстырып, ал ауыл шаруашылығын соңғының бір саласы ретінде қарастырған. Олар қоғамның байлығының өсуінің бірінші жағдайы еркін және бәсекелестікке қабілетті нарық экономикасы деген классикалық анықтама қабылдады.
Классикалық саяси экономиканың басты жетістігі сол, ол құнның негізгі еңбектік теориясының негізін қалады. А.Смит тауардың құны, оны жаауға кеткен еңбекпен анықталатынын дәлелдеді. А.Смиттің ең ұлы еңбегі – ол рыноктың қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың күрделі жүйесі екенін алғаш ғылыми ашуында болып саналады. Ол оған «көрінбейтін қол» деген бейнелі ат тағып, барлық экономикалық агенттерді көрінбейтін басқарушы ретінде көрсетті.
Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізгі екі бағыта жүреді.
неоклассикалық
кейнсандық
Бірінші бағыт XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Оның ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі – Альфред Маршал (1842 – 1924) болды. Неоклассикалық доктрина XX ғасырдың 30 – жылдарына дейін кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі Джон Меинард Кейнстің (1883 – 1946) атымен аталған экономикалық ағым (кейнсиандық) «ығыстырып» шығарды. 1929 – 1933 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге рынок қабілетті емес екенін көрсетті. Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындағы айтыстағы түйінді мәселе – мемлекеттің экономикадағы рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономиканы тиімді дамыту үшін, экономикаға мемлекеттің араласуы шектеулі тиісті деп есептеді. Кейнсиандықтар керісінше, нарық экономикасын мемлекеттің бақылауымен және макрореттеудің белсенді көмегімен үдерісті дамытуға болады деп есептеген.
«Экономикалық теория», «саяс экономия», «экономикс» курстарының пәнін анықтай отырып, олардың әртүрлілігін еске алу қажет.
Экономикалық теория әлемдегі шектелген ресурстардағы адамдардың экономикалық тәртіптерін, өндірістер қатынастарының экономикалық жүйесін, бөлуді, айырбастауды, материалдық жетістіктердің және адам қоғамының барлық даму сатысындағы қызметтерді зерттейді.
Экономикалық теория курсында экономикалық қатынастардың келесі логикалық оқыту жүйесі ұсынылады. Бірінші бөлімде пәннің жалпы мәселелері, курстың әдісі, дәлелдемесі және адамның экнонмикалық қызметінің тұтас міндеттері, сондай – ақ, қоғамдық өндірістің негіздері қарастырылады.
Екінші бөлім экономиканың қызметінің іргелі мәселелеріне, оның ішінде меншіктерге, қоғамдық шаруашылықтың түрлеріне, экономикалық жұйенің негізгі түрлеріне арналған; онда нарықтық шаруашылыққа жалпы сипаттама, сұраныс теориясының негізгі көзқарастар қарастырылады.
Үшінші бөлімде микроэкономиканы талданады – кәсіпорынның қызметіне байланысты қатынастар жүйесі, сондай – ақ, жеке өндірушінің заңдылықтары мен мәні қарастырылады.
Төртінші бөлім – макроэкономика. Ұлттық экономика деңгейіндегі өндіріс мәселелері қарастырылады.
