Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЕТОДИКА.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Оқу жұмысы Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар

Сабақ – педагогикалық процестің құрамдас бөлігі.

Сабақ барысында оқу процесінің барлық функцияларын іске асыру.

Сабақ барысында оқу принциптері мен қағиджаларының іске асуын қадағалау.

Сабақтың дидактикалық және психологиялық бөлігінің үйлесімділігі.

Кешенді әдіс (оқушымен оқытушы әрекет қабілеттілігі, мақсаттарының сәйкестілігі).

Мұғалімнің оқушының сабақты қалай меңгергені жайлы ақпараттың болуы.

Жаңа білім беру технологияларына және жаңа педагогикалық білім беру технологияларына сәйкес мұғалім мен оқушының жұмысын ұйымдастыру.

Мұғалім мен оқушының дұрыс педагогикалық қарым-қатынасы.

Оқу процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.

Сабаққа дайындық және өткізу.

Сабаққа дайындық барысыныда оқу бағдарламасымен, оқулықпен, оқу-әдістемелік құралдармен, күнтізбелік жоспарлармен және сыныптағы оқушылардың ерекшелігімен танысу жүзеге асады.

Сабаққа дайындалу – мектеп оқулығын, дидактикалық және әдістемелік құралдарды және қосымша материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.

Сабақтың негізгі мақсатын айқындап, білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін анықтау.

Сабақты өткізу барысында қандай принципке сүйенетіндігін анықтап алу керек.

Материалдың ерекшелігі бойынша сабақ мазмұнын ойластыру, негізгісін бөліп алу.

Жаңа тақырыпты меңгеруде қандай әдістеме қолданатындығын анықтап алу.

Қандай көрнекі құралдарды, иллюстративті материалдарды пайдаланатындығын анықтау.

Сабақтың барлық кезеңінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуды ойластыру.

Оқытуда қазіргі білім берудің жаңа технологиясын пайдалану.

Сабақ барысында оқушылардың жеке және топтық жұмыс істеу мүмкіншілігін анықтап алу.

Кейбір оқушыларға сабақ барысында аты-жөнін белгілеп, біліміне баға беріп отыру.

Үйге тапсырма бергенде оның көлеміне және мазмұнына көңіл аударыңыз. Үй тапсырмасын орындаудың әдістерін ойластыру.

Тәрбиелік және даму міндеттерін қалай іске асыруды ойластыру (тақырыптың мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдісін пайдалану; оқушылардың танымдық әркетінің ұжымдық түрін ұйымдастыру; оқушылармен сіздің қарым-қатынасыңыз).

Сабақтың басынан аяғына дейін барлық талабы, әдістемесі, мазмұнын ойластырып болғасын, жоспарды құруға кірісіңіз. Жоспарда нақты негізгі мақсатты, міндетті көрсетіп, керекті құралдарды және сабақ барысын жазу (мазмұны және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру).

Сабақ өтіп болғасын нәтижесін қорытындылаңыз. Сабақтың жетістіктерін және кемшіліктерін ойлаңыз, жіберілген кемшіліктерді жөндеуге тырысыңыз. Бұл келесі сабаққа дайындалғанда келесі сабақтың тиімді әдістерін табуға көмектеседі.

Сабаққа дайындалу және өткізу – шығармашылық іс. Шығармашылықсыз шеберлік жоқ.

Сабақ жоспары құрылымының үлгісі

Сыныбы.

Сабақтың тақырыбы.

Сабақтың мақсаты, міндеті.

Сабақтың типі.

Сабаққа қажетті құралдар (техникалық құрал жабдықтар, кестелер, нұсқалар және т.б.).

Төмендегі кестеде көрсетілген сабақ жоспары.

Сабақтың компоненттері, оларға уақытты бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың мазмұны.

Үй тапсырмасы (міндетті және қосымша, шығармашылық)

Ақпарат деректерін пайдалану.