- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні мен көздері.
- •Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, олардың түрлері
- •Тәуекелді басқару әдістері.
- •Тәуекелділікті бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық.
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
- •Бизнес-жоспарды құру тәртібі және әдістемесі
- •Бизнес-жоспар: мәні және мазмұны
- •13.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
- •14. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау.
- •15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.
- •16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.
- •17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.
- •18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
- •19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
- •21. Келісім-шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны.
- •22. Сату және сатып алу келісім-шарттарын жасауға қойылатын талаптар.
- •23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.
- •30. Қр бизнес – инкубаторлардың қызмет ету ерекшеліктері
- •Микроэкономиканың пәні және объектілері
- •Позитивті және нормативті микроэкономика
- •Позитивті микроэкономиканың әдістері
- •Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу
- •Сұраныс және сұраныс заңы
- •Сұраныс заңынан ауытқу Гиффен парадоксы және Вебленнің әсері
- •Ұсыныс және ұсыныс заңы
- •Ұсыныстың бағадан тыс факторлары
- •Нарықтық тепе теңдік және оның қозғалысы
- •Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы
- •Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
- •Икемділік түсінігі және баға мен табыс бойынша икемділік
- •Баға бойынша сұраныс икемділігінің факторлары. Ер коэффициенті
- •Тұтынушылық іс-әрекет теориясын қолдану және оның негізгі шарттары
- •Тұтыну түсінігі, ұтымдылық пен пайдалылық
- •Пайдалылықты анықтаудың сандық және реттілік тәсілдері
- •Кемімелі шекті пайдалылық заңы
- •« Табыс-тұтыну » қисығы. Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы .
- •Жеке және қоғамдық шығындар
- •Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары: жалпы, тұрақты, өзгермелі, орташа, шекті
- •Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары
- •Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
- •Бәсекелес фирма және оның қысқа, ұзақ мерзімді кезеңдегі тепе теңдігі
- •Пайданы максимизациялау және шығыстарды минимизациялау шарты
- •Өндіріс факторлары нарығының функциялары мен ерекшеліктері
- •Шекті табыстылық және шекті шығыстар
- •Өндіріс факторларының ұсынысы. Ресурстар ұсынысының икемділігі.
- •Өндіріс факторлары нарығындағы тепе теңдік
- •Жеке және қоғамдық игілік
- •Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
Мемлекет нарықтағы баға қалыптасуына жиі араласып отырады. Мемлекет тарапынан нарыққа әсер етудің басты тәсілдері төмендегілер болып табылады.
1) салықтар мен субсидиялар;
2) бағаларды тікелей реттеу;
3) нарық айналымындағы тауарларды реттеу.
Салық – нарық механизімінің жұмысына мемлекет тарапынан араласудың ең тиімді құралы болып саналады. Акцизді енгізу ұсыныс қисығын (S) солға, салық шамасына (Т) жылжытады. Сұраныс пен ұсыныс баға Р1-ге тең болғанда теңеседі және бұл баға Р0-ден жоғары болады. Бірақ баға өзгеруінің шамасы салық шамасынан аз болады. бұл салық ауыртпалығы өндірушіге де, тұтынушыға да түсіретінін білдіреді. Салықтың жалпы сомасындағы (Т • Q1) бұлардың салыстырмалы үлесі сұраныс (D) пен ұсыныс (S) қисықтарының көлбеулілігіне немесе нарықтағы іс-әрекеттің икемділігіне тәуелді. Кімде-кім икемділеу іс-әрекет жасаса (қисық неғұрлым жатыңқы болса), сол салықтың аз мөлшерін төлейді.
Бағаны реттеу – мемлекеттің нарыққа әсер етудегі жарамсыздау құралы болып саналады, себебі ол нарықтық механизімнің іс-әрекетінің өзін қозғайды.
Бағалар мемлекет бақылауында болса, олар ұзақ мерзім өзгермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда сұраныс пен ұсыныстың қандай болмасын тербелуі, тауарлардың тапшылығына, немесе, олардың өтпей жатып қалуына әкеліп соғады. Айталық, алғашқы мемлекет белгілеген баға тепе-теңдік баға болсын. Түрлі себептерге байланысты сұраныс өссін дейік. Баға тұрақты болып қалса, бұл жағдайда тапшылық пайда болады. Енді, тепе-теңдік орнату үшін ұсынысты көбейту керек, немесе, тапшы болған тауарларды тұтынушылардың арасында карточка жүйесін енгізу арқылы, немесе, нарықтық тепе-теңдікті кезекпен сәйкестікке келтіру арқылы рационалды жолмен бөлу қажет. Кезек дегеніміз тұтынушылардың тауарды сатып алуға жұмсайтын шығындарының екі бөліктен тұратынын көрсетеді: тауарға ақшалай түрде белгіленген бағадан және кезекте тұрғандықтан туған шығындардан. Кезекте тұрғандықтан келген шығындарды, сол кезекте тұрғанда кеткен уақытта пайдалы еңбек жасалғанда түсетін табыстар шамасымен өлшеуге болады. Осыған байланысты мынадай тұжырымдар туады: «ұзын кезектен гөрі қымбат баға жақсы», «қымбат баға кезекті қысқартады». Қарсыластар: «қымбат баға хал-ауқатты төмендетеді». Осы тұжырымдардың екеуі де дұрыс болуы мүмкін. Көп адамдар, өзгерістер қандай болмасын, егер олардың нәтижесінде ұтқандардың байлығының өсуі, ұтылғандардың байлығының шығындарынан артық болса, онда осындай өзгерістер тиімді, ұнамды деп саналады.
Мемлекеттің кірісу жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік үлгісі (кезекші үлгісіне косымша). Егер нарықтық жағдайда мемлекет тауарлардың бағасын тепе-теңдік дәрежеде белгілемесе, онда артықшылық, немесе, тапшылық болуы күмәнсіз.
Егер баға тепе-теңдік дәрежесінен жоғары белгіленсе, артықшылық пайда болып, тауарлар қоймаларда қалып қояды. Бұл сатуды және сатудан түсетін ақы мөлшерін азайтады. Сондықтан мемлекет фирмалардың табыстарының азайуымен байланысты, олардың, қосымша жұмсалған шығындарын өтеуге мәжбүр болады. Осы мәселені шешудің ең жабайы жолы: артық тауарларды мемлекет өзі сатып алады. Осылай экономикалық тепе-теңдік орнайды. Керісінше жағдайда баға тепе-теңдік дәрежеден төмен белгіленеді. Нәтижесінде тапшылық туып өтелмеген сұраныс көбейе түседі. Мұндай ұнамсыз жағдайды жою мақсатымен мемлекет өзінің қаражаттарын пайдаланып тапшылықты болдырмау үшін, мысалы, импортты көбейтеді. Мемлекет өзіне қосымша тауарды жеткізуші қызметін жүктейді. Осылайша тапшылық, жойылады, экономикалық тепе-теңдік орнайды.
Осы замандағы батыс экономикалық әдебиеттері өзін-өзі реттейтін жүйе болып нарықтың қызмет етуін, нарықтық қатынастар субъектілерінің экономикалық іс-әрекеттерінің рационалдылығымен дәлелдейді. Олардың әрекеттерінің рационалды түрде жүруі, ынталар мен қажеттіктерді қамтамасыз етудің оптималдық әдістері арқылы жүзеге асырылуынан көрінеді. Фирмалар өздерінің табыстарын көбейтуді көздей отыра сонымен бірге, «көрінбейтін қолдың» қатысуымен, қоғамдық ынталарды да қанағаттандырады. Фирмалар өнімдердің осы көлемін өндіру үшін алдыңғы қатарлы технологііяны, өндірісті ұйымдастырудың қолайлы әдістерін қолданады. Олардың осындай әрекеттері жеке бастарының табысқа жетуіне, шығындарын үнемдеуіне жол аша отырып, сонымен қатар, жалпы коғамның байлығының молаюына ат салысады. Осылайша, нарықтық жүйе мүмкіндік тудырған жеке адамдардың өз басының табысты көздейтін әрекеттері түбінде бүкіл қоғамның қажеттерін толығырак қамтамасыз етуге жол ашады.
«Көрінбейтін қол» түрінде әрекет ететін өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйе, бір жағынан, экономикалық жүйені ұйымдастырудың формасы болып, екіншіден, шаруашылық жүргізу әдісі болып табылады. Өзін-өзі реттеуді ұйымдастыру формасы. Бұның негізін нарықтық жүйе құранды. Осы форма меншіктің сан алуан формаларына, шаруашылық жүргізудің көп түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларына, көп салалы нарықтық инфрақұрылым жүйесіне негізделеді.
Өзін-өзі реттейтін нарықтық жүйе әлеуметтік-экономикалық еркіндігі бар шаруашылық субъектілерінің құрылуын талап етеді. Осымен қатар, ол әрекеттерін бір-бірімен тікелей, немесе, жанама түрде көрінетін экономикалық ынталардың келісімді, өзара тәуелді болуын тілеп жүргізеді. Нарықтық экономиканың субъектілерінің осындай жағдайы, объективтік түрде қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады — бұл бір жақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерді еңбек етудің түрлеріне сәйкес бір-бірінен алшақтатып бөледі, экономикалық әрекеттер жағынан оңашаланған өндірушілерді қалыптастырады. Екінші жақтан, еңбек бөлінісі өндірушілер арасында тұрақты функционалдық өзара байланыстар тудырады, сатып алу - сату түріндегі эквиваленттікке негізделген айырбас процестерін келістіреді.
