- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
- •1.Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
- •2.Математиканы оқыту әдістемесінің дербес мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •1.2. Математиканы оқытудың әдістемесі
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Дәріс сабақтарының мазмұны і Модуль Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
- •Іі модуль. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •Ііі модуль. Математикалық ұғымдар.
- •Іү Модуль Математикалық есептер.
- •Ү Модуль Математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері.
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Оқу бағдарламасы- силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •3. Пән туралы мәліметтер
- •6. Курстың саясаты мен реті Студенттерге қойылатын талаптар:
- •7. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •8. Пәннің құзіреттілігі:
- •10. Практикалық сабақтарының мазмұны
- •15 Практикалық сабақ тақырыбы
- •11.Өзіндік жұмысын тапсыру және орындау кестесі
- •12. Оқытушымен студенттің өзіндік жұмысының жоспары
- •13. Емтихан бойынша кеңес
- •14.Курстық жұмыстың тақырыбы, мәнжазба
- •15. Студенттердің білімі, дағдысы және іскерлігі төмендегіше бағаланады.
- •Ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелері үшін ағымдық бақылау орташа мәні
- •16. Әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •17. Емтихан сұрақтары
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен тізбесі
- •2.1. Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •Математикалық оқыту теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты міндеті
- •Математиканы оқыту әдістері.
- •Мотә екі бөлімнен тұрады.
- •Математиканы оқытудың мақсаты.
- •Оқытудың әдіс тәсілдері.
- •Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.
- •Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері
- •Сабақтастық және пәнаралық байланыс
- •Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.
- •3.Математиканы оқытудың ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау мен тәжірибе
- •Салыстыру мен лнллогия
- •Жалпылау жәнке нақтылау.
- •Математиканы оқыту әдістері және формалары
- •Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру
- •Математика сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
- •Оқытудың дәстүрлік әдісі.
- •Практикалық және лабораториялық жұмыстар.
- •Математиканы интерактивті оқыту әдістері.
- •Нақты практикалық ситуацияларды талдау.
- •Теореманы дәлелдеу әдістері.
- •Математикалық оқытудағы индукция мен дедукция
- •Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
- •Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
- •Матаематика сабағында компьютерді қолдану.
- •Математиканы оқыту процесінде оқушыларға тәрбие беру.
- •Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері.
- •Есеп шығаруға қойылытын негізгі талаптар
- •Оқушыларды есеп шығаруға үйрету
- •Есептің шешуі.
- •Есепті шығарудың мақсаты мен ролі.
- •Математиканы оқытудың әдістемесінің дербес мәселелері.
- •Шәкірттерге өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру.
- •Оқушылрдың математикалық қабілеттерін дамыту
- •Математикадан факультативтік сабақтар.
- •Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері.
- •Математикалық олимпиада туралы.
- •Математикалық экскурсия.
- •Орта мактепте математикалық кеш өткізу.
- •Сабақта талданатын педагогикалық және психологиялық аспектілері. Сабақты талдаудың педагогикалық аспекті.
- •Сабақты талдаудың әдістемелік аспектілері
- •Сабақты талдаудың ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •Педагогикалық практика туралы
- •Оқу жұмысы Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар
- •Сабаққа дайындық және өткізу.
- •Сабақ жоспары құрылымының үлгісі
- •Сабақты талдауға әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы
- •Сабақтың психологиялық педагогикалық толық талдауының нұсқасы
- •Сабақты аспектілі талдаудың нұсқасы
- •Оқушылардың математикалық даярлығына қойылатын талаптар.
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
Практикалық және лабораториялық жұмыстар.
Математиканы оқып үйренуде әр түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстардың елеулі мәні бар. Мектепте көптеген қолданылып келе жатқан ежелгі формаларына сызбалық жаттығулар, жер өлшеу жұмыстары, модельдеу, есептеу техникасымен жұмыс істеу т.б. жатады.
Лабораториялық жұмыстар өздерінің көздеген мақсаттарына қарай танымдық және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Танымдық лабораториялық жұмыс оқушыларды жаңа материалдық деректермен таныстыру үшін қолданылады. Мысалы, шеңбер ұзындығының формуласын табу үшін алдымен (жіппен) шеңбер ұзындығын диаметрге қатынасы шамамен 3,14 болатынын аңғарып, толық емес индукция әдісімен жалпылай отырып С=3,14 гипотезасын алады, бұл жоғары сыныптарда шектер теоремасы арқылы дәлелденеді.
Қолданбалы лабораториялық жұмыстарда оқушылар өздерінің алған математикалық білімдерін нақты практикалық есептер шешуге қолдануға үйренеді.
Практикалық жұмыстар кезінде кейде нақты обьектіге барып өндірістік немесе басқадай өмірлік-практикалық мәні бар нақты есептер құрып, шешу сандық материалдар жинақталады.
Жер бетінде өлшеу жұмыстары негізінен геометрия мәселелерімен байланысты. Жұмыс 5-7 оқушылардан тұратын топтар бойынша жүргізіледі.
Оқытудың лабораториялық және пактикалық әдістерді мектеп практикасында ХХ ғасырдың басынан бастап қолданыла бастады, олар оқытудың жаңа әдістеріне жатады.
Математиканы интерактивті оқыту әдістері.
ХХ ғасырдың басында оқушылар біліммен тек мектептен сусындаса, кәзір оқушылардың басым көпшілігі білімнің кейбір бөлігін мектептен тыс алатыны белгілі.
Ол үшін мектеп төмендегідей жұмыс жұргізу қажеттігі туындайды:
Педагогикалық үрдісті демократизациялау;
Оқушылардың мектептен тыс алған білімдерін қолдану;
Оқушылардың мектептен тыс алған білімдерін жүйеге келтіру;
Қажетінше түзу енгізіп, оқушының дамуына бағыттап отыру.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыруда интерактивті әдістің алатын орны аса зор. Интерактивті-«интер» және «акт» (ағылшын «inter»-арқылы және «act» әрекет ету) сөз тіркесі «өзара әрекет ету» деген мағынаны білдіреді. «Интерактивті әдістерді» оқушылардың бір-бірімен қарым қатынас жасауларына мүмкіндік туғызатын әдістер деп түсінеміз.
Итерактивті әдіс деп мұғалімнің, әрбір оқушының сыныптастарымен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе отырып, компьютермен жұмыс жасап, оқу-танымдық нәтижеге жетуін ұйымдастыратын әдісін айтады.
Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуына бірден-бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субьект ретінде болады. Мұғалімнің ролі көбінесе оқу үрдесін ұйымдастырушы, топ басшысы, оқушылардың ынта-ықыласын дамытып отырушы қалпына көрінеді. Интерактивті оқыту әдіс оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда бұл әдіс сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Яғни, педагогикалық үрдісті демократизациялауға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігіне көрініп, оқушылар жауаптылығын сезінеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип орындалады.
Интерактивті әдістің нәтижелілігі мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастыруына байланысты.
Интерактивті оқытудың түрлері:
топтап оқу дискуссиялары.
нақты практикалық ситуацияларды талдау
Бұл әдістер практикалық сабақтарда берілетін білім, білік және дағдырларды практикалық өңдеуге үлкен мүмкіндік жасайды.
Оқу дискуссиясы.
Оқу дискуссиясының басқа оқу дискуссиялардан ерекшелігі:
Оқушылардың алдына қойып отырған проблеманың осы топпен, осы берілген аудиториядағы оқу үрдісінде шешімін табу керектігінде.
Оқытудың мақсаты: мұғалімге білгілі, ал оқушыға жаңа білімді іздеу үрдісі. Ізденісті мұғалім басқарып отырады. Мұғалім дискуссия барысында оқушылармен ашық, жақс қарым қатынас жасап,олардың дұрыс шешімін табуларын қамтамасыз ету керек. Қарастырып отырған дискуссия бұрыннан мәлім, проблемалық және эвристикалық оқыту әдістерімен туыстас.
