- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні мен көздері.
- •Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, олардың түрлері
- •Тәуекелді басқару әдістері.
- •Тәуекелділікті бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық.
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
- •Бизнес-жоспарды құру тәртібі және әдістемесі
- •Бизнес-жоспар: мәні және мазмұны
- •13.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
- •14. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау.
- •15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.
- •16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.
- •17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.
- •18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
- •19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
- •21. Келісім-шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны.
- •22. Сату және сатып алу келісім-шарттарын жасауға қойылатын талаптар.
- •23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.
- •30. Қр бизнес – инкубаторлардың қызмет ету ерекшеліктері
- •Микроэкономиканың пәні және объектілері
- •Позитивті және нормативті микроэкономика
- •Позитивті микроэкономиканың әдістері
- •Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу
- •Сұраныс және сұраныс заңы
- •Сұраныс заңынан ауытқу Гиффен парадоксы және Вебленнің әсері
- •Ұсыныс және ұсыныс заңы
- •Ұсыныстың бағадан тыс факторлары
- •Нарықтық тепе теңдік және оның қозғалысы
- •Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы
- •Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
- •Икемділік түсінігі және баға мен табыс бойынша икемділік
- •Баға бойынша сұраныс икемділігінің факторлары. Ер коэффициенті
- •Тұтынушылық іс-әрекет теориясын қолдану және оның негізгі шарттары
- •Тұтыну түсінігі, ұтымдылық пен пайдалылық
- •Пайдалылықты анықтаудың сандық және реттілік тәсілдері
- •Кемімелі шекті пайдалылық заңы
- •« Табыс-тұтыну » қисығы. Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы .
- •Жеке және қоғамдық шығындар
- •Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары: жалпы, тұрақты, өзгермелі, орташа, шекті
- •Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары
- •Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
- •Бәсекелес фирма және оның қысқа, ұзақ мерзімді кезеңдегі тепе теңдігі
- •Пайданы максимизациялау және шығыстарды минимизациялау шарты
- •Өндіріс факторлары нарығының функциялары мен ерекшеліктері
- •Шекті табыстылық және шекті шығыстар
- •Өндіріс факторларының ұсынысы. Ресурстар ұсынысының икемділігі.
- •Өндіріс факторлары нарығындағы тепе теңдік
- •Жеке және қоғамдық игілік
- •Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:
Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;
Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;
Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.
Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу.
Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.
Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
Пайда алу және оны өсіру
Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
Сапалы өнім шығару
Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
Өз қызметін дамыту
Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі фнкциялары:
А) Өндіріс қорлары
Б) Адамдар
В) Ақпарат
Г) Қаржы
Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.
Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.
Материалдық қорлар.
Капитал, негізгі және айналым.
Жер қорлары.
Энергетикалық қорлар.
Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар.
Авторлық құқық.
Патент.
Сауда маркалары.
Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.
Еңбек қорлары.
Еңбек
Кәсіпкерлік қабілет.
Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша:
өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с.
келтірілген.
қарызды.
Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с.
Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері:
А) Мемлекеттік органдар
Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер.
В) Тұтынушылар
Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық
Кәсіпорындардың жіктелуі
Кәсіпорындардың жіктелуі
Жіктеу факторлары:
1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.
2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.
3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:
а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)
б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)
в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі
г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі
д) энергия шығындары
е) қоршаған орта жағдайына қарай
ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне
з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.)
и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай
4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.
5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.
6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiктер толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. Толық және сенiм серiктестiгiнен басқа, шаруашылық cepіктестікті бiр тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады.
Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгi болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiне құқықтар шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiнде осы құқықтардың тiркелген кезiнен бастап туындайды.\
Толық серiктестiк немесе сенiм серiктестiгi акционерлiк қоғам, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр толық серiктес толық серiктестiктен немесе сенiм серiктестiгiнен акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке көшкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық мүлкiмен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне тиесiлi акцияларды (үлестердi) иелiктен шығаруы оны мұндай жауапкершiлiктен босатпайды. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi. Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша әрбiр қатысушының салым салмаған бөлiгiнiң құны шегiнде ортақ жауапты болады.
Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады. Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi. Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында кооператив мүшелерi жарнасының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна қосу тәртiбi және олардың жарналарды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооператив қызметiне оның мүшелерiнiң еңбекпен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбекпен қатысуы жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтiң таза табысын бөлу тәртiбi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiндегi шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс.
