- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
- •1.Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
- •2.Математиканы оқыту әдістемесінің дербес мәселелері
- •Әдебиеттер тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •1.2. Математиканы оқытудың әдістемесі
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Дәріс сабақтарының мазмұны і Модуль Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері.
- •Іі модуль. Математиканы оқытудың ғылыми-теориялық әдістері
- •Ііі модуль. Математикалық ұғымдар.
- •Іү Модуль Математикалық есептер.
- •Ү Модуль Математиканы тереңдетіп оқыту мәселелері.
- •Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Оқу бағдарламасы- силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •3. Пән туралы мәліметтер
- •6. Курстың саясаты мен реті Студенттерге қойылатын талаптар:
- •7. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •8. Пәннің құзіреттілігі:
- •10. Практикалық сабақтарының мазмұны
- •15 Практикалық сабақ тақырыбы
- •11.Өзіндік жұмысын тапсыру және орындау кестесі
- •12. Оқытушымен студенттің өзіндік жұмысының жоспары
- •13. Емтихан бойынша кеңес
- •14.Курстық жұмыстың тақырыбы, мәнжазба
- •15. Студенттердің білімі, дағдысы және іскерлігі төмендегіше бағаланады.
- •Ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелері үшін ағымдық бақылау орташа мәні
- •16. Әдебиеттер тізімі
- •1. Негізгі әдебиеттер тізімі
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
- •17. Емтихан сұрақтары
- •2. Пәннің оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен тізбесі
- •2.1. Пән бойынша тапсырмалардың тапсыруы және кестенің орындалуы
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •Математикалық оқыту теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты міндеті
- •Математиканы оқыту әдістері.
- •Мотә екі бөлімнен тұрады.
- •Математиканы оқытудың мақсаты.
- •Оқытудың әдіс тәсілдері.
- •Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін дамытудағы өзектік мәселелер.
- •Мектеп математика курсының мазмұны, қағидалары және әдістемелік аспектілері
- •Сабақтастық және пәнаралық байланыс
- •Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.
- •3.Математиканы оқытудың ғылыми-зерттеу әдістері.
- •Проблемалық оқыту әдісі.
- •Бақылау мен тәжірибе
- •Салыстыру мен лнллогия
- •Жалпылау жәнке нақтылау.
- •Математиканы оқыту әдістері және формалары
- •Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру
- •Математика сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
- •Оқытудың дәстүрлік әдісі.
- •Практикалық және лабораториялық жұмыстар.
- •Математиканы интерактивті оқыту әдістері.
- •Нақты практикалық ситуацияларды талдау.
- •Теореманы дәлелдеу әдістері.
- •Математикалық оқытудағы индукция мен дедукция
- •Педагогикадағы дидактикалық принциптер:
- •Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:
- •Матаематика сабағында компьютерді қолдану.
- •Математиканы оқыту процесінде оқушыларға тәрбие беру.
- •Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері.
- •Есеп шығаруға қойылытын негізгі талаптар
- •Оқушыларды есеп шығаруға үйрету
- •Есептің шешуі.
- •Есепті шығарудың мақсаты мен ролі.
- •Математиканы оқытудың әдістемесінің дербес мәселелері.
- •Шәкірттерге өз бетінше істейтін жұмыстарды ұйымдастыру.
- •Оқушылрдың математикалық қабілеттерін дамыту
- •Математикадан факультативтік сабақтар.
- •Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұны және оның негізгі түрлері.
- •Математикалық олимпиада туралы.
- •Математикалық экскурсия.
- •Орта мактепте математикалық кеш өткізу.
- •Сабақта талданатын педагогикалық және психологиялық аспектілері. Сабақты талдаудың педагогикалық аспекті.
- •Сабақты талдаудың әдістемелік аспектілері
- •Сабақты талдаудың ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
- •Педагогикалық практика туралы
- •Оқу жұмысы Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар
- •Сабаққа дайындық және өткізу.
- •Сабақ жоспары құрылымының үлгісі
- •Сабақты талдауға әдістемелік ұсыныстар
- •Сабақты қысқаша талдаудың нұсқасы
- •Сабақтың психологиялық педагогикалық толық талдауының нұсқасы
- •Сабақты аспектілі талдаудың нұсқасы
- •Оқушылардың математикалық даярлығына қойылатын талаптар.
- •2. Қосымша әдебиеттер тізімі
Математиканы оқыту методикасының басқа ғылымдармен байланысы.
Математиканы оқыту методикас математика ғылымымен тығыз байланысты. Себебі, ол мектеп математикасының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Математикалық білімнің мазмұнын кемелдендіру міндеттерінің бірі-мектеп математика ғылымының қазіргі деңгейін неғұрлым толық көрсету. Қазіргі мектеп математикасында функция, туынды, интеграл, геометриялық түрлендірулер, арифметика мен геометрияны алгебраландыру, есептеу математикасының элементтері сияқты тың тараулар орын алған.Математика ғылымы зерттеу арқылы ақиқат дүниенің кеңістіктік формалары мен сандық қатынастары, математикалық құрлімдары мен олардың модельдері жайында жаңа мәліметтер алады. Ал мектеп математикасы математика ғылымы ашқан фактілер мен заңдар негіздерін оқушыға жеткізеді. Методика ғылым негіздерінің неғұрлым маңызды элементтерін, оқып үйрену объектілерін дұрыс таңдауға, оқу материалдарын неғұрлым түсінікті және еске сақтауға оңай түрде және ұтымды сабақтастықта баяндауға көмектеседі. Бұл оқушылардың жасы мен психологиясын ескере отырып, педагокикалық ерекшеліктеріне сай қалыптастырылады. Білімнің құрылымы мен оның мектеп математикасында баяндалу түрі педагогикалық құрылым мен түр болып табылады.
Математиканы оқыту методикасына пәрменді ықпал ететін ғылымдардың бірі-математика тарихы. Бұл мектеп математикасының жекелеген тарауларын оқытқанда оның даму жолы мен заңдылықтарын, математиканың бізді қоршап тұрған ортамен байланысын, әр түрлі математикалық теориялардың өмір талаптарынан шыққандығын нақты фактілермен көрсетуге мүмкіндік береді.Сондықтан сабақ үстінде және сыныптың тыс жұмыстарда математика тарихына қысқаша шолу жасау оқушылардың пәнге ынтасын арттырумен бірге, практикалық маңызын да көрсетеді.
Дидактика – барлық оқу пәндері методикасының ғылыми негізін құрайды. Математиканы оқыту методикасы дидактиканың заңдары мен принциптеріне сәйкес дамиды. Математиканы оқыту әдістерінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сарапталуымен тығыз байланысты, математика сабақтарында дидактиканың басты-басты қағидалары жүзеге асырылады.
Математиканы оқыту методикасы педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін жалпы және жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болады. Оқыту және тәрбиелеу процесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгенде ғана пәрменді болмақ.Сондықтан балалардың психологиясының заңдылықтарын жете білу, оқыту мен тәрбиелеудің неғұрлым тиімді түрлері мен жолдарын табуға көмектеседі. Әсіресе, соңғы жылдары методиканың зерттеулер психологияның мәліметтеріне негізделіп дамуда.
Математиканы оқыту методикасының дамуына Л.С.Выгодский, Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленский,П.П.Гальперин, Н.Ф.Талызина,Е.Н.Кабанова-Меллер, В.А.Крутецкий сияқты ірі психологтардың ілімдері мен теориялары елеулі ықпал көрсетуде. Сонымен бірге дидактика сияқты, психология да методикалық зерттеулердің жетістіктерін кәдеге жаратады.
Математиканы оқыту методикасы оқыту процесін оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде, білім берудің түрлері мен әдістерінің біртұтас жүйесі ретінде қарастырады.
Оқушылардың математикалық ұғымдары, дүниеге көзқарасы, ойлауы, іскерліктері мен машықтары бірте-бірте дамиды. Оқушылардың оқу қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес оқыту және тәрбиелеудің әдістері мен түрлері жетілдіріліп, кемеліне келтіре қолданылады.
Басқа ғылымдар сияқты математика методикасы диалектика заңдары бойынша дамиды. Диалектикалық материализм оқу-тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарын ашуға және оны ұйымдастыру формаларын тағайындауға жағдай жасайды. Диалектика заңдарын меңгеру оқу-тәрбие процесінің тұтастығы мен қайшылықтығын түсінуге, кездейсоқ методикалық қателіктерге ұрынбауға көмектеседі. Математика методикасының ғылым және пән ретінде дамуына логиканың әсері мол. Логиканың заңдары мектеп математикасы ұғымдарының жүйесін құру кезінде, оқыту құралдары жүйесін жасағанда кеңінен қолданылады.
