Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545.99 Кб
Скачать

23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.

Келісімшарт жасасу көп жағдайда болашақтағы заттар енді өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері жөнінде жасалады. Осымен қатар, келісімшарт жасасу шартының нысанына өсірілген өнім жөнінде жасалатын мәмілелер де бөлінеді. Бұл жиналған немесе өңдеуден өткен, әлде тамырындағы өнім болуы мүмкін.

Егер тараптар оған өнім тапсыру туралы ереженің қолданылуын қарастырса, онда бағасы келісімшарт жасасу шартының елеулі жағдайларының қатарына жатады. Басқа жағдайда баға келісімшарт жасасу шартының болсын, тауар жеткізілімі шартының да болсын елеулі жағдайларына жатпайды.

Келісімшарт жасасу шарты бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі оларды қолдану салаларына байланысты болады. Келісім шарт жасасу пәні болып, бақша және дән шаруашылығы өнімдері болса, бұл мерзімдер табиғи кезендерге байланысты болады. Бірақ, бұл шартқа байланысты мерзімдердің оларға қатаң бекітілуін қажет етпейді. Шартқа байланысты өнімді әртүрлі мерзімде алуға болады, бірақ бұл мерзімдер шартта тікелей көрсетілуі керек, себебі фермерлерде тауарды сақтауға көбіне жағдайлары болмайды және міндеттеменің мәнінен ол тараптармен өнім өскеннен кейін қисынды мерзімдерде орындалу керек екендігі көрінуі мүмкін.

Егер келісімшарт жасасу басқа ауыл шаруашылық өніміне байланысты жасалса, мысалы, тауық жұмыртқаларын жеткізу туралы, шарт, оның мезгіл-мезгіл орындалуын ескеруі мүмкін, мұнда өндірістің маусымды (жылдық) циклдары көп мағыналы болмайды.

Ауыл шаруашылық өндіріс саласындағы шарттық тәжірибе іскерлік айналым әдеттері мен іскерлік әдеттегіліктерді пайдалануға тиісті болуы мүмкін. Оған себеп өнімді өсірудегі табиғи циклдары ауыл шаруашылық өндірушілер және олармен белгілі қарым-қатынаста болатын субъектілерінің барлық қызметінің циклдігіне әсерін тигізеді.

Келісімшарт жасасу шартының нысаны көп жағдайларда жазбаша болады. Оны жасау тәртібі тауар жеткізілім шартын жасау тәртібіне сәйкес болуы қажет.

Келісімшарт жасау шартының мазмұны

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші шартпен келісілген өнімді беруіне міндетті. Оның сапасы тікелей шартпен анықталады. Егер шартта оның сапасы жөнінде жағдай қарастырылмаса, ол мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек, яғни өндірілген өнімдер ақыр аяғында тұтынушыға жетеді және де осыған байланысты оның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Өнім шарттар көзделген түр-түрімен беріледі. Сапасы, түр-түрімен бірге елеулі жағдай болып, өнімнің көлеміне байланысты жағдайда есептеледі.

Келісімшарт жасасу шарты ауыл шаруашылық өнімін өндірушіге белгілі жеңілдік береді. Егер шартта басқа көзделмесе, ол өсірілген өнімді тұрған жерінен берумен шектеледі. Шарттық тәжірибеде ауыл шаруашылығын жүргізу деңгейінің дамығанымен ауыл шаурашылық өнімін жәшіктеуте (ыдыстауға) оны сатудың алдыңғы дайындығына белгілі талаптарды орнату қажет, мысалы, сорттауға, арнайы құралдармен өңдеуге, сақтауға және т.б. Өндіруші контрактантқа өнім іріктеудің қолайлы мерзімдерін хабарлауға тиіс.

Контрактант өнімге ақы төлеуге міндетті, оның осы міндетінің орындалу тәртібі тауар жеткізілім шартының ұқсас міндетінің орындалу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Содан басқа оған алынатын өнімді ұқыпты тексеру міндеті жүктеледі, ол стандарттарға сай өнімнің сапасын тура анықтауды қамтамасыз етуге міндетті.

Өнімді алып кету міндеті көп жағдайларда (егер өзгешені шарт көзделмесе) контрактанттың өзіне жүктеледі. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өсірілген өнімді жеткізу мүмкіншілігі бар жағдай сирек кездеседі.

Дайындаушы оған келісімшарт шарты бойынша ұсынылған, шартта қарастырылған жағдайларға сәйкес келетін және дайындаушыға шартта келісілген мерзімде берілген ауыл шаруашылық өнімін қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Келісімшарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнімін ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндірушіге оның талап етуі бойынша ауыл шаруашылық өнімін ұқсатудан қалған калдықтарды шартта белгілеңген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару міндеті көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, міндеттемелерді тоқтатудың есепке жатқызу деген тәсілін қолдануға болады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 370-бабы).

24.Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі.

25. Кәсіпкерлік қызметті экономикалық бағалаудың мақсаттары мен міндеттері

26. ҚР шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу ерекшеліктері

27. Франчайзингтік жүйе кәсіпкерлік қызметті дамытудың бағыттарының бірі ретінде

28. ҚР әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялардың құрылуы мен қызмет етуі

29. Лизинг, оның мәні және түрлері. Қазақстанда лизингтің даму перспективасы

Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады. Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы. Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы — мүлік иесі (лизинг беруші), екінші — мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші — мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің барлық приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне кайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие. Лизинг түрлері әр түрлі: 1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу қарқыны өте жөғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады. 2. Қаржылық лизинг аңағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялык тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, кушін тоқтата алмайды. Онда мүліқті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіңдігі көрсетілген. 3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады. Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады. Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы — лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.