Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЕТОДИКА.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Математика сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану

Қазіргі ақпараттық техналогияның озық жетістіктерін математикада қолдану арқылы сабақтың негізгі формасын студенттің кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыруға болады. Студент компьютер көмегімен уақытын үнемдеп, жаңа материалды игеруде көп уақытта жетіспей жататын көрнекілік орнына компьютердегі арнаулы программа мүмкіндігін пайдалана алады. Студенттің дайындығы мен білімнің арасындағы айырмашылық теориялық ойлау кезінде байқалады. Яғни, үздіксіз жаттығу нәтижесінде өзіндік танымдық іс - әрекеті қалыптасқан, өз бетінше тексеріп нәтиже ала алатын, қорытындылай білетін тұлғаны қалыптастыру мақсатында ақпараттық технология әдістерін кеңінен қолдану қажет. Ұсынылып отырған жұмыста «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туынды мен алғашқы функцияларын қолдану» тақырыбын оқып – игеруде EXCЕL электронды кестесінің функция графигін тұрғызу мүмкіндігін пайдалану арқылы сабақты кішігірім зерттеу лабораториясына айналдыру көзделеді. Математикадан алған теориялық білімдерін студенттерге компьютер мүмкіндігін пайдаланып бекіту ұсынылады. Сабақты былай түрлендіру үшін студенттің алдымен информатика сабағында электронды кестелер мүмкіндіктерін қолдана білу дағдысы қалыптастырылуы және функцияның графигін тұрғызу әрекеттерін сауатты орындау білу керек. Компьютерде есеп шығарудың төмендегі кезеңдерін білу керек:

  1. есептің қойылуы

  2. ақпараттық моделі

  3. компьютерлік моделі

  4. компьютерлік эксперимент

  5. нәтижені талдау

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туынды мен алғашқы функцияларын қолдану

Мақсаты:

көрсеткіштік және логарифмдік функциялар бойынша алған білім – біліктерін есеп шығаруда қолдану дағдыларын қалыптастыру;

функцияларды электронды кесте көмегімен өңдеу дағдыларын бекіту;

пәнаралық байланысты тудыра отырып электронды кесте көмегімен есеп шығару кезеңдерін көрсету;

студенттерді ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

Студенттің білімі мен икемділігіне қойылатын талаптар:

көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды, олардың графигін тұрғызудың, туындысын есептеу алгоритмін білу;

есептің шартына байланысты алғашқы және туынды ақпаратты ажырата білу, ұяшыққа енгізілетін формула операцияларын жазу және функция графигін құру;

Студенттің өзіндік–танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен пәнге деген қызығушылығын арттыру:

көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қолдану арқылы функцияны зерттеу және алгоритм бойынша туындыны есептеу барысында өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

электронды кесте көмегімен есеп шығару арқылы пәнаралық байланысқа деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамыту:

көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды электронды кестеде зерттеу процесінде абстрактілі және логикалық-құрылымдық ойлау, есте сақтау, өз бетінше қорытындылау мен түзету жасау қабілеттерін дамыту.

Оқытудың дәстүрлік әдісі.

Оқытудың дәстүрлік әдістері ертеде пайда болған және олар үнемі кемелденіп келеді. Педагогика мен сыбайлса ғылымдардың ХІХ ғасырдағы деңгейіне сәйкес келетін бұл әдістердің көп жақтар ескеріп, қатаң сынға алына бастаған.

Алайда дәстүрлік әдістердің үлкен кемшіліктерімен қатар оларда көптеген ескірмейтін тиімді негіздер бар, сондықтан да бұл әдістер күні бүгінгі дейін әдістемелік тәжірибеде қолданыс табуда. Дәстүрлік әдістерге ең алдымен сөзбен баяндаудың және дайын білімді түсіндірудің догматикалық әдістері жатады.(мұғалімнің әңгімесі мен дәрісі). Бұл әдістерде белсенді роль айтушы мұғалімде болады да, оқушыларға ұйып тыңдаушы міндеті қалады. Математиканы оқытуға және математиканы оқыту әдістеріне қойылатын қазіргі талаптар оқытушы мен оқушының әңгіме, дәріс үстінде қарым-қатынастарына маңызды өзгерістер, жаңалықтар енгізу міндетін қойып отыр. Мұндағы басты мақсат, оқушыларды әрекетсіз тыңдаушы, айтқанды қабылдаушы, жай орындаушы ғана емес белсенді ой әрекетін атқарушы дәрежесіне көтеру болып табылады, сондықтан да мұғалімнің оқу әңгімесі мен дәрісі шәкірттерді бейтарап қалдырмай, оларды айтылып отырған мағлұматтарға, фактілерге, жаңалықтарға қызықтыра тартып отыруы қажет.

Әңгіме мен дәріс кезінде оқытушы ағынан жарыла сөйлей отырып, шәкірттерге өзінің «ойлау лабораториясынының» есігін айқара ашуы тиіс. Еікінші сөзбен айтқанда, ол оқылатын математикалық материалды дайын күйде жалаң айта салмай, оларды формуланың қорытылу, теореманың дәлелдену жолдарын табу үрдісінің мәнісіне, сырына терең бойлауға бастаушы қызметін атқарады. Оқулықтың құрғақ мәтінінінен мұғалімнің жанды сөзінің үстем болуының өзі артық. Осы талапқа сай оқу материалдарын баяндау барысында мұғалім өзіне «неге?», «қандай негіз бар?», «Бұл фактіні тағайындау үшін нені білу қажет?», «неден бастау керек?», «Бұл қалай істеледі?», «Мұны басқаша жасауға бола ма?» деген тәріздес көп сауалдар қойып, оларға қолма-қол жауап келтіреді. Оқытушы өзіне-өзі ақылдасқандай, диалог жүргізгендей халде болады.

Мұғалімнің әңгімесі дәріске қарағанда анағұрлім шағындау болып келеді, ол оқыту формасы ретінде бірінші сыныптан бастап барлық сыныптарда қолданылады деуге болады. Мәселе, келтірілетін тарихи мағлұматтардың барлығы жақсы дайындалған, қызықты да қысқаша әңгіме түрінде беріледі. Әңгіменің ұзақтығы әр түрлі болып келуі мүмкін, алайда ол сабақтың белгілі бір бөлігін ғана алып, оқытудың басқа формаларында да орын қалатындай етіп жүргізілуі тиіс.

Математиканы оқытуда дәріс әдісі негізінен жоғары сыныптарда қолданылады. Ол бұкіл сабақты немесе оның бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Оқу дәрістерінің әңгімеден айырмашылығы, онда келтірілетін, айтылатын материалдардың мазмұнына байланысты болып келеді. Логарифмдік функциялар және оның қасиеттері, математикалық индукция әдісі, тригонометриялық функциялардың қосу теоремасы т.б. күрделі мәселелерді қарастыруда оқытудың тиімді формасы дәріс болады, өйткені мұндағы материалды баяндау көлемді де күрделі математикалық түрлендіру жұмыстарын қажет етеді. Оның үстіне оқытушының айтқандарын шәкірттер қысқа да нұсқа етіп жазып алуға үлгерулері тиіс.

Бұл тұрғыдан тағы бір ескеретін жай, жоғары сыныптарда математиканы оқытуда дәрістік әдісті қолдану белгілі дәрежеде оқушыларды жоғары оқу орындарында дайындау болып табылады. Дәріс оқу оқытудың ең негізгі әдістерінің бірі екені белгілі.