Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЕТОДИКА.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақты талдауға әдістемелік ұсыныстар

Талдау дегеніміз – тұтас дүниенің құрамдас бөліктерге ойша және шын мәнінде бөлінуі және бөліктердің бүтінге айналуы (синтез). Талдаудың (өзіндік талдаудың) мақсаты – мұғалімнің еңбегі жайлы жаңа білімді алу болып табылады (мұғалімнің өзі туралы).

Сабақты талдаудың нұсқалары өте көп (120 түрі) бар: толық, қысқа, кешенді, аспектілі, құрылымдық, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік және т.б.

Сабақты талдаудың толық әдісі ең алдымен мұғалім әрекетіндегі объектінің теориясы – педагогикалық процесті түсіну болып табылады.

Сабақ педагогикалық процестің қисынды аяқталған бөлігі болып табылады.

Қазіргі сабақты талдаудың бірнеше нұсқаларын ұсынып отырмыз.

Педагогикалық процестің компоненттерін мәнін түсіну тұрғысынан сабақты талдаудың нұсқасы.

Сабақ мақсатының тақырыппен сәйкестілігі.

Мақсаттың жұмыстың міндеттеріне (білім беру, тәрбие, дамыту) сәйкестілігі.

Мұғалім мен оқушының іс-әрекет қабілеттілігіне (әдістер мен тәсілдер) жұмыс міндеттерінің сәйкестігін қалыптасыру.

Кері байланыс сапасын талдау (сабақтың әр кезеңінде неше бала жұмыс істеді, қандай әдіс тәсілдер көмегімен жүзеге асты).

Сабақтың нәтижелігін анықтау (жұмыстың міндетіне, әдісіне, балалардың белсенділігіне қайта тоқталу).

Сабақты жетілдіріп өткізуге ұсыныстар және жалпы қорытындылар (теориялық және практикалық жоспар бойынша).

Сабақты құрылымдық талдаудың нұсқасы

Сабақтың мақсатын және міндетін бағалау.

Сабақтың типі.

Сабақтың құрылымы, оның кезеңдері (минут бойынша)

Оқушының сабақты ұйымдастыру кезіндегі психологиялық ахуалы.

Оқушылардың тірек білімдерінің көкейкестілігі

а) жалпылама сұрау

б) жеке жұмысты ұйымдастыру

в) ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру

г) дифференциалды-топтық сұрақ қою және басқалары.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

а) баяндау әдісі

б) эвристикалық әңгіме тәсілдерін қолдану арқылы проблемалы оқыту әдісі

в) кітаппен өз бетінше жұмыс

г) жаттығу әдістері және т.б. қолдану (егер ол бар болса)

Алынған білімді бекіту

а) үлгі бойынша оқушылардың әрекетін ұйымдастыру (репродуктивті)

б) оқушылардың өз бетінше шығармашылық әрекетін ұйымдастыру (продуктивті)

Сабақ бойынша оқушылардың білімін тексерудің қорытынды кезеңі (егер ол болса):

а)ауызша жұмыс

б) көмекшілердің көмегімен топтық жұмыс (ассисент)

в) бірін-бірі тексеруге арналған дифференциалды-топтық жұмыс

г) орындалған жұмыстар бойынша өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың қорытындысы:

а) сабақтың теориялық қорытындысын құрастыру (бүгін сабақта немен танысты)

б) оқушыларға берген жауабын және қойылған бағаны талдап, түсініктеме беру

в) үй тапсырмасы, оған түсініктеме беру.

Сабақты талдау бойынша қорытындылар:

Сабақ кезеңдерін ұтымды пайдалану.

Әрбір кезеңдерге уақытты ұтымды бөле білу.

Сабақтың типінің және құрылымының нәтижелігі.

Сабақ құрылымын жақсартуға және уақытты тиімді пайдалануға байланысты ұсыныстар.

Ескерту: Мұғалімдерге сабақтың құрылымын сабақтың мақсаты мен типіне байланысты басқаша құрылуы мүмкін екендігін ескертеді.

Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы

Сыныбы, оқушы саны, пән бойынша сыныптың дайындық деңгейі. Мұғалімнің аты-жөні, оның педагогикалық стажы.

Сабақтың тақырыбы.

Сабақ барысында шын мәнісінде қол жеткізген сабақтың мақсаты.

Мұғалімнің іс жүзінде шешімін тапқан дидактикалық және тәрбиелік міндеттері.

Сабақтың өткізілу әдісіне қысқаша сипаттама

Сабақтың типі.

Сабақтың белгілі кезеңдері.

Сабақ мазмұнының ғылыми, бірізділік, түсініктілік, қисындылық принциптеріне сәйкестілігі.

Оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастыру әдістері мен түрлерінің ерекшелігі, олардың тиімді ұйымдасуы.

Мұғалімнің тұлғалық ерекшелігі, оның оқушылармен қарым-қатынасы. Сабақтағы оқушылармен қарым-қатынас жасай білу стилі.

Оқыту барысында техникалық құралдарды мақсаттылықпен пайдалана білуі, оның сабақтың мазмұнымен байланысы.

Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгергендігіне бақылау жүргізу (сабақтағы кері байланыс)

Сабақтың қорытындысын шығару. Білімді, іскерлікті, дағдыны бағалау.

Үй тапсырмасының көлемі және күрделілігі.

Сабақтың нәтижесін бағалау. Қорытындылар және ұсыныстар.