- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні мен көздері.
- •Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, олардың түрлері
- •Тәуекелді басқару әдістері.
- •Тәуекелділікті бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық.
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
- •Бизнес-жоспарды құру тәртібі және әдістемесі
- •Бизнес-жоспар: мәні және мазмұны
- •13.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
- •14. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау.
- •15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.
- •16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.
- •17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.
- •18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
- •19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
- •21. Келісім-шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны.
- •22. Сату және сатып алу келісім-шарттарын жасауға қойылатын талаптар.
- •23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.
- •30. Қр бизнес – инкубаторлардың қызмет ету ерекшеліктері
- •Микроэкономиканың пәні және объектілері
- •Позитивті және нормативті микроэкономика
- •Позитивті микроэкономиканың әдістері
- •Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу
- •Сұраныс және сұраныс заңы
- •Сұраныс заңынан ауытқу Гиффен парадоксы және Вебленнің әсері
- •Ұсыныс және ұсыныс заңы
- •Ұсыныстың бағадан тыс факторлары
- •Нарықтық тепе теңдік және оның қозғалысы
- •Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы
- •Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
- •Икемділік түсінігі және баға мен табыс бойынша икемділік
- •Баға бойынша сұраныс икемділігінің факторлары. Ер коэффициенті
- •Тұтынушылық іс-әрекет теориясын қолдану және оның негізгі шарттары
- •Тұтыну түсінігі, ұтымдылық пен пайдалылық
- •Пайдалылықты анықтаудың сандық және реттілік тәсілдері
- •Кемімелі шекті пайдалылық заңы
- •« Табыс-тұтыну » қисығы. Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы .
- •Жеке және қоғамдық шығындар
- •Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары: жалпы, тұрақты, өзгермелі, орташа, шекті
- •Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары
- •Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
- •Бәсекелес фирма және оның қысқа, ұзақ мерзімді кезеңдегі тепе теңдігі
- •Пайданы максимизациялау және шығыстарды минимизациялау шарты
- •Өндіріс факторлары нарығының функциялары мен ерекшеліктері
- •Шекті табыстылық және шекті шығыстар
- •Өндіріс факторларының ұсынысы. Ресурстар ұсынысының икемділігі.
- •Өндіріс факторлары нарығындағы тепе теңдік
- •Жеке және қоғамдық игілік
- •Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
Жеке және қоғамдық игілік
Жеке тұтынылатын және пайдаланатын игіліктер. Бұнда тұтыну тауарлары мен қызметтер жатады.
Бұл игіліктердің ерекшелігі :
- аталған игілікке жекелеген тұтынушыларға салыстырмалы аз бірлікке дейін бөлінуі тән.
Қоғамдық тұтынлатын және пайдаланатын игіліктер. Бұнда :
- қоғамдық ұлттық байлық;
- табиғат ресурстары, өзен, көл, каналдар, көпірлер, электрмен қамту, сумен қамту, газбен қамту, жылумен камту кәсіпорындары;
- мұражайлар, кітапханалар, денсаулық сақтау және ағарту объектілері, өзге де әлеуметтік тұрмыстық игіліктер;
- көлік, байланыс, тұрғын-үй коммнуладық шаруашылық қызметтер, тұрмыстық қызмет,мәдениет, өнер, денсаулық сақтау және ағарту.
Барлық жиынтық қызмет көрсету олардың жұмсалуына байланысты - өндірістік және тұтынушылық (тұрғындарға қызмет көрсету) қызметтер болып екіге бөлінеді. Өндірістік қызмет көрсету өндірістік қажеттіліктерді қанағаттандыруға және ол кәсіпорын, ұйым мекемелеріне ұсынылады. Бұған жүк тасу көлігіде, байланысады, өндіріске қызмет жасау, затты өткізуге қызмет жасау мен жабдықтауға және т.б. қызмет көрсету жатады.
Тұтынушылық қызмет көрсету халықтың тұтыныу тауарлары сияқты тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет жасайды және сондықтанда соңғысында өте ерекше емес.
Еңбек шығындарына байланысты тұрғындарға қызмет көрсету материалдық және материалдық емес (таза) деп шектейміз.
Материалды қызметке заттық , материалдық сипаттағы қызметтер жатады: электр энергиясы , газ, жылу, жөнеду және т.б.. өндірістегі еңбектің тұтынушыларға материалдық игіліктер болып жеткенге дейінгі қызметпен байланысты, (мұндағы жағдайда - тұрғындарға) немесе тұрғындар қолындағы тауардың құнын және тұтыну құнын қалпына келтірумен байланыстыратын қызметті жатқызмыз. Сөз осы объектелрдің жөндеуі мен қалпына келтірілуі туралы.
Материалдық қызметке, материалдық өндірісте құрылған жылу және электр энергиясы, газ тұтынушыға тұрғын үй коммуналдық шаруашлықытардың қызметі түрінде жеткізілетін қызметтер, тұрғын үй жөндеуді қалпына келтіруді жүзеге асырады, мебель дайындау және киім, аяқ киім жөндеу қызметі, жеңіл автомобильдерді, радио-теле аппаратураларды, тұрмыстық қызмет техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, тұрғын үй құрылысын салу және жөндеу жатады.
Осы қызметті көрсетуге жұмсалған еңбек бір жағынан тікелей жаңа құн мен тұтыну құнын (мысалы, үй-жиhаздары, киім және т.б. дайындауға көмек көрсету) жасауға қатысады, немесе тауардың тұтыну (жөндеу жүргізу) құны қасиетін қалпына келтіреді.
Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
Нарық механизмдері дербес қабылданған шешімдерді бір-бірімен келістіре отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды. Соған қарамастан нарық механизмдерінің көмегімен шеше алмайтын проблемалар да кездеседі. Кейбір тауарлар мен қызметтер ұтымды мөлшерден артық өндірілсе, кейбіреулері кем өндіріледі. Оны нарықтың кемшілігі деп те атайды.
Тақырыпта сыртқы әсерлер теориясының мәнін аша отырып, жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу механизмдерін және олардың тиімділігін талдаймыз. Тақырыпта қарастырылатын сыртқы әсерлер теориясының практикалық маңызы зор. Жағымды және жағымсыз әсерлерді реттеу қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық игіліктерді тұтыну деңгейін көтеру мәселелерін шешуге көмектеседі.
Нарық тиімді қызмет істеу үшін тауарлар мен қызметтердің бағалары, олардың альтернативті құнын көрсетулері керек. Баға арқылы өндірілген өнімнің ең болмағанда альтернативті құны қайтарылмаса, өндірушінің тауарды өндіруге ынтасы болмайды.
Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы бағада есептелінбей қалады. Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтары сыртқы әсерлер дейді. Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық). Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды әсерлер болып екіге бөлінеді.
Жағымсыз сыртқы әсерлер (экстерналии) – бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресустардың құны. Жағымсыз сыртқы әсерлердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсерлердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін машиналар, қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді.
Өндіріс қалдықтарын қоршаған ортаға тастау фирмаларға арзанға түседі немесе мүлдем тегін болады. Егер фирма қалдықтарды жоятын технология қолданса, ол оған қымбатқа түсер еді. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көбейген сайын оларды жоюдың шекті шығыны төмендейді. Ол қалдықтарды жоятын қымбат технологияны қолдануға аса ынта туғызбайды.
нді жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын талдаймыз. өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың) әлеуметтік (қоғамдық) шығындар дейміз (TSC). Ол жалпы жеке шығын (TPC) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС) қосындысы:
TSC=TPC+TEC.
Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (TEC) шекті сыртқы шығынның (MEC) мөлшеріне өседі. Демек өнім көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы да өседі.
Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығыны (MEC) өндіруші емес, өндіруге және тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам көтереді. Шекті сыртқы шығынның мөлшерін анықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз:
MEC=∆TEC/∆Q
