- •Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық құрылымы.
- •Қр 2015 жылға дейінгі индустриалық – инновациялық саясатының мазмұны
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері
- •Кәсіпорын: түсінігі, міндеттері, функциялары және қызмет ету қағидалары
- •Кәсіпорындардың жіктелуі
- •Өндіріс тиімділігінің мәні және көрсеткіштері
- •Кәсіпорынның өтімділік және қаржы тұрақтылық көрсеткіштері
- •8.Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы көрсеткіштерін сипаттамасы
- •9. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы.
- •10. Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы.
- •11. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
- •12. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген
- •13. Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері.
- •14. Кәсіпорынның материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері.
- •15. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі.
- •16. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы.
- •17. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.
- •18. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.
- •19. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы
- •20. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері.
- •21. Еңбек ақы төлеу нысандары және жүйесі
- •22. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі.
- •23. Инвестициялар: мәні мен түрлері.
- •24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
- •25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
- •26. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар
- •27. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және бағалау көрсеткіштері
- •28. Өнім сапасы: түсінігі және көрсеткіштері
- •29. Кәсіпорын қаржысының түсінігі және функциялары
- •30. Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау әдістемесі.
- •Кәсіпкерліктің мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •Кәсіпкерлік: түрлері мен нысандары
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық және ұйымдық – экономикалық нысандары
- •Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні мен көздері.
- •Тәуекелдер мен жоғалтулардың түрлері, олардың түрлері
- •Тәуекелді басқару әдістері.
- •Тәуекелділікті бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық.
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процесі
- •Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері.
- •Бизнес-жоспарды құру тәртібі және әдістемесі
- •Бизнес-жоспар: мәні және мазмұны
- •13.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері.
- •14. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау.
- •15.Кәсіпкерлік мәмілелерді несиелендіру.
- •16. Еңбек ұжымының қалыптасуы.
- •17. Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.
- •18. Еңбекті нормалау: еңбек нормаларының түрлері
- •19. Кәсіпорында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
- •20. Кәсіпкерлік мәмілелер және олардың түрлері
- •21. Келісім-шарттың негізгі түрлері және оның мазмұны.
- •22. Сату және сатып алу келісім-шарттарын жасауға қойылатын талаптар.
- •23. Келісім-шарттарының негізгі бөлімдері.
- •30. Қр бизнес – инкубаторлардың қызмет ету ерекшеліктері
- •Микроэкономиканың пәні және объектілері
- •Позитивті және нормативті микроэкономика
- •Позитивті микроэкономиканың әдістері
- •Нормативті микроэкономика бойынша модельдеу
- •Сұраныс және сұраныс заңы
- •Сұраныс заңынан ауытқу Гиффен парадоксы және Вебленнің әсері
- •Ұсыныс және ұсыныс заңы
- •Ұсыныстың бағадан тыс факторлары
- •Нарықтық тепе теңдік және оның қозғалысы
- •Нарықтық тепе теңдіктің тұрақтылығы
- •Салықтар, дотациялар мен тұрақты бағалардың нарықтық тепе теңдікке әсері
- •Икемділік түсінігі және баға мен табыс бойынша икемділік
- •Баға бойынша сұраныс икемділігінің факторлары. Ер коэффициенті
- •Тұтынушылық іс-әрекет теориясын қолдану және оның негізгі шарттары
- •Тұтыну түсінігі, ұтымдылық пен пайдалылық
- •Пайдалылықты анықтаудың сандық және реттілік тәсілдері
- •Кемімелі шекті пайдалылық заңы
- •« Табыс-тұтыну » қисығы. Энгель қисығы. «Баға-тұтыну» қисығы .
- •Жеке және қоғамдық шығындар
- •Қысқа мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары: жалпы, тұрақты, өзгермелі, орташа, шекті
- •Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың шығыстары
- •Сурет 6.1. Ұзақ мерзімдегі орта және шекті шығындар.
- •Бәсекелес фирма және оның қысқа, ұзақ мерзімді кезеңдегі тепе теңдігі
- •Пайданы максимизациялау және шығыстарды минимизациялау шарты
- •Өндіріс факторлары нарығының функциялары мен ерекшеліктері
- •Шекті табыстылық және шекті шығыстар
- •Өндіріс факторларының ұсынысы. Ресурстар ұсынысының икемділігі.
- •Өндіріс факторлары нарығындағы тепе теңдік
- •Жеке және қоғамдық игілік
- •Теріс және оң сыртқы әсердегі өндіріс
24. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары: 1) кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлатуға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция мақсаты – ескірген қондырғыларды ауыстыру, персоналды қайта оқыту немесе өндірістік қуатты өндіріс және өтім шарттары өте тиімді аймақтарға ауыстыру арқылы кәсіпорын шығындарын төмендету үшін жағдайлар туғызу; 2) өндірісті кеңейтудегі инвестиция. Бұл инвестициялар мақсаты - әрекеттегі өндіріс негізінде қалыптасқан нарыққа арналған тауарлар мен қызмет түрлерінің өндіріс көлемін кеңейту; 3) жаңа өндірісті құрудағы инвестиция. Бұл инвестициялар кәсіпорынмен бұрын өндірілмеген тауарлар мен қызмет түрлерін шығару үшін жаңа технологияларды игеру және тіптен жаңа қуаттарды құруға арналған; 4) мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандырудағы инвестициялар (жаңа экологиялық нормалар немесе қауіпсіздік стандарттары). Осы әдістемелік нұсқауға сәйкес инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда қолданылатын түсініктер: - коммерциялық (қаржылық) тиімділік жобаға тікелей қатысушылар үшін жобаны жүзеге асырудың қаржылық салдарын анықтайды; - бюджетті тиімділік жобаның аймақтық және жергілікті бюджетіне қосатын үлесінің қаржылық салдарын көрсетеді; - экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар мен нәтижелерді есепке алады, олар инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей қаржылық мүдделері шегінен шығып кетуі мүмкін және құндық өлшемді қажет етеді. Инвестициялық жоба тиімділігі инвестициялық үрдіске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып шығындар мен нәтижелердің арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау кезінде қарастырылған көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі құнға келтіру (дисконттау) керек, өйткені түрлі уақыт кезеңдеріндегі шығындар мен қаржы түсімдері бір мәнді болмайды (бұл салыстыруды жүргізгенде қиынға соқтырады), яғни алдыңғы кезеңде алынған табыс құны соңғы кезде алынған табыс мөлшерінен жоғары болады. Есепті баға – базистік бағаны жалпы инфляция индексіне сәйкес келетін дефляторға, яғни экономикадағы немесе нақты ресурс, өнім, қызмет түрі бағасының орташа деңгейін жоғарлату индексіне көбейту арқылы анықталады. Жобалық және есепті баға инвестициялық жобаның техника-экономикалық түсініктеме беру кезеңінде қолданылады. Техника-экономикалық түсініктемеде есептеулер отандық базисті, керек жағдайда - әлемдік баға бойынша жүргізіледі. Егер шығындар мен нәтижелердің ағымдағы мәні болжамдық бағамен есептелген жағдайда тиімділіктің интегралды көрсеткіштерін анықтауда есепті баға пайдаланылады. Бұл инфляцияның түрлі деңгейінде алынатын нәтижелерді салыстыру үшін қажет. Базисті, болжамдық және есепті баға теңгемен есептелуі немесе тұрақты шетел валютасымен есептелуі мүмкін (АҚШ доллары, герман маркасы, экю және т.б.)
25. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар.
Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.
Шығындар өндірісте жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек, құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.
Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады. Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.
Нақты шығындарға — кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.
Нақты шығындар оперативті құжаттарда, қаржы есептерінде есептелгендіктен бухгалтерлік шығындар деп те аталады.
Қайтарылмайтын шығындар деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын, бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады. Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы операцияларымен ешқандай байланыста болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды жатқызуға болады. Тұрақты шығындарға өнім өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан тұрақты болып қала беретін қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар жатады. Оларға әкімшілік персоналдық еңбек ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы, құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады. Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу қажеттілігі пайда болады.
Өз кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.
Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.
Кейбір жағдайда шығындар аралас шығындар болып келеді. Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындар компоненттері орын алуы мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі бөлігіне қалааралық және халықаралық телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына қарай төленетін ақыны жатқызуға болады. Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты және өзгермелі шығындардың арасындағы айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.
Қабылданатын басқару шешімдерінің ерекшелігіне байланысты шығындар релевантты және релевантты емес болып бөлінеді. Релевантты шығындарға басқару шешімін қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді. Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары релевантты бола алмайды, себебі оларға әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда) басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне ерекше әсер етуіне байланысты шығындар тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.
Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.
Тиімсіз шығындар өнімсіз шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан өнім өндірілмейді. Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі жоғатулар жатады. Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін қажет болады.
Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болуы тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.
Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.
Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.
