Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545.99 Кб
Скачать

15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.

16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.

17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.

Еңбек ресурстарын жоспарлау ықтималдық сипаты бар және ол:

— нақты аймақта жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс деңгейіне;

— жұмыспен қамтылу деңгейіне;

— халықты жұмысқа тұрғызу үрдісін ұйымдастыруға және басқа да факторларға байланысты.

Қазақстанның экономикасы үшін нарықтық талаптарында өтіп жатқан экономикалық құбылыстарды біртұтас немесе бөлек қайта ұғыну ғана маңызды емес, солай да өзекті болып қоғамның әрі де дамуын қамтамасыз етуге бағдарланған тұжырымдамалы экономикалық саясатты өндіру табылады.

Сонымен, еңбек ресурстары – бұл халық шаруашылығында пайдаланылатын қажетті физикалық дамуы бар, жұмыс істеуге білімі және машықтық тәжірибесі бар республика халқының бөлігі. Еңбекке деген жарамдылық көзқарасынан еңбекке қабілетті халық экономикалық тұрғыдан белсенді және белсенді емес халықтан тұрады. Белсенді халық (жұмысшы күші) – қызмет пен тауарды өндіруге жұмыс күшін қамтамасыз ететін экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеуге белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санын жұмыссыздар мен экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмыспен қамтылғандар құрайды.

Экономикалық тұрғыдан белсенді емес (әрекетсіз) халық – қарастырылатын кезең ағымында жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған болып табылатын экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеуге белгіленген жастағы тұлғалар.

Жұмыспен қамтылған (жұмыс істейтін) халық — өзінің жағдайына қарай жалға немесе жеке өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшылар сәйкес келетін жастағы барлық тұлғалар.

Дербес жұмыспен қамтылу – жұмыспен қамтылудың сыйақы мөлшері тауар мен қызметті өндіру және өткізуден түскен кіріске тікелей байланысты түрі, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшылардың келесі топтары айқындалған: өзінің жеке кәсіпорнын басқаратын немесе экономика қызметінің әйтеуір бір түріндегі және өз құрамында бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар тәуелсіз кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалар.

Еңбек қатынастарын басқарудың кіші жүйесі: топтық және жеке өзара қарым-қатынастарды, басшылық қарым-қатынастарды талдау және реттеу, өндірістік келіспеушіліктер мен келеңсіздіктерді басқару; әлеуметтік-психологиялық диагностика, өзара қатынастардың этикалық нормаларын сақтауды бақылау, кәсіподақпен өзара қарым-қатынастарды басқару жұмыстарын жүргізеді.

Еңбек етуді қалыпты жағдайлармен қамтамасыз етудің кіші жүйесі келесідей функцияларды орындайды:техникалық эстетиканың талаптарын орындау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, психофизиология және еңбектің эргономикасының талаптарын орындау, ұйымды және жеке лауазымды тұлғаларды әскери қорғау.

Персоналдың дамуын басқарудың кіші жүйесі: оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату; жаңа жұмыскерлердің бейімделуі және қызметке орналасуы; бос қызмет орындарына үміткерлерді бағалау, кадрларды дер кезінде тұрақты бағалау; рационализаторлық және шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыруду; іскерлік мансап пен қызметтік-кәсіптік сатымен жоғарылауды іске асыру; кадрлар резервімен ұйымдастыру сияқты жұмыстар атқарады.

Персоналдың мінез-құлқын мотивациялауды басқарудың кіші жүйесі келесі функцияларды орындайды: еңбектің мінез-құлықтың мотивациясын басқару, еңбек процесін нормалау және тарифтер пен қорға қатысу, персоналды моральдық марапаттау түрлерін жасау, персоналды басқару жүйесін нормативті-әдістемелікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Әлеуметтік дамуды басқарудың кіші жүйесі: қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, тұрғын үй тұрмыстық қызмет көрсету және мәдениет пен дене шынықтыру тәрбиесін дамытуды басқару, денсаулық сақтау және демалыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік келіспеушіліктер мен келеңсіздіктерді болдырмауды басқару, азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды сатуды және әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыруды орындайды.

Персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз етудің кіші жүйесі келесі функцияларды орындайды: персоналды есепке алу және статистикалық мәліметтер жинау, персоналды басқару жүйесін ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету, кәсіпорын ақпараттары органдарының жұмысын ұйымдастыру, патенттік-лицензиялық іс-әрекеттерді жүргізу.