Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545.99 Кб
Скачать
  1. Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы

  Нарықтық тепе-теңдіктің тұрақтылығы тепе-теңдік күйін өзінің ішкі күші арқылы  бір деңгейде сақтау яғни нарықтық механизм әсерінен тұрақтылықты қамтамасыз етуі. Егер нарық осыны орындай алатын болса, оны тұрақты деп атайды.   Нарықтың ішкі күші арқылы тепе-теңдікті сақтай алмауын тұрақсыздық деп атайды. Тұрақтылық мәселесінің қозғалуы нарықтың сыртқы әсерсіз теңдікті сақтай алу немесе сақтай алмау қажеттілігін анықтайды. Нарық тепе-теңдік жағдайында 2.5 б суретте көрсетілгендей тұрақты болатын болса, онда оның сыртқы әсерді қажет етпеуі. Ал егер нарықтық тепе-теңдік тұрақсыз болатын болса, онда сыртқы әсерді қажет етеді. Мұндайда экономикалық саясат реттеуші құрал ретінде пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген «өрмекші тәрізді» модель нарық тепе-теңдігінің тұрақсыздығының көптен бірі болып табылады. Біз сұраныс пен ұсыныстың стандартты емес қисықтарымен кездескен жағдайда көбінесе тұрақсыздықпен кездесеміз.

Нарықтық тепе-теңдіктің тұрақтылығы – бұл нарықтың өзінің ішкі күштері арқылы тепе-теңдік жағдайды қалпына келтіріп отыратын сол нарықтың қабілеттілігі. Егер нарық өзінің ішкі механизмдері арқылы осы қызметін атқара алса, онда ол нарық тұрақты, ал атқара алмаса тұрақсыз болғаны. Бұл сұрақтарға нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық моделі – «өрмекші торы тәріздес» модельдің көмегімен жауап беруге болады.

«Өрмекші торы тәріздес» модель – бұл уақыт факторын есепке ала отырып нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін қарапайым динамикалық модель, ол бір уақыт мезетінен екінші бір уақыт мезетіне өту кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын көрсетеді. Ұсыныс бұл жерде сұраныс бағасының өзгеруіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана кешігіп барып әсер етеді, соңында тепе-теңдіктің қалыптасуында бағалық немесе циклдік толқулар орын алады .Осы көрсетіліп отырған графикке сәйкес, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының көлбеулігі бірдей болса, онда нарықтық баға тепе-теңдік бағаның айналасында бірқалыпты түрде ауытқып отырады .Егер ұсыныс қисық сызығының көлбеулігі сұраныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарық тепе-теңдікке келе бастайды.. Ал егер сұраныс қисық сызығының көлбеулігі ұсыныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарықтың тепе-теңдіктен ауытуы артады, және нарық мүлдем бұзылады да «катастрофа» деген модель пайда болады .

Сонымен, «өрмекші торы тәріздес» модель арқылы сұраныс пен ұсыныстың (көлбеуліктерінің) бағаның өзгеруіне қарай бейімделу сезімталдығына байланысты нарықтық тепе-теңдіктің және бағалық толқудың бірқалыпты, тұрақты және тұрақсыз деген түрлерін бөліп көрсетуге болады.

Біз енді нарықтық механизмнің әрекет етуі мен даму заңдылықтарын және оның негізгі элементі болып табылатын сұраныс пен ұсынысты одан әрі терең талдау үшін икемділік деген ұғымды қарастырамыз. Экономикалық агенттердің тарапынан бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік ұғымы маңызды рөл ойнайды. «Икемділік» ұғымын да жоғарыда аталған, ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет қолданып микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Кейін бұл ұғым туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ экономисі Пол Самуэльсон және тағы басқа да ғалымдар әріқарай дамыта түсті.