Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЕТОДИКА.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Математикалық олимпиада туралы.

Математикалық олимпиада қала, облыс, республика және бүкіл әлемдік көлемінде өткізіледі.

Мектепте және ауданда өткізілетін олимпиадаға қажетті есептерді мектеп мұғалімдері мен аудандық методика кабинетінің не облыстық мұғалімдер білімі жетілдіру институтының қызметкерлері бірлесіп жасайды. Олимпиадаға ұсынылатын есептердің мазмұны мен қиындығы мұғалімдердің таңдап алуына байланысты әр түрлі болады. Алғашқы екі турдың жеңімпаздары республикалық олимпиадаға жолдама алады. Республикалық олимпиадада берілген есептер «Дарын» журналында, бүкіл әлемдік олимпиададағы есептер «Математика в школе» және «Квант» журналдарында жарияланып тұрады.

Облыстық олимпиаданың есептері өзінің мазмұны мен қиындығы жағынан ауданда және бүкіл әлемдік олимпиадаларда берілетін есептермен салыстырғанда орташа қиындықта болуы керек.

Оқушыларды бұрынғы жылдардағы олимпиадалық есептерінің шешілу әдістерімен таныстыру олардың жалпы математикалық білімін және олимпиадаға дайындығын жақсартады. Олимпиадаға дайындықты төменгі сыныптардан бастап, оны үзбей бірнеше жыл жүргізудің көп пайдасы бар. Қабілетті оқушыларды жүйелі түрде математиканың мектептік курсының қиын есептерін және программадан тыс математиканың қосымша тарауларына есептер және логикалық есептер шығартып дайындау қажет.

Математикалық экскурсия.

Математикалық экскурсиялардың негізгі мақсаты математикалық техникада, күнделікті өмірде қолданылуын оқушыларға көрсету. Физика, математика пәнінің мұғалімдері бірлесіп жоспарлы түрде өндіріске (завод, фабрика, есептеу центірі т.б. ғылыми-зерттеу орындарына) жасалатын экскурсиялардың пайдасы мол.

Математикадан экскурсия жасағанда мыналарды ескеру керек:

Экскурсия обьектісін және оған қажетті заттарды алдын ала дайындау.

Экскурсия тақырыбы сыныпта өткен программалық материялға негізделеді.

Экскурсия жоспары алдын-ала жасалады. Оқушылар өндіріс орындарына барғанда не істейтіндігі жөнінде мұғалім тиісті нұсқаулар береді.

Орта мактепте математикалық кеш өткізу.

Оқушылардың математикалық ой-өрісін кеңейтіп, математикалық сауаттарын ашуда математикадан жүргізілетін кештердің маңызы зор. Тақырыбы, мазмұны және ұйымдастыру жолы әр түрлі болып келген кештер сыныптан тыс жұмыстардың балаларды қызықтыратын көп тараған түрі.

Матемктикалық кештердің мақсаты оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсу, олардың практикалық, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, балалардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу, еркін ойлау және математикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Кеш ұйымдастыруда бірнеше адамнан тұратын кеш комиссиясы құрылады. Оның құрамында мектеп дирекциясынан, екі-үш мұғалім, мектепті қамқорлыққа алған өндіріс орындарынан, математика үйірмесінің өкілдері және ұйымдастырушылық кешті әдетте үйірме жетекшілері, пән бірлестігінің тапсыруы бойынша екі-үш мұғалім ұйымдастырады.

Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет. Кешке арналған залды көркемдеу үшін оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер конкурсын ұйымдастыру керек, сондай-ақ оқушылардың үлгілі дәптерлері мен өздері жасаған фигуралардан, қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады.

Мектеп оқушылардың математикалық мазмұнды өлең-жырларын, құрастырған есептерін, сөзжұмбақтарын, викториналарын т.б. , яғни кешке деген тартуларын қабырға газеттеріне және басқа жерлерде пайдалану арқылы олардың беделін жолдастарының арасында көтеруге болады.

Кеш өткізер алдында математикалық апталығы ұйымдастырылады. Біз педагогикалық практика кезінде өз тәжірибемізде апталықты кештің тақырыбына қарай әр түрлі формада өткіземіз.

Кештерді көбінесе эстафеталық формада өткізген жөн.

Параллель сыныптардың не жарысқа қатысушы жақтардың өз программасы, өзіндік ерекшеліктері, құпиясы болуы керек. Кештің бүкіл мазмұны таңдап алынған тақырыбына сай болғаны жөн.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар қандай бағытта жүргізіледі?

Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаттары қандай?

Математикадан үйірмені жүргізу әдістемесі

Оқушыларды математикалық олимпиадаға дайындау әдістемесі.

25-26 дәріс тақырыбы : Мектепте педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі.

Жоспары:

  1. Сабақта талданатын педагогикалық және психологиялық аспектілері.

  2. Педагогикалық практика туралы.

  3. Сабақта талданудың әдістемелік аспектілері

  4. Оқу сабақтарын талдауға жүйелі келістің әдістемесі мен технологиясы

  5. Сабақта жаңа технологияны пайдалану және әдіс-тәсілдері.